Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқу пәнінің саясатыӘлеуметтану пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, БОӨЖ – 30 сағат, БӨЖ – 30 сағат. Пәннің талаптары: сабаққа кешікпей келу, сабақ барысында ұялы телефонды қолданбау, дыбыссыз режимге қою, аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Зірлеуші: аға оқытушы Есенова Д.К. ___________________ (қолы) Кафедра отырысында қаралды ______________________________ хаттама № ______ «______» __________2015 ж. ЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады. Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым. Аксиологи я – (гректің “axia” «құндылық», “logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын. Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы. Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі. Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі. Агрессия — индивидтің, не топтың басқа бір индивидке, не топқа іштей жау болуы, іс-әрекеттің дұшпандық типі. Агрессия басқаларға физикалық және моральдық жағынан зиян келтіруге бағытталған формада байқалады. Адамгершілік норма — бір әрекеттерді орындауды, Азаматтық қоғам – жеке тұлғаны (адамның) негізгі құқықтары заңды қамтамасыз етілген және қорғалған қоғам. Алғашқы топ — индивидтердің алғаш рет әлеуметтенуі Аудитория — коммуникаторлармен (индивид не топ) өзара әрекеттестікпен біріккен адамдардың әлеуметтік қауымы. Ауттоп — қарым-қатынаста болғанда индивид ешқандай ұқсастық не қатыстық сезімін сезінбейтін адамдардың тобы. Ә Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады. Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы. Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын. Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі. Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді. Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б. Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет. Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады. Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның “statum” жік, қабат және “facere”-“жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер. Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі. Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады. Әлеуметтік қарым-қатынастар - әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі. Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік. Әлеуметтік құбылыс - әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым. Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға. Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі. Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем. Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы. Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі. Әлеуметтік статус - әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады. Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу. Әлеуметтік эксперимент - әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі. Әлеуметтену — индивидттің өз тобының нормаларын Әлеуметтік агрегация — белгілі бір физикалық кеңістікке Әлеуметтік аралық — әлеуметтік топтардың жақындасу, Әлеуметтік әрекет — басқа адамдардың әрекеттеріне мағынасы сай келетін, не соларға бағытталған әрекет үстіндегі адамдардың іс-әрекеті. Әлеуметгік байланыс — адамдардың физикалық және әлеуметтік кеңістікте араласуынан туындайтын әлеуметтік байланыстардың қысқа мерзімді, оңай үзіле беретін түрі. Әлеуметтік бақылау — қоғам не әлеуметтік топ өз Әлеуметтік жүйе — индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет- Әлеуметтік заң — әлеуметгік нысандар арасындағы біршама Әлеуметтік институт — қоғамның негізгі кажеттіліктерін Әлеуметтік категория — индивидтерді бір не бірнеше ұқсас сипаттары бойынша біріктірген әлеуметтік қауымдастық. Әлеуметтік қатынастар — мәні жағынан бір-біріне сай Әлеуметтік құрылым — қоғам не әлеуметтік топтың белгілі Әлеуметтік мәртебе — топтағы индивидтің немесе топтың басқа Әлеуметтік мобильділік — индивидтерді не әлеуметтік нысанның, не болмаса адамның қызметімен жасалып, жетілдірілген Әлеуметтік норм а — әлеуметтік топ мүшелері ұстанатын және бірлесіп келісілген әрекеттер жасауға қажетті тәртіптің белгілі бір үлгісін құрайтын түсініктер жүйесі. Әлеуметтік оқшаулау — әлеуметтік байланыстар мен Әлеуметтік өзгеріс — әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар жүйесінде жаңа сипаттар мен
Әлеуметтік процесс — көптеген әлеуметтік әрекеттерден Әлеуметтік стереотип — топ мүшелерінің басқа топтың Әлеуметтік тартыс — бағындыру, өз еркін тану, артық ақы Әлеуметтік топ — топ мүшелерінің бір-бірімен қарым- Әлеуметтік шеңбер — мүшелері хабар алмасып тұру мақсатымен құрылған әлеуметтік кауымдар.
Б Бақылау - әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді. Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады. Билингвизм – қостілділік. Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм. Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт. Басқару — ұйымның барлық элементтерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруды қамтамасыз ететін, оның бөліктері мен Бәсеке — бір мақсатқа ұмтылған бәсекелестерді ығыстыру, не алдына шығу арқылы сыйлық алуға жету әрекеті. Белгіленген мәртебе — индивидтер қабілеттері мен тырысуына қарамастан оларға қоғам мен топ алдын-ала белгілеп қойған әлеуметтік бағыт. Бейімделу — бұрын қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жаңа ортаның қажеттіліктерін өтеп, қолайлы тәртіп Босқын – нәсілі, дін тұтуы, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуы немесе саяси нанымдары бойынша қуғындаудың құрбаны болудың әбден негізді қауіптеріне қарай өзі азаматтыққа жататын елден тыс жерде жүрген және өзінің қауіптерінің салдарынан осы елдің қорғауын пайдалануды қаламайтын адам Блокада — адамның іс-әрекеті барысында үзіліс, Бюрократия — іс-әрекеттері мен жауапкершіліктері айқындалып, бір-бірінен формальды кұкықтары мен міндеттері В Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы. Д Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу. Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі. Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым. Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі. Дәстүр — адамдар бұрын пайдалы болғандықтан да қабылдап, кейінгі ұрпақтарға беріп отыратын мәдени нормалар мен Девианттық ауытқу тәртібі — жалпы жұрт қабылдаған нормаларға сәйкес келмейтін, нәтижесі бір нормаларды бұзуға апарып соқтыратын индивидтің немесе топтың тәртібі.
Е Екіншілік топ — мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жеке емес сипатта болатын топ. Ж Жасырын қызмет — әлеуметтік институт қызметінің байқалуы қиын бөлігі; әдетте, елеусіз болып танылмауы да мүмкін, И Интруппа — индивид қарым-қатынасында өзінің ұқсастығын, қатыстылығын сезінетін топ, не әлеуметтік категория. Институционалдандыру — кейбір қоғамдық кажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметгік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау және
К Контрмәдениет — басым мәдениетке қарама-қарсы келіп, Конформизм — топтық қысым көрсету арқылы бақыланып отыратын тәртіп. Топ өзі енгізген тәртіп нормаларының көмегімен индивидтерді топ мүшелерінің интефациясын қолдауға мәжбүрлейді. Кооперация — бір мақсатқа жету үшін бір, не бірнеше Көлденең мобильділік — индивидтік не әлеуметтік нысанның сол деңгейдегі бір әлеуметтік бағыттан екіншісіне ауысуы. Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі. Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі. Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт. Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.
Қ Қол жететін мәртебе — индивидтермен айналысып Қоғамдық пікір - әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.
Л Лидерлік — топ серкесі ролін атқаруға қажетті
М Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт. Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың рухани жағдайы. Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер. Моногамия – бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке. Монотеизм – бір ғана құдайды мойындайтын дін. Маргинал тұлға — екі, не одан да көп мәдениеттің арасындаболып, бір-бірімен толық емес, бірімен ғана жарым- Миграция — басқа аймаққа, басқа географиялық ауданға, болмаса қоныс аудару арқылы индивидтердің, әлеуметтік Моральды тұлға — қоғам мүшелерінің көпшілігі пайдаланатын мәдениет үлгілерін мойындайтын адам.
О Отбасы — бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді канағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық катынастары арқылы Ө Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
П Парламент – елдің жоғары өкілдікті органы, ол мемлекеттің саяси ұйымы жүйесіндегі заңнамалық билікті жүзеге асырады. Партия – аса маңызды әлеуметтік-саяси институт, сол арқылы азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы жүзеге асырылады, ол саяси мақсаттарға жетуге бағдарланған ұйымды көрсетеді. Р Респондент – социологиялық зерттеу барысында сауалдарға жауап беруші. Референтті топ – әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін тобы, сол топтың қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік. Рөл тартысы — индивидтің өзіне сай келмейтін жауапкершіліктері мен талаптары талас тудыратын бір немесе бірнеше рөлдерді орындауына байланысты болатын тартыс. Рөлдік тәртіп — әдістегі мінез-құлқына сәйкес рөлін қарапайым орындаудан өзгеше белгілі бір әлеуметтік рөл ойнаушы
С Социеталдық – күрделі әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік қарым-қатынастар мен процестерді белгілейтін ұғым. Социометриялық әдіс – социология ғылымы шешуге тиісті көптеген міндеттерді шағын топтарда болып жатқан процестерді зерттеу арқылы орындайтын әдіс. Сұхбат – (интервью) респонденттен ауызша қойылған сұраққа тікелей жауап алу арқылы жүргізілетін социологиялық зерттеу әдісі. Саясат – әлеуметтік топтар, ұлттар, таптар арасындағы қатынастармен байланысты қызмет саласы, оның өзегі мемлекеттік билікті пайдалану проблемасы болып табылады. Макс Вебердің анықтамасы бойынша, “саясат” ұғымын кең мағынада дербес басшылық жөніндегі қызметтің барлық түрлерін зерттеп-зерделеу кезінде пайдалануға болады. Билік және мемлекет проблемаларын зерттеу контексінде саясат билікке қатысуға немесе билікті бөлісуге ықпал көрсетуге ұмтылуды білдіреді, мейлі, ол мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет ішіндегі, адамдар топтарының арасындағы билік бола берсін. Саясат анықтамасының шешуші сөзі – “билік”. Стратегия (грек тілінен алынған) – мемлекет қызметінің жалпы бағыттары; оның басты мақсаттары мен оларға қол жеткізудегі негізгі тәсілдердің жиынтығы. Сыртқы ортаның факторларын есепке алуды ұйғарады. Т Тұжырымдама – басқарушы идея, жалпы ой-пиғыл, яғни алға қойылған мақсатқа жету үшін белгіленген негізгі жол.
Тік мобильділік — индивидтің не әлеуметтік нысанның
Ұ
Ұйым — бір-бірімен байланыста болып ерекше мақсаттарға
Э Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ. Элита – (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.
|