Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы тәжірибелік дәрігер





Вариант 3

 

1.!Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы жүректің ишемиялық ауру қауіп факторы бар симптомсыз науқастарда еуропалық популяциялы алғашқы профилактикалық стратегияны қолданады?

A) Агатстон шкаласы бойынша коронарлы артерияның кальцификациялық мөлшерін бағалау әдісі

B) Коронароангиография

C) Миокардты сцинтиграфиялау

D) +SCORE шкаласы

E) дене салмағының индексін анықтау

 

2.!Отбасылық дәрігерге 56 жастаға науқас кеуде және эпигастрийдағы қысып ауру сезімімен шағымданып келді. ЭКГ-ғы көрініс:RII,III,AVF тістерінің төмен вольтажы, STII, III, AVF интервалының депрессиясы.

Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?

A) Велоэргометрия

B) Холестерин, қандағы триглицерид

C) +Кардиоспецифических ферментті анықтау

D) ЭКГ-ні Холтерлік мониторлеу

E) ЭхоКГ

 

3.!Пациент қыз 2,5 жаста. Профилактикалық тексеру кезінле шамалы гематурия байқалды. Қызда дизэмбриогенез стигмасы,туа пайда болған сол жақтық катаракта. Туыстарында анасында гематурия байқалды. Қан анализінде: Нв- 108 г/л, эритроциттер- 3,5 х 1012/л, лейкоциттер- 6,4 х109 /л, СОЭ- 6 мм/ч. Зәр анализі: ақуыз –жоқ, эритроциттер 20-35-40 п/зр, тығыздығы 1008-1020. Қанның биохимиялық анализі: көрсеткіштер қалыпты. Бүйрек және зәр шығару жолын УДЗ-де ешқандай патология жоқ.

Бұл клинико-лабораториялық көрсеткіштер қайсы жағдайға сәйкес келеді?

A) Жедел нефритикалық синдромға

B) Созылмалы нефритикалық синдромға

C) Тубуло-интерстициалді нефритке

D) +Қатерсіз отбасылық гематурия

E) Альпорт синдромы

 

4.!Қыз 10 жаста. Жөтелге, дірілдеуге, іште және кеудедегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: температура 39,1°С, сол жақ қырымен жатады, тежелген, еріні құрғақ. Кеуденің сол жақ бөлігі тыныс алудан қалып отырады, ТА мин 40 рет. Қан анализінде: гемоглобин-110 г/л, эритроциттер - 4,0х1012/л, лейкоциттер - 19х109/л, таяқшаядролы 10%, сегментоядерлы - 55%, эозинофилдер - 5%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 2%, ЭТЖ 32мм/сағ. Рентгенологияда: оң жақ өкпенің сол жақ бөлігінің күңгірттенуі.

Өай диагноз барынша сәйкес келеді?

A) Плеврит

B) Өкпе абсцессі

C) +Ауруханадан тыс пневмония

D) Аппендицит

E) Менингит

5.!Науқас 74 жаста, кеуде артындағы қысып ауру сезімі тыныс алуға тәуелсіз ұстама тәрізді өршуіне шағымданады. Нитроглицерин еш нәтиже бермеген. Бұл науқасқа қандай зерттеу жұргізу керек?

A) +ЭКГ, тропонин Т

B) Сцинтиграфию с Tl201

C) ЭхоКГ добутаминмен

D) Физикалық күштемемен ЭКГ

E) ЭКГ тәуліктік мониторлеу

 

6.!65-жастағы көп жылдық бронхообструктивті синдромы бар науқаста тұншықтыру ұстамасы, аздаған қақырықпен бөлінетін жөтелге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа, бөлінетін зәрдің көлемінің азаюына шағымданды. Объективті: акроцианоз, мойын венасының кеңеюі, эпигастрий аймағының пульсациясы, өкпе артериясындағы II тон акценті, тахикардия, юауырдың ұлғаюы, ісіну.

ЭКГ-да қандай көрініс байқалады?

A) Қарыншаішілік блокада

B) Сол жақ қарыншаның гипертрофия

C) Сол жақ жүрекшенің ипертрофия

D) +Оң жақ қарыншаның гипертрофия

E) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

 

7.!Мына сипаттама қайсы пневмонияға сәйкес келеді: анамнезінде - кондиционер қолданады, отельде, пансионатта душы бар; фебрильді қызба айқын интоксикациямен, миалгия, артралгия, жөтел, абдоминальді ауру, диарея; қанда - лейкоцитоз лимфоцитопениямен, ЭТЖ 50 мм/сағ?

A) Хламидий

B) +Легионеллез

C) Микоплазма

D) Пневмококк

E) Стафилококк

 

8.!75 г глюкозаны пероральді енгізгеннен кейін екі сағаттан кейінгі нәтижесі, ДДҰ критериі бойынша қант диабетінің диагностикасында қанша болу керек?

A) 6 ммоль/л

B) 8 ммоль/л

C) 8.4 ммоль/л

D) 9.7 ммоль/л

E) +11,1 ммоль/л

 

9.!ЭКГ-да деформирмацияланған комплекс QRS тіркелген, 180 мин біркелкі формамен.

Жүрек ритмінің қандай бұзылысы барынша тиімді?

A) Қарыншалық экстрасистолия

B) Пароксизмальді суправентрикулярлы тахикардия

C) Синусты ритм

D) +Пароксизмді қарыншалық тахикардия

E) Пароксизмді қарыншалық фибрилляция

 

10.!Ер адам кардиологиялық бөлімшеде миокардтың жедел инфаркты бойынша, динамикада жүрек ұшында систоликалық шум пайда болған, I-ші тон әлсіреген.

Осы жағдайда ЭхоКГда қандай көрініс көреміз?

A) +митральді қақпақшадағы регургитация

B) митральді қақпақшаның қалыңдауы

C) митральді қақпақшаның вегетациясы

D) аортальді қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) перикард жапырақшасының қалыңдауы

 

11.!Төменде аталған мамандардың қайсысы уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бере алады?

A) жедел көмек станциясының дәрігері

B) қан құю орталығының дәрігері

C) шипажай дәрігері

D) +аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері

E) сот-медициналық эксперт

12.!Әйел 32 жаста, профилактикалық тексерілуге келді. Анамнезінде 14 жасында біріншілік ревматикалық шабуыл болған, ол буындар мен эндокардиттің пайда болуымен көрінген. Ол әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ентікпеге, кеште аяқтарының ісінуіне шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі құрғақ, бозарған. Жүрек тоны тұйықталған, дөрекі, пансистоликалық шу естіледі. Тірсектері кішкене пастозды.

Қандай тактика жүргізу тиімді?­

A) динамикада бақылау

B) ревматологкеңесіне жолдама беру

C) кардиохирург кеңесіне жолдама беру

D) антибиотик және фуросемид тағайындау

E) +УДЗ допплерографиямен бірге жүргізуге жолдама беру

 

13.!Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 23 қараша 2010 жылғы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының біріншілік медициналық құжаттары туралы» бұйрығы бойынша жалпы тәжірибелік дәрігер үлкен адамды қабылдауда қандай құжатты толтырады?

A) 095 форма

B) 035 форма

C) 112 форма

D) +025 форма

E) 065 форма

 

14.!Жұмыс істейтін 3-топтағы мүгедек, диагнозы: постинфаркті кардиосклерозбен жағдайының төмендеуімен дәрігерге келді. ЭКГ-де: қарыншалық экстрасистолия. Осындай жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі:

A) 1 ай

B) 2 ай

C) 3 ай

D) 4 ай

E) +Болжамға байланысты мерзімге дейін

 

15.!Қазақстан Республиксы азаматтарына мүгедектік топты бекіту үшін, медико-әлеуметтік экспертиза ережелеріне сәйкес үкіметпен бекітілген және науқастар мүгедектікке құжат тапсыру құқығына және тиісті барлық жеңілдіктерге ие бола алады. Осы құжатттың уақыты мен күнін көрсетіңіз?

A) +2005 жылдың 20 шілде № 750 Үкіметтік бекітілім

B) 2005 жылдың 10 шілде № 751 Үкіметтік бекітілім

C) 2005 жылдың 15 шілде № 755 Үкіметтік бекітілім

D) 2005 жылдың 25 шілде № 756 Үкіметтік бекітілім

E) 2005 жылдың 05 шілде№ 758 Үкіметтік бекітілім

 

16.!Науқас И., ЖРВИ диагнозымен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 18.10 нен 20.10 күнге дейін берілген, онда 20.10. күні дәрігер қабылдауына келуі көрсетілген. Ал науқас 25.10күні жағдайының нашарлауымен дәрігерге келді. Ол қала сыртына шығып кеткен. R- граммада оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация ошағы анықталды. Осы науқасты жүргізу әрнекеті және аурухана парағын қалай толтырады?

A) 21.10 бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсету), амбулаторлы ем.

B) 25.10 - нен ұзарту, ауруханаға жатқызу.

C) 25.10-нен бастап жаңа ауруханалық парақ ашу, амбулаторлы ем

D) +25.10-нан бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсету), амбулаторлы ем.

E) 25.10-нан бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсетпеу), амбулаторлы ем.

 

17.!ЖТД нәресте өмірінің 5-ші күні патронаж жасау кезінде анықтады: іштің төменгі жағында, аяқ-қолдарда көпіршіктерді байқады, қатпарларда әр түрлі даму кезеңдеріндегі (0,5 см-ден 1,5 см-ге дейінгі диаметрде, іші серозды-іріңді сұйықтықпен толған, көпіршік негізінде эритематозды дақ фонында инфильтрат анықталады). Никольский симптомы теріс. Көпіршікті ашқаннан соң эрозия анықталды. Бұрынғы көпіршік орнында қабыршақ түзілмейді. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене қызуы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз:

A) Туа біткен буллезді эпидермолиз

B) Туа біткен мерез

C) Лайел синдромы

D) Эксфолиативті Риттер дерматиті

E) +Пемфигус (нәресте көпіршігі)

 

Ішкі аурулар

18. Иммунизациялық тәжірибе бойынша кеңестер Комитетіне сай гриппке вакцинациялаудың оптимальды уақыты (Advisory Committee on Immunization Practice – ACIP, 1997)?

A) Тамыз – қыркүйек айының бірінші жартысы

B) Қыркүйек – қазан айының бірінші жартысы

C) +Қазан- қараша айының бірінші жартысы

D) Қараша – желтоқсан айының бірінші жартысы

E) Желтоқсан – қаңтар айының бірінші жартысы

 

19. Ер адам 43 жаста, жүргізуші. Профқарауда. Темкі шекпейді, ішімдік ішпейді. Тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек үндері анық, ритмді, артериальды қан қысымы 110/70 мм сын бағ, ЖЖЖ 70 соққы/мин. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасының шетінде орналасқа, оң ортаңғы – бұғаналық сызықпен; жұмсақ, шамалы домаланған, тік, ауыру сезімсіз. Курлов бойынша бауыр өлшедері 9-8-7 см.

Қарап тексергенде – білезіктің дистальды саусақ фалангаларының қалыңдауы, науқастың айтуы бойынша – бала кезінен.

«Барабан таяқшаларының» симптомының пайда болуына ең мүмкін?

A) +Тұқымқуалайтын аномалия

B) Идиопатиялық өкпе фиброзы

C) Өкпе обыры

D) Остеоартропатия

E) Бауыр циррозы

 

20. Науқас 28 жас келесі шағымдармен:әлсіздік,терлегіштік,дене температурасының көтерілуі 38,90 С дейін.Қарап тексергенде сол жақ жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы,ауырсынуы анықталды.3 апта бойы стоматитке ем алған.Зақымдалған лимфа түйіндеріне пункция жасалды Диагноз:

A) Жедел монобластты лейкоз

B) Жедел аз процентті лейкоз

C) +Лимфогранулематоз

D) Реактивті лимфаденит

E) Жедел дифференцирленбеген лейкоз

 

21. 28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Диагноз:

A) Бронх демікпесі, жеңіл дәреже, өршу ТЖ I

B) Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу ТЖ III

C) Бронх демікпесі, орта ауырлықта,өршу, ТЖ II

D) Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу,гормон тәуелді түрі, ТЖ I

E) +Бронх демікпесі, орта ауырлықта, өршу, гормон тәуелді түрі,ТЖ II

 

22. Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады:

A) Бұрын емделмеген адамда

B) Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын

C) Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін

D) +Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек

E) Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста

 

23.!В12-дефицитті анемиясы бар науқастар үшін миелограммада ең көп таралады

A) төмендетілген сүйек кемігі

B) тұрақты сүйек кемігі

C) қанның барлық өскіндерінің гиперплазиясы

D) +мегалобластикалық қанның түрі

E) қан тамырлардың нормобластикалық эритроциттердің тітіркенген түрі

 

24.!Науқас, 41 жаста. Дәрігерге ұйқышылдыққа,апатияға, іш қатуға, салмақ қосқанына шағымданып келді. Объективті тексеруде терісі құрғақ, шырышты қабаттары бозғылтт. ЭКГ-да синусты ритм ЖСЖ 58-рет мин.,ЖЭӨ горизантальді қалыпта. Жалпы қан анализінде - Нв 100 г/л, холестерин – 9 ммоль/л. Қандай зерттеулер диагнозды нақтылайды:

A) +тиреоидты гормондардың төмен деңгейі

B) анемия;

C) тиреоидты гормондардың жоғары деңгейі;

D) қан сары суындағы белоктың жоғарлауымен байланысты;

E) тиреоглобулинге антидене титрінің жоғарлауы

 

25. 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз:

A) +Екіншілік бүйрек амилоидозы

B) Созылмалы гломерулонефрит

C) Созылмалы пиелонефрит

D) Жедел пиелонефрит

E) Біріншілік бүйрек амилоидозы

 

26.!Науқас У., 28 жаста, басынан өткерген стафилококты пневмониядан 3 аптадан соң дене қызуы қайта 390С дейін жоғарылады,қалтырау, артралгия, горизонтальды жағдайда ентігумен, қан түкіру болды. Өкпесінде төменгі бөлікте ылғалды сырылдар, жүрек ұшында І тон әлсіреуі, сол жерде сол жаққа ІІІ қ/а және сол жақ қолтық астына таралатын систолалық шу анықталады.Іші жұмсақ, гепатоспленомегалия.Балтыр мен аяқ басының тығыз ісіктері.Сіздің диагнозыңыз.

A) Постпневмониялық эндокардитпен негізделген жедел солқарыншалық жетіспеушілік. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі.

B) Жедел инфекционды эндокардитпен негізделген созылмалы оңқарыңшалық жетіспеушілік. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі.

C) Созылмалы эндокардитпен негізделген созылмалы солқарыншалық жетіспеушілік. Митральды қақпақша жетіспеушілігі.

D) +инфекционды эндокардит фонындағы жедел тотальды жүрек жетіспеушілігі.Митральды қақпақша жетіспеушілігі.

E) Инфекционды эндокардит фонында созылмалы бивентрикулярлы жетіспеушілік. Митральды және қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігі.

 

27.!53 жасар ер адам. Анамнезінде ӨСОА. Ем ретінде 2,5 мг аэрозольді сальбутамол 2,5 мг қолданады. Емнің нәтижелілігін анықтау үшін дәрігер бронходилатационды тестті өткізуді тағайындады.

Сальбутамолды фармакокинетикалық қасиеті нәтижесінің бұрмалануын және тесттің дұрыс орындалуын анықтау мақсатында қашан алып тастаған жөн?

A) Тест алдында 2 сағат бұрын

B) Тест алдында 4 сағат бұрын

C) +Тест алдында 6 сағат бұрын

D) Тест алдында 8 сағат бұрын

E) Тест алдында 10 сағат бұрын

 

28. 38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады.

Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

A) Нифедипин

B) Метопролол

C) +Фентоламин

D) Клофелин

E) Каптоприл

 

29.!48 жасар ер адам, геолог, «ЖИА, КС ІІІ ФК. ХСН 0. АГ 2 дәр.3 қауіп қатер тобы» диагнозымен соңғы 4 айда жағдайының нашалауымен еңбекке жарамсыздық парағын алған. Анамнезінде – ӨСОА. Бронхитикалық түрі басым. ТЖ II. Еңбекке жарамсыздық дәрежесінің шектелуін анықтау үшін МСӘ жіберілген.

Еңбек қызметінің болжамы қандай болмақ?

A) өз қызметінде жұмыс істей алады

B) жұмыс бағдарын ауыстыру 3 топ мүгедегі

C) +жұмыс бағдарын ауыстыру 2 топ мүгедегі

D) жұмыс бағдарын мүгедексіз ауыстыру

E) жұмыс істеу құқығынсыз 1 топ мүгедегі

 

Хирургия

30.!56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

A) Ирригоскопия

B) +Құрсақ қуысының рентгенографиясы

C) Ректороманоскопия

D) Колоноскопия

E) Құрсақ қуысының лапароскопиясы

 

31.!35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан.Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 %о? Цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Жедел аппендицит

B) +Зәр-тас ауруы

C) Ішек өтімсіздігі

D) Жатырдан тыс жүктілік

E) Асқазан жарасының тесілуі

 

32.!4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған.

Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?

A) +Жоғарғы бронхоскопия

B) Трахеотомия

C) Эндоскопия

D) Коникотомия

E) Кеңірдек интубациясы

 

33.!3 жасар сәби ауызына шемекі салып жүріп кенет шашала бастаған, көгерген, ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, t-36.6, пульс минутына 118 рет, ырғақты, шырышты қабаты алқызыл, ылғалды. Көмей өзегі бос, стеноз белгілері жоқ. Оң кеудесі тыныс актісінен қалыңқы. Аускультацияда бүкіл оң өкпесінде тыныс әлсіреген. Перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) +Оң бронхтағы бөгде зат

B) Өңештегі бөгде зат

C) Көмейдегі бөгде зат

D) Кеңірдектегі бөгде зат

E) Көмейдің аллергиялық ісінуі

 

34.!52 жасар әйел оң көзінің, басының оң жартысының, желкесінің қатты ауыруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Объективті: көз алмасының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінуі, ұсақ алдыңғы камера, қарашығы кең, көру қызметінің күрт нашарлауы, көз ішілік қысым 45 мм сын. бағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Жедел конъюнктивит

B) Жедел иридоциклит

C) +Глаукоманың жедел ұстамасы

D) Жедел кератит

E) Гемолитикалық криз

 

35.!35 жасар әйел алма жинап жүргенде сол көзіне ағаш бұтағының қыртысы кіріп кеткен, ауыру сезіміне, жас ағуына, «көзінде құм тұрғандай» сезімге, жарықтан қорқуға, осы көзінің көруінің нашарлауына шағымданады.

Қандай жүргізу тактикасы бірінші кезекте жасалады?

A) Mонокулярлы таңғыш

B) Aнтибактериалды препарат

C) +Бөгде затты шығару,

D) Бинокулярлы таңғыш

E) Сіреспеге қарсы сарысу

 

36.!61 жасар ер адам, түнде зәр шығаруының жиілеуіне, алғашқы зәр тамшысы шығуын күту уақытының ұзаруына, зәр ағысының әлсіздігіне, аузының кебуіне, шөлдеуге, зәр ұстай алмаушылыққа шағымданады. Объективті: Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: простата тегіс, серпімді, контуры анық, ауырмайды, орталық жүлгесі тегістелген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалады?

A) Экскреторлы урография

B) Шолу рентгенографиясы

C) Урофлоуметрия

D) +Ультрадыбысты зерттеу

E) Сцинтиграфия

 

37.!Урологқа қабылдауға 12 жасар ұл бала оң жақ умада жұмыртқа жағына шағымданды. Локальді қарағанда: оң жақ умадағы жұмыртқасы пальпацияланбайды.УДЗ- да.шап каналының сыртқы өзегінде көлемі 2,5х1,5см.түзіліс анықталды,эхоқұрлымы аталық безбен ұқсас. Сіздің емдеу тактикаңыз:

A) Динамикасын бақылау

B) +Оң жақ жұмыртқаны төмен түсіру операциясы

C) Орхоэктомия операциясы

D) Шап каналы маңына Вишневский мазімен компресс

E) Шап каналы маңына УВЧ

 

Бала аурулар

38.!Бала 1 ай. Туылғандағы дене салмағы 2200 г, ұзындығы 40 см. 1 айлығында жалпы тәжірибелі дәрігер қараған кезде: массасы 2800, ұзындығы 44 см; қыз аз қоғладаы, ұйқышыл, кеудені емгенде әлсірейді. Йық маңындағы тері жабындылары шашпен жабындылаған. Денесі мен аяқ – қолдарында тері асты қабаты нша дамыған. Тыныс алуы аырғақты, 4-5 сек апноэ болды. Тныс алуы 42 рет минутына. Жүрек үндері қатаң, ырғақты. Жүректің жиырылу жиілігі 140 рет минутына. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Буындық рефлекстер мен туа біткен рефлекс жоғарлаған, Моро рефлексі спонтанды.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

A) +Шала туылудың 1 дәрежесі

B) Шала туылудың 2 дәрежесі

C) Шала туылудың 3 дәрежесі

D) Мерзіміне келіп туылғған

E) Мерзімінен асып туылған

 

39.!Бала 7 ай. Шағымы: тырысу ұстамаларына. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, мұрынна су ағу, сирек ылғалды жөтелге, қарап тексергенге белсенді қарсылық көрсетеді, айқайлайды. Балада шүйдеде шаштың түсуы мен қалыңдауы, айқын маңдай мен төбе төмпешіктері, үлкен еңбегі 3,5х3,5 см анықталады. «гаррисон төмпешігі», «қабырғалар моншағы» пальпацияланады, тісері жоқ. Карпо-педальды спазм, Хвостек симптомы оң анықталады. Бала аз эмоциональды, сирек бұрылады, жоғары қозушылық анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

A) Бронхиолит

B) Бронхит

C) Невроз

D) Эпилепсия

E) +Спазмофилия

 

40.!8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты келіп, қаралды. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тісі жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде аймағында шаштың қырқылуы, қабырға щеткалары айқын байқалады. Асықты жіліктің шыбығының басын балғамен ұрған кезде табанның еріксіз бүгілуі мен аяғының сыртқа ротациясы байқалады, осы кезде балғамен уруға жауап ретінде бет жүйкесінің өтетін жерінде бұлшықеттің жиырылуы байқалады. Шұғыл шаралар:

A) +10% -к 1,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

B) 10% -к 2,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

C) 10% -к 3,2 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

D) 10% -к 3,8 мл кальций глюконатының ерітіндісі к/і

E) 10% -к 0,5 мл кальций глюконатының ерітіндісі peros

 

41.!ЖТД қабылдауында анасымен ЖРВИ басынан өткерген 3 айлық бала. Анамнезінде: бала қайталамалы жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл. Бала омырау емеді. Салмағы 5400 гр., бойы - 61 см. Жүйке-психикалық дамуы жасына сай. Екі рет ЖРВИ ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Қарау кезінде ЖРВИ көріністері жоқ. Бұл баланың ауруға резистенттілігін анықтаңыз:

A) Жоғары

B) +Орташа

C) Қалыпты

D) Төмен

E) Өте төмен

 

42.!Ауруханаға 15 жасар қыз бала жүректің дүрсілдеуіне, ентігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдік, жүдеу шағымдарымен түсті. Бір жыл аралығында осы өзгерістерді байқайды. Ауыр стресс болыпты. Объективті: тынымсыз, көзжанары жақсы, қол саусақтарының треморы байқалады, Ромберг қалпы тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде - везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты дыбысты, тахикардия ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚ 140/50-160/40 мм. сын.бағ. Жиі іш өтулер байқалады. Науқасқа қандай зерттеу тағайындауға болады:

A) Баримен мойын R-графиясы

B) Қалқанша безінің УДЗ

C) Қанда Т3 пен Т4 анықтау

D) Қалқанша безінің сцинтиграфиясы

E) С-реактивті белокты анықтау

 

43.!Бала 10 жаста, 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы 2 күнде кіші дәретке баруы азайған, зәрі қара-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Қарағанда: бетінің, сирақтың ісінуі байқалады. ҚҚ 145/90 мм.с.б. Тәулігіне 300 мл зәр бөлінген, зәрі қызыл-қоңыр түсті, бұлыңғыр. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы – 1024, ақуыз 1,5 г/л, Э-көру аймағында өзгерген. Клиникалық қан анализі: Hb-105 г/л, лейкоцит- 9,2*109, т.я.-7%, с/я-71%, эоз-1%, лиф.-18%, мон-3%, тромб-530*109, ЭТЖ-25 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 60 г/л, альбумин – 32 г/л, мочевина 15 моль/л, креатинин 140 мкмоль/л, калий 6,1 мэкв/л. Эндогенді креатинин бойынша Клиренс – 52 мл/мин. Науқастың бүйрек қызметі қалай бағаланады:

A) жедел бүйрек жеткіліксіздігі

B) бүйрек қызметінің бұзылуынсыз

C) +жедел кезеңді бүйрек жеткіліксіздігі

D) бүйректің концентрациялық қызметі төмендеген

E) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

 

44.!Бала А,, 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныш уақытта ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70ммс.б.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпи центрі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты.

ЭКГ: α бұрышы +160 . Тахикардия ЖСЖ 142 рет мин. Оң жақ бөлімнің гипертрофиясы

ЭхоКГ: ОЖ 3,0 см. ОҚ ұз 5,0 см. СЖ 1,9 СҚ 2,0 см. Оң жақ өкпе сабауы 0,50 см, сол жағы 0.51 см. ФВ 64%. Қарыншааралық пердеде, аорта астылық ақау бар, өлшемі 1,6 см. Жүрекшеаралық перде деңгейінде (сброса) лақтырыс жоқ. Оң жақ қарыншаның шығу бөлігінің гипертрофиясы. Сол жақ қарынша гипоплазиясы. Аортаның оң жаққа бөлінуі 50% жоғары. Болжам диагнозыңыз?

A) +Фалло тетрадасы

B) Фалло триадасы

C) Магистральды тамырлардың екіге ажырауы

D) Магистральды тамырлардың транспозициясы

E) Жүрекше аралық перденің ақауы

 

45.!Карина, 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ – мен ауырған. Тәбетінің төмендігіне, әлсіздікке, қызбаға, бұлшықеттегі, буындағы, сүйектегі ауырсынуға шағымданады. Қыз бала 5 кг – ға арықтаған. Бетте, мойында, кеудеде, аяқ – қолда эритематозды бөртпе. Жарыққа сезімталдығы байқалады. Шаштары қатты, сынғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфааденопатия. Қанда қабыну реакциясы, зәрде нефритке тән әлсіз көріністер. Дәрігер жүйелі қызыл жегіге күмәнданады. Нақты диагнозды қою үшін мына лабораториялық көріністердің қайсысы спецификалық?

A) Гемолитикалық комплемент

B) Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер

C) Аминотрансфераза, альдолаза

D) +Антинуклеарлы антиденелер

E) Холестерин, фибриноген

 

46.!І-ші жүктіліктен, І-ші ұзаққа созылған босанудан жаңа туған нәресте, өмірінің алғашқы минуттарында енжар, спонтандық қозғалыс белсенділігі, қарап тексеруге және тітіркендіргіштерге реакциясы әлсіз, рефлекстері тұнжыраңқы. Айқайы қысқа, аз эмоциалы. Тері жабындылары көгеріңкі, тахикардия, тондары бәсеңдеген, қысқа мерзімді апноэ. Жаңа туған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

A) 9

B) 8

C) 7

D) 6

E) +5

 

47.!4 жасар қыз бала. Шағымдары: жиі және ауру сезімімен зәр шығаруға, «жалған» шақыруларға, зәрін жиі ұстай алмайды, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі. Объективті: дене температурасы 37 – 38 С, зәрін ұстай алмайды, зәрінің иісі жағымсыз, ішіндегі және беліндегі ауру сезімі мазалайды. Пастернацкий симптомы (+) екі жағынан да. Жалпы қан анализі: лейкоцит – 7х10/9л, лимфоциттер – 65%, моноциттер - 15%, т/я – 10%, с/я – 55 %, эритроциттерің тұну жылдамдығы – 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок – 0,3 г, лейкоциттер – 5 – 7 к/а, эритроциттер – 8 – 10 к/а.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс болуы мүмкін?

A) Гломерулонефрит

B) Цистит

C) +Пиелонефрит

D) Тубулопатии

E) Нефрит

 

48.!7 жасар ұл бала. Анамнезінде: 5 жыл бойы ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады, желшешекпен, қызылшамен, баспамен екі рет ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі мен шырышты қабаттары бозарған, сұршылт реңкпен. Бетінің, балтыры мен табанының, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісіңкілігі байқалады. АҚҚ 150/110 мм. с. б. Жүрек шекарасы: 3 қабырғадан жоғары, оң жағы төстің оң қырында, сол жағы бұғана ортаңғы сызығынан 1 см сыртқа қарай. Жүрек үндері ырғақты, үнді, ЖЖЖ 72/рет мин. Жүрек ұшында дөрекі емес систолалық шу естіледі. Диурез 400 мл тәулігіне, зәрі лайлы, қоңыр түсті.

Осы науқасты диспансерлеу уақыты қанша?

A) 1 жыл

B) 3 жыл

C) 5 жыл

D) 14 жыл

E) +өмір бойы

 

49.!3 жасар ұл бала. Шағымдары: енжарлық, аяқ және бет аймақтарындағы ісінулер, тәбетінің төмендеуіне, ішіндегі ауру сезімі. Анамнезінен бала жиі суық тиіп ауырады, екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көзінің алды көгерген, қабақтары ісіңкі, аяқтары ісінген. Лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см, азап ауырады, айналасындағы тіндерге жабыспаған. Жалпы зәр анализінде: белок 14г/л, салыстырмалы тығыздығы 1030, реакциясы сілтілі, эритроциттер 20 дейін к/а, лейкоциттер 8-10 к/а гиалинді цилиндрлер. Науқастың диспансерлеу уақыты қанша болуы мүмкін?

A) 1 жыл

B) 3 жыл

C) +5 жыл

D) 14 жасқа дейін

E) Диспансерлеу қажеті жоқ

 

Date: 2016-05-14; view: 1135; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию