Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы





Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

«Айқап» жур­на­лы. 1911 жылғы 10 қаңтар­да Тро­ицкіде қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш «Айқап» ұлттық жур­на­лының бірінші нөмірі шықты. Ұйым­дасты­рушы және бас­па­гер, иде­ялық бас­шы­сы және ре­дак­то­ры М. Се­ралин (1872–1929) бұрын пе­дагогтік және жур­на­листік қыз­метпен ай­на­лысқан, сол кез­ге қарай белгілі ақын, әде­би­етші, қоғам қай­рат­кері болған

«Айқап» жур­на­лы 1911 жылғы қаңтар­дан 1915 жылғы қыркүйек­ке дейін әуелгіде айына бір рет, ал со­нан соң екі рет шығып тұрды. Бар­лығы 88 нөмірі шықты, та­ралы­мы 1000 да­наға дейін жетті. «Айқап» жур­на­лы ағар­ту ісі мен мәде­ни­еттің жар­шы­сы бол­ды.

М. Се­ралин «Айқап» бет­терінде мұсыл­мандар­дың қаси­етті кіта­бының мазмұнын ыңғай­лы, түсінікті ны­сан­да ба­ян­дауға ты­рысқын ав­торлар­дың мақала­ларын жа­ри­ялап отыр­ды. «Айқап» жур­на­лының қазақ фоль­кло­рын зерт­те­удегі, абай­та­нуды қалып­тасты­рудағы, орыс және дүни­ежүзілік клас­си­калық әде­би­етінің ру­хани мұра­сын на­сихат­та­уда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс­тың бас­та­луы жағдайын­да едәуір ши­еленіскен зор қар­жы қиын­дықта­ры, зи­ялы­лар­дың бір бөлігінің сол кез­ге қарай өзінің көркемдік то­лысқан­дығымен, қазақ әде­би тілін түле­туімен, стилінің сын­дарлы­лығымен және ең бас­ты­сы толғағы жет­кен жал­пыұлттық проб­ле­малар­ды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» га­зеті жағына шығуы 1915 жыл­дың та­мызын­да «Айқап» жур­на­лы шығуының тоқта­тылу­ына се­беп бол­ды.


«Қазақ» га­зеті. «Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.

«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.

Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

Га­зетті оның негізін қала­ушы­лар «Қазақ» деп ата­ды. Ха­лықтың өз атын қал­пы­на келтіріп, олар сол арқылы отар­шы­лар та­рапы­нан бұра­тана­ларға менсінбей қарауға қар­сы на­разы­лық білдірді, қазақтар ара­сына ұлтжан­ды­лық мақта­ныш және бірлік иде­ясын та­рат­ты


 

 

Патша үкіметі құлағаннан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты.

1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды. Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту. Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

 







Date: 2016-05-23; view: 7226; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию