Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орта ғасырдағы отандық философия
Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің бабалар көшпенділік мал шаруашылығымен қатар «Жібек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егін егіп, қолөнерді дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биік деңгейге көтерілген. Орта ғасырдағы отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» аталған дана бабамыз Әл-Фараби. Біз оның шығармашылық жолын «араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткені ол түріктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар Орта ғасырларда басқа да көрнекті тұлғалар өмір сүріп, өздерінің тамаша ойларын халыққа сыйлаған. Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар VIII ғ. өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тірейді және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - VIII ғ. Сыр бойында өмір сурген батыр, атақты ақын, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы - өзінше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетеді, сондықтан олардың құндылығы да, міне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай желіс қазақ дастандарында көп кездеседі. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой атап» ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобыланды т.с.с.). «Қоркыт ата кітабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз дәу» ертегісінде кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой-мақсаты, қатыгездігі жағынан «Одиссей» жырының үрейлі кейіпкерін еске түсіртеді. Кітаптың бесінші тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады. Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кітабындағы» көтерілген әлеуметтік мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың бірлігін сақтау, әлеуметтік әділеттілікті жақтау, жер мен суды ақылмен пайда-лану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елді жаулардан корғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмірінің соңғы кезінде қобызын тартып, неше түрлі әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерін, адам жанының көңіл күйлерін, сезімін ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткізе білген. Ол өлгенде, оның артында шығарған күйлері қалады. «Қорқыт күйлері» осы уақытқа дейін ойналады. Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздері өзінің даналығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейін бізді таңғалдырады. «Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес». Қазіргі экономикалық реформалардың барысында әрбір іскер адам, жалпы алғанда, әрбір азамат осы нақыл сөздерді терең сезінуі қажет, ол қазіргі бизнес этикасының негізгі қағидаларының бірі болса екен дейміз. Сонда ғана іскерлер «Мерседес» мінудің орнына, жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзін қарапайым ұстап, шынайы халықтың алғысына кенеліп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтік топқа айналады. «Тәкаппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенін оқырман сезінген болар. «Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас», «Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек — күзге бармас» деген нақыл сөздердің де терең сыры бар. Өйткені Дүниедегі барлық құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберінде өмір сүреді, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құлды, оның өз өлшемі бар. «Ат қиналмай жол шалмас», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен Қайран жоқ» деген нақыл сөздер де өмірлік тәжірибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшін қиындықтар мен қайшылықтардан етіп, тек ақылмен жасалған ұлағатты істер атқару қажет деген ойға әкеледі.
«Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер» дегең нақыл сөз тек көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды қоғамның алға басуының тетігі, негізі деп қарағаны болып шығады. Сонымен Қоркыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бірлік үшін күресу, ізгі ниетте болу, ұлағатты іс-әрекеттермен халықтың рухында қалып, өлместік дәрежесіне көтерілу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретініне біз кәміл сенеміз. Орта ғасырлардағы отандық философияда ерекше орын алатын, бүкіл дүниежүзілік ағарған кауымға мәлім тұлға Жусіп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083 жж.) Баласағүн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегі Қараханид мемлекетінің сауда, қолөнер, мәдениеті дамыған басты қалаларының бірі болған. Негізгі еңбегі «Құтадғу біліг» (Құтты білік) - түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол- қазіргі түркі тілдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылым мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда, мәдениеті жөнінде қыруар мол деректер бар туынды. Ж. Баласағүнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам баска тіршіліктерге қарағанда, ерекше жаратылған пенде. Оның жан-дүниесінен өнер, білім, ақыл-ой, көңіл, ұятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын. Әсіресе таным, білім мәселелерін ойшыл жоғары орынға кояды: «Білім биік, ақыл ұлық, Білімсіздік - ауру...», - деп қорытады ұлы ойшыл. Дастанның арқауы ретінде 4 қағиданы көрсетуге болады. Біріншісі - әділеттілік, өйткені мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ заңдар болуы кажет. Баласағұнның айтуынша, кісіге үш дүние пайдалы: Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі - ұят, үшіншісі - әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Ісі ізгі болса, бүкіл халық сүйеді. Ісі әділ болса, төрге шығады. Екіншісі - бақ-дәулет. «Барлық ізгі нәрсені байқап көр», дейді ұлы бабамыз. Үшіншісі - ақыл-парасат. «Білік берді — адам бүгін жетілді, «Ақыл берді – талай түйін шешілді».
Төртінші – қанағат – ынсап: «Дүние сүйікті болғаны үшін бүкіл айыбы Саған игілік болып көрінеді, ей, елден асқан кымбаттым! Кімде-кім дүниеге көңіл байласа, Тіршілігі оған ауыр тауқымет әкеледі». Ойшыл осы төрт құндылык - әділет, дәулет, қанағат, ақыл -бір-бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады. «Құтты біліктегі» «білік» сөзінің екі мағынасы бар. Оның бірі «білім» болатын болса, екіншісі - «билік ету», «елді басқару». Соңғы мағынада ойшыл: «Бек халықты тек білікпен сендірер, Барлығын да акылына жөңдірер, Дана келсе елді ұзақ билегің – Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегің», - дейді. Өзінің дүниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бірінші орынға кояды. Адам - акыл-парасаты бар ерекше пенде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жок. Адамның ақыл-парасаты құдіретті: «Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын, Білім - жарык, нұрын саған шашатын. Кісі ұланы қара жерге қол салды, Көтерді бәрін, білімін ол қолданды». Өзінің шығармасында Ж.Баласағүн имандылық, әдептілік, жалпы тәлім-тәрбие жөнінде де тамаша өсиеттер калдырды. Оның ойынша, адамдардың карым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық істеп, мәмілеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни қазіргі тілмен айтқанда, компромиске, келісімге келмеу; екіншісі -жалған сөзбен шұғылдану. Тіл, бір жағынан, адамды білікке жеткізсе, екінші жағынан, адамды өмірден әкетуі мүмкін; үшіншісі - сараңдық: «Дүние жинайды, жемейді, артында қалады», - деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл аскетгік өмір салтын жақтайды. Оны біз мына сөздерден байқауымызға болады: «Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады: Мінез-құлқы қыз сияқты, Сүйіндіреді, бірақ колын бермейді. Сүюшіні сүймейді, киік сияқты қашады. Қашқанға жабысады, аяғын құшады...». Жоғарыдағы көрсетілген ұлы бабамыздың ойлары бүгінгі өзгерістегі Қазақстан коғамына өзінің өзектілігімен пайдалы. Оны әрбір азамат білуі қажет. Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың біріне Махмуд Қашқариді (XI ғ.) жатқызуға болады. Негізгі еңбегі - Диуани лұғат ат- түрік (Түркі сөздерінің жинағы). Бұл - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектен біз сол кездегі түркі тайпаларының тілдері мен жалпы мәдениетінің деңгейін ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-эқономиқалық, әлеуметтік жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнінде сан алуан мәліметтер аламыз. «Диуанида» 200-ден астам елең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмірге келгенін аңғару киын емес. Тіл ғалымдарының айтуына қарағанда, «Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтел қазақ тілінде қазіргі өмірде сол қалпында қолданылады екен. Кейбіреулерін келтірейік: «Жанжал шықса, ағайын ақылдасар, Жау келсе, ел тебіренер». «Бақыт белгісі - білім мен ақыл», «Әдептің басы - тіл». «Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Батыр майданда, ғалым әңгімеде сыналар», «Кеңесті іс келісе береді, кеңессіз іс кері кетеді» т.с.с. М.Қашқари түркі халықтарын бірлікке, өз халқын сүюге, халықтың бостандығы үшін жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды. «Қаһарланып атылдын, Арыстандай ақырдым. Батырын жерге батырдым, Енді мені кім ұстар. Есінен дүшпан ауысты. Басар жолын тауысты. Ажалменен қауышты, Сөзге аузы келместен». Қорыта келе, М.Қашқаридің шығармалары көне түрік тайпаларының дүниесезімі мен дүниетанымымен таныстыратын бірден-бір құнды құжат екенін айтып кетуді жөн көрдік. XII ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекиді (Әдіб-Ахмед Махмуд Жүйнеки) жатқызуға болады. Ол жөнінде «...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады», - деген өлең сөздер қалғаи. Негізгі еңбегі - «Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерілген негізгі мәселе - ол адам өмірінің мәні. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көніл бөледі. Адам - саналы түрде іс-әрекет жасай алатын пенде, ал оның санасын, рухын дамытатын - білім. Ойшыл ол жөнінде: «Білімдар «істі біліп, бекін!» - дейді, Ақылмен іс істеген өкінбейді. Білмеген талай жұмыс істеп жүріп, Амал жоқ, түбінде сол опық жейді». А.Жүйнекидің ойынша, «білімсіз - тірі өлік». Оны ол мынандай шумақпен қорытады: «Сүйекте жілік болар, ерде - білік, Ақыл ғой ердің көркі, етте - жілік. Жіліксіз ет секілді білімсіздік, Қол созбас сүйексізге бұл тіршілік». Ғұлама ақын адамның бақытты болуы білімге, ал бақытсыздық қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды. «Кедейдің кертіп жейтін малы - білім, Білімнің жоқ-жітікке берері мол». Ойшылдың көтерген Бұл ойлары бүгінгі таңдағы Қазақстан халқына өзінің өзектілігімен көрінеді: бүгінгі жұмыссыз жүрген көп азаматтардың білімі мен мамандығының төмендігі соның негізгі себептерінің бірі емес пе? Тек қана Дүниеде жинақталған жаңа технологияларды терең игеріп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану арқылы ғана біз дүниежүзілік қауымның терезесі тең мүшесіне айналамыз. Ал ол үшін халықты ағарту, ғылымдағы жетістіктерді оқу-білу қажет. Алайда біз бұл жолда «технократизм», «сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзіміздің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дүнисезімімізден айырылып қалмаймыз ба деген ащы ой еріксізден көкірегімізге ұялайды. А.Жүйнекидің даналығы - ол білімді қажетті түрде моральдық санамен бірге ұштастырып қарайды. Ол бізге «дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тәқаппарлықтан құтыл, кішіпейілдік ұста. Ұлықсынба, абайла, ол - бір Құдай!» — деген тамаша өсиеттерді қалдырды. А.Жүйнекидің біршама моральдық қағидалары Библия, я болмаса Құран сияқты діни кұжаттарда берілген терең ойлармен үндесіп жатады. Мысалы, «қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткені алғашқы қанның ізі кеткенмсн, жаңа қанның ізі қалады. «Біреу зәбір жасаса, қарымына рахат көрсет, кешір, зәбірлік жасама», - дейді ұлы ойшыл. «Бал бар жерде, ара да бар. Ең алдымен араның зәрін байқап көр», - деген бабамыздың сөзінен, біз Дүниенің қайшылығын байқаймыз. Ойшылдың пікірінше, «небір асқан өнерде бірер мін болады», сондықтан «бір айыпқа бола бас кесуші Дүниеде тірі адамсыз қалады». А.Жүйнеки білімді соншалықты зор бағалағанмен, сол білімді тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегінің ақысы қайсыбір болмасын қоғамда төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны біз мынау ойдан көреміз: «өнер арқылы дәулеттің келуі мумкін емес, қиындық атаұлының ең қиыны - осы. Дуние арамдарды көтеріп, адалды шалады», - деп қынжылады ұлы ойшыл. Дүниені танып-білудегі сөз құдіретіне ежелгі түріктер өте улкен мән берген. Оны біз А.Жүйнекидің шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсіресе оның мәнін адамдардың қарым-қатынасына тигізетін әсерінен байқайды: «...Есепті сөз - ер сөзінің асылы, Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста», - дейді ойшыл. Ол адамды мағыналы сөйлеуге, сыр сақтай білуге шақырады: «Ақылды ма кеп сөйлеген күбіне, Талай бастың тіл жетті ғой түбіне. Оқ жарасы жазылады, бірақ та Тіл жарасы жазылмайды: түбі не», - деп тебіренеді ұлы ойшыл. Шын сөз бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді деп, ұлы ойшыл адамды әділдікке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады. Орта ғасырдағы аскеттік өмір салтына сәйкес, ойшыл адамдардың қарым-қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесіне де тоқтап, оларға талдау жасайды. «Жомарт ер білім жолын жете білер, Мал беріп, атақ алып өте білер. Жарылқап кем-кетікті білімменен, Жақсы атпен дүниеден кете білер», - деп тебіренеді ұлы ойшыл А.Жүйнекидің ойынша, «сараң - малдың құлы», ол емдегенмен азылмайтын ауру, оның тубі - менмендік, өркөкіректік тәқаппарлық, ол - нағыз адамның табиғатына сай келмейтін, мүлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмірге жамандық емес, жақсылық, игілікті істер жасау ушін келеді деген түйін жасайды: «...Іспен тәуір жұрттың көнілін анықтап, Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап. Әуелі істер жұмыс иінін ойлап ал, Керек пе, әлде жоқ па екен деп анықтап», - деген ғибрат сөздерді айтады. Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелігі - олар әрқашанда өзінің өзектілігімен көрінеді. Осы түргыдан алғанда, жоғарыда көрсетілген ұлы бабамыздың ойлары бүгінгі заманда өрлеу ұстіндегі халқымызға ауадай қажет.
Date: 2016-05-18; view: 1205; Нарушение авторских прав |