Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына « «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 ж. 11 қараша⇐ ПредыдущаяСтр 91 из 91
Елбасының биылғы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы жариялаған кезекті Жолдауы өзінің сан түрлі бағдарлылығымен ерекшеленеді. Бұл Жолдауда Елбасы еліміздің экономикасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған игі бастамалар мен үлкен жобалардың іске асуына нақты тапсырмалар берді. Соңғы кездері бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс саябырсымай келе жатқаны белгілі. Бірақ Елбасының көрегендігі арқасында еліміз әзірге оны сезе қойған жоқ. Дегенмен, «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, Нұрсұлтан Назарбаев тағы да даналық танытып, халқының келешегін әріден ойлап, қаржы тапшылығын болдырмаудың, оның алдын алудың жолдарын өз Жолдауында көрсетіп берді. Елбасы Қазақстанның ұлттық идеясы болмай, болашақтың дамуына бағдар жасамай, елді дамыту мүмкін еместігін баса айтты. Халықтың бірлігін нығайту, елдің тыныштығын сақтау керектігін, бүкіл әлемдегі қаржы дағдарысынан елді аман алып шығудың жолын толық ашып көрсетіп берді. Бұл — ел үшін, халқымыз үшін жасалған үлкен қадам. Елбасының барлық жағдайды қамтып, жан-жақты ойлауы ел халқының қамы деп ойлаймын. Біздің ендігі міндетіміз — Елбасы Жолдауында көрсетілген жайттарды жадымызда ұстап, өз жауапкершілігімізді сезіне білуіміз қажет. Елбасы айтқандай, болашақ ұрпақ, әрбір адам өзінің елінің тарихын, тілін, дінін біліп, құрметтеуі қажет. Әр қазақ баласы патриот болуы тиіс. Ел болашағының іргетасын қалайтын басты құндылықтардың бірі болып табылатын патриоттық сезім, отаншылдық рухтың, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы туралы Елбасы өзінің Жолдауында әр кез айтып отырады. Сондықтан ел жастары, оның ішінде жоғары оқу орындарында білім алушылар осы тұста өздерінің үлесін қосып, еліміздің дамуы үшін атсалысуы керек. Елбасының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы — әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы біздің ауқымды қадамымыз, заманауи құбылыстарға жаңаша көзқарас.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі. 2015 ж. 11 қыркүйек. Елбасымыз 11 қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қазақ мемлекеттілігі тарихы туралы бірқатар тың тұжырымдар айтты. Бірнеше мыңжылдық тарихы бар Қазақ мемлекеттігі тарихының маңызды белесі болып табылатын-Қазақ хандығының сақ, ғұн, үйсін мемлекеттік бірлестіктерінен бастау алатынын, одан Ұлы Түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болғанын екенін ашық айтты. Сөйтіп Ұлт көшбасшысы қазақ халқының, оның мемлекетінің тарихи тамыры тереңде жатқанын түркітілдес мемлекеттер басшылары мен ресми өкілдері және әлемнің 20-дан астам елдерінің тарихшы ғалымдары қатысқан жиында, әлемге мәлімдеп, қазақ халқының тарихи санасының сілкінуіне жаңа серпін берді. Елбасымыздың бұл сөзін салиқалы тарихи саясатының бір көрінісі деп бағалауға болатын сияқты. Елбасы өзінің тарнихи сөзінде Қазақ хандығының қазақ мемлекеттігіндегі орны мен рөлін айқындап берді. Президент үш ғасырға созылған Қазақ хандығы кезеңін қаһармандық дәуірі ретінде сипаттайды. Қазақ хандығы өте күрделі және ауыр кезеңде құрылып өмір сүрді. Бүгінгі күні жер көлемі жөнінен әлемде 9 орын алып отырғанымыздың түп-төркінінің бірі Қазақ Ордасын 300 жыл бойы сыртқы жаулардан қорғап, ел ішіндегі бірлік-ынтымақты сақтап нығайтқан қазақ хандарының еңбегі арқасы екені мәлім етілді. Еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақ хандығының 550 жылдығы мәртебемізді өсіріп, бірлігімізді одан әрі нығайтатын шара екендігі сөзсіз.
Date: 2016-05-23; view: 1776; Нарушение авторских прав |