Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физика пәнінен емтихан сұрақтары

1. Материалдық нүктенің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының кинематикасы. Санақ жүйесі.

2. Траектория, жол, орын ауыстыру. Жылдамдық. Үдеу және оның құраушылары. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу

3. Материалдық нүктенің динамикасы. Ньютонның бірінші заңы. Масса және күш.

4. Ньютонның екінші және үшінші заңдары. Үйкеліс күштері.

5. Импульстің сақталу заңы. Энергия, жұмыс және қуат ұғымдары. Кинетикалық және потенциалдық энергия.

6. Энергияның сақталу заңы. Абсолютті серпімді және серпімсіз денелердің соқтығысуы.

7. Инерция моменті. Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыстың кинетикалық энергиясы.

8. Айналмалы қозғалыстың динамикалық теңдеуі. Импульс моменті және оның сақталу заңы. Қатты денелердің деформациясы.

9. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және салмақ. Тартылыс өрісі және оның кернеулігі.

10. Тартылыс өрісіндегі жұмыс. Тартылыс өрісінің потенциалы.

11. Космостық жылдамдықтар.

12. Сұйықтың және газдың қысымы. Архимед заңы. Үзіліссіздік теңдеуі.

13. Бернулли теңдеуі және оның салдарлары. Торричелли формуласы.

14. Тұтқырлық. Ламинарлы және турбулентті ағыс режимдері.

15. Тұтқырлықты анықтаудың Стокс және Пуазейль әдістері. Денелердің сұйықтар және газдардағы қозғалыстары.

16. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері. Галилей түрлендірулері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. АСТ-ның постулаттары.

17. Лоренц түрлендірулері. Лоренц түрлендірулерінен шығатын салдары. Екі оқиға аралығы.

18. Материалдық нүктенің релятивтік динамикасының негізгі заңы. Масса және энергияның байланыс заңы.

19. Идеал газ моделі. Изопроцестер. Клапейрон-Менделеев теңдеуі.

20. Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы.

21. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Максвелл заңдары. Газ молекулаларының орташа, орташа квадраттық және ең ықтимал жылдамдықтары.

22. Тасымалдау құбылыстары.

23. Термодинамика негіздері. Молекуланың еркіндік дәрежесінің саны. Больцман заңы. Термодинамиканың бірінші бастамасы.

24. Газ жұмысы. Жылу сыйымдылық. Термодинамиканың бірінші бастамасының изопроцесстерге қолданылуы. Адиабаталық процесс.

25. Айналмалы процесстер, қайтымды және қайтымсыз процесстер. Термодинамиканың екінші бастамасы.

26. Карно циклы. Энтропия. Термодинамиканың үшінші бастамасы.

27. Нақты газдар. Күштер және молекулааралық әсерлесудің потенциалдық энергиясы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі және нақты газ изотермалары.

28. Нақты газдың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі.

29. Сұйықтардың қасиеттері. Беттік керілу. Жұғу. Қисайған бет астындағы қысым. Капиллярлық құбылыстар.

30. Қатты денелер. Моно- және поликристаллдар. Кристаллдық қатты денелердің түрлері.

31. Кристаллдардағы ақаулар. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы.

32. Булану, сублимация, балқу және кристаллдану. Конденсация.

33. Аморфтық денелер. І және ІІ реттегі фазалық ауысу. Күй диаграммасы. Үштік нүкте.

34. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі.

35. Диполь өрісі. Остроградский-Гаусс теоремасы және оның өрістерді есептеу үшін қолданылуы.

36. Кулондық күштің жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы. Өріс потенциалы.

37. Кернеулік потенциалдың градиенті. Диэлектриктердегі электр өрісі.

38. Поляризациялану. Электрлік ығысу. Диэлектриктердегі электростатикалық өріс үшін Гаусс теоремасы.

39. Конденсаторлар. Электростатикалық өріс энергиясы.

40. Ток күші және токтың тығыздығы. Бөгде күштер.

41. ЭҚҚ-і, кернеу. Біртекті және біртекті емес тізбек бөліктер үшін Ом заңдары.

42. Токтың жұмысы және қуаты. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі.

43. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері.

44. Электрондардың металдан шығу жұмысы. Контактілік потенциалдар айырымы.

45. Термоэлектрлік құбылыстар. Эмиссиялық құбылыстар

46. Магнит өрісі және оның сипаттамалары. Био-Савар-Лаплас заңы және оны магнит өрісін есептеуге қолдану.

47. Ампер заңы. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Лоренц күші.

48. Холл эффектісі. Магнит индукция векторының ағыны. Гаусс теоремасы. Магнит өрісіндегі жұмыс.

49. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей тәжірибелері және заңы.

50. Фуко токтары. Контурдың индуктивтілігі, өздік индукция, өзара индукция. Магнит өрісінің энергиясы.

51. Электрондардың және атомдардың магниттік моменттері. Диа – және парамагнетизм. Заттардағы магнит өрісі.

52. Ферромагнетиктер және олардың қасиеттері.

53. Ығысу тогы. Электромагниттік өріс үшін Максвелл теңдеулері.

54. Айнымалы токты алу. Сыйымдылықты және индуктивтік кедергілер. Кернеу резонансы. Тізбектегі айнымалы токтың қуаты.

55. Фотометрия. Фотометриялық шамалар және олардың өлшем бірліктері.

56. Геометриялық оптика заңдары (жарықтың сыну заңы, шағылу заңы, толық шағылу).

57. Линзадағы заттың көрінісі. Линзаның формуласы. Оптикалық күш.

58. Оптикадағы абберация.

59. Толқындық оптика. Жарық интерференциясы.

60. Жұқа қабықшақтағы интерференция. Когерентті толқындар.

61. Бірдей қалыңдық жолақтары. Бірдей көлбеулік жолақтары. Ньютон сақиналары.

62. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс – Френель принципі. Френель зоналары.

63. Фраунгофер дифракциясы. Дифракциялық тор.

64. Табиғи және поляризацияланған жарық. Сәуленің екіге бөлінуі.

65. Малюс және Брюстер заңдары.

66. Жарықтың дисперсиясы. Нормаль және аномаль дисперсия. Жарықтың жұтылуы.

67. Жарықтың шашырауы және жұтылуы. Жарықтың кванттық қасиеттері.

68. Жарықтың жылулық сәулеленуі. Кирхгоф заңы.

69. Абсолюттік қара дененің сәулеленуі. Стефан – Больцман, Вин, Рэлей- Джинс заңдары. Планк формуласы.

70. Фотоэффект құбылысы. Столетов тәжірибесі. Сыртқы фотоэффект заңдары. Эйнштейн теңдеуі.

71. Де Бройль толқындары. Жарықтың корпускулярлық-толқындық дуализмі. Комптон эффектісі.

72. Сутегі спектрі. Бальмер формуласы.

73. Кванттық сандар. Паули принципі.

74. Бор постулаттары. Бор ұсынған сутегі атомының теориясы.

75. Бозе-Эйнштейн және Ферми-Дирак кванттық статистикасының элементтері.

76. Ядролық физика. Ядроның құрылымы және қасиеттері. Байланыс энергиясы.

77. Ядро модельдері. Ядро туралы гипотезалар.

78. Альфа және бета ыдырау.

79. Ядролық реакциялар. Тізбек реакциясы. Синтез реакциясы.

80. Радиоактивтік сәулелену және олардың түрлері мен заңдылықтары. Радиоактивті ыдырау заңы.

Емтихан есептері

1. Массасы т = 5 кг дене заңдылығы бойынша өзгереді, мұндағы А = 5 см және рад/с. Қозғалыс басталғаннан (Т/6) с өткенен кейінгі денеге әсер ететін күшті анықта:
2. Биіктігі 0,5 м керосин бағаны ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді
3. Тұрақты Р =10 Н күштің әсерімен дене түзу сызықты қозғалады. х координатының уақытқа байланысты теңдеуі х = Аt2. Егер А=2 м/с2 болса, онда дененің массасы неге тең?
4. Жоғары вертикаль лақтырылған дененің жылдамдығы 9,8 м/с, лақтырылған нүктеге қайту үшін қандай уақыт қажет?
5. Егер әрбір конденсатордың сыйымдылығы 3 мкф болса, паралель косылған екі конденсатордың сыйымдылығы неге тең?
6. Инерция моменті цилиндр тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Цилиндр -та тоқтауы үшін оған әсер ететін М тежеуші күш моментін табыңыз
7. және нүктелік екі заряд 40 см қашықтықта орналасқан. Екі зарядтың ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін тап
8. Изохоралық процесс кезінде азотқа 70 Дж жылу берілді. Азоттың ішкі энергиясын арттыруға қанша жылу кетті
9. Ыдыстағы қоспадағы оттегінің қысымы 10 кПа, ал азоттың қысымы 8 кПа. Қоспаның қысымы неге тең
10. Жылу машинасы Карно циклы бойынша жұмыс істейді. Қыздырғыштан 4,2 кДж жылу алып, осының нәтижесінде 1,7 кДж жұмыс жасайды. Суытқыштың температурасы . Қыздырғыштың температурасы қандай
11. Жарық сәулесі ауа-шыны шекарасында 600 –пен түседі. Егер шынының сыну көрсеткіші болса, онда сәуленің сыну бұрышын табыңыз
12. Қуаты 60 Вт шам 12 В-тық ток көзіне қосылған, ток күшін анықта.
13. зарядты шексіздіктен өріс нүктесіне тасымалдау жұмысы болғандағы нүкте өрісінің потенциалын анықта.
14. Математикалық маятник минутына 30 тербеліс жасайды. Маятник ұзындығын табыңыз?
15. Массасы m = 50 кг, радиусы R = 0,5 м дискі пішінді дөңгелек жиегіне F=100 Н жанама күш әсер етеді Дөңгелектің бұрыштық үдеуі неге тең?
16. Егер дененің жылдамдығы 3 есе артқанда оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді
17. Ыдыстағы сұйық деңгейінің биіктігі қабырғасындағы тесіктен 1,5 м жоғары болғандағы тесіктен шыққан сұйық ағынының жылдамдығын анықтау керек
18. Көлемі бөлмедегі ауаның температурасы 27°С, қысымы 105 Па. Осы бөлмеде қанша моль ауа бар? Универсаль газ тұрақтысы 8,31 Дж/моль·К.
19. 36000 кДж жұмыс жасау үшін, куаты 25 кВт двигатель қанша уакыт жұмыс жасауы керек?
20. Айналмалы козғалыстың кинетикалық энергиясы 16 есе арту үшін оның бұрыштық жылдамдығын калай өзгерту керек?
21. Үш молді екі атомды идеал газды изохоралық 19° - 21°С-ға қыздырған кезде ішкі энергиясы қаншаға артады?
22. Массасы 10,5 т көмірді шахтадан көтеру үшін 6200 кДж жұмыс жасау қажет. Шахтаның тереңдігін анықтаңыз
23. Массасы m= 5 кг дене заңдылығы бойынша өзгереді, мұндағы A= 5 см және рад/с. Қозғалыс басталғаннан 1/6 с өткенек кейінгі денеге әсер ететін күшті анықта.
24. Температурасы t = 20°С, қысымы Р = 100 кПа және массасы m = 10 г оттегінің алатын көлемін табыңыздар?
25. Материалдық нүктенің қозғалысы (м) теңдеуімен сипатталады. Егер дене массасы 1 кг болса, онда қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен кейінгі нүктенің импульсі неге тең?
26. Массасы 1 т дене қандай биіктікте 10 кДж потенциялық энергияға ие болады
27. Екі атомды газды изобаралық жолмен ұлғайтқанда 160 Дж жұмыс жасалынады. Осы кезде газға қанша жылу беріледі?
28. Индуктивтілігі 2 Гн катушкадан жиілігі 100 Гц айнымалы ток өтетін болса, тізбектің реактивті сыйымдылық кедергісін анықтаңдар.
29. Газдың молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 500м/с, қысымы 50кПа. Осы газдың тығыздығын табыңыз.
30. Сыйымдылықтары С1=2 Ф, С23=4 Ф конденсаторлар өзара тізбектей қосылған. Жалпы сыйымдылықты анықтандар.
31. Ұзындығы 4,9 м математикалық маятниктің периодын табыныз. g= 10 м/с2
32. Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордың жиілігі 100 Гц айнымалы ток өтетін болса, тізбектің реактивті сыйымдылық кедергісін анықтаңдар.
33. Адам бір минутта 100 қадам жасайды. Қадамның ұзындығы 60 см. Адамның қозғалыс жылдамдығын м/с - пен анықтаңыз.
34. Массасы 50 кг және радиусы 0,2 м шардың масса центрінен өтетін осьпен салыстырмалы инерция моменті неге тең?
35. Тербеліс периоды 10 нс болса, электромагниттік толқынның толқын ұзындығы қандай болады? (1 нc= с)
36. Катушканың индуктивтілігі , бұл арқылы =1 А ток өтеді. Катушканың магнит ағыны неге тең?
37. Жинағыш линзаның фокус аралығы 20 см болған кездегі оптикалық күштің абсолюттік мәні неге тең?
38. Бір циклда А=3 кДж жұмыс істелсе және суытқышқа 17 кДж энергия берілсе, онда жылу машинасының п.э.к-і қандай мәнге ие болады? 39. Радиусы 40 см дөңгелек орамнан өтетін ток 4 А. Орамның центріндегі магнит индукциясы 40. Индуктивтілігі 0,5 мГн соленоидтың магнит өрісінің энергиясы 16 мДж. Соленоидтан өтетін ток күші:  

 

Глоссарий

 

Кеңістік және уақыт – материя болмысының негізгі формаларын анықтаушы категориялар. Кеңістік жеке нысандардың бірге өмір сүру тәртібін, ал уақыт – құбылыстардың және материя күйлерінің алмасу ретін, олардың өмір сүру ұзақтығын сипаттайды.

Бастапқы уақыт – уақыт санағын жүргізуді бастау уақыты.

Механика – механикалық қозғалыс пен денелердің механикалық әрекеттесулерін зерттейтін бөлім.

Кинематика – материялық денелердің қозғалысын олардың массалары мен әсер етуші күштерін ескермей зерттейтін механика бөлімі.

Механикалық қозғалыс – материялық денелердің басқа денелермен салыстырғандағы кеңістіктегі орнының немесе оның бөліктерінің өзара орналасуының уақыт бойынша өзгерісі.

Абсолют қатты дене – кез-келген екі нүктесінің ара қашықтығы ешқашан өзгермейтін материалдық дене.

Санақ жүйесі – материялық денелер, не нүктелер қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеу үшін таңдап алынған денеден, оған бекітілген координаталар жүйесі мен сағаттан тұратын жиын.

Радиус - вектор – қарастырылып отырған санақ жүйесінің бастапқы нүктесі мен қозғалыстағы дененің кеңістіктегі орнын үздіксіз қосып тұратын -вектор.

Траектория – материялық нүктенің кеңістікте жүріп өткен жолын көрсететін сызық.

Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы – дененің екі нүктесі арқылы өтетін түзу өзінің бастапқы бағытына параллель болып қалатын қозғалыс.

Қатты дененің айналмалы қозғалысы – дененің барлық нүктелері центрлері айналу өсі деп аталатын түзу бойында жататын шеңбер бойымен қозғалатын қозғалыс

Орын ауыстыру – қарастырылып отырған уақыт интервалының бастапқы және соңғы сәттеріндегі дененің кеңістіктегі орындарын қосатын вектор; орын ауыстыру векторы траекторияға жанама бойынша бағытталады.

Жол – қарастырылып отырған уақыт интервалының бастапқы және соңғы сәттеріндегі дененің кеңістіктегі орындарының траектория бойынша ара қашықтығыs. [s]=1м

Нүкте жылдамдығы (лездік жылдамдық) қарастырылып отырған санақ жүйесінде дененің радиус-векторының уақыт бойынша туындысына тең шама; қозғалыстың кинематикалық өлшемі:

; .

Нүкте үдеуі (лездік үдеу) қарастырылып отырған санақ жүйесінде жылдамдықтың уақыт бойынша туындысына тең шама; нүкте жылдамдығы өзгерісінің өлшемі:

; [ а ]=1м/с.

Бұрыштық орын ауыстыру - модулі дененің шексіз аз бұрылу бұрышына тең, бағыты оң бұранда ережесімен анықталатын және айналу өсінің бойында жататын векторлық шама; , радиан арқылы өрнектелетін өлшемсіз шама.

Бұрыштық жылдамдық - бұрыштық орын ауыстыру векторының уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама. Ол қарастырылып отырған уақыт сәтіндегі айналу өсі бойында жатады және ұшынан қарағанда дененің элементар бұрылуы сағат тіліне қарсы болып көрінетін жаққа бағытталады. Дененің айналмалы қозғалысының кинематикалық өлшемі. Өлшем бірлігі: [ ]=1рад/с. Қозғалмайтын өсті айнала қозғалған дене үшін бұрыштық жылдамдықтың модулі бұрылу бұышының уақыт бойынша туындысына тең: .

Бұрыштық үдеу - бұрыштық жылдамдықтың уақыт бойынша бірінші туындысына тең физикалық шама:

; [ ]=1 рад/с .

Айналу жиілігі n бірқалыпты айналмалы қозғалыстағы дененің толық айналу саны мен оған кеткен уақыт интервалының қатынасына тең шама:

; [ n ]=1 с .

Жанама үдеу материялық нүкте үдеуінің траекторияға сол нүктеде тұрғызылған жанамаға проекциясы (тангенциал үдеу).

Нормаль үдеу материялық нүкте үдеуінің траекторияға сол нүктеде тұрғызылған бас нормалі бойындағы құраушысы.

Динамика – механикалық жүйелердің күштер әрекетінен қозғалысын зерттейтін механика бөлімі.

Масса – материялық дененің инерттігінің және гравитациясының өлшемі. Кез-келген материялық нысанның негізгі сипаттамаларының бірі. Өлшем бірлігі: .

Материялық нүкте – өлшемдерін берілген жағдайда ескермеуге болатын, яғни, өлшемдері орын ауыстырудан көп кіші дене.

Инерциялық санақ жүйесі – оқшауланған материялық нүкте тыныштық күйде немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болатын санақ жүйесі.

Күш – бір материалдық дененің екінші денеге механикалық әсерінің өлшемі. Векторлық шама, өлшем бірлігі: .

Сыртқы күш кез-келген жүйедегі материялық нүктеге бұл жүйеге жатпайтын басқа денелердің әрекет ету күштері.

Ішкі күш – кез-келген жүйедегі материялық нүктеге осы жүйедегі басқа денелердің әрекет ету күштері.

Қозғалыс мөлшері – механикалық қозғалыстағы материялық дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісімен анықталатын векторлық шама: .

Ньютонның бірінші заңы (инерция заңы): денеге сыртқы күштер әсер етпесе, онда ол тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады.

Ньютонның екінші заңы: дененің импульсының өзеру жылдамдығы оған әсер етуші күшке тең: . Немесе: дененің массасы мен үдеуінің көбейтіндісі оған әсер етуші күшке тең: .

Ньютонның үшінші заңы: екі дененің бір-бірімен әсерлесу күштерінің модульдері тең, бағыттары қарама-қарсы болады, яғни: .

Импульстің сақталу заңы: материялық нүктелердің тұйықталған жүйесінің толық импульсы тұрақты болады: .

Масса центрі – жүйенің радиус-вектормен анықталатын С нүктесі:

.

Мұндағы: m i- ші бөлшектің массасы, m – жүйенің толық массасы, i- ші бөлшектің радиус-векторы.

Тербеліс – белгілі уақыт өткен сайын қайталанып отыратын қозғалыс немесе процесс.

Еркін тербеліс – жүйенің өз энергиясы есебінен жүретін тербеліс.

Еріксіз тербелістер – сыртқы периодты күш әсерінен жүретін тербеліс.

Гармониялық тербеліс – синус немесе косинус заңы бойынша жүретін тербеліс.

Өшпелі тербеліс – уақыт өткен сайын біртіндеп әлсірей беретін тербеліс.

Молекулық физика – денелердің әртүрлі агрегаттық күйлердегі физикалық қасиеттерін заттардың микроскопиялық құрылысы негізінде зерттейтін физика бөлімі.

Термодинамика – тепе-теңдіктегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттері мен олардың бір термодинамикалық күйден екінші күйге ауысу процестері

Термодинамикалық жүйе – бір-бірімен және сыртқы денелермен зат пен энергия алмасушы дараланған макроскопиялық денелер жүйесі.

Термодинамикалық процесс – жүйенің кез - келген параметрінің өзгерісі.

Термодинамикалық параметрлер – жүйенің күйін сипаттаушы физикалық шамалар.

Диффузия – газ, сұйықтық, қатты дене күйіндегі екі дене өзара жанасқанда олардың бөлшектерінің араласу және бір - бірінің ішіне өту құбылыстары.

Ішкі кедергі (тұтқырлық) –жылдамдықпен параллель қозғалатын газ немесе сұйықтық қабаттары арасында пайда болатын кедергі.

Жылуөткізгіштік – температурасы жоғары қабаттан температурасы төмен қабатқа жылу тасымалдау құбылысы.

Заттың жылусыйымдылығы – дененің температурасын 1K-ге өзгертуге қажет жылу мөлшеріне тең физикалық шама.

Дененің еркіндік дәрежесі і оның кеңістіктегі орнын толық анықтауға қажет тәуелсіз координаталардың ең аз саны.

Ішкі энергия– жүйедегі барлық микробөлшектердің – атомдар мен молекулалардың, электрондардың толық энергияларының және олардың өзара әсерлесу энергияларының қосындысы.

Термодинамиканың бірінші заңы – жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісі мен жүйенің сыртқы күштерге қарсы жасайтын жұмысына жұмсалады.

Изохоралық процесс – газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты көлемде өтетін процестер.

Изобаралық процесс – газды қыздыру немесе суыту процестері тұрақты қысымда өтетін процестер.

Изотермиялық процесс – тұрақты температурада өтетін термодинамикалық процестер.

Адиабаталық процесс – термодинамикалық жүйелерде сыртқы ортамен жылу алмасусыз өтетін процестер.

Политроптық процесс – жылусыйымдылығы өзгеріссіз өтетін термодинамикалық процесс.

Қайтымды термодинамикалық процесс– жүйедегітермодинамикалық процесс тура және кері бағытта жүріп бастапқы қалыпқа қайта оралғанда қоршаған ортада ешқандай өзгеріс болмайтын процесс.

Термодинамиканың екінші бастамасы – жылуды толығымен жұмысқа айналдыратын периодты жылу машинасын жасау мүмкін емес немесе жылу өздігінен температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге ғана өтуі мүмкін.

Электр заряды – дененің электрмагниттік әрекеттесу қабілетінің сандық өлшемі туралы ғылым.

Элементарзаряд – электронның немесе протонның электр зарядтарына тең ең кіші электр заряды: Кл. Шартты түрде электронның зарядын теріс, протонның зарядын оң заряд деп есептейді

Электр зарядтарының әрекеттесу заңы – аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, әр аттас зарядтар – тартады.

Электр зарядының сақталу заңы – оқшауланған жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болады.

Кулон заңы – екі нүктелік зарядың әрекеттесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура, ара қашықтығының квадратына кері пропорционал: . Мұндағы: q1, q2 – электр зарядтары, r – олардың ара қашықтығы, εo – электрлік тұрақты, ε – ортаның диэлектрлік тұрақтысы.

Электрлік тұрақты – Кулон заңы бойынша екі зарядтың әрекеттесу күшін Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) анықтаушы пропорционалдық коэффициент:

.

Ескірген атауы – вакуумның электрлік өтімділігі.

Диэлектрлік тұрақты – электр өрісі әсерінен диэлектриктердің полярлануын сипаттаушы шама ε.

Электрстатикалық өріс – қозғалмайтын электр зарядтары тудыратын электр өрісі.

Электр өрісінің кернеулігі – электрстатикалық өрістің берілген нүктесінде орналасқан зарядқа әсер етуші күштің сол зарядқа қатынасына тең, өрісті күш бойынша сипаттаушы векторлық шама: . Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі: [Е]= .

Электр өрісінің күш сызықтары –кез-келген нүктесіндегі жанамасыэлектр өрісінің кернеулігі векторымен бағыттас болатын қисықтар.

Электр өрісінің кернеулігі векторының ағыны – беттің элементар бөліктері мен кернеулік векторының осы бөліктерге нормаль құраушылары көбейтінділерінің қосындысына тең болатын электрстатикалық өрістің интегралдық сипаттамасы: . Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі: 1В×м.

Вакуумдағы электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы – тұйық бет арқылы өтетін электрстатикалық өріс кернеулігінің ағыны сол бетпен шектелген аймақтағы зарядтардың қосындысы мен электрлік тұрақтының қатынасына тең болады: .

Магнит өрісі – ток немесе қозғалыстағы заряд айналасында пайда болатын өріс.

Лоренц күші – магнит өрісінде қозғалыстағы зарядқа әсер етуші күш.

Айнымалы ток – уақыт бойынша өзгеріп тұратын ток.

Гармониялық тербеліс – уақыт бойынша синус немесе косинус заңдылығы бойынша өзгеретін тербеліс.

Толқын ұзындығы – бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің ара қашықтығы.

Толқын шебі – бір фазада тербелетін нүктелерден құралған толқын беті.

Умов-Пойнтинг векторы – бірлік аудан арқылы оған перпендикуляр бағытта бірлік уақытта өтетін электрмагниттік өріс энергиясына тең, электр және магнит өрістері кернеуліктерінің векторлық көбейтіндісіне тең шама.

Когерентті толқындар – жиіліктері бірдей және фазалар айырымы тұрақты болатын монохромат толқындар.

Толқындардың интерференциясы – когерентті толқындардың бірін-бірі күшейту немесе әлсірету құбылысы.

Жарықтың оптикалық жол ұзындығы – ортаның сыну көрсеткіші мен геометриялық ұзындықтың көбейтіндісіне тең шама.

Д ифракция – толқынның бөгеттерді айналып (орағытып) өтуі.

Поляризация – толқындағы тербелістің белгілі бір жазықтықта ғана жүруі.

Жарық векторы – электрмагниттік толқындағы электр өрісі кернеулігінің векторы.

Табиғи жары қ – электр және магнит өрісі векторлары кез-келген жазықтық бойынша ретсіз тербелетін жарық.

Оптикалық актив заттар – поляризация жазықтығын бұру қабілеті бар заттар.

Жылулық (температуралық) сәуле шығару – температураға байланысты заттардың ішкі энергия есебінен сәуле шығаруы.

Абсолют қара дене – түскен жарық энергиясын толық жұтатын, яғни жұту қабілеті (а= 1) максимум болатын денелер.

Стефан-Больцман заңы – абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеті температураның төртінші дәрежесіне тура пропорционал.

Винның ығысу заңы – кез-келген температурада сәуле шығару қабілетінің максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығының сол температураның абсолюттік шкаладағы мәніне көбейтіндісі тұрақты шама.

Фотоэффект – жарық сәулесінің әсерінен электрондардың металдардан ұшып шығуы.

Толқындық функция – бөлшектің кеңістіктегі берілген нүктеде болу мүмкіндігін анықтайтын ықтималдылық функциясы.

Паули принципі – бір энергиялық деңгейде төрт кванттық саны бірдей екі электронның бола алмау принципі.

Нуклондар – протон мен нейтрондардың жалпы аталуы.

Массалық сан – атом массасын сипаттайтын бүтін сан.

Атом ядросының байланыс энергиясы – жарық жылдамдығы квадратының нуклондар массаларының қосындысы мен ядро массасының айырымына көбейтіндісіне тең шама.

Радиоактивтілік – ауыр элементтердің альфа, бетта және гамма сәулелерін шығаруы.

Ядролық реактор – ядролық реакциялар өтетін қондырғы.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
собирание, выявление, представление, оценка, исследование доказательств | Структура экзаменационных билетов

Date: 2016-05-18; view: 2340; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию