Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гносеология (таным) мәселелері





Лейбниц танымның терең негізін сезімнен тыс өмір сүретін зердеден көреді. Яғни ол Декарттың танымға деген көзқарасын қолдайды. Бірақ Декарттың зерделік «айқын және анық ақиқатына» Лейбниц қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның «тепе-теңдік заңына» сәйкес келуі қажет. Содан кейін «қайшылық заңы» арқылы зерделік білімді тереңдетуге болады. Бұл - қажетті ақиқаттар, - оларды, негізінен, математика саласынан табуға болады, - дейді ұлы ойшыл.

Әрине, бұған қарамастан, біз өмірден алған адамдардың тәжірибелерін де бағалап, пайдалануымыз керек. Бірақ қайсыбір тәжірибе - ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкін. Ол нақтылы деректер ақиқаты - әрқашанда жеткіліксіз, кездейсоқтық.

Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшін біз «жеткілікті негіздеу заңына» сүйенуіміз керек, өйткені қайсыбір деректің, кұбылыстың себебі, негізі бар. Сол негізді аныктау бізді белгілі бір табиғат заңдылықтарына әкелуіге тиіс. Дегенмен тәжірибелік білім бізді тек қана әртүрлі деңгейдегі ықтималдық, болуы мүмкін нәрселерге ғана жеткізеді.

Егер жан-дүние арқылы біз түйсіктерге (перцепция) сәйкес қабылдау дәрежесіне көтерілсек, рух аркылы біз өзіміздің танымдық мүмкіндіктерімізді талдай аламыз. Ақырында, өзімізді-өзіміз тану дәрежесіне көтерілеміз. Осындай адамның өзінің ішкі рухани өміріне тереңдеуін Лейбниц апперцепция дейді. Апперцепция - адамның дүниетануының шыңы, сананың белсенді қызметін көрсетеді. Егер танымдағы сенсуализм бағыты адамның білімі айнала қоршаған ортадан әрқашанда кем деп есептесе, Лейбниц, керісінше, адамның ішкі рухани білімі басым деген пікір айтады. Олай болса, Лейбниц сезімдік танымды толығынан ақыл-ойдан бөліп алып, анағұрлым төмен дәрежеде бағалады. «Өзімізді ойлау аркылы біз болмысты, субстанцияны, тұрпайылық пен күрделілікті, бейзаттық пен Құдайды ойлай аламыз», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, шамасы, болашақ И.Канттың танымдық теориясына зор әсер етсе керек.







Date: 2016-05-18; view: 649; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию