Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СҰЛТАНМАХМҰТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ





Қазақ балалар әдебиетіне жаңа бағыт, жаға идея тудыруда жас өспірімдер арасында Сұлтанмахмұт шығармалары ерекше роль атқарады. Біріншіден, ол-жас өспірімдерді өнер-білімге, оқуға шақыруда балалар әдебиетін жалынды күрес майданына айналдврвп жіберді. Екішіден, Сұлтанмахмұт өз шығармалары арқылы өнер-білімге, жаңа типті оқудың іске асуына қарсы болған және ұлт араздығын тудыруға күш жұмсап келген алдамшы, ел бүлдіргіш сұмдарға, діни схоластикаға ашықтан-ашық аяусыз күрес жүргізді. Оның зиянды жақтарын әшкере етушілердің алдыңғы қатарында болды. Үшіншіден, ұлы орыс халқының өнер-білімін, мәдениетін игеруге, тілін үиренуге, география, история пәндерін білуге шақырады. Төртіншіден, оқып білім алудың түп мақсаты-ел үшін, халық үшін еңбек етуге жұмсалуға тиіс деп, Сұлтанмахмұт жас өспірімдер арасына ұран тастады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеиінің дамуындағы жаңа идея, жаңа бағыт осылай өріс алған еді. «Оқып жүрген жастарға» деген өлеңінде:

Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз?

Тәуеклге бел бусақ,

Көрдегіні аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Қусақ бірін шаламыз.

Іс істейік бір болып,

Ашылмасын санамыз!- деп, өзі сияқты кедей шаруалардан шыққан жас өспірімдерге қажырлы қайрат бере жырлайды. Оларды ынтымаққа, бірлікке, өнер-бюілімге шақырады. Сұлтанмахмұт «Талаптыларға», «Шығармын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» сияқты өлеңдерінд де өнер-білім, оқу жайын көп мадақтайды. «Ақтармын оқып шығып адам атын» деп өзіне -өзі үлкен сенім білдіру арқылы,басқаларды да еліктіреді.Сұлтанмахмұттыңбұл өлеңдері балаларды білім алу, іздену жолында қажырлылыққа, төзімді болуға, қиындықты жеңе білуге үйретеді,оларды халық алдына қызмет етуге міндеттейді.Ол кезде қарапайым шаруа балаларының жаңа типті мектептерде оқуына жол бермей келген, оларға көп кесірін тигізген ислам діні екенін Сұлтанмахмұт ашық айтқан. Діни басшылары жаңа типті мектептерде оқылатын піндердің ролін, ғылымның, техниканың табыстарын жоққа шығарғысы келетінін әшкере еткен. Сұлтанмахмұт тұрмыстың ауыр халін, жоқшылықты айтып, оқудың, білім алудың қиындығын суреттеп қана қойған жоқ. Сары уайымға түсіп, «біткен жерім осы» деп отырмады. Тұрмыстың ауыр жағдайларын шебер суреттеп отырып, оған қарсы күресуге, қиындықты жеңе білуге шақырады. Жалыну, жалбарыну күн көріс емес, соған қарсы күресу ғана ойлаған мақсатқа жеткізеді деп жас өспірімдерді жігерлендіреді. Әркім өзінің қайратына, күшіне, алған бағытына сенсе ғана, ол барлық қиындықарға төзе жүріп, сол жолдағы еңбегінің жемісін көрсете алады деген идеяны уағыздады. Болашақ жас өспірімдікі, олар қазірдің өзінде-ақ бнлсенді жасампаз күш екенін Сұлтанмахмұт өз ісімен көрсете алды.

Балалар әдебиетінен орын алатын Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тәрбиелік жакқтары мен мазмұндылығы, көркемдігі жәнә жаңа бағыты осы дәрежеде, бұл – үлкен пргресс. «Прогресс ақылдың дамуына тікелей байланысты. Тұрмыстың қай саласында озат білім тәжірибесі қолданылса, сол саласында прогрестің болатыны даусыз» бейді Н. Г Чернышевский. Жас өспірімдердің тәрбиелеудегі балалар әдебиетінің прогрестік қасиеті де дәл осындай.

Бақылау сұрақтары:

1.С.Торайғыров қай жылы, қай жерде туылған?

2.Сұлтанмахмұт өлеңдерін ата?

3. Сұлтанмахмұттың бес кезеңге бөліп қарайтын шығармасы

4.Сұлтанмахмұт Торайғыров романы?

5. Сұлтанмахмуттың Абайдың “Қор болды жаным” өлеңінің үлгісімен жазған өлеңі.

6.Сұлтанмахмұттың адамның өмірін бес кезеңге бөліп суреттеген поэмасы.

Лекция

Date: 2016-05-24; view: 2121; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию