Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ынтымақтастық пен бәсекелестіктің нәтижелері





Ынтымақтастық пен бәсекелестік әртүрлі салдарларға алып келеді. Өзара әрекеттесу мен топ мүшелері арасындағы қарым‑қатынастар олардың тиімділігі мен өз еңбегі нәтижесімен қанағаттану сезіміне қалай әсер ететінін қарастырайық.

Өзара әрекеттесу мен қабылдау модельдері. Бәсекелесуші және ынтымақтасушы топтарды зерттеу ынтымақтасушы топтарда жағымды жақтардың көбірек екенін көрсетті. Бұл топтардың мүшелері тапсырманы орындау барысында бір біріне көмектесуге тырысады, өзара көмектесу сезімі жоғары. Олар өздерін келесілген түрде ұстайды, басқаларына аса назар аудара қарайды. Бұл топтарда бәсекелесуші топтарға қарағанда, сонымен қатар, ұжымдық талқылау, ынтымақтасудың әртүрлі түрлерін дамыту, бір бірімен жайдарлы қарым‑қатынас және қатаң бағыну байқалады. Ынтымақтасушы топтардың мүшелері өз әріптестерінің жетістіктері мен олардың істелген жұмыстағы үлесін оң бағалайды. Зерттеулердің бірінде тапсырманың сәтті және сәтсіз орындалуы жағдайында екі әртүрлі топ типтерінің мінез‑құлқына талдау жүргізілген. Қойылған мақсатқа жеткен кезде екі топ типтерінің мүшелері жетістікті өздерінің арқасында деп есептеген. Ал сәтсіздік кезінде басқаша көрініс орын алған. Ынтымақтасушы топтарда сәтсіздікке әріптестері жауапты болған. Егер мақсатқа жетпесе, бәсекелесуші топта ол орын алған жағдайлармен түсіндірілген. Егер адам тәуелсіз жұмыс істесе немесе өз әріптестерімен бәсекелесетін болса ол сәтсіздігін жағдайлармен түсіндіреді. Ал егер де ол ынтымақтасып немесе өзара әрекеттесіп жұмыс істесе онда өз әріптестерін кінәлайды.

Тиімділік. Ынтымақтастық өзара әрекеттесуді қажет ететін тапырмалардың жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, жаңа тауар әзірлеумен айналысатын топ үшін өзара әрекеттесу мен байланыс қажет болады, өйткені топ мүшелері ақпарат алмасуы, өз жоспарлары мен әрекеттерін қадағалауы,бір біріне көмектесуі қажет. Ал тауарды сатумен айналысатындардың жағдайы басқаша, себебі сату бәсекелестік жағдайында тиімді пайда әкеледі. Сатушылардың әрекеті өзара әрекеттесудің аз болғаны кезінде нәтижелі. Бірақ оны асыра пайдалануға болмайды, тым қатты бәсекелестік сатуға қажетті ақпараттарды жасырып қалуға әкеліп соғуы мүмкін. Ынтымақтасушы топтарда мақсатқа жету үшін көп қысым жасалады. Олар бәсекелесуші топтарға қарағанда көбірек тиімді жұмыстарымен ерекшеленді, себебі олар тығыз өзара әрекеттесуді қажет етті. Тым көп бәсекелестік орын алған жағдайда, жұмыстың нәтижелері нашарлайды.

Нәтижесімен қанағаттану. Ынтымақтасқан топтың өз еңбегі нәтижесінен қанағаттануды бәсекелесуші топтарға қарағанда көбірек сезінеді деген барлық уақытта дұрыс бола бермейді. Зерттеулердің көбісі қанағаттану сезімі қызметкерлердің күтуі мен сыйақыларына негізделетінін анықтаған. Дәл сол сыйақылары қанағаттану сезімін тудырады, ал ол әр топ түрлерінде әртүрлі. Ынтымақтастық топтарда қызметкер жақсы қарым‑қатынаспен, мадақтаумен, өзара жәрдемдесумен және мүмкін сыйақы немесе сыйлықтар алуы ғажап емес. Бәсекелесетін топтардың қызметкерлері жеңістің өзімен, өз біліктілігін арттырумен немесе өз еңбегін басқалардың мойындауымен марапатталады. Адамдардың бір бөлігі бәсекелестікті, оның пайдасын жақтаса, басқалары ынтымақтастықты жақтайды.

Date: 2016-05-24; view: 325; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию