Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекцияның жоспары





Лекция

Лекцияның тақырыбы: Балалар әдебиеті туралы түсінік

Лекцияның жоспары

  1. Балалар әдебиетінің теориясы мен тарихы.
  2. Балалар әдебиетінің міндеттері мен қызметі.
  3. Балалар әдебиетінің бірнеше салаға жіктелуі

 

Лекция мақсаты: Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жаңымды кейіпкерлер образын жасау проблемасына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, ардагер адамдардың отаны, халқы алдындағы қызметін суреттеу, солардың типтік образдарын жасап білу жас өспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына талпынуына жол ашады.

 

Лекцияның мәтіні:

Тірек ұғымдар: Балалар әдебиетінің дамуы, басты проблема тіл екендігі, өлеңдердің ойнақы, жинақты болуы, әдебиеттің ерекшеліктері жайындағы пікірлер, бірнеше салаға жіктелуі.

Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды осындай ер жүрек, өз отанының патриоты, ардагері болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.

Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жаңымды кейіпкерлер образын жасау проблемасына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, ардагер адамдардың отаны, халқы алдындағы қызметін суреттеу, солардың типтік образдарын жасап білу жас өспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына талпынуына жол ашады.

«Өнер алды қызыл тіл» деп Абай атамыз айтқандай, балалар әдебиетіндегі басты проблемалардың бір түрі – осы тіл. Балалар жазушысы әдеби тілге шешен болумен қатар, оған өте ұқыптықарауға тиіс. Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге, әсіресе, ана тілін сүйе білуге баулитын көркем құрал болуға тиісті. Әрбір сөз өз орнында өз қызметін атқара тұрып, баланың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық күшті күшті әсер ететіндей болуы керек.

Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақты, тілі баланың өз ойындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт.

1920 жылдардан кейін қазақ балалар әдебиеті жөнінде де сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын-жазушылар және мұғалімдердің ықыласы ерекше болды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайында әр кезде алуан пікірлер айтылды. Бұл ретте

С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, М.Әуезовтің, С. Ерубаевтың, С. Мұқановтың еңбектерін атап өтуге тиіспіз.

С. Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары» деген еңбектерінде бастан аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған.

І. Жансүгіров 1927жылы жарық көрген «Өтірік» атты жинаққа жазған алғы сөзінде: «Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады» - деп түйіндеген.

М. Әуезовтің «Әр жылдар ойлары», «Ертегілер» деген ғылыми еңбектерінде балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалар екенін дәлелдеді.

Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда «бала» деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз араларында үлкен өзгешеліктер бар. Мәселен, бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Соған орай балалар әдебиеті өз ішінде бірнеше салаға жіктеледі.

Date: 2016-05-24; view: 1719; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию