Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс Ресурстық және аймақтық болжамдау





 

Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті – 510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни 71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га. Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен, өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып, шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін арттыруға мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі (1999-) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайта құрылуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, облыстармен, Астана және Алматы қалаларымен қатар агенттіктің аумақтық органдары аудандарда да бар екендігі көрсетілді. Агенттіктің негізгі міндеттеріне қосымша жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 маусымдағы қаулысымен агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеттері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің (Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Қапшағай, Атырау, Өскемен, Семей, Зырьяновск, Тараз, Уральск, қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай, Арқалық, Рудный, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавловск, Шымкент, Туркістан, Кентау қалалары) аумақтық органдары ретінде құрылды. Осыған сәйкес агенттік туралы ережеге өзгерту енгізілді: "Агенттіктің облыстарда, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары бар". Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі де жаңа редакцияда бекітілді. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 қаңтардағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комитетгері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімдер деп қайта аталды. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, заңнамада көзделген шектерде арнаулы атқару, рүқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда Астана және Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда аумақтық органдары бар. Агенттіктің негізгі міндеттері: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау. Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді.

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы, 1959 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылық министрінің облыстардағы жерге орналастыру экспедициясы мен орталық кешенді экспедициясының базасы негізінде Алматыда Жерге орналастыру жөніндегі жобалау институты болып құрылған. 1994 ж. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылып, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет құрамына енді (1999 жылдан Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік). Жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Құрамында республикамыздың барлық облыстарында орналасқан 16 еншілес кәсіпорны бар. Жерді мелиорациялау және рекультивациялау, жерге орналастыру және жерді пайдалануды жоспарлау, жер кадастры мен оның автоматтандырылған-ақпараттық жүйесі, ғылыми-әдістемелік маркетингтік қамту сияқты кешенді бөлімдерден тұрады. Негізгі ғылыми бағыттары: жер қатынастарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жер мониторингі, жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастрын енгізу, жер нарығын қалыптастыру және дамыту, жер ресурстарын басқару үшін жер реформасын жүргізудің методологиялық және теориялық негіздерін дайындау, т.б. Жер қатынастарын реформалау жағдайында жерге орналастыруды теориялық, методологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жаңа проблемаларын шешу жөнінде іргелі жұмыстар жүргізілуде. Жерді ақылы пайдалануға көшу, жерді иелену және пайдалану жүйелерін қалыптастыру, жерге орналастырудың технол. процестерін жетілдіру проблемалары іздестірілуде. Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Германия, АҚШ, Франция, Швеция, т.б. елдердегі ұйымдармен байланыс жасайды.

 

Қазақстан Республикісында геодезиялык қызметті ұйымдастырудың тәртібі. Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халык шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын канағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін эуеден суретке түсіру қолданылды. Ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жүмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бүрынғы ТМД территориясының 1:1000000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауга мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезендегі геодезиялык кызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1:100000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1:25000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады. Топографиялык-геодезиялық жүмыстардың және картография өндірісінің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шүғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ак жасалған ғарыштык борттык аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан кабылданған бейне-акпараты өзіне койылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады. 1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сиякты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін казіргі заманғы техникалық кұралдар жасалды. Қазақстанда топографиялык-геодезиялық және картографиялыққызметті Республикамыздың жер ресурстарын басқару Агенттігі басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдай жасалды деуге болады.

Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда үйымдастырылган геодезиялык отрядтардың қазіргі танда "Оңтүстікгеодезия", "Астанатопография", "Алматыгеокарта", "Солтүстікгеодезия" сияқты ірі мемлекеттік өнеркэсіпке айналып, Қазақстан Республикасы әскери күштерін геодезиялық- ақпараттармен қамтамасыз ететін Орталықтың ашылуымен қатар, Қазақстанда геодезиядан мамандар дайындауда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ үлттық техникалық университеттің, т.б. еңбектері айқын дэлел. Жоғарыда айтылған мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар: 1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялык тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулер жүргізуде жоғарғы дэлдіктегі жұмыстарды үйымдастыру. 2. Әртүрлі мақсаттарға қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару. 3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялык және топографиялык жүмыстарды жүргізуге рүқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлык мәлімеггерді бір жүйеге келтіру.

Жер ресурстарын баскару Агенттігінің жанында республикада атқарылған картографиялык және геодезиялык жүмыстардың бәрі жиналған. Орталық картографиялык кор және Мемлекеттік геодезиялык кадағалау баскармасы бар. Бүл мемлекеттік баскарма топографиялық және геодезиялык жұмыстарды жүргізуге рүқсат береді. Олардың орындалу сапасын бақылайды, әрі келешектегі геодезиялык жүмыстар үшін бастапқы мәліметтер қызметін атқаратын материалдарды бір жүйеге келтіреді.

 

Қазақстан Республикасында жерге жеке меншік құқығығының ерекшеліктері. Жерге жеке меншік құқығы институты жер құқығы мен жер қатынастарының кілті болып есептелінеді. Құқықтық қатынаста жер қатынастарын реттеу мәселесі көбіне жер құқығына жатады, ал оның бөлігін азаматтық құқықпен реттеу мүмкін. Бұл соны білдіреді: -жеке меншік –формасы, түрі бойынша да көп болады, сол уақытта азаматтық құқық көбінесе жеке меншік сферасында әрекет етеді; -барлық жерді сату мүмкін емес, товар айналымының қарапайымдылығы сияқты, мысалға, жалпы пайдаланымдағы,ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері категорияларына және т.б. жататындар, жеке меншікке сатуға рұқсат етілмейді; -жермен келісімді іске асыру, ерекше тәсілді талап етеді, азаматтық құқықтағы сияқты, оны қарапайым сатып алу-сату барысындағыдай жүзеге асыру мүмкін емес; -заң-жеке меншікке сатылатын, міндет бойынша, жер учаскелерінің белгілі нормаларын білгілейді; -жердің нысаналы міндет атқаруын бақылау қажет, жер заңдарында қарастырылғандай, соның ішінде учаскені сату немесе мұрагерлікке беру барысында келісім объектісі ауыл шаруашылық алқаптары болғанда оның нысаналы мақсатын өзгертуге болмайды.

Азаматтардың жер учаскесіне жеке меншік құқығы келесі ерекшеліктермен сипатталады. Қазақстан Республикасы азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жер учаскесіне жеке меншік иелерінің субъективті құрамы болуы мүмкін («Жер туралы» Заңның 3-тарауы, 15-бабы). Жерге жеке меншік құқығынының субъектісіретінде азаматтар ҚР азаматтық Кодексінде көрсетілгендей, әрекетшілдікті және құқыққа қабілеттілікті игеру қажет Кейбір заңгерлер (Кроселев С. В.) жер құқығына ие болу мен әрекетшілдік түсініктерін тағы бөліп көрсетеді, мұнда азамат шынында да жер учаскесінің меншік иесі болу қажет.

Мысалы, жұмыс тәжірибесінің бар, квалификациясы, арнайы дайындықтан өтуі, фермерлік шаруашылығын жүргізу үшін, учаскені сатып алу үшін, жер учаскесінің мұрагерлік бойынша өту барысында өзара болған фермермен туыстық байланыстың бар болуы қажет. Жер пайдаланушы немесе жер учаскесіне меншік иесі болғысы келетінін мәлімдейтін азаматтарға тән талапар, тек қана Россия Федерациясының заңдарында ғана ашылып көрсетілмеген, сондай-ақ ГФР, Францияда, Швецарияда, Данияда, Авсрталияда да көрсетілген. Кейбір елдерде бұл шарттарға капиталы немесе кредитінің бар болуы және өсу талаптары кіреді.

Азаматтардың меншігіндегі жер учаскелерін нормаға келтіру, Қазақстанда шекті нормадан басқа тағы да жеке меншікке жер учаскелері тегін берілген нормалары белгіленген. Сонымен (Жер туралы) Заңның 35-бабында белгіліенген, жер учаскелері ҚР-ның азаматтарының отбасына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: ауылдық жерлерде өзіндік (қосалқы) шаруашылығын (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,12 гектар. Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері қожалықтың әрбір мүшесіне орташа аудандық,он бес жер үлесінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Азаматтардың жеке меншігіне жататын жерлердің категориялар бойынша шектелуі. «Жер туралы»Заңда азаматтардың жеке меншігіне жататын жерлердің түрлері, міндет нақты көрсетілген. Бұл мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиісті. Мұнда, жеке меншікке жататын жер учаскесі жылжымайтын мүлік болады деп көрсеілген.

Дамыған елдерде жер қатынасары мен жерге жеке меншіктің мазмұны қарастырылатын болса, шынында абсолюттік жеке меншіктік іс жүзінде жоқ екенін көреміз, яғни, арендаға жақын меншік формаларын қолданылады, көпшілік елдерде қоғамдық қызуғушылықты қамтамасыз ететін, жермен байланысы нарықтық тәсілдерді қатаң мемлекеттік реттеу қолданылады, кеңінен дамыған барлық елдерде жерді жалға берудің әртүрлі мерзімі мен шарттары бар болған, ал бірқатар елдерде (Израиль, Голландия, Қытай), жер ді жалға беру айтарлықтай қолданылады. Сондықтан, жерге жеке меншік өз өздігінен әлі ауыл шаруашылығын ұтымды жүргізу үшін кепіл бермейтіндігін ескере отырып, экономикалық жағдайлардың,фермерлерді мемлекеттік қолдаулардың болмауы, жер заңдарында шектелген жағдайларда және нарық реттілігінің жетіліксіз дамуы жағдайларында жер қатынастарының басты бағыты жалдық тәслді өрістеу деп есептеу және де қатаң мемлекеттік реттеу барысында ауыл шаруашылық жерлерге жеке меншікті енгізуге болады.

2001 жылы қабылданған «Жер туралы» Заң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізуді жақтайтындарды да және қарсыларды да өзара көп нәижелермен келісімге келтірді. Дегенмен, іс жүзінде жер нарқы өзінің барлық атрибуттарымен бәрінен бұрын жеке меншікке жататын жер есебінен құрылады, әсіресе бұл жер ипотекасы бойынша пайда болады, сондықтан банктер аренда құқығын кепілдікке алып, фермерлерге және басқа агроқұрылымдарға бермейді.

Ауыл шаруашылық жерлерде жеке меншікті енгізудің пайдасына,келесі дәлелерді келтіру мүмкін: -жер нағыз иесін табады (фермерлер, өндірістік кооперативтер мүшелері және де басқада шаруашылық түрлері); -шаруалар, ауыл, село тұрғындары, өзнің меншігін нақты ауыл шаруашылық жерлерін алу мүмкін (шартты жер үлесі емес); -нарықтық айналымға жеке меншіктегі жерді енгізу мүмкіндік береді,жүзеге асуына жер қатынасында, ауыл шаруашылық өндірісіне инвестицияларды артуға ынталандыру, соның ішінде жерді кепілдікке қойып, ипотекалық несие жолымен.

Республиканың түрлі аймақтарында пайда болған жер қатынастарын еске ала отырып, шет елдік және отандық тәжірибелерді жинақтау негізінде, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу заңдылығы біздің пікірімізше келесі шарттар мен ережелерге жауап беруі қажет:

-жер учаскелерін ауыл шаруашылық мақсатындағы жеке меншікке ҚР азаматтарын беру, ал шет ел азаматтары мен заңды тұлғаларға жерді тек жалға (арендаға) беру; -тұрғындарға, ауылдық мекендерде тұратын, жерді жеке меншікке тегін шартты жер үлесі мөлшерінде беру; -фермерлерге (шаруа қожалықтарына) жер учаскелерін жеке меншікке егін беру; -жер үлесі негізінде құрылған, өндірістік кооперативтерердің жер пайдаланушыларын, шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, меншіктің жеке-үлестік формасына рәсімдеу; -жерді мақсатсыз пайдалану барысындағы, оларды бүлдіру, ластау және т.с.с.,жауапкершілік механизмін, жерді меншікке алғанға дейін заңды түрде белгілеу керек; -заңға жеке және заңды тұлғалар үшін жерді беру және сатуды шектеудің аймақтар бойынша дифференцияланған нормаларын енгізу, жермен алып сатарлықты және жеке және заңды тұлғаларда оның шектен тыс артық шоғырлануын болдырмауды реттеу; -сату және сатып алу үшін жердің бағасы мемлекеттік кадастрлық бағасы және бағалау зоналары негізінде жүргізіледі; -жергілікті өкілетті органдардың (маслихаттардың) қарамағына дифференцияланған шекті нормаларды, жер учаскелерінің бағасын,

реттейттін шекті мөлшерін және сату мерзімін белгілеу құқығын беру; -шалғайдағы және аз тұрғынды аудандарда жеке меншікті ауыл шаруалық жерлерінің бағасы бойынша жеіңілдіктерді, салықты және шекті мөлшерлерді қарастыру жергілікті маслихаттардың құқығына жатқызылсын.

1. Спектор М.Д. Прогнозированиеи планирование использования земельных ресурсов. – Акмола:АСХИ, 1995.

2. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами. Алматы: казНИИЭОАПК, 2001 г.,

3. Гендельман М.А. и др. научные основы землеустройства. – М.: Колос, 1995 г.

 

 

\

 

Date: 2016-05-24; view: 807; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию