Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі
Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы, ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты. Ол Дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз — шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, я болмаса жоғары емес...». «Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», - деген Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмның теңдігін көрсеткендей болады. Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл Дүниенің жаны бар деп түсінеді. Дүниежүзілік жан – заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш – қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм). Ал оны білу – ғылымның негізгі ісі, - деп түсінді Д. Бруно. Д. Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық дәрежеге көтерген, әрине, оның космологиялық идеялары. Ол Н, Коперниктің идеяларын әрі қарай дамытып, «Күн – біздің Дүниенің орталығы ғана, ал Ғарышты алатын болсақ, ондағы саны шексіз жұлдыздардың әрбіреуі - өзінше күн және олардың да планеталары бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», - деген батыл болжам айтты. Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді – кесілді қарсы болды. Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар 8 жыл бойы ұлы ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді қалдырамыз», - деді. Бірақ Д. Бруно олардың ықтиярына көнбей, ақырында отқа жағылды. Қорыта келе, философия бірте – бірте діни көзқарастан алшақтап, ақыл – ой елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене бастады. Табиғат жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқ және моральдық мәселелердің мәні өсе бастады. Ал бұл үрдістер Жаңа дәуірдегі ғылымның, жалпы танымның негіздерін қайта қарауға, философияның жеке ғылымдармен тығыз байланысының орнығуына әкелді. Сонымен келесі тарауда Жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп тудырған философияға тоқталатын боламыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қайта өрлеу заманы деп кай ғасырларды айтамыз? 2. Гуманизм дегеніміз не? 3. Қайта өрлеу заманы адам мәселесін калай шешеді? 4. Н.Кузанский өзінің негізгі еңбегін «Ғылыми білімсіздік» 5. Н.Кузанский сенім мен акыл-ой мәселесін қалай шешеді? 6. Н.Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде? 7. Н.Макиавелли саясат пен моральды калай бір-бірінен 8. Фортуна дегеніміз не? 9. Діни реформациядағы М.Лютердің енгізген өзгерістері қандай? 10. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде? 11.Протестанттық этиканың негізгі құндылықтары қандай? 12.Н. Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі неде? 13.Дж.Бруноның натурфилософиясының ерекшелігі неде?
Рефераттар тақырыбы: Қайта өрлеу заманы философиясындағы гуманистік ағым. Николай Кузанский Қайта өрлеу заманының көрнекті философы. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси қөзқарастары. Н.Макиавеллидің саясат пен моральдың қарым-қатынасы жөніндегі көзқарастары. Діни реформация Қайта өрлеу заманындағы рухани өзгерістердің айқын көрінісі. Л. да Винчи - Қайта өрлеу заманындағы жан-жақты дамыған тұлға Н.Коперниктің ғылымда жасаған төнкерісі. Дж.Бруно және оның философиялық көзқарастары. Протестанттық этика және оның маңызы. Қайта өрлеу заманындағы фатум жэне фортуна мәселелері. Ойланыңыз: Фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский). Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі - менің кедейлігім. (Н. Макиавелли). Қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында зерттеулер, соңында білместік жатыр. (М.Монтень). Сен өздеріңнің қағидаларыңмен Дүниені төңкеріп тастағың келеді, - дейді біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл Дүниені төңкергеннің несі жаман. (Дж.Бруно). Адам - көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла). Қандай қиындык болса да, өмірден бас тартпа. (М.Монтень). Білімге деген іңкәрліктен артык батылдық жок. (М.Монтень). Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп, олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай шеңбермен кысылған жоқсың, сондықтан өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай аласың. (Пико делла Мирандолла).
V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық Философия Кіріспе сөз XVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалы, коғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь каласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англияда «Лондондағы корольдық қоғам», Парижде «Жаратылыстану академиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негіздерін жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді. Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген кұқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің аракатынасы бұрынғыдай «қос акиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік (deus - латын сөзі, құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниені жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан кейін жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай тағала оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты. Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуі қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады. Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық. Date: 2016-05-18; view: 1939; Нарушение авторских прав |