Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ МЕН МАҚСАТЫ ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Тарихты оқыту әдістемесі ғылым ретінде. ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты. Әдістеме дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғ дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы – оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту. Тарихты оқыту процесінде ауызша сабақ айтудың әдіс-тәсілдері. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;әңгіменің жүйелілігі болуы керек; әңгіменің әсерлілігі;тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Тарихты оқыту процесіндегі сабақтардың типтері. сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді. И. Н. Казанцев бойынша: Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар. 7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары. 8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар. 9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары. 10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары. С. В. Иванов бойынша: Кіріспе сабақтар. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы. Жаңа білімді меңгеру сабағы. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы. Дағдылану сабағы. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары. Бақылау сабағы. Б. П. Есипов бойынша: Аралас сабақтар. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы. Пысықтау сабағы. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. Білім сынау сабағы. Тарихты оқытуда дебат (пікір-сайыс) әдіс-тәсілдері. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:түсіндірме сұрақтар;қосымша сұрақтар;Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Бірақ, жаңа заман талабы мұны талап етеді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың да жолдары бар. Ол үшін түрлі пікірталас клубтарының сайыстарын көріп, тәжірибе жинаудың маңызы зор. Ал ең бастысы – білім екенін ұмытпаған абзал. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді. Тарихты оқытуда қолданылатын интербелсенді әдістердің маңызы. Қазіргі таңдағы технологиялардың дамыған кезеңінде инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану, сабақта интербелсенді оқыту технологиясынің әдіс-тәсілдерін қолдану мақсатындаИнтербелсенді әдістер тек зияткерлік, танымдық қабілеттердің белсенділігін арттырып қана қоймайды. Олардың көмегімен студенттердің бірлескен іс-әрекетіне мән беруге және қарым-қатынас мүмкіндіктерінде ашықтықты, әлеуметтік белсенділікті дамытатын, өзара байланысты өзара сәйкестіктегі әлеуметтік әлеммен байланыс жасауға дайындайтын – жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі мен дағдыларының дамуына жағдай жасалады. Әйтсе де «Өзін-өзі тануда» интербелсенді әдістер айрықша мақсатты орындайды. Тарихты оқытуда оқушылардың құзырлық-біліктілік қабілетін (компетенттілігін) қалыптастыру жолдары. К.Д.Ушинский педагогикалық қызметті «практикалық өнердің бір түрі» деп бағалаған еді.Мұғалім мамандығының шығариашылық сипаты оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан туындайды.Олай дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады,жаңа педагогикалық идеялар мен оқу әдістері пайда болады,оқытуды ұйымдастыру түрлері жетілдіріледі.Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының өзгеруі,дамуы мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі өзгертіп отыруды талап етеді,оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа педагогикалық міндеттерді шешумен айналысуға итермелейді.Бұл міндеттерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең түйіндісін таңдап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының жеткілікті болуы,педагогика, психология және оқыту әдістемесін жетік білуі жеткіліксіз,сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде атқара алатын қабілеттілік те қажет.Тарихшы мұғалім әдістемелік құралды,оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері белгіленген дайын сабақ жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанымен де оларды өз мәселесінде бейімдеп,жаңадан ой елегінен өткізеді.Мұның өзі шығармашылық ізденістердің көрінісі.Мұғалім мамандығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу_тәрбие міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық шығармашылығының мазмұнын туындайды.Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат етіп қойған мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып,алған білімдерін қорытып,тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей алатын дәрежеге жеткізуі тиіс. Жұмысты жаңа бастаған тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс қиын және күрделі болады.Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға қойған мақсатына негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мәжбүр болатындығынан туындайды.Осы қиыншылықтан жалтарып,оңай жол іздеу-шығармашылық дамуды тежейді. Мұғалім ең маңыздысы кезеңінің бірі-өзінің педагогикалық қызметіне талдау жасап,баға беруі.Бұл әрекет педагогикалық мақсат пен құралдың, қажетті жағдай мүмкіндіктің арасындағы қарама –қайшылықты,өзінің қызметінде орын алған оқулықтар мен кемшіліктердіанықтауға мүмкіндік береді. Өзінің тұлғалық сапаларына өзі талдай жасай алған мұғалім өзінің педагогикалық әркетіне түзету жасап,оған шығармашылық тәсілдер енгізеді.Сол сияқты білім мен біліктілігін көтеріп,қазіргі заманғы педагогикалық және тарихи білімінің дамуы мен өскелең қоғамның талаптарына сай тұрақты кәсіптік өсуді қамтамассыз ете аладыТарих пәнінде оқушының ойлау, танымдық қабілетін дамытатын жолдарды ашып көрсетіңіз Қазіргі оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруі емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағыдайлар арқылы дамыту. Оқытубарысындағы басты мақсат: оқушылар білімнің сапасын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеу, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады. Бұл талапты жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өздігінше орындайтын әр түрлі жұмыстарды, тапсырмаларды көбірек беруге және бірте-бірте күрделендіруге, олардың арасында ойлау қызметін дамытуға бағытталған тапсырмалардың жиірек болуына көңіл бөлу қажет. Мұғалім бір тақырыптың мәнін түрлі әдістермен түсіндіргенде (әңгіме, әңгімелесу, құжатты оқып бериу, суреттермен жұмыс жүргізу, т.б) оқушылар ынталанып, олардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге оқушылардың ойлау, ойлану қызметі мен біліктілігі қалыптасыда. Қазіргі кезеңде тарихты оқытудың бұрынан пайдаланып келген тиімді типтерімен қатар, сабақтың дәстүрлі емес: пікір сайыс, рөлдік, топқа бөлініп жарыстыру, саяхат, сабақ-конференция, кеңес беру, ал әдіс тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап әңгімелеу, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыру, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, т.б. Тарихты оқытуда оқушының ойлау, танымдық қабілетін дамытатын жолдарды ашып көрсетіңіз. Логикалық ойын, Сергіту сәті Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді ТАРИХТЫ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТІҢ ОРНЫ. Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін оқытылатын құбылысты тікелей немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі көрнекі оқыту деп аталады. Тарих сабағында көрнекі оқытудың атқаратын рөлі ерекше. Тарихи оқиғалар қайталанбайтын болғандықтан да оқушылардың өткен кезең құбылыстарынмен тікелей танысу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан тарихи білім көзі ретінде түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекі оқыту өткен кезеңмен танысу кезінде сезімге әсер етумен бірге ойлау жүйесіне де ықпал жасап, бірқатар қосымша қызметтер де атқарды. Ең алдымен көрнекі құралдарды сабақта қолдану жағдайында оқушылардың өткен тарихи кезең туралы көру арқылы алынған нақты бейнесі қалыптасатындығын есте ұстау керек. Көрнекі құралдар тарихи фактілерді нақтыландырып, оқушылардың өткен кезең туралы білімін жаңғыртады. Көрнекілік тарихи құбылыстардың мәнін ашып, негізгі тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Заттар мен құбылыстарды тікелей немесе бейнелеудің (көрнекілік) көмегімен қабылдауды басшылыққа алып, өткен тарих туралы түсініктер, бейнелі ұғымдар қалыптастыратын көрнекілікті сыртқы белгілеріне қарай баспалық, экрандық, дыбыстық оқу құралдары деп топтастырылса, мазмұнына және тарихи бейнесіне қарай заттық, бейнелеу, шартты-кескіндемелік деп топтастыруға болады. мазмұнына қарай көрнекі құралдар былайша топтастырылады: Табиғи алып түріндегі көрнекілік: түпнұсқа алып түрдегі тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар (Египет пирамидалары, Коллизей, Қызыл алаң, т.б.).Материалдық мәдениеттің түпнұсқа заттары (археологиялық қазбалар, еңбек құралдары, нумизматика т.б.)Арнайы дайындалған заттық көрнекілік (макет, үлгі), бейнелі көрнекілік (оқу картиналары, репродукциялар), шартты кескіндемелік көрнекілік (сұлбалық қолжазба, тарихи карталар, аппликация, сұлба, диаграмма), оқытудың техникалық құралдары (оқуфильмдері, диафильм, диапозитив, компьютер, видеомагнитофон)Заттық көрнекілік тарихи секерткіштердің бейнесін қалыптастырады. Ол оқушыларға сол дәуірдің тынысын сезіп, «қарт тарихпен» тілдесу көмектеседі. Мысалы, Алтын адам бейнесі, Н.Шаяхметов қалпына келтірген Махамбеттің бейнесі. Бейнелі көрнекіліктің арасында мектеп курсы бойынша суреттер мен иллюстрациялар кең орын алады. Лқу картиналары қабылдауға жеңіл болуы үшін ашық бояулармен орындалады. Оқу картиналары оқиғалық, типологиялық, мәдени-тарихи болып бөлінеді. Оқиғалық картиналар нақты жеке оқиғалар туралы түсінік береді. Олар тарихтағы шешуші кезеңді бейнелейді де одан әрі мұғалімнің сюжеттік түсіндірмесін қажет етеді. Оқиғалы картиналар сюжетті, әңгіме түріндегі баяндауды қажет етеді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар оқиғаны, сюжеттік картинаны мынадай бірізділікпен оқып үйренеді: а) картина мазмұнына жалпылама анықтама беру; ә) картинада бейнеленген оқиғаның уақытын, өткен жерін көрсету; б) оның мазмұнындағы басты және қосалқы мәселелерге сипаттама беру; в) жалпы қорытынды жасау. Тұрпатты картиналар көп қайталанатын тарихи деректерді сол дәуірге тән типтік оқиғаларды көз алдына елестетеді. Мысалы, В.И.Лебедевтің «Полюдье», «Вече в Новгороде» картиналары. Кейде оқиғалық картина, тұрпатты картинаға айналып кетеді. Мысалы, «Джордано Бруноны өртеу». Бұл жеке оқиға әрі сол дәуірге тән типтік құбылыс. Мұндай картиналар қоғамның экономикалық, әлеуметтік құбылыстарын бейнелейді. Оларды оқып үйренуде ең жиі қолданылатын тәсіл - оқушылардың өз күштерімен білім көзін ашуына көмектесетін әңгімелесу тәсілі. Тарихи тұлғалардың портреттері бойынша оларға баға беру, сипаттау оқушылардың танымын арттыра түседі. Ал сабақ ьарысында бейнелеудің ерекше нысаны - карикатураларды қолдану тәсілдерін арттырады. Мәдени-тарихи картиналар тұрмыстық заттармен, материалдық мәдениет ескерткіштерімен таныстырады. Ондағы сәулет ескерткіштері, мүсін өнері олардың орындалу ерекшеліктері мен механизмдері бейнеленуі мүмкін. Бір процестің сырын ашу үшін бірнеше картинаны қатар қолдануға болады. сабақта картинамен жұмыс жүргізудің бірізділігі былайша іске асады:1.мұғалім сабақ барысында қажетті сәтте картинаны іледі.2. оқушыларға картинамен толық танысуына уақыт береді.3.әңгімелеуді бастауда тарихи оқиғаның орны мен уақытын көрсетеді. 4. жалпы жағдайды баяндап болып, негізгі мәселеге тоқталады. 5. көптеген бөліктер мен ерекшеліктерді айқындайды.6. баяндаудың соңында қорынтынды жасап, құбылыстың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осындай жоспармен қоса картиналарды түсіндіруде мына ережені де қолдануға болады: 1.автордың аты-жөні, шығарманың жазылу кезеңі;2. шығарма мазмұны: сюжетті, кейіпкерлері, не бейнеленген (алдыңғы беті, орта, артқы жағы, интерьер, табиғат көрінісі). 3. бейнелеу тәсілі: көлемі, пропорциялылығы, келешегі, түсі.4. суретші өз туындысында қандай идея, сезім айтпақ болған. Оқушыларға картинаның негізінде қандай тарихи аңыз, нақты тарихи оқиға алынған?- деген сұрақ қою арқылы да талдау жасауға бейімдеуге болады. сол сиықты оқушыларды картина авторының өмірбаяны, шығармашылық зертханасы да қызықтырады. Шартты -кескіндемелік көрнекілік тарихи процестің сандық сапалық мазмұнын ашып, қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағытттарны айқындап, тарихи ұғымдардың, заңдылықтардыі себеп-салдарлы байланыстарын игеруге көмектесетін рәміздік белгілердің жиыны. Шартты кескіндемелік көрнекілікке сұлба, кескіндеме, диаграмма, аппликация, сұлбалық суреттер жатады. Олар тарихи оқиғалардың мәні мен байланыстарын, даму динамикасын айқындауда жекелеген, шектеулі Тарихты оқытудың мақсаты мен міндеттері және оларды жоспарлау. Тарихты мектепте оқытудың әдістемесінің міндеттері оның мазмұны мен педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнына байланысты болады. Әдістеме мұғалімдерді тиімді тарихи білім беруге қажет оқытудың мазмұнымен және педагогикалық құралдармен, біліммен және іскерліктермен қаруландырады.Мектепте тарихи білім берудің құрылымы мен мазмұнының проблемасы арасында факті мен теориялық тұжырымның арақатынасы, оқушы санасында тарихи түсінік және қоғамдық даму заңдарын түсінуді қалыптастыру, тарихи үдерістер мағынасын ашу маңызды орын алады.Әдістеменің маңызды міндетінің бірі – оқушылардың ойлауын дамыту. Оқушылардың тарихи ойлауын дамыту, олардың ойлау тәуелсіздігін қалыптастыру міндеттері өздеріне сәйкесәдістер және оқу құралдарын қажет етеді.Тарих курсында концентрациялық түрде адамзаттық өндірістік, әлеуметтік-саяси және адамгершілік тәжірибесі көрсетілген. Оқытудың әдістемесінің өзекті міндетінің бірі – тарихтың мектеп курсының тәрбиелік мүмкіндігін ашу, тарих сабақтарында тәрбиелеудің міндеттін тиімді шешудің жолдарын анықтау. Сөйтіп, тарихты оқыту барысында тәрбие беру, білім беру, дамыту мақсаттарын біріктіре жүзеге асыру. Тәуелсіз Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасына және оның маңызы. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан тарихы КСРО тарихының құрамдас бөлімі ретінде 7-10-сыныптарда шамалы сағатпен жүргізіліп келген болатын. 1990-1991 оқу жылынан бастап мектептің оқу жоспарына тарих жеке пән ретінде енгізілді. Ол он бір жылдық мектептің жеті сыныбында (5-11) оқытылатын болып шешілді. Пәнді оқытуға 289 сағат бөлінді. Жаңа бағдарлама жасалып, соған сәйкес оқулықтар жазу қолға алынды. Бұл бағдарлама 1992 жылдың күзінде мұғалімдер қолына тиді. Қазақстан тарихын оқыту 5-сыныптан басталып, 11-сыныппен аяқталатын болды.1993-1994 оқу жылында Қазақстан тарихының бірнеше жаңа оқулығы жарық көрді. Оқушылар сол кітаптан білім ала бастады. Сол оқулықтардың қатарында «Рауан» баспасынан 5-сыныпқа арналған «Қазақ елінің қысқаша тарихы» (авторы Т.Тұрлығұлов), 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» (авторы Ж.Қасымбаев), «Атамұра» баспасынан 10-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» (авторлары М.Қозыбаев, І.Қозыбаев) бар еді. Педагогика ғылымында бұларды өтпелі кезеңнің оқулықтары деп атады.Ал 11-сыныпқа арналған алғашқы Қазақстан тарихы оқулығы 1993 жылы К.Нұрпейісов, Б.Аяған, Н.Жақсылықов сияқты авторлардың қатысуымен жарық көрді. Жаңа ғана еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің жаңа тарихын дөп басып жазу қандай ғалымға болса да оңайға түспеген еді. Бұл оқулықтар тарих ғылымының негізіне сүйеніп жазылатыны белгілі. Кеңестік методологиядан бас тартқан, жаңасы әлі жасалмаған тарих ғылымы ол кезде әлі дағдарыста болатын. Үлкен жауапкершілікті мойындарына алған авторлар ұжымы тәуелсіз Қазақстанның екі жылдай ғана тарихын ой елегінен өткізіп, кеңестік қасаң қағидадан бас тарта отырып, оқулықты жалған тұжырымдар мен бұрмалаушылықтардан тазартуға күш салды. Онда 1946 жылдан 1992 жылға дейінгі кезең қамтылды. Елу жылға таяу уақыт бес тақырыпқа бөлініп берілді. Ол 34 сағатқа лайықталды. Соңғы, бесінші тақырып «Тәуелсіздік жолында» деп айдарланды. Бұл тарауда КСРО-ның ыдырауы ТМД мен тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы, 80-жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі, елдігімізді алғаннан кейінгі жаңа, нарықты экономикаға көшудің басталуы, жекешелендіру үрдісінің барысы, халықтың әлеуметтік жағдайы, «Тілдер туралы» Заңның қабылдануы, еліміздің сыртқы саясатының мәселелері қысқаша баяндалды. Алғашқы жылдары оқулыққа қосымша құралдар болған жоқ. 2002 жылға дейін 6 рет басылған оқулық 2005 жылға дейін қолданыста жүрді. Жекелеген кемшіліктерін көрсете отырып, жалпы алғанда бұл оқулықты еліміздің ұстаздар қауымы мен оқушылары жақсы қабылдады.Ал жаңа ғасыр басында заман талабына сай тарихтың жаңа буын оқулықтары шыға бастады. 2005 жылы 9-сыныпқа арналған М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешов бірлесіп жазған «Қазақстан тарихы» және Б.Аяған мен М.Шаймерденованың авторлығымен «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» сияқты оқулықтар жарық көрді Түрпаттық картиналар көп қайталанатын тарихи деректерді, сол дәуірге тән типтік оқиғаларды көз алдына елестетеді. Картиналар қоғамның экономикалық, әлеуметтік құбылыстарын бейнелейді. Оларды оқып-үйренуде ең жиі қолданылатын тәсіл — оқушылардың өз күштерімен білім көзін ашуына көмектесетін әңгімелесу тәсілі. Тарихи тұлғалардың портреттері бойынша оларға баға беру, сипаттау оқушылардың танымын арттыра түседі. Ал, сабақ барысында бейнелеудің ерекше нысаны — карикатураларды қолдану тәсілдерін арттырады. Фактiлердің тарихты oқытyдa алатын орны. Факт. Яғни, нақты дәлел. Кез келген академиялық мақала факттерден құралады. (Академиялық мақалада кез келген дерекке сілтеме беріп отыру өте маңызды) Фактің өзін бірнешеге бөліп қарастыруға болады.а) Нақты факт. Мұндай фактілер бүкіл әлем болып қабылданған, дәлелденгеніне көп болған деректер.ә) Сілтемені қажет ететін фактілер. Кейбір деректер факт бола тұра, оны нақтылай түсетін деректер қажет етеді. Мысалы, "Қазақстанның халқы 17 миллион" деген фактіне алайық. Бұл - факт, алайда мұны нақтылау үшін соңғы жүргізілген халық санағына сілтеме көрсетілуі тиіс.б) Әдеби фактілер. Бұл топқа әдеби кітаптағы деректерді жатқызуға болады. Мысалмен түсіндірейін. "Қожа Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып жіберді". Ойдан шығарылған дерек. Мұның әдеби факті болатын себебі Бердібек Соқпақбаевтің кітабында жазылған. Ал нақты факт ретінде қолдануға келмейтінінің себебі - ойдан шығарылған.
|