Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сопылық философия. Қожа-Ахмет Яссауидің шығармашылық ойлары
Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың сопылық философия ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздін төркіні, шамасы, «қорһоя» - «дана» деген грек сөзінен шықса керек. Сопылық философия ислам дінінің шеңберінде пайда болған мистиқалық (құпия) - аскеттік (өз-өзін шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебін жете тұсіну үшін, біз назарымызды ислам дінінің кейбір ерекшеліктеріне аударуымыз қажет. Ислам діні - тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін. Сондықтан бұл діндегі аса үлкен басымдық бірлік, бірқұдайлық, ол - абсолютті, оған ешқандай күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейін бытыраған көшпенді араб тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа айналдырып, үлкен мемлекет кұру қажеттігі жатқан еді. Иудаизм мен христиандық дін аз да болса «көпкұдайлықтың» сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқ-ты (мысалы, Құдайды адамға үқсатып бейнелеу - иқона, бір Құдайдың үштігі: құдай, әке, ұл және киелі рух т.с.с.)- Ислам дініндегі «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етіп жаратқанмен, өзіне ұқсас еткен жоқ. Сондықтан адам адасып кетпес үшін Ол қоғам өміріндегі болуға тиіс тәртіптің негіздерін, адамның өмірдегі жүріс-тұрысының қағидаларын Мұхаммед пайғамбар арқылы құрандағы Шариғатта алдын ала берген және олар Бұлжытпай орындалуы керек. Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін, ресми мешіттің Бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі қайшылықтарды тудырады. Сондықтан жаңа дінді уағыздаушылар көп ұзамай, екі топқа бөлінеді. Олардың бірін «абид» (Құдайдың құлы) десе, екіншісін «захид» (дәруіш) деп атады. Біріншілері діннің талаптарын ойланбастан Бұлжытпай орындауға тырысса, екіншілері өз ізденістері мен тебіреністері арқылы Алла тағаланы жете тұсінуге, оған рухани жетілу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сіңісуге тырысты. Міне, осы екінші бағыт ислам дінінің шеңберінде сопылық ағымды тудырады. Алғашқы уақыттағы сопылар пендешілікке қарсы шығып, Дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (зухд), Алла Тағаламен бірге болуға тырысты (тақуа). Бұл ауыр жолда олар Мүхаммед пайғамбардың өмір жолын өнеге етті, өйткені ол қандай керемет бай өмір сүру мүмкіншіліктеріне қарамастан, өзін өте әдепті ұстап, қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты. Алғашқы сопылардын бірі Хасен Басри: «Бұл дүние үшін о дүниені сатқан екі дүниеден біржола айырылады, бірақ о дүние үшін Бұл дүниені сатқан екі дүниеге де ие болады», - деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, өнеге тұтқан сопыларының бірі - осы Хасен Басри. Ол жөнінде Яссауи: «Нәпсісін тыйып қаһар қылды Хасен Басри... әзіздердің жағында болғым келер...», - деген екен. Сонымен сопылық философия адамдарды аскеттік өмірге, дүниенің алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биік дәрежеде ұстауға шақырды. Сопылық жолдың екінші үлкен басымдығы - Құдайды шьн жүрекпен сүйіп, оған толығынан берілу мәселесі. Ол үшін адам өзінің менмендігін толығынан ұмытын, күндіз-түні тек Алла тағалаға деген құштарлық, ғашықтық сезімде болуы қажет. Сонда ғана адамның әзіндік сана-сезімі жойылып, Құдайлыққа жол ашылады. Мұндай жан-дүние ахуалын сопылар фана (бейболмыс, Құдайға жетіп, сіңісу) деген ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздарының бірі Руми Джалаледдин төмендегідей нақыл сездер арқылы бізге оны ашық та айқын түсіндіреді: «Біреу сүйген жарының (Абсолюттің) есігін қағады. «Бұл кім?» - деген сұраққа: «Менмін», - деп жауап береді. Есіктің ар жағынан: «Бұл үйге Менімен Сен сыймайсың», - деген дауыс естіледі. Есік жабық қалпында қала береді. Ол тақыр далаға кетіп, жалғыздықтың азабын тартып, аузын берік ұстап, күндіз-түні Құдайға құлшылық етеді. Бір жылдан кейін қайтып оралып, есікті тағы қағады. «Бұл кім?», - деген сүраққа, Ол: «Сенсің», - дейді. Сол сәтте есік дереу ашылады.» Сонымен тек «мендік» толығынан Құдайлықтың шеңберінде еріп-сінген кезде ғана, адам рухтың ең биік сатысына көтеріліп, Алланың кұшағына қосылады. Сопыларды ресми мешіт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, қарапайым халық арасында олардың беделі өсе берді. Олар тек қана Құранның аяттарын, шариғаттың қағидаларын түсіндіріп қана қоймай, дінді философиялық тұрғыдан тереңдете білді. Сопылардың ойынша, Шариғатты терең игеріп, оның талаптарын Бұлжытпай орындау - ол Құдайшылдықтың бірінші сатысы ғана. Өйткені, адамның сыртқы іс-әрекеттері мен оның ішкі пиғылы, ниеттері бір-бірінен тіпті алшақ болуы да мүмкін. Құдайлыққа өтудің екінші сатысында адам осы екі ортада ешқандай қайшылықтар болмауы үшін іс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін адам өзіндік сана-сезіміне өне бойы тереңдей түсіп, оны Жаратушының Құдіретті күштеріне бейімдеуі қажет, Бұл -адамның екінші сатыдан - Тариқаттан өтуімен тең. Сонда ғана адам Құдайға, яғни үшінші саты - Ақиқатқа көтеріліп, Алла тағаланы жүрекпен сезініп, онымен қауышады. Алайда Бұл сиқырлық - мистиқалық қиын жол, ол адамнын Құдайды іздеудің жолында күндіз-түні құлшылық етіп, өне бойы рухани ізденісте болуын талап етеді. Сонда ғана оның ішкі көкей көзі (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла тағаламен сүхбаттаса алады. Міне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 жж.) бабамызды айтуға болады. Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. «Меккеде - - Мүхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет!» деген сөздердің өзі оны бізге ашық көрсетеді. Негізгі осы уақытқа шейін жеткен еңбегі - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Бұл еңбекті, негізінен алғанда, адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады. Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе - ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам - дене, оның қажеттіктері өтелмей өмір сүру мүмкін емес; екіншіден, адам-рух, ол - оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі, аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада Қ.А.Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұнғиығынан іздейді, Бұл көзқарас XX ғ. өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы - рухани ахуал» деген сөзімен үндеседі. Өзінің жас кезіндегі пендешіліктің шырмауында болғанын жасырмай сынай келіп, ұлы ойшыл былай дейді: «Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап, Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ. Халім харап, бауыр кәуәп, көз Бұлдырап, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне». Пендешіліктің жолында (байлыққа, билікке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с) адам өз өмірінің мәнін ашып, адамгершілік Қасиеттерін сақтап қалуы мүмкін емес: ол жалған жолға тұседі. «Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес, Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас. Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...», - дейді ойшыл. Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы - пендешіліктең арылу, нәпсіні тыю. Ойшыл Бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Парсы патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол арсыз жөнінде былай дейді: Бір күні Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естиді. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледі. «Мұнда не істеп жүрсіңдер?» - деген сүраққа, олар: «Түйелерімізді іздеп жүр едік», - депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сүраққа, олар: «Біз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламең жақындасқың келмей ме? Қай заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді: «Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл, Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер». Сопылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұтып: «Шайық Баязит жетпіс рет өзін сатты, Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді. Әрине, мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуі мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалыптастырып, оны әрі қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп насихатталғаны баршаға мәлім, - саяси түрғыдан алғанда, ол керек те болған шығар, өйткені бұрынғы Кеңес Одағындағы өндірісті бірегей (тотальды) мемлекеттендіру адамдардың өндірісті дамытуға деген ынталарын су сепкендей басып, өндіргіш күштерді тоқыраулатқан болатын. Негізінен, сол себепті ол қоғам да құлдырап, келмеске кетті емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дүрыс қоғам орнату мүмкін бе? Әрине, жоқ. Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді: «Дүние менікі дегендер - жаһан малын алғандар, Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. Молда, мүфти болғандар - жалған жала жапқандар, Ақты қара қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар, Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады. Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер, Өз бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады». Ол өз заманындағы рухани-адамгершілік ахуалға көнілі толмай, ондағы кемшіліктерді қынжыла сынайды: «Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. «Ұят барда иман бар», - деп Расул айтты... Ғажап сұмдық заман болды, достар. Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ, Патша мен уәзірлерде әділет жоқ... Түрлі бәле халық үстіне жауды...». Шамасы, Қ.А.Яссауидің өмір сүрген заманы ерте феодалдық қатынастардың қалыптасып, қарқынды даму, таптық қатынастар қайшылықтарының өсу кезеңі болса керек. Енді бүгінгі күнге кез жіберсек «қазы, имам болғандар» (қазіргі соттар), «пара алған әкімдер», «ар-ұждан, әдеп, үят, имандылық, қайырымдылық, әділет-тілік» т.с.с. рухани құндылықгардың құлдырауы Қ.А.Яссауидің заманына ұқсамай ма екен? - деген ащы сұрақ ойымызға келеді. Жоғарыда қойылған сұраққа жауап беру үшін, біз қысқаша болса да, өткен жақын тарихқа кез жіберуіміз керек. Кеңес өкіметі бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттендіріп, жекеменшікті түбірінен опырып, оның иелерін куғын-сүргінге ұшыратып, қоғам өміріне тұрпайы теңдік принципін енгізген болатын. Мұндай жағдайда адамдар ерікті еңбек етіп, өз қалауынша өмір сүре алмай, ішінен тынып, екіжүзділікке, айтылған сөзбен ой арасындағы алшақтыққа баруға мәжбүр болды. Енді міне, үш ұрпақ бойы (75 ж.) жаншылған еріктікке деген ынта, ырық тұрпайы социализмнен бас тартқан кезде, өзінің арнасынан шығып, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына өзінің теріс әсерін тигізді. Көркемдеп айтсақ, көп жылдар бойы беті жабық ыстық қазанның ішінде жиналған бу үлкен жарылысқа әкеліп, қоғамның біршама рухани іргетастарына зақым келтірді. Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендіру басталған кезде біршама байлық «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кете барды, лезде бай, өте бай адамдар пайда болып, халықтың көпшілігі кедейленіп, біршама бөлігі тіпті қайыршылық, жағдайға кез болды. Кеңес заманында шын билікке жете алмай, мәскеу партократтарының қолшоқпарларына айналған, сол рухта ондаған жылдар бойы тәрбиеленген көп шен иелері жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттің шеңберінде өздерін бүкілұлттық сана-сезімнін, талаптардың деңгейінде ұстай алмай, өз қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерінің негізгі себебі де осында жатса керек. Қ.А.Яссауи бабамыздын сездерімен айтсақ, сол кезде пендешілік руханияттылықтан басым болып, «өзімшілдік», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады. Бүгінгі таңда, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақтар легі келгең кезде, нарықтық қатынастар бірте-бірте заңды жолға қойыла бастады да, сол себепті қоғамдық ахуал да басқаша өзгере бастады. Қазіргі басты міндеттердің бірі қоғамның рухани өмірің жандандырып, адамгершілікті басым ұстау болып отыр. Сонда ғана қоғамның бірлігін нығайтып, қарапайым адамдардың өмірге деген ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзі біздің бостандығымыздың іргетастарын нығайтып, бүкіладамзаттық қауымның шеңберінде абыройлы орын алуға мүмкіншілік береді. Расында да, адам бұл өмірде жалғыздан-жалғыз өмір сүрмейді, менің еркімнің шеңбері екінші адамның еркінің аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгілі француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндік дегеніміз адамның басқалардың алдындағы жауапкершілігінің ауыр жугі». Біреу күйзеліс пен зардап шегуде болған жағдайда, екіншінің қанша дәулеті тасығанымен, бақытты болуы мүмкін емес. Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы - қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсыбір зорлық-зомбылықтан, қантөгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс - адамның өзін-өзі жеңе білуі» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды: «Залым егер жәбір қылса, Алла дегіл, Қолың жайда, дұға оқып мойын сұңғыл. Құдай тілек бермесе, сабыр қылғыл, Хақтан естіл Бұл сөздерді айттым, міне». «Сабыр түбі — сары алтын» деген халықтың нақыл сөзі осы -Яссауидің жоғарыдағы ойларымен үндесіп жатыр. Адамзаттың өткен жазұлы тарихында зорлық-зомбылықтың негізінде бақытты қоғамды орнатқан бірде-бір ел аталмайды. Керісінше, зорлық қарымына одан де өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру жек көру-шілікпен ешқашанда тоқталмайды. Тек жек көрушіліктің жоқтығы ғана жек көрушілікті жояды», - деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер бетінде жұмақ - коммунизмді орнатқысы келген болыневиктер қоғамды қандай күйзеліске әкелгенін өткен жақын тарихымыздан жақсы білеміз. Бүгінгі таңда бүкіладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты болдырмау, әр болуы мүмкін шиеленісті бейбіт жолмен шеше білу, жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелері үлкен орын алып отыр. Қ.А.Яссауидің қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі әсер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда. Әрине, арада сан ғасырлар өтті, өндіргіш күштер ол заманда түске де кірмейтін ғажап биіктіктерге көтерілді, бірақ, сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершілік саласы да сондай биіктіктерге самғады деп айта алмаймыз. Әрине, бұл сала да бір орнында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бірақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен болуда. Нәтижесінде, дамыған елдер бүгінгі таңда өз халықтарына материалдың жағынан қандай биік түрмыс деңгейін жасағанмен, миллиондаған адамдар өз өмірінің терең мән-мағынасын таба алмай, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстыққа т.с.с. бұрмаланған өмір жолына түсуде. Тойымы жоқ қоғамда қанша мол материалдық игіліктер өндірілсе де, өне бойы жетіспеушілік байқалады. Сондықтан да осы елдердің көш басындағы АҚШ мемлекеті өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлерді «өз ұлтының мүддесі бар аймақтар» деп жариялауда... Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болатындығына біз кәміл сенеміз. Date: 2016-05-18; view: 4941; Нарушение авторских прав |