Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз. 3 page





Көрсеткіштер-жазулар топографиялық картаның шартты белгілерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұсақ масштабты карталарда жазуларды басым географиялық объектілердің географиялық аталымдарын көрсету үшін қолданады. Мұндай карталарда көрсеткіштер-жазулар аз болады. Мысалы, шолу карталарда сан түріндегі түсіндірме жазулар тек ғана биіктіктер мен тереңдіктерді көрсетеді. Тақырыптық ұсақ масштабты карталарда қысқартылған жазулармен кейбір жағдайда қабылданған классификация бойынша жеке территорияның сапалы ерекшеліктерін белгілейді, мысалы, тау жыныстарының жасын, климаттың түрін, топырақтың сипатын, өсімдіктер формацияларының сипатын т.б.

Сандық жазулармен карталарда абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерді белгілейді. Дегенмен, көптеген тақырыптық карталарда жазулармен географиялық атамалар мен объектілердің тегі ғана көрсетіледі. Сонымен қатар, кейбір тақырыптық карталарда жазу болмайды, картаның мазмұны графиктік шартты белгілерімен көрсетіледі.

Картадағы жазулар шрифтің сипатымен, теруімен, әріптерінің көлемімен (кегелмен), түсімен, бас әріптерінің ажыратылуымен ерекшеленеді.

Картадағы жазулар картаның мазмұнын байытады, бірақ көп болған жағдайда картаны оқуды қиындатады. Сондықтан, мүмкіндігі бойынша жазуларды қысқартады және жазуларды шартты белгілерді жабылмайтын қылып, контурларды кесіп өтпейтін қылып орналастырады. Сонымен қатар, жазулар өзінің орнымен объекттің орнын көрсету керек.

27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.

Тақырыптық картаны жалпы географиялық картамен салыстырғанда шектелген құбылыстарды ғана көрсетеді. Бірақ тақырыптық карталарда бейнеленген құбылыстардың ерекшеліктерін кең түрде ашып көрсетеді. Мұндай нәрсе ұсақ масштабы жалпы географиялық және ұсақ масштабты тақырыптық карталарда салысытырғанда байқалады. Мысалы, осы карталарда жер бедерін қалай бейнелейтіндігін салыстырайық. Жалпы географиялық шолу карталарда құрлық бетінің бедер пішіні және бедер пішіндер нүктелерінің теңіз деңгейінен биіктігі көз қарасынан жер бедерін сипаттайды.

Жер бедерін сипаттайтын тақырыптық карталарда жер бедерінің түрлі пішіндері қалыптасу факторларынан тыс және жер бедерінің сипаты бойынша құрлықтың аудандастыруын, жер қыртысы вертикальдық қозғалуын т.б. көрсетуге болады.

Тақырыптық карталарда картаға түсірілетін құбылыстардың кеңістікті орналасуы бейнеленеді. Бір жағдайда құбылыс таралған жер бетінің бөлігін тікелей сызықтық шартты белгісімен шектейді. Басқа бір жағдайда орналасуын жанама түрде көрсетеді. Егер құбылыс жер бетінің ықшам көлемін алмаған жағдайда, ол құбылыс үлкен кеңістікте шашылып орналасқан болса, немесе белгілі бір сызық бойынша шоғырланған жағдайда тақырыптық карталарда осындай орналасу ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Тақырыптық карталарда салыстырмалы шамаларды көрсетуге болады, мысалы, егіншілікте пайдаланылатын жер көлемінің жалпы аумаққа қатынасы, пайдаланылатын гидроэнергияның оның қорына қатынасы, өнеркәсіптің белгілі бір саласының жалпы өнеркәсіптің өніміндегі үлесі т.б.

Тақырыптық карталарда: 1) құбылыстардың кеңістіктегі орнын ауыстыруын және уақыт бойы өзгеруін көрсетуге болады, мысалы, желдердің, мұхит ағыстарының, жүк және пассажир тасмалдауының, адамдар мен жануарлардың миграциясының т.с.с. бағыты мен жиілігін бейнелейді; 2) белгілі бір уақыт мерзімінде табиғи немесе қоғамдық құбылыс орналасқан аумақтың формасының немесе көлемінің өзгеруі, мысалы, шегіртке таралған аумақтың кеңеюі немесе азаюы; 3) белгілі бір уақыт мерзімінде құбылыстың мөлшерлі өзгеруі, мысалы, тауар айналымының өсуі; 4) құбылыстың құрылымындағы өзгерістер, мысалы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер арасындағы өзара қатынасы негізінде анықталатын мемлекеттің индустриалдану дәрежесі.

Құбылыстардың аталған ерекшеліктерін тақырыптық карталарда бейнелеу үшін картаға түсірудің әр түрлі тәсілдерін қолданады: аймақтар (ареал), сапалық көрініс, нүктелік, изосызықтар, белгілер, локализденген диаграммалар, картодиаграммалар, картограммалар, сызықтық белгілер және қозғалыс белгілер тәсілдері.

28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.

Көрсеткіштердің жалпыластыру дәрежесі бойынша тақырыптық карталарды шартты түрде аналитикалық (талдау) және синтетикалық карталарға бөледі.

Аналитикалық карталарда бір құбылысты немесе оның белгілі бір көрсеткішін бейнелейді. Бұл құбылыс өзінің көрсеткіштер жүйесінде ғана көрсетіледі. Мысалы, жер бедерінің еңкіс бұрыштары картасы, мұнда тек беткейлердің еңкісі, бір ғана морфометриялық көрсеткіш берілген. Басқа аналитикалық картада жер бедерінің тілімденуін көрсетеді, үшіншісінде – беткейлердің экспозициясы, төртіншіде – сай-жыралы торының тығыздығы. Аналиткалық картаның негізгі мақсаты бейнеленетін объекттің белгілі бір қасиеттін ғана көрсету, бұл карта объект туралы тұтас толық түсінік бермейді.

«Аналитикалық карталар» деген түсінік белгілі бір мағнада салыстырмалы түсінік болып келеді. Айталық, күндізгі температуралар картасы орташа айлық температуралар картасына, оған қоса орташа жылдық температуралар картасына қатысты аналиткалық карта болып келеді. Бірақ, орташа жылдық температуралар картасы атмосфералық қысым, жауын-шашын, булану, желдер карталарына салыстырғанда аналиткалық карта деп есептеуге болады, бұлардың барлығы климаттың жеке элементтерін сипаттайды.

Синтетикалық карталар, бірыңғай интегральдық көрсеткіштерде объекттің немесе құбылыстың тұтас бейнесін көрсетеді. Бұл карталар объекттің жеке компоненттерін көрсетпейді, оның басты мәселесі объект туралы тұтас мәлімет беру. Мысалы, синтетикалық геоморфологиялық картада жер бедерінің типтері ғана бейнеленеді, бірақ жер бедерінің элементтері туралы мәлімет көрсету мүмкін емес. Осы сияқты, климат картасы жалпы берілген аумақтың климат жағдайы туралы ақпарат береді, бірақ температура, жауын-шашын т.б. да климатты сипаттайтын ауа райы элементтері бойынша мәлімет болмайды. Синтетикалық карталар басым көрсеткіштер кешені бойынша аумақтың типологиялық аудандастыруын көрсетеді - ландшафттық, инженерлік-геологиялық, ауыл-шаруашылық аудандастыру т.с.с. карталары.

29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Су объектілерін бейнелеу. Теңіздердің жаға бойы сызығы және құрлық сулары барлық ұсақ масштабты шолу карталарда көрсетіледі. Теңіз жаға бойы, көлдер, өзендер, елді мекендер мен тағы басқа да географиялық объектілерін орнату үшін ориентир болып табылады.

Жалпы географиялық карталарда Дүниежүзілік мұхиттың жаға бойы сызығын, табанының бедерін, оның бөліктерін көрсетеді. Кейбір карталарда мұхиттағы теңіз жолдарын, мұхиттық ағыстарды, тұрақты және жүзетін мұздардың таралу шекараларын көрсетеді. Мұхит табанының бедерін гипсометриялық тәсілмен бейнелейді. Тереңдіктердің көрсшілес сатыларының шекарасы ретінде изобаталар қызмет атқарады. Тереңдігі өзгермейтін сызықты изобата деп атайды. Изобаталарды тереңдік белгісі бойынша құрастырады, яғни горизонтальдарды биіктік белгілері бойынша құрастыру сияқты.

Шолу жалпы географиялық карталар үшін тереңдіктердің стандарттық шкаласы жоқ, бірақ барлық карталарда Дүниежүзілік мұхит табанының барлық ірі пішіндерін шектейтін изобаталар көрсетіледі. Изобаталар арасындағы сатылар көк бояумен көрсетіледі, негізгі принцип тереңдеген сайын түс қоюланады.

Мұхит акваториясының кейбір учаскелерінде бейнелеудің гипсометриялық тәсілін толықтыратын тереңдіктер белгілері орналастырылады. Мұндай сандық белгілерімен мұхит немесе теңіздің ең терең жерлерін, фарфатер бойынша ең тайыз жерін көрсетеді.

Ұсақ масштабты шолу жалпы географиялық карталарда теңіз немесе мұхит жаға бойын көрсету картаның маңызды элементі болып табылады. Оның себебі, теңіздің жаға бойы акваториясы шаруашылықта, теңіз көлігі, балық аулау т.с.с. үшін кеңнен қолданылады.

Ірі өзендердің өзен жүйелері үлкен территорияны қамтиды, сондықтан оларды толық тек шолу карталарда бейнеленеді. Өзен жүйесінің басты өзенін сызықтық шартты белгісін қалыңдау түрінде көрсетеді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карта бойынша өзен жүйесінің ерекшеліктері туралы мәлімет алуға болады. Мысалы, өзен жүйесінің конфигурациясы, симметриялық немесе асимметриялық, басты өзенінің жоғарғы, орта және төменгі ағыстары арасындағы айырмашылықтар т.б. қасиеттері мен элементтері туралы мәлімет алуға болады. Сонымен қатар өзен жүйесінің алқабы (бассейні) туралы түсінік қалыптастыруға болады: көлемі және пішіні, қоректену облыстарының ерекшеліктері, суайырықтарының сипаты т.с.с. туралы мәліметтер. Өзен аңғарының сызықтың белгісінің ұзындығы өзеннің ұзындығы туралы түсінік береді. Ұзын өзеннің бастауын анықтау үшін өзеннің аты жазылады. Бірақ картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ұсақ масштабты картада жалпыластыру өте жоғары болатындығын есепке алу қажет. Мысалы, Москва өзенінің ұзындығы 502 км, масштабы 1:1 250 000 картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ол 375 км құрады, яғни оның ұзындығының 75 % құрайды. Ал масштабы 1:2 500 000 картада осы өзеннің ұзындығын өлшегенде 240 км шықты, ол өзеннің нақты ұзындығының жартысын құрады. Өзендер шартты белгісінің ені масштабтан тыс көрсетіледі.

Жалпы географиялық карталарда көлдерді көлеміне байланысты әр түрлі жолымен көрсетеді. Мысалы, Каспий теңізін тереңдіктер шартты белгілерімен бейнелейді. Кейбір карталарда ірі көлдерді изобаталармен көрсетеді. Сандық шартты белгілерімен көлдердің тереңдігін көрсетеді, кейбір жағдайда көл жаға бойының абсолюттік биіктігін көрсетеді. Сонымен бірге көлдердің тұздылығын түспен көрсетеді.

30. Шолужалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Жер бедерін, топырақ-өсімдік жамылғысын бейнелеу. Географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу өте қүрделі мәселе, басты себебі көлемді денені жазықтықта көрсетe қажет. Шолу жалпы географиялық карталарда құрлықтың ауданы бойынша ірі территорияның жер бедерінің жалпы көрінісі мен оның ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл карталар бойынша құрлықтың қай бөлігі жазықты, қай бөлігі таулы т.с.с. анықтауға болады.

Картографияда жер бедерін бейнелеудің бірнеше тәсілдерін бар. Бірақ бір де бір тәсіл жер бедері пішіндерін толық көрсетпейді. Сондықтан, жер бедерін картада бейнелеу үшін барлық тәсілдерді қолданады. Солардан ең жиі қолданылатын: биіктіктер белгілері, гипсометриялық тәсіл және жуу (отмывка) тәсілі.

Гипсометриялық тәсіл немесе қабатты боялу тәсілі, биіктік сатылары бойынша боялу. Оның негізін құрайтын топографиялық карталардағы горизонтальдар сияқты карта бетіндегі изогипстер сызығы. Изогипстер деген, абсолюттік биіктігі бірдей нүктелерді біріктіретін карта бетінде сызық, горизонтальдардан айырмашылығы изогипстер күшті жалпыластырылған. Яғни топографиялық карталарда горизонтальдер арасындағы қима биіктігі тұрақты болады, ал изогипстер арасындағы қима биіктіктер тең емес. Изогипстермен ұсақ масштабты картада құрлық жер бедерінің ірі пішіндерін көрсетуге тырсады. Осыған байланысты барлық шолу жалпы географиялық карталарда жазықтарды қыраттардан ажырататын 200 метрлік изогипс сызығын, таулы жазықтар мен қыраттар арасында шамалап өткізетін шекараны 500 м-лік изогипс сызығын, аласа таулардың жоғарғы шекарасы 1000 метрлік изогипс сызығын, орта биікті таулардың жоғары шекарасы 2000 метрлік изогипс сызығын міндетті түрде көрсетеді.

Изогипстер жер бедері туралы толық мәлімет бермейді, сондықтан жер бедері пішіндері карта бетінде көрнекі болсын деп биіктіктер шкаласының сатыларына бояу түсіреді, яғни карта бетінде изогипстер арасындағы кеңістіктер бір түспен және жиілікпен бояйды. Бояуы түспен және оның қоюлығы өзгермейтін изогипстер арасындағы биіктік зонаны биіктік сатысы деп атайды. Жалпы географиялық шолу карталарда жоғарыда көрсетілгендей тереңдіктер көк бояумен бейнелейді. Құрлықта 200 м биіктікке дейін жазықтықтарды жасыл бояумен көрсетеді. Әдетте бұл биіктік интервал 2-3 сатыға бөлінеді, 0 метрден төмен, 0 метрден 100 м дейін, кейін 100 – 200 м. Олардың айырмашылығы жасыл бояудың коюлығымен ажыратылады. 200 метрден жоғары құрлық учасклері ашық құмды-сарыдан оранжевыйға түске дейін боялады. 1000 метрлік изогипс басым оранжево-қоңыр түс басталуының шекарасы болып келеді. Ең жоғарғы сатылар қызыл-қоңыр бояумен көрсетіледі.

Биіктікті-тереңдікті шкаланың түстері көрсетілетін объектілердің табиғи түстеріне жақын, мысалы теңіз суының түсі көк немесе көгілдір, жазықтардың жасыл бояуы өсімдіктер жамылғысына сәйкес келеді, ал таулардың сары-қоңыр бояуы басым болып келетін жарыққа шығатын тау жыныстардың түсіне сәйкес болады.

Жуу (отмывки) тәсілі жер бедерін бейнелеудің пластикалық тәсіліне жатады. Бұл тәсіл жер бедерін бейнелегенде жер бетінің дөңесті екенін көрсетеді. Мұндай көрініс пайда болу үшін жер бедерінің белгілі бір элементтеріне көлеңке түсіріледі. Көлеңке қоңыр немесе сұр бояумен көрсетіледі. Көлеңке көрсетуде басым жарық көзі солтүстік-батыста деп есептейді, ал көлеңке таулардың оңтүстік-шығыс беткейлерінде көрсетеді. Бұл көлеңке түсіру принципы қисық жарық түсудегі жуу. Сонымен қатар жарық көзінің орналасуын өзгерту болады.

Тұтас жуу тәсілін пайдаланғанда биіктік интервалдарды түрлі бояумен көрсетеді. Бір бояумен көрсетілген таулардың ең биік жерлерінде боялуы ашықтау түрінде болады. Құрлық бетін бейнелеуде пластикалық тәсілдің бір түрі – фоторельеф. Фоторельеф деген жер бетінің көлемді модельдерін, оларды шетінен жарыққа түскен кезіндегі суреті.

Топырақ (грунт) пен өсімдік жамылғысы кең территорияда тұтас таралады, сондықтан оларды картада бейнелеу үшін аудандық белгілерді қолданады. Мысалы, фондық бояумен. Бірақ картада 1-2 фондық бояуды біріктіру өте қиын мәселе. Сондықтан шолу ұсақ масштабты географиялық карталарда топырақ пен өсімдік жамылығысының тұтас бейнесі болмайды. Мұндай карталарда өсімдік-топырақ жамылғысы топырақтың және өсімдіктердің жеке азоналдық типтерін (мысалы сор және батпақ) бейнелейді. Кейбір карталарда өсімдік жамылғысы таралған территория бойынша белгілі бір шартты белгінің таралуымен көрсетеді.

31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендер қоныстану типтеріне, халқының санына және әкімшілік маңызына қарай бөлінеді. Ауданның қоныстану сипатын дұрыс кескіндеу үшін картаның әртүрлі бөлігіндегі елді-мекендерді түсіру салмағын айқындайтын нұсқауларға сәйкес халықтың жиі қоныстануын, елді-мекендердің типтерін ауданның қоныстану сипатын ескереді. Елді мекендердің ең жоғарғы жиілігі 1 дм² 160, ең төменгі жиілігі 60 елді мекеннен аспауы керек. Елді мекендерді картаға түсіру барысында қоныстану ерекшеліктері мен жалпы сипатын ашып көрсету мақсаты қойылады. Елді мекендерді іріктеу қосынның маңызын, халқының санын, әкімшілік, экономикалық көліктік маңызын ескере отырып, ең ірілерінің кескіні көрсетіледі. Елді мекендердің типтерін көрсету әр түрлі пунсондар мен шрифтерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Картада кескінделген барлық елді менкеннің аты жазылады, тек қала маңындағы жекелеген қала текті кенттердің ғана аттарын жазбай қалдыруға болады.

32.Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

33.Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.

Географиялық Картаны құрастыру- мынадай жұмыстар түрлерін қамтиды. Карта жасау үшіннегіз дайындау;бастапқы картографиялық материалдардан бейнені негізге көшіру;бейнені генерализациялау;генерализацияланған бейнені бекіту.Негізді дайындау оған беттің жақтаушасын, координаталық торды және тірек пункттерін салудан тұрады. Бұл элементтерді салу кателігі 0,1 мм- ден аспайтын координатографты пайдаланып жасалады.Бастапқы материалдан бейнені негізге көшіру, әдетте, фоторепродукциялық аппараттың немесе фототрансформатордың көмегімен фотомеханикалық әдіспен жүргізіледі. Аспап көшіру кезінде атқарылатын түрлендіру сипатымен анықталады. Түрлендіру кезінде көбіне фоторепродукциялық аппарат, ал неғұрлым күрделі түрлендіруде фототрансформаторлар пайдаланылады. Ұсақ масштабтағы карталарды жасағанда жиі кездесетін екінші қатардағы және жоғары түрлендірулерді орындау қажет болғанда саңылаулы фототрансформаторлар қолданылады. Пайдаланылатын материалдардың масштабтағы түпнұсқасының фото және жарық көшірмелері тірек пункттері жоне тор бойынша дайындалған негізге құрастырылады, содан соң бейнені генерализаңиялау жасалады.Генерализацияланған бейне әр түрлі түсті тушьпен бекітіледі. Осы жұмыстар нәтижесінде алынатын құрастырушылық түпнұсқа графикалық безендіру сапасы бойынша одан карта таралымын шығаруға әлі де жарамайды. Жоғары сапалы басылым үшін кажет түпнұсқа келесі кезеңде, картаны басып шығаруға дайындау кезінде жасалады. Соңғы жылдары картография өндірісінде кұрастыру және басып шығаруға дайындау бір мезгілде қатар атқарылатын оте тиімді әдіс кең қолданылады.

34.Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.

Карта жасау- мынадай жұмыстар түрлерін қамтиды. Карта жасау үшін негіз дайындау;бастапқы картографиялық материалдардан бейнені негізге көшіру;бейнені генерализациялау;генерализацияланған бейнені бекіту.Негізді дайындау оған беттің жақтаушасын, координаталық торды және тірек пункттерін салудан тұрады. Бұл элементтерді салу кателігі 0,1 мм- ден аспайтын координатографты пайдаланып жасалады.Бастапқы материалдан бейнені негізге көшіру, әдетте, фоторепродукциялық аппараттың немесе фототрансформатордың көмегімен фотомеханикалық әдіспен жүргізіледі. Аспап көшіру кезінде атқарылатын түрлендіру сипатымен анықталады. Түрлендіру кезінде көбіне фоторепродукциялық аппарат, ал неғұрлым күрделі түрлендіруде фототрансформаторлар пайдаланылады. Ұсақ масштабтағы карталарды жасағанда жиі кездесетін екінші қатардағы және жоғары түрлендірулерді орындау қажет болғанда саңылаулы фототрансформаторлар қолданылады. Пайдаланылатын материалдардың масштабтағы түпнұсқасының фото және жарық көшірмелері тірек пункттері жоне тор бойынша дайындалған негізге құрастырылады, содан соң бейнені генерализаңиялау жасалады.Генерализацияланған бейне әр түрлі түсті тушьпен бекітіледі. Осы жұмыстар нәтижесінде алынатын құрастырушылық түпнұсқа графикалық безендіру сапасы бойынша одан карта таралымын шығаруға әлі де жарамайды. Жоғары сапалы басылым үшін кажет түпнұсқа келесі кезеңде, картаны басып шығаруға дайындау кезінде жасалады. Соңғы жылдары картография өндірісінде кұрастыру және басып шығаруға дайындау бір мезгілде қатар атқарылатын оте тиімді әдіс кең қолданылады.

35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.

Электронды карта- цифрлық карталар, программа және техникалық құралдарымен компьютерлік ортада белгілі бір проекция жасалынатын карталар. Онда шартты белгілердің және безендіру ережесі сақталған. Кейде дисплейге шығарылған картаны экрандық карта деп атайды басып шығарушы құралдардың көмегімен экранға шығарылған картаны электрондық карталардың көшірмесі деп атайды. Электрондық оқу басылымы бағдарламалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және өзге де ақпараттар жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік стандартпен бекітілген электронды құралдың құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулар бар.

36.Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз

Электрондық атластар. Электрондық атлас – сандық көрсеткіштер мен генерация құралдарын көрсететін жүйе түрі. Ол – ЭК генерациясының аппаратты-бағдарламалық құралы. Өз заманында үлгілі және кеңінен таралғаны болып британдық проект «Domesday» болып саналады. Ол – XX ғ-дың екінші жартысының 80-жылдарында шыққан әртүрлі картографиялық мәліметтері бар оптиканы таратушыларменен жария болған Ұлыбританияның электрондық энциклопедиясы. Бірінші болып кеңінен таралған және 1987 ж Мексикада өткен халықаралық картографиялық конференцияда да халықаралық резонансқа ие болған Арканзастың Атласы. Мазмұны бойынша ол АҚШ-тың дәстүлі штаттар атласынан азғантай ғана ерекшеленді. Оның құрамына 100 карта кірді, олар 16 бөлімде қарастырылды және де қарапайым анықтамалық және оқытушылық функцияларын атқару арқылы штаттардың физико-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-географиялық сипаттамалары көрсетілді. Алайда осыменен оның дәстүрлі атласпен ұқсастығы шектелді. Пайдаланушыладың көз қарасы бойынша ол видеоэкрандық бейнелердің жиынтығын көрсетті. Олар кейін беттерге және сюжеттік топтарға бөлініп қойылды, клавиатура әмірімен қаралды. Басқа функциялар қарастырылмады. Атластың жаңартылған электрондық нұсқасы жыл сайын, ал паралллельді түрде жүрген «қағаздық» түрі үш жылда бір рет дайындалады деп болжалды. Атласты құрастырушылар бұл атластың негізгі ерекшелігі оның аз шығындалуында деді. Шығын 118 мың доллардан аспады, әйткенмен, қағаздық атлас басып шығаруға 500 000- 1 000 000 доллар кететін. Қазіргі кезде ЭА және де компакт-диск пен интернеттегі басқа да шығарылымдар қарапайым болып саналады. ЭА-тық картографиялаудың өнімінің заманауи әртүрлілігі анализ және классификацияны талап етеді. ЭА-тың классификациясы екі негіздеу арқылы жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, олардың мазмұны, белгіленуі және территориалдық қамтуы бойынша; екіншіден, ЭА-ның функционалдық ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері бойынша. ЭА-тар қағаздық атластар өнімінің барлық типтерін көшіріп алатындығын байқау қиын емес. ЭА оған қосымша көптеген функционалдық мүмкіншіліктерді қосады, олар тек сандық түрде жүзеге асырылады. Функционалдық классификацияның бірі болып саналатын үшөлшемді матрица түріндегі атласты Ф.Ормелинг ұсынды.

Date: 2016-05-24; view: 1636; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию