Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 5. Техникалық реттеу мен стандарттау ұйымдары
Техникалық реттеу нысандарына (объектілер) - өнім, көрсетілген қызмет, үдерістер (процестер) жатады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеу саласы – өзара байланысты стандарттау обьектілерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасында стандарттау бойынша қызметтердің жұмысының ұйымдастырушылық сұлбасы 1.1-суретте келтірілген.
Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет (2005 жылға дейін Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитет деп аталған) – Мемстандарт.
Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет өз қызметін ҚР-дың «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдарын жетекшілікке алып жұмыстарды жүзеге асырады. Жаңа заңдар толығымен халықаралық талаптарға сай. Комитет стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу салалардағы мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады, стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының орындалуына, сертификаттаудың ережелеріне, сертификатталатын өнімнің сапасына, метрологиялық ережелерге, өлшеу құралдарының қолданылуы мен жағдайына, сонымен қатар сынау зертханалары мен сертификаттау бойынша органдардың қызметтеріне мемлекеттік бақылау жүргізеді. Саудада техникалық кедергілерді жою мақсатымен стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша халықаралық ғылыми-техникалық қауымдастықтарды құрады.
1.1-сурет
Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитеттің негізгі міндеттері, қызметтері мен құқықтары ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 904 қаулысымен бекітілген. Онда:
- сапаны басқару, аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау салаладағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
- сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша заңнамалық және нормативті-құқықтық жобаларды дайындау;
- мемлекеттік стандарттар қорын құру, ҚР-дың стандарттарын халықаралық, өңірлік және шетелдің ұлттық стандарттарымен үйлестіру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару бойынша ҚР-дың негізге алынатын мемлекеттік стандарттарындайындау;
- стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредиттеу сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныту және осы бағыттарда халықаралық қауымдастықтар құру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау және сапаны басқару салалардағы орталық және орындаушы жергілікті органдардың, меншіктік субъектілердің қызметтерін үйлестіру;
- сынау зертханалары мен сертификаттау бойынша орган ретінде заңды тұлғаларды аккредиттеу;
- мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі аккредиттеу және сертификаттауға, сертификаттау үшін сынауға, салыстырып тексеруге, калибрлеуге құқық алу үшін өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету және типтерін бекіту мақсатымен өлшеу құралдарына сынау жүргізу;
- физикалық өлшем бірліктерінің эталондық базасын дамыту және жетілдіру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару салалардағы біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды ұйымдастыру қарастырылған.
Тауар алмасуда техникалық және кедендік кедергілерді жою үшін Мемстандарт стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Еуразиялық Кеңестің мүшесі ретінде ТМД елдерімен тығыз байланыс орнатқан.
“Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ:
- техникалық шарттарды сараптауда, дайындауда көмек көрсету;
- шетелдік техникалық шарттарды есептік тіркеу;
- салыстырып тексерудің мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттарын белгілеу бойынша өнімде тауарлық жарлықтарды қалдыру;
- калибрлеу, жөндеу жүргізу, прокаттау, ӨҚ сынауға қатысу;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметіне ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету;
- қоғамдық азықтандыру қызметіне, автотранспорттық қызметке және өнімге сәйкестік сертификатын беру;
- сапа жүйесін енгізу бойынша консалтингтік жұмыс жүргізу;
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарына сәйкес өндірістерге және сапа жүйесіне сертификат беру;
- тауардың құрамына сараптау жүргізу;
- өнімді өндіріске қояр алдында әдістемелік көмек және инженерлік-талдау қызметін көрсету;
- сырттан әкелінетін және отандық өндірістегі қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдар мен олардың құймаларынан сынама алу;
- қымбат металдар мен тастарға техникалық сараптама жүргізу қызметтерді атқарады.
“Ұлттық аккредиттеу орталығы” АҚ қызметіне:
-сертификаттау салаладағы аккредиттеуге талпынушы ұйымдар мен өнеркәсіптерге сарапшылық баға беру;
- сарапшы-аудиторларды дайындау жатады.
“Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК қызметіне:
- мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін жетілдіру мен дамыту, оларды халықаралық талаптарға бейімдеу;
- ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің негізінде мемлекеттік стандарттар қорын құру мен дамыту;
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін сапаны басқарудың заманауи әдістерін енгізу;
- саудада техникалық кедергілерден өту үшін анықтамалық-ақпараттық қамтамасыздандыру;
- стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелері салаладағы мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату кіреді.
“Қазақстанның метрология институты” РМК:
- өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында метрологияны дамытуға бағытталған жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негіздерін жетілдіру мақсатымен ғылыми-техникалық, тәжірибелік, әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірліктерінің техникалық базасын құру мен жетілдіруді;
- өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің заңнамалық және нормативті негіздерін құру мен жетілдіруді, метрология бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді;
- метрология саласындағы жұмыс жүргізуге құқық алу үшін заңды тұлғаларды аккредиттегенде өндірісті техникалық тексеруден өткізуді;
- Қазақстан Республикасында жасалынатын және импортталатын өлшем құралдарының бекітілген талаптарға сәйкестігіне сынау жүргізуді;
- метрология саласындағы өндірістерді, кәсіпорындарды, аумақтарды, ұйымдарды және басқа да тұтынушыларды нормативтік және ақпараттық қамтамасыздандыруды;
- метрология саласындағы кадрларды дайындау және олардың біліктілігін көтеруді жүзеге асырады.
Мемстандарт мүше болатын ұйымдар:
- Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO). Бұл ДСҰ-ға кірудің міндетті шарты болып табылатын ұлттық нормативті құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар отандық өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына әсерін тигізеді;
- Халықаралық метрологиялық заңнамалық ұйым (МОЗМ), өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің ережелері мен процедураларын халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен және басқа да мемлекеттердің ұлттық жүйелерімен үйлестіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ осы саладағы жұмыстарды өзара жүргізуге жағдай жасайды.
Мемлекеттік стандарттау қоры 44 мыңға жуық нормативтік құжаттардан тұрады, оның – 20 мыңы мемлекетаралық, 7,5 мыңға жуығы ұлтаралық, 8 мыңға жуығы шетелдердің ұлттық стандарттары, 1000-нан астамы Қазақстан Республикасының өз стандарттары. Олардан басқа мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың кітапханалық және толықмәтіндік мәлімет қоры бар.
Техникалық регламенттерді дайындаудың бекітілген Жоспарына сәйкес 105 техникалық регламентті дайындау және қабылдау қарастырылған. Қазіргі кездің өзінде 94 техникалық регламент қабылданған, олардың 71-імен жұмыстар жүргізілуде. 3578 отандық өндірістер халықаралық стандарттарға сәйкес басқару жүйесін енгізді және сертификаттады. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 3468 бірлік қабылданды, олардың 356-сы халықаралық талаптармен үйлестірілген, бұл үйлестірудің 68 пайызын құрайды.
Қазақстанның индустриалдандыру Картасына сәйкес халықаралық талаптармен үйлестірілген мемлекеттік стандарттарды дайындау қажеттілігіне талдау жүргізілді. Талдау отандық өнімдердің негізінен талаптары ескірген мемлекетаралық стандарттардың талаптарымен сәйкес дайындалатындығын есепке ала отырып жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша 150 бірлік көлемінде өнімге, сынау әдістеріне, жабдықтарға арналған стандарттардың дайындауға ұсынылатын тізімі дайындалды, 2014 жылға дейін 2464 стандартты дайындау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық қорында 47 мемлекеттік эталон (масса, ұзындық, қысым, кернеу, ауыспалы ток бірлігі, рН бірлігі, шекті электрлік өткізгіштік, температура, уақыт және жиілік бірлігі), 63 эталондық жабдықтар бірлігі және 13 мыңнан астамы үлгілік жоғарғы дәлдіктегі өлшем құралдарының бірлігі бар.
Өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық көрсеткіштерін сенімді және объективті бағалау үшін, олардың нормативтік құжаттамаларға сәйкестігі мен оларды эксплуатациялаудағы қауіпсіздігін есепке ала отырып, Мемстандартпен мемлекеттік сынаулар жүргізілген және Мемлекеттік реестрге 800-ге жуық өлшеу құралдарының түрлері енгізілген. Республикада сертификаттау мақсаты үшін 181 сертификаттау органы 541 сынау зертханалары, 1000-нан аса сарапшы-аудиторлар аккредиттелді (2010 жылдың ортасында алынған мәліметтер).
Қазақстан Республикасында сарапшы-аудиторлар реестрі құрылған. Бұл реестр Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргізуде заңды және жеке тұлғаларға қолдануға арналған. Реестр басылымы Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Реестр қызметтің төменде көрсетілген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген және аттестатталған сарапшы-аудиторларды:
- өнім түрлері бойынша сертификаттауды;
- қызметтерді сертификаттауды;
- сынау зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеуді;
- сапа жүйесін сертификаттауды;
- тауарлардың құрамын сараптауды қамтиды.
Сарапшы-аудиторлардың реестрі:
- сертификаттың тіркеу нөмірін;
- аты-жөні мен тегін;
- мекен-жайын, байланыс реквизиттерін;
- жұмыс орнын, қызметін;
- қызмет бағытын;
- сертификаттың жарамдылық мерзімін қамтиды.
| Дәріс 7
Халықаралық және аймақтық нормативтiк құжаттардың қолдану тәртiбi
Стандарттау жөніндегі жұмыстар 1992 жылы қабылданған келісім шарт «Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағындағы саясатын жүргізу келісімі» бойынша жүргізіледі. ТМД мемлекеттердің барлық стандарттау ұлттық ұйымдары құрылған Мемлекетаралық кеңесінің (МАК) мүшесі ретінде кіреді. Бұл Кеңес мемлекетаралық стандарттарды әзірлеп қабылдайды.
Стандарттау жөніндегі барлық жұмыстар МАК қабылдаған бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. 1996 жылға дейін 2000-нан астам жаңа мемлекетаралық стандарттар әзірленіп қабылданды.
Барлық ұйымдастыру жұмыстары ГОСТ 1.0-92 «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу ережелері. Негізгі қағидалар.» бойынша жүргізілуі керек. Сонымен қатар, қосымша «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ережелер», «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды тексеру және баспаға дайындау тәртібі» және басқа негізге алынған нормативтік құжаттар қабылданған.
МАК–тың шешімі бойынша еуропалық стандарттарды мемлекетаралық ретінде қолдануға болады егер мына ережелер сақталынса: - ТМД стандарты қандай еуропалық стандартқа сәйкес келетіндігі туралы нұсқау болу керек;
- нормативтік құжатты жаңғыртуға ЕСҰ–ның рұқсаты бар деген деректер ескерілуі тиіс;
- еуропалық стандарттарына қайшылы келетін ТМД-ның барлық ұлттық стандарттары қолданудан алынуы тиіс;
- еуропалық нормаларды тікелей қолдануға алынған стандарт-тардың барлық көшірмесі ЕСҰ-ға міндетті түрде жіберілуі керек.
ТРЗ 24-бабы. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін. 2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн: 1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі; 2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады. 3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады. 4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс. 6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады. 7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымы (ISO)
Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы бойынша 1946 жылы құрылған. СЖХҰ электротехника және электроника саладан басқа барлық аймақтардың стандарттау жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру және басқару мәселелерімен айналысады, сонымен қатар сертификаттау проблемаларын қарастырады.
ISO құрамына 120 мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдары кіреді. ISO-ң басқару органдары: генералдық ассамблея, Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары: техникалық комитеттер (ТК), комитетішілік, техникалық консультативті топтар.
ISO кеңестің қарамағында жеті комитеттер бар ПЛАКО (техникалық бюро), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитеті), КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті), ИНФКО (ғылыми техникалық ақпарат жүргізу комитеті), ДЕВКО (дамушы мемлекеттерге көмек көрсету комитеті), КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғау комитеті), РЕМКО (стандарттық үлгілер жөніндегі комитет). ISO-ң ұйымдастыру құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Халықаралық электр техникалық комиссия (МЭК)
1906 жылы өткен 13 мемлекет уәкілдері қатысқан халықарарлық конференцияда Халықаралық электр техникалық комиссия (ХЭК) құрылды.
МЭК электротехника, электроника, радиобайланыс прибор жасау салаларында стандарт жөніндегі жұмыстарымен айналысады. Көптеген мемлекеттер МЭК-тің мүшесі ретінде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйыдарымен кіреді. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Францияда, Германияда, Италияда, Бельгияда және т.б. МЭК жұмыстарына қатысу үшін арнайы комитеттер құрылған.
МЭК-тың мүшелері ретінде 40-тан астам ұлттық комитеттер кіреді, бұл бүкіл әлем халықтың 80% құрайды. МЭК-тың ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс болып қабылданған.
МЭК-тың әзірлеп шығарылған халықаралық стандарттары екі түрлі болып келеді: - жалпы техникалық, салааралық деңгейінде қолданылады; - техникалық талаптары тек қана бір өнімге арналған стандарттар.
Бірінші топқа терминология, стандарттық кернеу және жиілік, әр түрлі сынау және т.б. жөніндегі нормативтік құжаттар кіреді. Екінші топқа көптеген тұрмыстық электр приборлардан бастап спутник байланыстарға дейін арналған стандарттар кіреді.
МЭК-тың негізгі стандарттау объектілері: - электротехникалық өнімдерге арналған материалдар (сұйық, қатты, газдалған диэлектриктер, мыс, алюминий, олардың қорытпалары, магниттік материалдар);
- электротехникалық жабдықтар (қозғалтқыштар, жарық-техника-лық жабдықтар, релле, кабель және т.б.);
- электроэнергетикалық жабдықтар (буылы және гидравликалық турбиналар, электрөткізгіш тізбектер, генераторлар, трансформа-торлар);
- элeктротехникалық өндірістің өнімдері (интегралдық схемалар, микропроцессорлар, платалар және т.б.);
- электрондық жабдықтар;
- электр құралдар;
- спутник байланыстардың жабдықтары;
- терминология.
Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар
ООН-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) – бұл ООН-ның экономикалық және әлеуметтік Кеңесінің органы (ЭКОСОС ООН).
Стандарттау саласында ЕЭК-тың негізгі міндеті - стандарттау саясаттың негізгі бағытын әзірлеу және осы аймағындағы негізгі проблемаларды анықтау. ЕЭК ISO, МЭК және басқа халықаралық ұйымдарымен бірге “ЕЭК-тың стандарттау жөніндегі тізімі” деген құжатты дайындалып жарияланды. Бұл құжаттың мақсаты – ЕЭК-қа кірген мемлекет үкіметтеріне ұлттық проблемаларын шешуге көмек беру, халықаралық стандартаудың приоритеттік аймағында тез арада дамыту және барлық әлемдегі елдердің стандарттау туралы жұмыстарын үйлестіру.
ООН-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 1945 жылы үкіметаралық арнайы ұйымы ретінде құрылған. Оның ішіне мүше ретінде 160 мемлекет кіреді. Бұл ұйымның Жарғыға сай мақсаты – жалпыға бірдей жақсы жағдай жасау және азық–түлік пен ауылшаруашылық тағамдарын шығару өндірісін және тарату жұмыстарын тиімділігін жоғарылату және ауыл халқының тұрмыс жағдайын өркендету болып табылады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) ООН-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңестің ұсынысы бойынша 1948 жылы құрылды. БДСҰ-ның мақсаты – барлық дүние жүзіндегі халықтардың денсаулығын ең жоғары деңгейге жеткізу. БДСҰ-ның мүшелері болып 180 мемлекет кіреді олардың ішінде Қазақстанда бар.
Көптеген проблемалармен айналысатын БДСҰ келесі қызметтерді дамытуды көздейді: денсаулық сақтау қызметтерін дамыту; аурулардың алдын алу және емдеу; денсаулық сақтау кадрларын көбейту және олардың сапасын жоғарылату; қоршаған ортаны жақсарту; денсаулық сақтау бөлімдерін; фармакология және токсика-логия бөлімдерін нығайту.
БДСҰ ISO-да консультативті беделі бар және 40-тан аса техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысады.
“Алиментариус Кодексі” деген комиссия азық-түлік өнімдерге қатысты халықаралық стандарттарды әзірлейді. Бұл комиссия БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының ұсынысы бойынша құрылған және олардың құрамында 130-дан астам мүше мемлекеттері бар. Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – негізгі тағам жөніндегі стандарттар туралы халықаралық келісім жасау және осы стандарттарды ұлттық стандарттау жүйелерге енгізу.
Жалпы еуропалық стандарттау ұйымдары
Еуропалық стандарттау ұйымы (ЕСҰ) 1961 жылы құрылған. ЕСҰ-ның мүшелері ретінде 17 еуропалық мемлекеттерінің стандарттау ұлттық ұйымдары кіреді, олар: Австрия, Белгия, Ұлыбритания, Грекия, Дания, Германия, Испания, Исландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария. Бұл жабық ұйым. Еуропалық деңгейде ЕСҰ үшін стандарттау процесі мына жұмыстардан тұрады: барлық мүдделі жақтардың консенсус негізінде стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қабылдау.
ЕСҰ-ның негізгі мақсаты – еуропалық стандарттарды әзірлеу арқылы тауарлардың және қызмет жасау саудасын дамыту.
ЕСҰ еуропалық стандарттарды мына салаларға әзірлейді: авиация жабдықтары, суды ысыту газ приборлары, газ боллондары, көтеру механизмдердің бөлшектері, газ плиталары, пісіру және кесу, құбырлар және құбыр жолдары, сорғы станциялар және т.б.
Скандинавия аралық стандарттау ұйымдары (ССҰ) 1952 жылы құрылды. Оның мүшелері – Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарымен кіреді.
ССҰ-ның басқа ұқсас ұйымдардан ерекшелігі ол аймақтық жалпы скандинавиялық стандарттарды әзірлемейді. Оның себебі көптеген жасап шығарылған өнімдері шет мемлекеттерге сатылады, сондықтан халықаралық стандарттар кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Дания 1970 жылдардан бастап ұлттық стандарттардан түгел халықаралық және аймақтық стандарттарға көшкен.
| Дәріс 8. Стандарттар түрлерінің, жүйелерінің (кешендер) жіктелуі және сипаттамасы
Стандарттаудың мақсаты –көбінесе, жоспарланатын немесе туындаған тапсырмаларды шешуге арналған нормаларды, талаптарды, орнатылған жағдайларды кеңінен және қайтара қолдану арқылы қандай да бір салада реттілікті жүргізудің оптималды дәрежесіне қол жеткізу.
Стандарттау –көп қайтара және ерікті қолдану үшін жағдайларды орнату арқылы өнімге, қызметке және үрдіске деген талаптарды реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған сала.
Стандарттау бойынша бағыттағы жұмыстардың негізгі нәтижелері-функционалдық тағайындалуы бойынша өнімнің, қызметтің, үрдістің сәйкестілік деңгейін жоғарылату, халықаралық сауда айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық прогрестерге әсер етіп және әртүрлі салаларда бірлесе жұмыс істеу.
Cтандарт негізгі нормативтік құжат болып табылады.
Стандарт (СТ) – бұл келісімдер негізінде дайындалған, құзыретті органдармен бекітілген және белгілі-бір салада реттіліктің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған нормативтік құжат.
Стандартта әртүрлі қызмет түрлері мен олардың нәтижелеріне қатысты жалпылай және көп қайтара қолдануға арналған жалпы қағидалар, ережелер және сипаттамалар бекітіледі. Стандарт жалпы практикалық тәжірибелерге, техникалық жетістіктерге және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген болуы тиіс.
Стандарттардан басқа, сонымен қатар стандарттау бойынша ұсыныстар, стандарттаудың ережелері нормативтік құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің нормативтік құжаттарына ерекше талап қойылады.
Стандарттарды дайындаудың негізгі қағидалары: келісім, еріктілік, қолжетімділік, экономикалық мақсаттылық.
Стандарттар құжаттар секілді ұсыныстық сипатқа ие, яғни олардың орындалуы міндетті емес.
Бұдан нарықтық экономиканың қағидаларының бірі көрінеді – таңдау бостандығының қағидасы, яғни тиым салудың санын мейлінше төмендету ұсталуы тиіс. Өндірушілерге әсер ету жанама әдістермен, әсіресе, экономикалық өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Міндетті стандарттау арқылы әкімшілік жетекшіліктің жоқтығы өнеркәсіптердің өз жұмыстарына жауапкершілігін жоғарылатады, олардан өнеркәсіп ішіндегі ассоциацияларда, одақтарда және бірлестік ішінде қолдануға арналған өздерінің жеке стандарттарын дайындауын талап етеді. Өнеркәсіптер өз бизнестерінің бағыттарын жетекшілікке ала отырып, өздерінің шаруашылық қызметтерін өз алдына реттеуге мүмкіндік алады, ол үшін саны мақсатты түрде өсіп тұратын өздерінің жеке стандарттарын, нормативтік құжаттарын құра білуі қажет.
Ерікті стандарттау барлық мүмкіндікке қол жеткізгендікті білдірмейді, мүлде олай емес. Көптеген өндірісі дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан бері жұмыс істеп келеді, онда мемлекеттік әкімшіліктік стандарттау мүлде болмаған, мысалы, АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау әкімшіліктік стандарттауға қарағанда, өте қатаң болып табылады. Нарықтың заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқуға жол бермейді, яғни тұтынушылар талап ететін өнім құрамының төмендеуіне алып келетін жағдайларға, ал осындай жағдайлар орын алса, компания қаржылық қиындықтардан құтыла алмайды.
Стандарттардың түрлері – негізгі стандарт, терминологиялық, бақылау әдістеріне, өнімге, үрдіске, қызметке, әдістемелік жағдайларға, суреттейтін жағдайларға арналып, бөліне береді.
Негізге алынатын стандарт –белгілі-бір салаға арналған жалпы және жетекшілік жағдайларды қамтитын нормативтік құжат. Әдетте, ол стандарт ретінде немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады. Бұл стандарт негізінде басқа да стандарттар дайындалуы мүмкін. Негізге алынатын стандарт ретінде: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің «ҚР СТ 1.0-2006. Негізгі ережелер» стандартын келтіруге болады.
Терминологиялық стандарт– терминдердің анықтамасы мен оларды қолдану мысалдарын қамтитын нормативтік құжат.
Өнімнің, қызметтің, үрдістің бақылау әдістеріне арналған стандарт– өнімге, қызметке, үрдіске қатысты әрекеттерді (мысалы, тексеру үшін үлгілерді таңдау) және әртүрлі бақылау әдістерінің процедураларын, ережелерін, әдістерін орнататын нормативтік құжат.
Өнімге арналған стандарт– өнімнің тағайындалуына сәйкестілігін қамтамасыз ететін өнім талаптарын қамтитын нормативтік құжат. Бұл стандарт толық немесе толық емес болуы мүмкін. Өнімге арналған толық стандарт сынауды жүргізудің реттілігін, сынау үшін үлгілерді таңдау ережелерін және т.с.с мәліметтерді бекітеді. Өнімге арналған толық емес стандарт өнім талаптарының бөлігін (мысалы, тек жеткізу ережелеріне талаптар және т.б) қамтиды.
Үрдіске (қызметке) арналған стандарт – қызметке (мысалы, білім, банк қызметтерін көрсету, автотранспорт және т.с.с салаларда қызметтердің көрсетілуі) немесе үрдіске (мысалы, өндіріс технологиясына) сәйкес талаптарды қамтитын нормативтік құжаттар болады.
Үйлесімділікке арналған стандарт– бұйым мен оның жеке бөлімдеріне талаптар қоятын нормативтік құжат. Стандарттың бұл түрі толық жүйеге де дайындалуы мүмкін (мысалы, ауаны тазалау, дабыл жүйесіне және т.б).
Ашық мағыналы стандарт– келісімшарттық қатынастарда нақтыланатын сипаттамалар тізімінен тұратын нормативтік құжат (себебі кейбір жағдайларда талаптар жеткізіп берушілермен, ал басқа жағдайларда тұтынушылармен анықталады).
Әдістемелік жағдайлар – нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестілікке қол жеткізуге болатын операциялар мен үрдістерді жүргізу тәсілдерін, әдістерін қамтитын нормативтік құжат.
Сипаттау ережелері– құрылымның, шикізат материалдарының құрамының, бұйым бөліктері мен бөлшектердің өлшемдерінің сипаттамаларынан тұратын нормативтік құжат.
Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға, стандарттаудың практикаларына және халықаралық тәжірибелерге барынша сүйенеді.
Қазақстанда ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңымен бекітілген стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға:
1. ҚР СТ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
2. Техникалық – экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері - ТЭА МЖ;
3. ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары – ГОСТ (бұл негізінен әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан бұрынғы КСРО стандарттары, егер олар Қазақстан Республикасының заңына және техника мен ғылымның дамуына қайшы келмесе қолданылады);
4. Құқықтық нормаларға сай қолданылатын халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер, нормалар және стандарттау бойынша ұсыныстар;
5. Стандарттау бойынша ұсыныстар;
6. Бірлестік стандарттары, оның ішінде өнеркәсіп стандарттары (фирмалық стандарттар, бұл термин қазіргі уақытта қолданылмайды), ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық қауымдастықтардың стандарттары кіреді.
Мемлекеттік стандарттар қажеттіліктердің Республикалық сипатынан тұратын, өнімге, жұмысқа және қызметке қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттарды Қазақстанның Мемстандарты қабылдайды. Мемлекеттік стандарттар міндетті және ұсынылатын талаптардан тұрады. Стандарттардың міндетті талаптары уақыт өте келе техникалық регламетке өтетін болады.
Міндетті талаптарға:
- өнімнің, қызметтің, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мүліктерге қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;
- техникалық және ақпараттық сәйкестілік пен бұйымдардың өзараауыстырымдылығы;
- бақылау әдістері мен таңбалаудың бірыңғайлығы жатады.
Ұсынылатын талаптарға:
- өнім мен оны бақылау әдістерінің негізгі тұтынушылық сипаттамалары;
- өнімді қаптауға, сақтауға, тасымалдауға және жоюға қойылатын талаптар;
- эксплуатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;
- техникалық құжаттамаларды рәсімдеу ережелері кіреді.
Ұйым стандарттары өндіріс ішінде қолдану үшін кәсіпорынның өзінде дайындалады және қолданылады.
Бұл стандарттар:
- ұйымның құрама бөліктерінің қызметін;
- өндірісті басқаруды;
- шығарылып жатқан өнім сапасын;
- өнімді өндіру үрдісінің жалпы технологиялық нормаларын, регламенттейді.
Қоғамдық қауымдастықтардың стандарты (ғылыми техникалық қауымдастық, инженерлік қауымдастық және т.б.) тек жаңа өнімдерге, үрдістерге, қызметтерге, жаңа сынау әдістеріне, дәстүрлік емес технологияларға және өндірісті басқару әдістеріне дайындалады.
Нормативті құжатты қолдануда негізгі:
- өзіндік сәйкес салада тікелей қолдану;
- оны басқа нормативтік құжатқа енгізу сияқты екі әдіс ұсынылады.
| Дәріс 9. Техникалық реттеу бойынша нормативтiк құжаттарды әзірлеу, бекіту және белгiлеу тәртібі
Лекция жоспары:
1. Техникалық регламенттерді қолданудың мақсаттары мен
қарастыратын мәселелері
2. Техникалық регламенттердің түрлері
3. Техникалық регламенттердің мазмұны, жасау тәртібі мен қолданылуы
1. Техникалық регламенттерді қолданудың мақсаттары мен
қарастыратын мәселелері
Техникалық регламент стандарт пен ережелерге сілтемелер жасап, немесе осы құжаттардың мазмұнын қосу арқылы жасалған міндетті талаптарды орнататын құжат.
Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.
2. Техникалық регламенттердің мазмұны, жасау тәртібі мен қолданылуы
Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.
Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар Техникалық реттеу Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады. Т ехникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
Бақылау сұрақтары:
1 Техникалық регламенттерді қолданудың негізгі мақсаттары мен
қарастыратын мәселелерін атаңыз?
2 Техникалық регламенттердің қандай түрлері мен мазмұны қандай?
3 Техникалық регламенттердің жасау тәртібінің кезеңдерін және олардың
қолданылуын атаңыз?
Техникалық регламеттердің құрылымы.
Техникалық регламеттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдың элементтерді еңгізу ұсынылады: • Техникалық реттеу объектілерін; • Терниндерді; • Нарыққа орналастырудың жалпы жағдыйын; • Қауіпсіздік талаптарын; • Ерікті аусып отыру мәселелерін; • Сәйкестікті растауды; • Сәйкестікті бағалауды; • Стандарттар тізбегін басқару; • Нарықта бақылау мен қадағалау; • Техникалық регламенттеоді іске асыру жөнінднгі жауапты органды белгілеу; • Өтпелі кезең.
Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, үрдістің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген.
Техникалық регламент(Р) – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары емес, билік органдары қабылдайды, мысалы Үкімет немесе Парламент (Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді және Президент бекітеді). Техникалық регламент – бұл техникалық заң. Регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерді дайындау және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
2015 жылдың 1 қаңтарына сәйкес 98 техникалық регламент қабылданды 100-нен аса техникалық регламент жасау және 30 мыңнан аса стандарттарды қайта қарау жоспарлануда.
Дәріс 10. Техникалық реттеу бойынша нормативтiк құжаттарды әзiрлеудi жоспарлау. Техникалық реттеу жүйесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Стандарттау жөнінідегі жұмыстарды жоспарлау тәртібінің жалпы ережелері. Жоспарлар стандарттарды әзірлеу, қайта қарау жене қолданыстағы стандарттарға өзгерістер енгізу бөлігінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және түзету мақсатымен әзірленеді.
Жұмыстар жоспары екі бөліктен тұрады.
- мемлекеттік стандарттау:
- мемлекетаралық стандарттаудан.
Жоспарға: стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге алынатын нормалар мен талаптарына арналған мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды, жалпы техникалық нормалар мен халықтың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне өнімнің, процестердің (жүмыстардьщ) және қызмет көрсетулердің және қоршаған ортаға қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді, өнімді өндіріске жеткізуді, терминологияны, сыныптауды, қабылдау ережелерін, сынамаларды сұрыптауды және өнім сапасын бақылау әдістерін, өнімді орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелерін; мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді қосады.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде мүдделі мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктер, заңды және жеке түлғалар бола алады.
ҚР СТ 1.7-2003 түсіндірме жазбасында әзірлеуге түскен өтінімдердін жалпы саны, себептері көрсетіліп қабылданбаған өтінімдердің саны, әзірлеудің ауыспалы тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасы уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) отырысында қарастырылады.
Жоспар жобасын қарағаннан кейін, уәкілетті орган, қажет болса, мүдделі мемлекеттік органмен және басқа заңды немесе жеке түлғалармен (егер олар жоспар жобасына ұсыныстарды ұсынса) жоспар жобасының соңғы редакциясын қосымша келісу туралы шешім қабылдайды.
Мүдделі жақтардың ұсыныстарын ескеріп уәкіл органмен өңделген жоспар қарауға және бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.
Жоспар жобасы туралы ақпарат уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылады.
Уәкілетті орган бекіткеннен кейін айлық мерзімде мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде (К МС АК) жарияланады.
Мемлекеттік стандарттар жоспарын орындауды бақылау және өзгерістерді енгізу тәртібі
Жоспарлардың орындалуын бақылау жұмысы уәкілетті органга жүктеледі.
Стандарттарды әзірлеуші-ұйымдар олардың ұсыныстары бойьшша жоспарға енгізілген жұмыстарды орындауға жауапты.
Мемлекеттік стандартты өңдеушілер мен мемлекетаралық стандарттар арасындағы келіспеушіліктерді шешу уәкілетті органның ұсынысы бойынша енгізілген жұмыстарды, жоспарланған жұмыстар және бекітілген жоспарлардың орындау кезеңіндегі тапсыру- келісу жиналыстарында іске асырылуы керек.
Жоспарға өзгерістер енгізу нормативтік құжаттар категориясы, жұмыстарға тексеру уақыты, өңдеуші - ұйымдастырушылар осы өзгерістерге.
ҚР СТ 1.7-2003 түсіндірме жазбасында әзірлеуге түскен өтінімдердің жалпы саны, себептері көрсетіліп қабылданбаған өтінімдердің саны, әзірлеудің ауыспалы тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасы уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) отырысында қарастырылады.
Жоспар жобасын қарағаннан кейін, уәкілетті орган, қажет болса, мүдделі мемлекеттік органмен және басқа заңды немесе жеке түлғалармен (егер олар жоспар жобасына ұсыныстарды ұсынса) жоспар жобасының соңғы редакциясын қосымша келісу туралы шешім қабылдайды.
Мүделлі жақтардың ұсыныстарын ескеріп уәкіл органмен өңделген жоспар қарауға және бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.
Жоспар жобасы туралы ақпарат уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылады.
Уәкілетті орган бекіткеннен кейін айлық мерзімде мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан Республикасының мемлекеттік стаңдарттарының ай сайынғы ақпараттық көрсеткішіне (ҚР МС АК) жарияланады.
Мемлекеттік стандарттар жоспарын орындауды бақылау және өзгерістерді енгізу тәртібі
Жоспарлардың орындалуын бақылау жұмысы уәкілетті органға жүктеледі.
Стандарттарды әзірлеуші-ұйымдар олардың ұсыныстары бойынша жоспарға енгізілген жұмыстарды орындауға жауапты.
Мемлекеттік стандартты өңдеушілер мен мемлекетаралық стандарттар арасындағы келіспеушіліктерді шешу уәкілетті органның ұсынысы бойынша енгізілген жұмыстарды, жоспарланган жұмыстар және бекітілген жоспарлардың орындау кезеңіндегі тапсыру-қабылдау жұмыстары келісу жиналыстарында іске асырылуы керек.
Жоспарға өзгерістер енгізу жайлы ұыныстар нормативтік күжаттар категориясы, жұмыс түрлері, бекітуге беру уақыты, өндеуші-ұйымдастырушылар объективік себептермен және қаржыландыруға байланысты тоқап қалған жұмыстар өкілетті органның қарауына жіберіледі.
Өкілетті орган екі апталық мерзімде ұсыныстарды қарастырады, олар бойынша шешім жобасын бекітуге жібереді. Қабылданған шешім стандартты өндеушіге ұсыныс берген күннен 1 айдан аспай хабарланады.
Жоспарға |
Date: 2016-05-24; view: 3070; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|