Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техникалық реттеу негіздері





Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағындағы

техникалық реттеу»

Пәнінен дәрістер жиынтығы

 

 

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін

 

Шымкент, 2016 ж

Дәріс 1

Тақырып: Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы.

Техникалық реттеу негіздері

Дәріс жоспары:

1 Казақстанда стандарттаудың даму тарихы

2 Техникалық реттеу негіздері

 

1 Стандарттау саласындағы негізгі түсініктер

Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихын келесі негізгі этаптарға бөлуге болады:

– 1923 ж. XIX ғ. соңында Д.И. Менделеевпен құрылған Томск Сенімділік палатасының Негізгі палатасында өлшемдер және салмақтардың Семейлік ұйымы ұйымдастырылды.

– 1 қазан 1925 ж. Семейде бірінші Сенімділік палатасы өзіндік ұйым ретінде қайта құрылды.

– 1931 ж. Қазақтық аймақтық палата Аймақтық стандарттау бюросы боп аталды және Алматы қаласына көшірілді.

– 1935 ж. ҚазАССКО ХКІІ ішіндегі өлшемдер мен жүктер бөлімі Қазақ СКР Кеңхалықкомитетте өлшем және өлшеу приборлары болып қайта құрылды.

– 1946 ж. ҚазСКР Министрлер кеңесінде уәкілетті өлшемдер мен өлшеу приборлары бойынша комитет ұйымдастырылды.

– 1966 ж. Алматы мемлекеттік бақылау лабораториялары негізінде Қазақ Республикасының стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау лабораториясы құрылды, ал 15 облыстық лаборатоиялар мемлкеттік қадағалау лабораториялары болып қайта құрылды.

– 1971 ж. Қазақ Республикасының Мемстандарт СКСР басқару құрылды, оның негізгі мақсаты республикада стандарттау және метрологияны дамыту болды.

– Қазіргі уақытта стандарттау жөніндегі жұмыстарды Стандарттау, метрология және сертификаттау Комитеті (ҚР Мемстандарт) индустрия және сауда Министрлігі басқарады.

Қандай да бір мемлекет өз өндірушілерінің қорғалуына көңіл бөледі. Бәсекелестікке қабілетті экспорттауға бағытталған өндірісті құруға бағытталған мемлекеттік саясат сәттілік әкеледі. Отандық өнімнің сыртқы және ішкі нарықта сәтті бәсекелес болуы үшін біз халықаралық ережелер мен нормалар бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына болашақта кіруімізбен де байланысты. Саудалық әріптестіктің бір шарты мен БСҰ негізгі талаптарының бірі - техникалық реттеудің түрлі жүйелерімен негізделген саудадағы түрлі бөгеттердің жойылуы болып табылады. Бұл техникалық реттеудің жалпыәлемдің моделіне ауысумен мүмкін болады. Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды. 2004ж. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы қабылданды, заңдағы өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған.

«Техникалық реттеу» дегеніміз не? «Техникалық реттеу» -өнімдерге, процестерге, сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілу, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі.


Әрекеттегі техникалық реттеу жүйесінің 75-жылдық тарихы бар. Осы кезеңде 50 мыңнан астам нормативті акттер: мемлекеттік және салық стандарттары, техникалық шарттар құрылды. Қазақстанда, басқа кеңестік елдердегі сияқты, өнімге қойылатын міндетті талаптар стандарттарда, басқа да нормативті құжаттарда: СанЕжН, ҚНжЕ, фармокопеялық мақалалар, экологиялық, өртке қарсы, ветеринарлы, энергетикалық, көліктік ережелер, т.б. белгіленеді. Міндетті құжаттардың көп болуы өнімдер мен қызметтер өндірісінде белгілі бір қиыншылықтар тудырады және шетелдік сауда әріптестері жағынан түсінбеушілік тудырады. Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды).

Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы. «Техникалық реттеу туралы» заңда екі деңгейлі жүйені құру қарастырылады: Парламент және Үкімет деңгейінде қабылданатын, өнімнің жеке топтарына, әсер ету факторларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жалпы міндетті талаптары шоғырланған нормативті құқықтық акттер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар немесе басқа нормативті акттер. Сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға өнімдер мен процестердің қауіпсіздігі, соның ішінде ғимараттар мен имараттарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жаңа шетел технологияларын, халықаралық стандарттар мен жобалау нормаларының қолданылуы үшін нормативті құқықтық негізді қамтамасыз етеді. Заң қадағалау органдарының жұмысына қажетті құқықтық негізді қамтамасыз ету арқылы олардың жұмысын жеңілдетеді, республика азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоғары деңгейге көтереді

 







Date: 2016-05-24; view: 2327; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию