Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






йымдастырылған оқу іс-әрекеті





Білім беру саласы:

Шығармашылық.

Бөлімі:

Сурет салу.

Тақырыбы:

«Қуыршақ-құмалақ».

Мақсаты:

Түрлі түсті қарындаштармен бірнеше домалақ пішіндерден тұратын ойыншықты бейнелеуге үйрету.

Көрнекіліктері:

Сюжетті сурет, доп, қуыршақ, таратпа материалдар

Әдіс-тәсілдері:

Көрсету, түсіндіру, тапсырма беру, сұрақ-жауап, қайталау, бағалау, мадақтау, бекіту.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ізденуші-ұйымдастырушылық Рефлексивті коррекциялаушы Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жайнай түссін гүліміз. Армысың көк Аспан, Армысың жер Ана! Армысың достарым, Сендерді көрсем, қуанам! -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінің қандай айы? -Далада ауа райы қандай? -Жарайсыңдар, Ботақан! Бүгін біз «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша, Сурет салудан, «Қуыршақ құмалақ» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтеміз. Алдымен Ботақан тақтадағы суретке назар аударайық. Суретте Айдос пен Жанардың көңіл күйі жоқ. Себебі, балалар, Айдос апасының кеше ғана алып берген добын жоғалтып алды. Апасы енді не деп айтар екен деп уайымдап отыр. Ал Жанардың қуыршағының гүлді көйлегі лас болып қалыпты. Сол себепті де Жанардың да көңіл күйі жоқ. Ботақан, біз Жанар мен Айдосқа көмектесе аламызба? Ендеше, алдарымызда берілген таратпа материалдағы көйлекке әдемі гулдер салып берейік, ал көйлектің жанына Айдосқа доп салып берейік. Ботақан, мен допты қалай салу керектігін ұмытып қалыппын. Маған көмектесіңдерші, доп қандай геометриялық пішіннен тұрады? Жарайсыңдар, Ботақан! Оң қолымызға қалаған түсті қаламды үш саусақпен ұстаймыз. Сонан соң сол қолымызбен парғымыздың шетінен ұстап, денемізді тік ұстап отырып саламыз. Балалар жұмысын бақылау, көмектесу. Сергіту сәті: Қайталау сұрақтары: -Ботақан, бүгін біз қандай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өттік? -Айдос пен Жанардың неге көңіл-күйлері жоқ? -Ботақан Айдос пен Жанарға көмектескендеріңе көп көп рахмет. Сендердің салған суреттеріңді міндетті түрде апарып беремін. Балалар жұмысын бағалау, жақсы қатысқан балаларға мақтау мадақтау әдісін жүргізу  

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі керек:

Бір-біріне көмек көрсету керектігін;

Игеру керек:

Ойыншықтардың геометриялық пішіндерден тұратындығын;

Не үйренді:

Сурет салудың технологиясын;

 

Date: 2016-05-18; view: 698; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию