Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Операцияны зерттеудің негізгі кезеңдеріСтр 1 из 8Следующая ⇒
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ И.Сәтпаев атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Ақпараттық технологиялар кафедрасы Операцияны зерттеу негіздері пәні бойынша КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА Тақырыбы:Тауарларды сатып алуда тиімді пропрорцияны анықтау
Жетекші: Балғабаева Л.Ш. Студент: Ұран Айжан Мамандығы: 5В070300 Тобы: ИС(б) – 13- 1қ
Алматы 2015 Тапсырма
Мына кестеде берілгендерді анықтап,транспорт есебін шығару керек:
D=
D матрицасында сандар жүкті жіберу пунктінен белгіленген пунктке жіберілетін жүк санын анықтайды. белгісі жіберу пунктінен белгіленген пунктке тасмалдауға шектеу жок дегенді білдіреді.
КІРІСПЕ Қазіргі кезеңде операцияны зерттеу әдістері адамзат өмірінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Операцияны зерттеу өзіндік ғылыми бағыт ретінде жаугерлік іс-әрекеттердің жақсы ұйымдастырылуы, сонымен қатар әртүрлі шешімдерді қабылдау барысында берілетін бұйрықтардың нәтижесін анықтау қажеттілігінен қалыптасты. Операцияны зерттеу әдістерінің көмегімен қарсыласыңның қарулы күшінің жағдайын толығымен білмей-ақ, әскери операцияларды тактикалық және стратегиялық тұрғыда жоспарлауға болады. Бұл ғылымның математикалық әдістері күрделі авиациялық, ракеталықжәне ғарыштық кешендерді жобалауда қолданылады. Математикалық жобалау аппараттың негізін сызықтық және бисызықтық бағдарламалау, шешімдерді қабылдау теориясы, бұқаралық қызмет көрсету теориясы, ойындар теориясы және имитациялық модельдеу қалайды. Негізінде ЭЕМ-ң өмірге келуі көптеген ғылымдардың пайда болуына жол ашты, соның бірі шешімдерді дұрыс қабылдауды қарастыратын ғылым – операцияларды зерттеу ғылымы еді. Операцияны зерттеу әдістемесі соңғы бес онжылдықта экономика, ұйымдастырушылық, ғарыштық, энергетикалық, қорғаныс жүйеленрі және оларды іс жүзінде қолдану тәсілдерімен тығыз байланыса отырып қалыптасты.Бұл процестің ең негізгі этапы болып – адамзат іскерлігінің ақпараттық аспектілерін зерттеу жұмыстары есептелінеді, себебі бұл автоматты басқару идеясын тудырды. Іскерлік қабілеттілігін арттыруға ұмтылу қоғамға тән нәрсе және оның көптеген себептері бар - өндіріс масштабының өсуі, техниканың қымбаттауы және күрделенуі, ресурстардың шектеулілігі және т.б. Негізінде АБЖ-ны – нақтылы және толық ақпаратты жаңа есептеу техникаларын, шешілуі мүмкін ғылыми әдістер анализін қолдануға негізделген техникалық – ұйымдастырушылық басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз. Операцияны зерттеудің даму тарихы – оның жұмыстарының масштабының үздіксіз өсуі және олардың бағыттарының әртүрлілігімен ерекшелінеді. Бұл ғылымның дамуына белгілі ғалымдар – А.Н.Колмогоров, Дж.Нейман, Л.В.Канторович, Дж.Данциг, Ю.Б.Гермейер және Көптеген басқалары өз улестерін қосты. Олардың еңбектері тек шешімді дайындау әдістерінің санын арттырып, қолдану шекарасын кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар ғылымда жаңа бағыттардың құрылуына жол ашты. Операцияның зерттеу әдісістерінің көмегімен әртүрлі есептер қарастырылады, бұл әдістрдің теориялық негізін және олардың даму перспективасын кеңейтеді. Операцияны зерттеу – білім саласы ретінде кеңейе түсуде, оның теория және тәжірбие жүзінде алынған нәтижелері артып отыр. Осындай шарттар негізінде бірдей әдістемілік анализдеу принцптеріне, зерттеулердің жеткен жетістіктеріне үлкен мән береді. Теориялық бөлім Операцияны зерттеудің негізгі кезеңдері I Операцияны (басқарылатын жүйелерді) жүйелеп талдау II Операцияны басқару есептерін мазмұндау және операцияның қарапайым бөлшектерін бөліп шығару III Болжамдар жасау (немесе жорамал құрастыру) IV Математикалық модельді құрастыру V Басқару есептерін шешетін әдісті таңдау VI Алгоритмді жүзеге асыратын программа құрастыру және оны жөнге келтіру VII Есепті шешу және шешімдерді талдау VIII-кезең.Есепттің шешімдерін іс жүзінде талдау Операцияны жүйелеп талдау. Бұл кезеңдегі жұмыстарды технолог пен операцияны зерттеуші бірігіп жасайды. Жоспарлаушы мен технологтердің рольдері жоғары. Операцияны бөліктерге бөліп осы бөліктерді жеке-жеке зерттеу, талдау жүргізу және осы бөліктерінің өзара бірігіп әрекеттесуін талдау қажет. Мәлеметтер көздерін табу АБЖ кезінде ақпарат желісін тұрғызып, керекті мәлеметтерді табуға және талдауға ЭЕМ қолдану керек. Осы кезеңде операцияға әсер ететін барлық қозғаушы күштерді тиянақтап табу және осы операцияны зерттегендегі қорытынды қандай өмірдегі құбылыстарға қолдануға болатындығын анықтау, тиімділікті салыстыратын белгілерді анықтау жұмыстары жасалады. Операцияны басқару есептерін мазмұндау және операцияның қарапайым бөлшектерін бөліп шығару. Бұл кезеңдегі жұмыстарды технолог пен операцияны зерттеуші бірігіп жасайды. Операцияны талдау нәтижелерін мазмұндау және суреттеу керек. Операцияның мазмұндалған бейнесі математикалық модельдерді тұрғызуға жеткілікті болу шарт. Бұл 1. Операцияның қозғаушы еүшінің тізбегі бөлу керек олар математикалық моделдерде ескерілу қажет. 2. Осы қозғаушы күштерінің өзара әрекеттесуінің шамасы (сипаты) болу керек. 3. Осы операцияның бөлшектерінің бүтін операцияға орны көрсетілуі керек. Операцияның қарапайым бөлщектерін немесе актілерін бөліп шығару аралық кезең болып есептеледі. Бұл кезең күрделі операцияны зерттегенде қолданылады. Операциядағы негізгі қозғаушы күштерді бөліп шығару керек. Олар төртінші кезеңде математикалық өрнектермен немесе формулалармен өрнектеледі.
Болжамдар жасау. Бұл кезеңдегі жұмыстарды технолог пен операцияны зерттеуші бірігіп жасайды. Болжам берілген есептерді ықшамдауға, қарапайым түрге келтіруге көмектеседі. Болжам тексерілетіндей болу шарт. Болжам тексерілетін операцияның туроасындағы жетіспейтін мәлеметтерінің орнын толтыру керек. Бұл мәлеметтер тәжірибе жолымен тексерілуі шарт. Болжамдарды құрастырған кездегі кейбір қателер: нәтиже орнының ауысуы негізсіз қарапайым болжамдарды қабылдау, кездейсоқ шашырыңқы факторды шындық ретінде қабылдайды. Жиі кездесетін болжамдар: 1. Суықтық. 2. Дөңес. 3. Адективтік. Математикалық модельді құру. Операцияны зерттеу үшін іс жүзінде қолданбалы математика маманы мен операцияны зеттеуші бірігіп жұмыс жасайды. Модель – ақиқатты нақты белгілеу. Молдель көмегімен есептеуге және болжауға болады. Математикалық модельді тұрғызу үшін тәуелсіз және тәуелді айнымалыны енгізеді.Тәуелсіз айнымалылар есептің негізгі шешімдерін табуға қолданылады. Олар тиімділік айнымалымен, қозғаушы күштермен байланысты. Математикалық модель мақсатты функция мен шектеулерден тұрады. Мақсатты функция деп тәуелсіз айнымалылардың максималды немесе минималдымәнін іздейтін функцияны айтады.Шектеулер – ол тәуелсіз айнымалылар жиынтығының дәлдік шегін анықтайтын теңдеулер жүйесі. Басқару есептерін шешетін әдісті таңдау. Бұл кезеңдегі жұмыстарды операцияны зерттеуші мен математика маманы бірігіп жасайды. Математикалық модельді келесі белгілермен жіктеуге болады: 1. Айнымалының саны бойынша бір өлшемді және көп өлшемді оптималдандыру есептерге бөлінеді. 2. Шектеулерге байланысты шартты және шартсыз есептерге бөлінеді. 3. Тәуелсіз айнымалының уақыттан функция болу болмауына байланысты статикалық, динамикалық оптималдандыру есептеріне бөлінеді. 4. Ескерілетін информармацияның дәрежелері бойынша детерминдік және стохастикалық оптималдандыру есептеріне бөлінеді және т.б. Математикалық модельді жасаған соң мақсатты функциялар мен шектеулердің түрі бойынша қандай математикалық бағдарлау есептеріне жататынын қарастыру керек: 1. Сызықтық бағдарламалау – егер мақсатты функция мен шектеулер сызықты түрде болса және тәуелсіз айнымалылар мәндер жиынының шекті мәндер қабылдаса. 2. Бейсызықты бағдарламалау – Егер математикалық функция немесе шектеулер бейтаныс түрде берілсе. 3. Дискретті бағдарламалау – Егер математикалық функция мен шектеулер сызықты түрде болса, бірақ тәуелсіз айнымалылар мәндер жиынынан тек дискретті мәндер қабылдаса. 4. Динамикалық бағдарламалау – Егер тәуелсіз айнымалылар кейбір параметрден (уақыт, қадам, кезең және т.б.) функция болса. 5. Ойындар теориясына – Егер шешім активті немесе пассивті қарсы әрекет жағдайында қабылданса. 6. Стохастикалық бағдарламалау – Егер тәуелсіз айнымалының бастапқы мәндері немесе мақсаты функцияның коэффициенттері толығымен белгісіз болса, т.б. Сондықтан, қарастырып отырған есеп қандай математикалық бағдарламалау есептеріне келісетінін қарастырып, есепті шешетін әдістер тобын табамыз. Топ шінде нақты шешім әдісін табу – ол есептеу алгоритмінін тиімділігіне байланысты жүзеге асырылады. Оптималдандырудың барлық таңдалған сандық әдістері есептеу алгоритміне дейін нақтыланады. Алгоритм дегеніміз – есептің шешімін табу үшін оның берілген шарттарын қалай, қандай кезекпен қолдану керектігіне нұсқаулар дәлді анықталған іс - әрекеттер ережесі. Date: 2016-05-13; view: 1420; Нарушение авторских прав |