Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты жаңа саяси доктринасы. 2013ж. 18 қазан





Бұл жолғы съездің басты мақсаты, Мемлекет басшысы атап өткендей, ұйымның саяси рөлі мен маңызын айқындау еді. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, уақытпен сыналған құндылықтарды нығайтуға үндейтін партияның жаңа саяси доктринасы, партияның алдағы онжылдықтағы міндеттері талқыланды.
Партия доктринасы «Нұр Отанның» алдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі алар орнын айқындап берді. Әр аймақтан Астанаға жиналған 1000-нан астам делегаттар партияның саяси доктринасы қабылданған тарихи сәтке куә болды. Доктринаны түзу арқылы "Нұр Отан” негізгі құнды бағыт-бағдарларын бір жүйеге топтастырған. Ондағы көтерілген мәселелер бұрын-соңды түрлі бағдарламаларда, тұғырнамаларда айтылып жүрді. Енді бір құжатқа, идеологиялық мәні зор құжатқа айналды.

Тарихи құжатта біздің басты жетістігіміз – ел тәуелсіздігі, басты құндылығымыз – адам, оның қадір-қасиеті, құқы мен мүдделері екені көрсетілген. Отбасын нығайту, ата-баба дәстүрлерін сақтау арқылы мемлекеттілігіміз нығая түспек.
"Нұр Отан” жаңа доктринаны қабылдау арқылы мемлекетіміздің негізгі құндылықтарының қорғаушысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мүдделес азаматтардың өз бастарындағы мәселелерді шешу үшін бірігуі, сол жолдағы белсенділігі елдің дамуы үшін керек. Доктринада "Нұр Отан” партиясы – азаматтық қоғамның ажырағысыз бөлігі. Сондықтан біз азаматтық бастамаларды дамытуға, қоғамдық бірлестіктер арасында кеңінен үнқатысуға, қоғамдық бақылауды күшейтуге жағдай жасауға тиіспіз”, – деп көрсетілгеніне көңіліміз толды.

Партия құрылған күннен бастап елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды, экономиканың дамуын әрдайым жақтап келеді. Бизнестің экономиканы дамытудағы орасан зор күш екенін халыққа насихаттап, отандық бизнесті қолдауға дайын екенін іспен дәлелдеуде.
Біздер өмір сүріп отырған жаңалыққа толы әлемде экономикалық даму білім мен инновацияға тәуелді. Доктринада жаңалыққа жаны құштар, ізденуден талмайтын, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол азаматтар зияткер ұлттың негізін құрайтыны көрсетілген.

Доктринадағы "Біз еліміздің азаматтары еркін, ынтымақшыл, заңға тақ тұратын, болашаққа ұмтылғыш, дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін, отбасы құндылықтарын қастерлейтін және келер күнге құлшынған адамдар болғанын қалаймыз” деген сөздер әрбір қазақстандықтың жүрегіне жетсе, мақсат үдесінен шығатын күн алыс емес.

Date: 2016-05-23; view: 1548; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию