Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кубизм» тәсілі. Интерактивті тақтаны қолдану. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту





Мектепте оқылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін де анықтай алады. Сондықтан да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы ҚР-да тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе, Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала межелеу жөнінде аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылады. Ал осы республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мактеп. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап, осы күнге дейін мекендеген адамзаттың жүріп өткен жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерінмен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.

Мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру (1960-1980 жж). Мектептегі тарих курсыньщ қүрылымындағы ендігі өзгерістер міндетгі түрде орта білімге көшумен байланысты жүзег асты.60-70 жылдары тарихи білім берудің мынадай қүрылымы орнықты.19 Тарихи білім беру қүрылымы (1967-1993 ж.ж.) 5-сынып — Отан тарихының эпизодтық эңгімелері (2 сағ.) 6-сынып — Ежелгі дүнис тарихы (2 сағ.) 7-сынып — Ортағасырлар тарихы (2 сағ.) 8-сынып — Отан тарихы ХҮІІІ ғ. соңына дейін (2 сағ.) 9-сынып — Жаңа тарих I бөлім; XIX ғ. Отан тарихы (3 сағ.) 10-сынып - Жаңа тарих II бөлім; Отан тарихы XX ғ. Басынан 30-жылдарға дейін; қазіргі заман тарихы 30-жылдардың соңына дейін (4 сағ.)11-сынып — Отан тарихы қазіргі кезге дейін; қазіргі заман тарихы осы кезге дейін

Мектептегі «Дүние жүзі тарихы», оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері. Жалпы білім беретін мектепте Дүние жүзі тарихын оқыту ерекше маңызды. Дүние жүзі тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден – бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Дүние жүзі тарихының білімділі, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде-біреуі атқара алмайды. Ежелгі заманнан осы күнге дейін адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстыра отырып, ол алдымен жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына қоғам қойып отырған міндеттерді - жеке тұлғаның күш-қуат мүмкіндіктерін барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интелектін байытуға, халық, қоғам және мемлекет алдындағы жеке адамның азаматтық құқылары мен міндеттерін ұқтыруға көмектеседі. Дүниежүзі тарихы жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің тарихи түп тамырларын түсініп-білуге, тұрмыстың алуан түрлі моральдық-адамгершілік мәселелерін дұрыс шеше білуіне көмектеседі. Дүние жүзі тарихын оқытудың мақсаты – жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген елеулі тарихи оқиғалармен, жинақталған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу. Оқушының туған халқы мен елінің тарихына деген құрмет сезімі басқа халықтардың өмірі мен мәдениетіне құрметпен қараушылқпен ұштастырылады. Оқушы қазақ елінің тарихы дүниежүзілік өркениеттің, дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі деген қорытындыға келуі тиіс. Бұлар төмендегідей міндеттерді іске асыру арқылы орындалады: - оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми-көзқарасын қалыптастыру;- дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;-тарихи үрдістің көпқырлылығын, көптүрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған орай тарих ғылымына шығармашылықпен қарауға үйретеді;-оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың адамгершілік армандарды өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектеседі;-оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеу;- оқушыларды дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлықтарына құрметпен қарауға үйрету, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсене араласуына дайындау. - оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойында шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу; - оқушылардың жеке адам құқықтарын құрметтеуіне, өзінің құқықтарын және еркіндіктерін саналы түрде пайдалана білуіне көмектесу; қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге тәрбиелеу;-тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру Дүниежүзі тарихын мектепте оқытуға қойылып отырған осы мақсат пен міндеттер әдістеменің төмендегідей ерекшеліктеріне негіз болып отыр: ежелгі дүние тарихы

Модульдік технологияның тәсілдері мен түрлері. Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:1.Кіріспе2.Сөйлесу3.Қорытынды.Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. Мұғалімнің сыныпты ұйымдастыра алуы, онымен ынтымақтастық, тығыз шығармашылық байланыс жасауы; кішіпейілділігі, ұстамдылығы; өзіне де, оқушыларға да талап қоя білуі, сыныпты еркін меңгере алуы, оқушыларды жақсы білуі және бүкіл сыныппен де, жеке оқушымен тең қатынас жасауы; өзін еркін ұстауы, шебер сөйлеуі, дауыс ырғағын, қимылын, мимиканы орынды қолдана алуы; мұғалімнің сыртқы пішіні; сыныпта орынды жүріп—тұруы.Бұларды біз білеміз ғой дейтін мұғалімдеріміз де табылар. Бірақ шынын айтуымыз керек, білетіндер бірен-саран, ал білмейтіндер өте көп. Бұған осы еңбектің жетінші тарауындағы 5 сыныпта сабақ беретін тарихшыға қойылатын талаптар туралы материал дәлел.Бұл талапратдың бәрін бр сабақта жүзеге асыру мүмкін емес. Олар сабақтың қай сыныпта өтетіндігіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындық дәрежесіне байланысты шығармашылықп ен қолданылады. Сабақ сайын осы талаптардың көпшілігі немесе сол сабаққа тікелей қатыстылары ойдағыдай жүзеге асып жатса, сондай-ақ жеке мұғалімнің сабақ беру тәжірибесінде осы талаптар берік орын алса, ондай сабақтарды қазіргі талаптарға сай келеді деуге болады.Бұл талаптарды тарих мұғалімінің тәжірибесін зерттегенде де қызметін бағалағанда да, сондай-ақ мектептерде тарих пәнінің оқытылу жайымен танысқанда да пайдалануға болады. Мектептегі "Қазақстан тарихы", оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары. 1998 жылдың соңында Қазақстан Республикасы халық ағарту қызметкерлерінің тұңғыш І Құрылтайы қарсаңында Жалпы білім беретін мектептерге арналған Мемлекеттік білім стандартының, жаңа буын оқу бағдарламаларының жоба-нұсқалары жарққа шықты. Келер жылы талқылауда болған осы маңызды құжаттар «Білім туралы» Заңдағы өзгерістерді негізге ала отырып, 2000 жылы тағы да өңделіп жетілдіріп, сол кездегі Республикалық баспа кабинеті арқылы жоба ретінде және жарияланады.Бұл құжаттардың соңғы нұсқаларындағы басты өзгеріс, жалпы білім беретін мектептің үш сатыдан: бастауыш, негізгі мектеп және орта мектептен тұратындығы болды. Бастауыш 1-4; негізгі мектеп-5-9, орта мектеп-10-11 сыныптады қамтиды. Үлкен өзгеріс: негізгі мектепті -9 сыныпты бітірген оқушыларбарлық пәннен аяқталған білім алады, ал 10-11 сыныптар біртіндеп бағдарлы мектептерге арналған бағдарламаларға көшеді.Осы өзгерістерге байланысты тарих пәнінің мектептік құрылымы мен мазмұнына ұстанымды жаңалықтаренгізілді, олар жоғарыда аталған бағдарламаларда өрініс тапты.ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша 2001-2002 оқу жылынан бастап, 5-сынып осы құрылымға көшеді.Бұл құрылым бойынша мектептегі негізгі екі тарих курсы (тариз пәні) мындай ретпен оқытылады. Қазіргі қолданыстағы оқу жоспары бойынша мектептің бірінші сатысын — бастауыш мектепті бітірген оқушылар жеті, ал негізгі мектепті бітірген оқушылар 18-20, жалпы білім беретін толық орта мектеші аяқтаушылар одан да кеп пөннен (олардың саны мектептің типі мен ерекшеліктеріне байланысты) толық аяқталған білім ала-ды. Ол пөндер белсенді қоғамдық омірге аяқ басқан өрбір жас азаматты білімнің негізгі салалары: тіл, әдебиет, математика, жара-тылыстану, қоғамтану, онер, технология, дене тәрбиесінен қажетті ғылыми біліммен қаруландырады. Білім - пәндерге, салаларға бөлінгенмен оларға қойьшатын талап — түтас толық орта ғылыми білім беру. Сондықтан да Мемлекеттік білім стандартын, оқу бағ-дарламаларын жасағанда, жеке пәндерден оқулықтар жазғаңца пәндер арасыңцағы байланыстарға, олардың сабақтастығьша баса кеңіл бөлінеді. Егер де бүл байланыстарға көңіл бөлмей, әр пәнді өзінше белек-бөлек оқыта берсек езара байланысты ғылымдар арасы үзіліп, оқушылардың алған білімдері белек-белек болып қалар еді. Мүның езі алдымен оқушылардың дүниеге ғылыми кезқарастарын қалып-тастыруға нүқсан келтіреді. Ал, шынында мектепте оқытылатын пәндердің ішінде бір-біріне байланысатын жерлері кеп. Тарихи білімдерді қалыптастыратын үғымдардың ішінде философиялық, географиялық, сондай-ақ әдебиетке қатысты үғымдар да кездеседі. Сол сияқты басқа пәндердің де мәселен, өдебиеттің, экономикалық географияның, табиғат танудың т.б. тарих пөнімен байланысты жерлері баршылық. Олай болса әрбір пәнді оқытқанда олардың басқа пәндермен байланысатын жерлеріңе назар аударып отыру қажет екен. Пәндерді байланыстыру міндеті фактілерді, үғымдарды оқыту барысында жүзеге асады. Пәндердің өзара байланысын жүзе-ге асыру олардың табиғаттың, қоғамның дамуына ғылыми козқара-сын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар алған білімін кеңейтеді, толықтырады әрі бекіте түседі.Қазақстан тарихы пәні жоғарыдағылармен қатар әсіресе дүние жүзі тарихы, "Адам және қоғам", "ҚР-ның қүқық негіздерімен" тығыз байланысады. Сонымен қатар әр пәннің езінің ішкі байла-ныстары да болады. Қазақстан тарихы пәні бірнеше курсқа бәлінеді, сол курстардағы бішмдердің бір-бірімен байланысатын түстары баршы­лық. Мәселен, 6 сыныпта ежелгі Қазақстан тарихын өткеңце оқушы-лардың 5 сыныптағы осы жерлерде ертеде адамдардың пайда болуы. Олардьщ ру, тайпа болып қалыптасуы туралы білімдері еске түсіріліп, одан әрі сақ, ғүн, үйсін, қаңлы сияқты ірі тайпа одақтарына біріккені баяңцалады. Қазақстаңцағы орта ортағасырцағы мемлекеттерді өткенде дүние жүзі тарихынан Еуропа мен басқа да аймақтардағы ортальгқтанған мемлекеттердің тарихы, олардың өзіндік ерекшеліктері еске түсіріледі. Бүлар курсаралық байланыстар. Сонымен қатар тарихтың әрбір жеке курсының мазмүнында да өзара байланысты материалдар болады. Мәселен, 6 сыныптағы Ежелгі Қазақстан тари-хынцағы жоғарыда аталған ғүн, үйсін, қаңпы тайпаларын өткенде бәрінде "Дін және діни нанымдардың пайда болуы" айтылацы. Оларды байланыстыра оқыту өте тиімці. Бүлар курсішілік байланы-старға жатады.

Мұғалімнің педагогикалық мінез-құлқына қойылатын талаптар. Мұғалімнің сыныпты ұйымдастыра алуы, оынмен ынтымақтастық, тығыз, шығармашылық байланыс жасауы; Кішіпейілдігі, ұстамдылығы; өзіне де, оқушыларға да талап қоя білуі; сыныпты еркін меңгере алуы, оқушыларды жақсы білуі және бүкіл сыныппен де, жеке оқушымен де тең қатынас жасауы; өзін еркін ұстауы, шебер сөйлеуі, дауыс ырғағын, қимылын, мимимканы орынды қолдана алуы; мұғалімнің сыртқы пішіні; ссыныпта орынды жүріп тұруы.

Оқушыларда тарихи білімді қалыптастырудың сатылары мен кезеңдері. Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет.

Оқушыларды оқыту барысында оқытылған тақырыптың мазмұнына сәйкес әдістемеде көрсеткен сабақ типтері мен оқыту әдіс-тәсілдеріне қоса: пікірталас, сайыс, топқа бөліп жарыстыру, театырландырылған, саяхат және кіріктірілген сабақ түрлерінімен оқытуға болады.

Оқытудағы көрнекілік құралдар. Тарихты оқыту процесіндегі көрнекілік құралдарды пайдалану әдістері. Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі — иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Ол оқудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылрадың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Қітаппен анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқаулармен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді. Приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарны жүргізу тәсілін меңгереді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.

ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Ортағасырлар тарихы курсында Ү ғасырдан ХҮ ғасырлардың аяғына дейінгі дәстүрлі қоғамның дамуы, гүлденуі және дағдарысқа ұшырауы оқытылады. «Қазақстанның Ортағасырлар тарихы» Ү-ХҮ ғасырларды қамтиды. Еуразия кеңістігінде батыс пен шығысты ұштастыратын аймақта мекендеген байырғы түркілер әртүрлі өркениет жетістігін бойына сіңіре алады. Дала өркениеті шегінде Қазақстан аумағында бірін бірі алмастыра отырып, омыр сүрген осы мемлекеттің бірлестіктердің этникалық- саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының жемісі қазақ мемлекеті болып табылады. Сондықтан да Қазақстанның ортағасырлар тарихында түркі мемлекеттері, олардың құрамындағы халықтар негізінде қазақ этникалық түрінің қалыптасу процесіне, түркі халықтарының мәдениетіне, олардың өзара байланысы мен ортақ даму белгілеріне назар аударылмақ. Мектепте орта ғасырлар тарихын 7,8- сыныптарда оқиды. 7сынып бағдарламасында осы кезеңдегі Қазақстан тарихының негізін – білім мазмұнын құрайтын басты тарихи құбылыстар, фактілер, оқиғалар қамтылған. Мұнда мемлекеттер тарихына, орта ғасырлардың басы мен орта кездеріндегі халықтардың тұрмыс тіршілігіне, мемлекеттердің қоғамдық саяси жағдайларына баса назар аударған. Қалалардың дамуы, өала мәдениеті, басқа елдермен, халықтарымен көп салалы байланыс, әсіресе сауданың дамуы, осыған орай Ұлы Жібек жолы, оның өз уақытындағы маңызы көретілген. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан, ондаңы халықтардың этникалық және әлеуметтік құрамы және де сол кездегі саяси тарихи мәселелерге лайықты орын берілген. Ал 8 сыныпта орта ғасырдағы Қазақстан тарихы одан әрі жалғастырылып, ХҮ ғасырдан ХҮІІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бағдарламаның бұл болімінде Монғол империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттердің саяси тарихы, олардағы халықтарда болған этникалық үрдістері, қазақ халқы құрылуының аяқталуы, ол мемлекеттердің тұңғыш Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы ашылып көрсетілген.

Ортағасырлар тарихын оқытудың ерекшеліктері. Түрік қағанаты (551–603 жж.), Батыс Түрік қағанаты (603–704 жж.), Түргеш қағанаты (704–756 жж.),Қарлұқ қағанаты (756–940 жж.), Арабтардың жаулап алу жорықтары, Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. басы), Кимек қағанаты (IX-XI ғғ. басы),хандығы (XI ғ. — 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.),Найман және керейт ұлыстары, Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.),Ортағасырдағы Қазақстандағы шаруашылық (VI-XII ғғ.), VI-XII ғасырлардағы қалалар, VI-XII ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Ежелгі түрік алфавиті мен жазуы, Орта ғасырлардағы халықтардың діни түсініктері., Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жол

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу – шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бірнәрсе шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткзуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В.Оконь: Проблемалық оқыту деп проблемалық жағдайларды туындатудан, проблеманы тұжырымдаудан, қажет жағдайда проблеманы шешуде оқушыға көмек көрсетуден, осы шешімдерді тексеруден, үрдісті басқарудан, игерілген білімді бекітіп, жүйелеуден тұратын іс-әрекеттердің жиынтығын түсінуіміз керек» - деп саралайды

Тарих бойынша факультативтік курстардың білімгерлердің теориялық білімдерін тереңдетудегі алатын орны. Факультатив ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады. Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық беріледі. Факультативтер теориялық және тәжірибелік түрде де өте алады. Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондықтан олардың іс-әрекеті белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейкесті тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.Оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың фпкультатив түрі оқушылрадың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көп жақты: оқушларды ғылымға қатыстыра отырып. Олардың дүиие танымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты. Танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылрадың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады.

Тарих курсында пәнаралық байланыстардың атқаратын рөлі. Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты – тарих ғалымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкідігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудық бір саласы ретінде педагогикамен байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.

Тарих пәнін оқытуда Қазақстан тарихи кабинетінің маңызы зор. Өйткені онда осы пәнді оқытуға өте қажетті: оқу-көрнекі құралдар, техникалық құралдар, кітапхана қоры сақталады. Тарих кабинеті - мұғалімнің әдістемелік жұмыс орны. Ондағы құралдарды ретімен пайдалану мұғалімнің жұмысын жақсарта түседі. Сондықтанда мұғалім кабинеттегі құралдарды пайдаланудың ретін де, әдістемесінде жақсы білуі керек. Мысалы: ол кинофильмді, оқу фильмін, оларларды көрсететін құралдарды т.б пайдалану әдістемесін жақсы білуге міндетті. Кабинеттегі оқу құралдары, жабдықтар, басқа да құралдар қаншалықты мол болса, соғұрлым мұғалімге тарих пәнін оқытуға қойылатын талаптарын орындауға мүмкіндік туады. Сондықтанда тарих кабинеті Кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 50- жылдарында ұымдастырылды. 60- жылдардағы орта мектеп жұмысын жақсарту туралы қаулыдан кейін, оқу кабинеттеріне көп көңіл бөлінде. Қазақстан тарихы кабинетіне қойылатын талаптар: 1) мемлекеттік құжаттар, тарихи құжаттар, хрестоматиялар болу тиіс; 2) ғылыми-көпшілік, тарихи-көркем әдебиеттер (алдымен сыныптан тыс оқу үшін оқулықта көрсетілгендер)болуы тиіс; 3) Тарих, «Қазақ тарихы», педагогикалық т.б журналдар, педагогикалық-әдістемелік журналдар, республикалық орталық газеттер болуы тиіс; 4) оқулықтар мен оқу құралдары болуы тиіс. Сонымен бірге Кабинеттегі техникалық құралдардан 1) диафильмдер, оқуфильмдері, 2) дыбыс жазатын құралдар; 3) электронды оқулықтар болуы тиіс. Кабинетте жиналған оқу құралдары қаншалықты көп болса, олардың күнделікті сабақтарды соншалықты сапалы өткізуге пайдасы тиеді. Тарих кабинетнегізгі үш бөлімнен тұрады. І бөлім арнайы мебельмен соған лайық заттар мен жабдықталады. ІІ бөлім қажетті аппаратура тұратын бөлім. ІІІ бөлімде Оқу құралдары қоры бар. Қазақстан тарихы кабинетінің жабдықталуы, құралдардың, заттардың орналасуы тарихты оқытуға қойылған міндеттерді орындауға барынша қолайлы болуы тиіс. Сондықтан Кабинеттің ішкі орналасуын жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ол мұғалімнің де, оқушылардың да жұмыс істеуіне өте қолайлы болуы тиіс. Алдыңғы қабырғаның ортасында сынып тақстасы болады, оның жылжымалы болғаны дұрыс. Өйткені тақтаны екі жаққа қаарй жалжытқанда ортадағы темірден жасалып, ақ түспен боялған тақта ашылады. Бұл диа, оқуфильмдері үшін экран да болады. Сурет, аппикация т.б. магнитпен жапсырып пайдалануға да өте қолайлы. Осы тақтаның астындағы жәшіктерге түрлі кестелер, сызбалар, бояулы суреттер т.б. қойылады. Кабинетте жиналған оқу ұралдары қаншалықты көп болса, олардың күнделікті сабақтарды соншалықты сапалы өткізуге пайдасы тиеді. Бірақ оларды қай сабақта, сабақтың қай кезеңінде, қалай және қанша уақыи пайдалану кере екенін алдын ала ойластырған дұрыс. Мәселен, бір сабақта сынып тақтасы мен тарихи картадан басқа орта есеппен 3-4 көрнекі құрал пайдаланса болады. Ал техникалық құралдарды сабақ үстінде ұзақ пайдалануға болмайтынын мұғалімдер жақсы біледі. Тарих кабинетіндегі құралдар оқушылардың өздігінше жұмыс істеуіне, олардың белсенділігін арттыруға көмектеседі.Мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп тұрып көркем әдебиеттен үзінді оқып береді, онымен оқушыларға өздігінше жұмыс істеуге болады; сабақты түсіндіріп тұрып бояулы суретті, не графикалық көрнекі құралдарды пайдаланады; сабақты ауызша баяндап тұрып, экранға оқу, диафильмдерден үзінді түсіреді, немесе тақтаға хронологиялық, синхрондық кестелер үлгісін сызады; оқушылар дәптерлеріне өздігінше жұмыс орындайды. Тарихи кабинеті сабақтан тыс жұмыс жүргізуге өте қолайлы. Тарих үйірмесінің, мектеп лекториясының, экскурсиялық кеңестің т.б. мәжілістері осында өтеді.

Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіріп отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әр қилы әдістер негізінде пайдалану тиімді. Тарих пәнін игерудегі оқушылардың жүйелі білім алуындағы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға болады. Оны жүзеге асыру үшін оқытудың қазіргі технологияларын тиімді пайдалау керек. Мәселен, қазіргі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту. Оны оқушылардың ойлау дағдысы бьойынша 4 деңгейге бөлеміз. 1. Міндетті деңгей. Оқушылардың ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи деректерді тұлғаларды жаттап алады. 2. Алгоритмдік деңгей. Ойлау дағдысы қалыптасқан. Мұғалімнің түсінігі бойынша айтып бере алады. 3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауға оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. 4. Шығрамашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады.

Тарих пәнінен өткізілетін интербелсенді сабақ: мақсаты мен ерекшеліктері. Қазіргі алға дамып бара жатқан ХХІ ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат – қабат міндеттер қойды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру.Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман кезеңіне тереңірек үңілуге,сол кез лебізін сезінуге,белсенді лидерлік етуге итермелейді. Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге – рөлдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейн – ринг т.б. іс- шаралар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы»,«ХХІ ғасыр көшбасшысы»,«Проблемалық полемика»,«Тесттік конкурс»,«Тарихи сахналық қойылымдар», т.б. Бұл аталған әдіс- тәсілдердің мәні: 1.Әдістемелік мәні – тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. 2.Тәрбиелік мәні – оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге үгіттейді. 3.Теориялық сипаты – оқушылардың өзін - өзі ұстау ерекшеліктері, сөйлеу стильдерін қалыптастыруға көмектеседі. Енді әрбір сыныпта өтілетін тақырыптарда қолданылатын интеративті әдістерге тоқталып өтсек: 1. «Тарихи шынжыр» ойын тізбегі.Бұл тәсіл кез – келген сыныпта тарих пәнінде қолдануға қолайлы. Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп, біреуі әуелі басын, екіншісі орта тұсын, үшіншісі аяқ жағын айтып, тұтас бір ойынды тізбекті құрайды. Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек құрылады.Тиімділігі – оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді. 2. «Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жатқан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі саяси оқиғаларды жазушы жылнамашылар атынан кез келген тарих пәнін сүйетін оқушы мәлімет жазып, оларды өз көзқарасы шеңберінде жеткізеді, өзінше сипат береді.Деректанушы болып отырған оқушы нақты фактілерге айқын сипаттама беруге үйренеді. 3. «Проблемалық полемика» ой толқысы.Оның мәні өтілетін материалдағы болып кеткен тарихи оқиға, түрлі реформалардың, саяси тұлғалардың жеке басы, іс - әрекеттеріне (+) және теріс (-) дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез –келген мағлұматтарды обьективті түрде баға беруге үйренеді. 4.Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген тақырып байынша ой елегінен өткізіп жинақтап жүрген материалдарды тест сұрағы формасында көрсету.Осы бойынша әрбір оқушы өзінің қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бәрінің білмеген мәліметін екіншісі толықтырып,оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғарылады. 5. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық шоуды ұйымдасьыру тәсілі көбінесе өтілген материалдарға шолу жасау, қорытынды сабақтарға, жинақтау сабақтарына пайдалануға өте ыңғайлы.Өтілген сабақ тақырыптарын жинақтау кезінде оқушылардың арасынан тілек білдіруші немесе ең білімді деген оқушылар шығып, әрқайсысы жеке – жеке жалпы шоудың турлары бойынша сайысқа түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлілік, біліми белсенділігін танытып жеңіске жеткен дарынды оқушы жеңімпаз болып танылады.Бұл сайыстың тигізер тиімділігі – оқушыларды лидерлік қасиеттерге тәрбиелеу әрі танымдылық қабілетін арттыру. 6.Тарихи сахналық қойылымдар.Әсіресе Қазақстан тарихы пәні сабақтарында жинақтау сабақ ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар кезеңіне тереңірек енуіне,мүмкіндігінше көбірек сезінуіне ықпал етеді.Жекелеген оқушыларды белгілі бір сценарий желісі бойынша дайындалған рөлдерге оқушыларды орнымен қойып ойнату,балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелік ойлау шеңберін, шешендік стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді.Орта мектептердегі тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін көбірек қолданып оқыту,Шаталовтың тірек сызбасы схемалары,Фрейд тірегін молырақ пайдалану оқушылардың өз тарихи ойларын жинақтап, пайдалануға, тарихи даталарды естерінде ұзағырақ сақтауға тәрбиелейді. «Бала дегеніміз-гүл, оған суды қалай құйсаң,ол солай қарай өседі»-деп ұлы педагог Сухомолонский айтқандай,кез келген дарынды,талантты,талапты оқушының бойындағы тарих пәніне деген ерекше қабілеттерді аша білу кезінде бұл әдістердің берер тағылымдық-тәрбиелік мәні орасан зор екені даусыз.

Тарих пәнінің пәнаралық және пәндік байланыстары. Барлық пәндер белсенді қоғамдық өмірге аяқ басқан әрбір жас азаматты білімнің негізгі салалары: тіл, әдебиет, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, технология, дене тәрбиесінен қажетті ғылыми біліммен қаруландырады. Білім- пәндерге, салаларға бөлінгенмен оларға қойылатын талап – тұтас толық орта ғылыми білім беру. Сондықтан да Мемлекеттік білім стандартын, оқу бағдарламаларын жасағанда, жеке пәндерден оқулықтар жазғанда пәндер арасындағы байланыстарға, олардың сабақтастығына баса көңіл бөлінеді. Егер де бұл байланыстарға көңіл бөлмей, әр пәнді өзінше бөлек-бөлек оқыта берсек өзара байланысты ғылымдар арасы үзіліп, оқушылардың алған білімдері бөлек-бөлек болып қалар еді. Мұның өзі алдымен оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға нұқсан келтіреді. Ал, шынында мектепте оқытылатын пәндердің ішінде бір-біріне байланысатын жерлері көп. Тарихи білімдерді қалыптастыратын ұғымдардың ішінде философиялық, географиялық, сондай-ақ әдебиетке қатысты ұғымдар да кездеседі. Сол сияқты басқа пәндердің де мәселен, әдебиеттің, экономикалық географияның, табиғаттанудың т.б. тарих пәнімен байланысты жерлері баршылық. Олай болса, әрбір пәнді оқытқанда олардың басқа пәндермен байланысатын жерлеріне назар аударып отыру қажет. Пәндерді байланыстыру міндеті фактілерді, ұғымдарды оқыту барысында жүзеге асады. Пәндердің өзара байланысын жүзеге асыру олардың табиғаттың, қоғамның дамуына ғылыми көзқарасын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар алған білімін кеңейтеді, толықтырады, әрі бекіте түседі. Қазақстан тарихы пәні жоғарыдағылармен қатар әсіресе, дүниежүзі тарихы, «Адам және қоғам», «ҚР-ның құқық негіздерімен» тығыз байланысады. Пәнаралық байланыстардың қиынырағы дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға үлес қосатын мазмұны пәнді не курсты оқу барысында ғана толық қарастырылатын ұғымдарды ашып көрсету әдістемесі. Мұның маңыздылығы сонда, пәнаралық, курсаралық байланыстарсыз мұндай ұғымдарды қалыптастыру мүмкін емес. Демек, онда оқушыларда ғылыми көзқарас та толық қалыптаспайды. Мұндай жұмыстың тағы бір қиындығы мұғалімнен өте біліктілікті талап етеді. өз пәнін жақсы білу аз, сол ұғым, мәселе қарастырылатын пәндердің құрылымын да, білім мазмұнын да жақсы білуі керек. сонда ғана ол ұғымның басқа пәннің құрамында қандай көлемде (мазмұндық құрылымы) оқытылатынын, қандай белгілері айтылғанын, оның басқа да ұғымдар жүйесінде алдатын орнын білуге болады. Мұнан кейін ондай ұғымдардың басқа пәндер құрамында қашан оқытылғанын, немесе оқытылатынын білу керек. осыған байланысты пәнаралық, курсаралық байланыстарды қолдану үш бағытта жүргізіледі: ретроспекциялық (латынның retro – бұрынғыға көңіл аудару, кейінгі – сөздерінен шыққан), яғни бұрын өтілген оқу материалы; қазіргімен сәйкес келетін оқу материалы және перспективалық, яғни келешекте кездесетін оқу материалы. Мұғалім пән, курсаралық байланыстарды іске асырғанда осыларды ескереді. Тарихтан бүгін оқытылатын мәселе әдебиеттен бұрын өтіліп кетсе оқушыларға сұрақ қойып, әңгімелесіп олардың бұрын алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, бүгінгі тарих сабағымен байланыстырады. Ал басқа пәннен келешекте өтілетін болса, мәселен, тарихтан Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси, экономикалық жағдайын айтып тұрып- соңғы мәселені жақында географиядан өтілетін «Қазақстанның алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары» деген тақырыпта толық өтесіңдер, осы маңызды мәселені жақсылап түсініп алыңдар – деп сілтеме жасайды. Екі пәннен қатар өтіліп жатқан оқу материалдарын байланыстыру онша қиындық келтірмейді. Оның әдіс-тәсілдерін мұғалім өзі таңдайды. Тарих, Қазақстан тарихы да әдебиетпен, «Адам және қоғаммен» жиі байланысады. ХҮІІІ-ХІХғ. Қазақстан мәдениетінің бірқатар салалары: әсіресе әдебиет, ақын-жыраулар, жазба әдебиеттің дамуы, ағартушыларға қатысты мәселелер бұған нақты мысал болады. Бұлар пәнарлық байланыстарға тжатады Сонымен қатар әр пәннің өзінің ішкі байланыстары да болады. Қазақстан тарихы пәні бірнеше курсқа бөлінеді. Сол курстардағы білімдердің бір-бірімен байланысатын тұстары баршылық. Мәселен, 6 сыныпта Ежелгі Қазақстан тарихын өткенде оқушылардың 5 сыныптағы осы жерлерде ерте адамдардың пайда болуы, олардың ру, тайпа болып қалыптасуы туралы білімдері еске түсіріліп, одан әрі сақ, ғұн,үйсін, қаңлы сияқты ірі тайпа одақтарына біріккені баяндалады. Қазақстандағы орта ғасырлардағы мемлекеттерді өткенде дүние жүзі тарихынан Еуропа мен басқа да аймақтардағы орталықтанған мемлекеттердің тарихы, олардың өзіндік ерекшеліктері еске түсіріледі. Бұлар курс аралық байланыстар. Сонымен қатар тарихтың әрбір жеке курсының мазмұнында да өзара байланысты материалдар болады. Мәселен, 6 сыныптағы Ежелгі Қазақстан тарихындағы жоғарыда аталған ғұн,үйсін, қаңлы тайпаларын өткенде бәрінде «Дін және діни нанымдардың пайда болуы» айтылдады. Оларды байланыстыра оқыту өте тиімді. Бұлар курсішілік байланыстарға жатады. Мұғалім сабаққа дайындала отырып, пән, курсаралық, курсішілік байланысты жүзеге асыратын материалдарды анықтайды. Содан кейін оларды сабақтың (жаңа) қай жерінде, қалай етіп жүзеге асыратынын белгілейді. Ең тиімді әдіс оқушылармен әңгімелесу, осы арқылы олардың басқа пәннен, тарих курстарынан, немесе осы курстың өзінен, бұрын оқыған, немесе қазір оықп жатқан мәселелері еске түсіріледі. Оқушыларға берілетін сұрақ оларды ойландыратындай, кейде проблемалық сипатты да болуы керек. әңгімелесу әдісінің артықшылығы оқушыларды ойландырады, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіріп, жүйеге келтіреді. Олардың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, оқушылар бір-бірін толықтырады, көбі қатысады. әрине бұл әдісті пайдалану сыныптың дайындық дәрежесіне байланысты. Демек, барлық сыныпта бірдей, әрі үнемі пайдалануға болмайды деген сөз. Мұндай байланыстарды жүзеге асыруға оқулық мәтіні, тарихи құжат, көркем әдебиет үзіндісі, тарих дәптеріндегі жазулар, кестелердегі сандық мәліметтер, диа, оқу фильмдерінің үзінділері, т.б. көмектеседі. сыныпта қисындық туса жұмысты жеңілден бастап, мұғалім үлгісін көрсетіп, бірте-бірте күрделендіруі тиіс. Егер де пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде мұғалім белгілі бір ұғыммен жұмыс істейтін болса оған алдын ала назар аударған дұрыс. Тарих сабақтарында көбірек кездесетін ұғымдарды үш топқа бөлуге болады: олар, белгілі тарихи дәуірге тән жеке нақты тарихи құбылыстарды білдіретін ұғымдар. Мәселен, теміршілер, тас құралдар, ру, т.б. бұлар онша күрделі емес, көбін бір сабақта-ақ толық түсіндіруге болады. Екінші топқа жататындар жалпы тарихи ұғымдар, олар нағыз тарихи ұғымдар болып есептелінеді. Бұлардың қатарына, құлдар, шаруалар, әскери демократия, хан, бай, феодал сияқтылар жатады. Бұлар бірнеше сабақтарда түсіндіріледі және де біртіндеп жаңа белгілермен толыға түседі. Үшінші топқа жататын ұғымдар әлеуметтік тарихқа қатысты ұғымдар. Бұлар тарихи үрдістің жалпы байланыстары мен заңдылықтарын көрсетеді. Мәселен, тап, мемлекет, мәдениет, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар осындай ұғымдар. Бұлар күрделі ұғымдар қатарына жатады және бүкіл тарих курсында кездесіп отырады. Бұларда қоғамдық құрылысқа, оның даму кезеңдеріне байланысты жаңа белгілермен күрделене түседі. Бұл ұғымдар қоғамтану, құқық негіздері, экономикалық география пәндерінде де кездеседі. Мұндай ұғымдармен сабақта жұмыс жасайтынын алдын ала белгілеген мұғалім, олардың басқа пәндерден оқушыларға қаншалықты таныс екенін анықтап алып барып, өзі ол ұғымдармен істелетін жұмысты жоспарлайды.

Тарих сабағын қайталау тапсырманы пысықтаудың әдістемесі. Пысықтау және жаңа материалды саналылықпен меңгеру. Мұғалім қаншалықты жақсы түсіндіргенмен жаңа материалды оқушылар бір айтқаннан түгел меңгере алмайды. Оны ойдағыдай ұғындыру үшін, әсіресе оның негізгі мәселелерін, ұғымдарын, кейбір теориялық қағидаларын, терминдерін, атауларын, даталарын т.б. берік есте сақтауы және де оқушылар көп уақытқа дейін бұл білім негіздерін ұмытпауы үшін жаңа материалды міндетті түрде пысықтау және саналылықпен ұғындыру қажет. Мұны жаңа сабақты түгелдей немесе оның әрбір мәселесін түсіндіріп болысымен өткізіп отыруға болады. Егер жаңа сабақтың әр мәселесі жаңа тарихи құбылысты, оқиғаны, фактіні, немесе теориялық қағиданы баяндайтын болса, оның негізгі мәселелері мазмұны жөнінен бір-бірімен онша тығыз байланысты болмаса және жаңа сабақтың негізгі мәселелері күрделілеу болып, оқушылардың түсінуіне қиындық келтірсе, жаңа материалды пысықтауды әрбір мәселені түсіндіріп болғаннан кейін, яғни ілестіре жүргізіп отырған дұрыс. Ал, басқа жағдайда, яғни, жаңа материал онша күрделі болмаса сабақтың бұл элементін бүкіл сабақ материалын түсіндіріп болғаннан кейін ұйымдастырған пайдалы.Мұғалім жаңа сабақты баяндап тұрып, оны оқып үйренуге оқушыларды қатыстыра отырып, ойландыратындай сұрақ қойып, өтіліп жатқан материалды қай оқушының қаншалықты меңгергенін байқайды, қандай мәселені оқушылардың бірінші түсіндіргенде шалалау ұғатынын да біледі.Оның үстіне қазіргі басты талап- жаңа материалды оқушылар берік, яғни оның ең басты мәселелерін ұмытпайтындай дәрежеде меңгеруі тиіс. Оқытылған тарихи факті, оқиға, не құбылыс сол уақьпта берік меңгеріледі, егер оқушылар олардың негізгі белгілерін айыра білсе, бүгін өтілген уақиға мен құбылысты осыларға ұқсас, бұрын өтілген оқиғалармен, құбылыстармен салыстырып, олардың ұқсас белгілерін және айырмашылықтарын ажыратып бере алса. Мұны да мұғалім сабақты түсіндіріп түрып байқайды. Міне осы айтылғандардың бәрі жаңа материалды пысықтауды, оқушылардың бүгінгі алған білімін жинақтап, жүйеге келтіруді талап етедіПысықтау үшін барлық материалды қамтитындай сұрақтар қою міндетті емес.Қойылған сұрақтар оқушыларды ойландыратындай, күрделілеу мәселені шешуге бағыттайтындай болғаны дұрыс.5-6 сыныптар мен 9-11 сыныптарда өтілетін пысықтаудың айырмашылығы бар. Мәселен, 5 сыныпта өтілген әңгіменің ең маңызды мәселелері жөнінде оқушылардың түсінігін тындауға болады, оның өзінде де бұл тәсіл оқулықты, көрнекі құралды т.б. пайдалана отырып жүзеге асырылса пайдалы болмақ. Бұл сыныптарда пысықтау сұрақтары ұсақтап беріледі және оған жауап беруге бірнеше оқушы қатысып, соңы әңгімелесуге дейін ұласады.Жоғары сыныптарда сұрақтар саны аздау болады да, бірақ күрделірек жауапты талап етеді. Сондай-ақ бұл сыныптарда пысықтау кезінде оқушылар қиындау мәселені берік әрі саналылықпен меңгеру үшін өздігінше жұмыс істейді. Сол мәселенің толық жоспарын жасайды, хрестоматияда берілген құжаттар бойынша Мұғалім қойған сұрақтарға жауап әзірлейді т.б.Пысықтауға мүмкін болғанынша оқушыларды көбірек қатыстырған, әсіресе орташа үлгіретін оқушыларды басқалардың жауаптарын толықтыруға жиі-жиі шақырып отырған дұрыс. Жаңа бағдарламаларда біліктерді қалыптастыруға айырықша мән берілгенін ескере отырып, оған әр сабақ сайын назар аударған дұрыс.

ТАРИХ САБАҒЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдың жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ғғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.Білімді тексеру және ба

Date: 2016-05-24; view: 1568; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию