Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дүниетану мәселелері. Күмәндану принципі
Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бірде-бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды... Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндану дейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды. Бұл тұжырымнан шығатын бірінші қағида: адам, негізінен алғанда, - ойлай алатын пәнде. Біздің ойымыз өзімізге тікелей берілген. Ал сезім арқылы берілетін адамның денесі және айнала қоршаған заттардың қасиеттері ой елегінен өткенде, тек қана бұл дүниеде болуы мүмкін сиякты беріледі. Мысалы, егер мен ойлау қабілетінен айырылсам, онда менің өмір сүріп жатқанымның дәлелі дереу жойылар еді. «Ойлаймын, олай болса өмір суремін» қағидасының тағы бір ғажаптығы — ол түсінікті, ашық және мөлдір. Р.Декарт ойлауды өте көлемді де кең түрде түсінеді. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсінеді, қабылдайды, тұжырымдайды, теріске шығарады, киялданады, сезінеді, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы, ұйқы кезіндегі түс көрудің өзі ойлаудан шығады. Адамның танымдық іс-әрекеті Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Біріншісі сырттан қабылданатын сезімдік мүшелерге өзінің әсерін тигізетін идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбір адамның санасында бар. Екінші - адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсерді өзгерту арқылы пайда болуы мүмкін. Соңғы үшінші идеялар - олар бізбен туа біткен, ең маңызды, таным процесінде шешуші рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетеді. Ал оған жеткізетін адамның жан дүниесіндегі табиғи ақыл сәулесі (lumen naturale). Туа біткен идеялардың ерекшеліктері - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, адамның еркінен тәуелсіз. Бұған мысал ретінде Р.Декарт «екі шама үшіншіге тең болса, онда бір-бірімен де тең», «ештеңеден ештеңе пайда болмайды», «бір нәрсенің белгілі бір уақытта болуы мен болмауы мүмкін емес» т с.с. жатқызады. Туа біткен идеяға Р.Декарт «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» принципін де жатқызады. Date: 2016-05-18; view: 1192; Нарушение авторских прав |