Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Картағатүсірудеизосызықтартәсілінесипаттамаберіңіз





Карта бетінде ұзындығы бойынша белгілі бір құбылыстың мөлшерлі көрсеткіші өзгермейтін тұйықталған қисық сызықтарды изосызықтар деп атайды. Изосызықтар тәсілі құбылыстың жиілігі белгілі бір деңгейде өзгеретін маңызды территорияда үздіксіз және тұтас таралған құбылыстардың мөлшерлі көрсеткіштерін көрсету үшін қолданылады. Изосызықтар тәсілінің мысалы, жер бедерін горизонтальдармен және изогипстермен көрсету.

Стратоизогипстер – шөгінді тау жыныстыраның жер астындағы белгілі бір қабатының, геологиялық карталарда жер асты жер бедері. Климаттық карталар: изотерма – тең температуралар сызығы, изобара – атмосфералық қысымның бірдей көрсеткіштерімен сызық, изогиета – жаңбырдың тең мөлшері, изохрона – құбылыс басталуыдың бір мерзімі. Изосызықтар картасын пайдалануда құбылысты карталастыруда қандай көрсеткіш негіз ретінде алынған, қандай өлшем бірліктерінде өлшенген және есептеудің басталуын анықтау аса маңызды болып табылады, Картаның легендасында және картаның бетінде картаға түсірілетін құбылыстарға қысқаша сипаттама беріледі. Картаның көрнектілігін жақсарту мақсатында изосызықтар арасындағы кеңістікті бояйды, боядың қоюлығы изосызықтар көрсеткішінің жоғарлауымен өседі. Мұндай картаның легендасы бойынша тұйықталған изосызықтар аралығындағы кеңістікте құбылыстың мөлшерлі көрсеткіші жазылмаған жағдайда да анықтауға болады. Изосызықтар тәсілімен қозғалмайтын, статикалық құбылыстарды бейнелеумен қатар динамикалық процестерді көрсетуге болады, құбылыстардың басталу мерзімін тіркеуге, материалдық массалардың орнын ауыстыру және зерттеу процестердің жылдамдығын көрсетуге болады. Мысалы, изосызықтар тәсілімен жер қыртысының көтерілу және түсу жылдамдығын, өзендерде мұз қатуының мерзімін, ауыл шаруашылық жұмыстарының басталуын т.б. Изосызықтар тәсілімен құбылысты картаға түсіргенде жер бетінің жеке пункттерінде тіркелген шамаларға сүйенеді (негізденеді). Карта бетінде изосызықтардың орнын интерполяция әдісімен шамалап анықтайды, яғни құбылыстың көрсеткіші тіркелген нүктеден келесі тіркелген нүкте арасында тең түрде таралады деп есепке алады.Бірақ, нақтылықта құбылыс мөлшерінің бір орыннан екінші орынға өтуде және уақыт бойы өзгеруде абсолюттік тең таралулық байқалмайды. Сондықтан изосызықтар тәсілі қартаға түсірілетін құбылысты нақтылыққа жақын, бірақ жоғары дәрежеде жалпыластырған деңгейде бейнелейді. Өлшеу пункттердің саны көп болған сайын изосызықтар картасының дәльдігі жоғары болады. Изосызықтар тәсілін кейбір жағдайда мөлшері тең емес өзгеретін және тұтас таралмаған құбылыстарды бейнелеуде қолданылады, мысалы, ауыл тұрғындарының картасы. Мұндай картада ауыл округінің территориясында орналасқан тұрғындар тыңыздығы негізгі көрсеткішкі болып табылады. Әрбір бастапқы сан құбылысты нүктеде емес, аудан бойынша сипаттайды, негізінен оларды изосызықтар деп атамайды, оларды жалған изосызық деп атайды.

Date: 2016-05-24; view: 1003; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию