Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диэлектриктің поляризациясы
Сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың қайта таралып орналасуы диэлектриктің поляризациясы деп аталады. Диэлектриктің поляризациясын сандық сипаттау үшін поляризация векторы енгізілген. Бірлік көлемдегі дипольдік моменттердің қосындысын поляризация векторы деп атайды. Өлшем бірлігі
, Изотропты полярсыз диэлектриктер үшін поляризация векторы сыртқы электр өрісінің кернеулігіне тура пропорционал. , мұндағы: - диэлектриктің алғырлығы. Диэлектриктің алғырлығы диэлектриктің тегіне және температурасына тәуелді болады. Диэлектриктің молекуласының құрылысына байланысты поляризация үшке бөлінеді: Бағыттық поляризация полярлы диэлектриктерде байқалады. Полярлы диэлектриктің молекулалары сыртқы электр өрісіне енгізілгенде электрлік моменттері сыртқы электр өрісімен бағыттас болатындай түрде орналасады. Электрондық поляризация – полярсыз диэлектриктерде байқалады, яғни сыртқы электр өрісіне енгізгенде полярсыз диэлектриктердегі оң және теріс зарядтар бір-біріне қатысты ығысады. Иондық поляризация – иондық кристалдарда байқалады. Полярлы диэлектриктің поляризациясы абсолют температураға тәуелді:
мұндағы: -диэлектриктің кішкене көлеміндегі барлық молекулалардың дипольдік моменттерінің орташа мәні.
Әлсіздеу өрістерде диэлектриктердің алғырлығының температураға тәуелділігі: . Бұл формула Дебай-Ланжевен формуласы деп аталады.
Полярлы диэлектриктің поляризация векторы байланысқан зарядтардың беттік тығыздығына тең болады.
Date: 2016-05-18; view: 1871; Нарушение авторских прав |