Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Таң намазының 2 рәкәғат парызының оқылу тәртібі

ТАҢ НАМАЗЫ

(таң намазы – 2 рәкәғат сүннет және 2 рәкәғат парыз)

Таңнамазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі

Әуелі ниет етіледі:«Таң намазының екі рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа»,Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады.

Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуу з у билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-лә з иина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Кәфирун сүресі

Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихтыайтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Ескерту: Екінші рәкәғатта алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуу з у айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Ықылас сүресі

Қул һуаллааһу ахад, Аллааһус-сомад, ләм ялид уә ләм иююләд, уә ләм якул-ләһуу куфу-уан ахад.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» депайтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйелнамазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә з алжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен таң намазының 2 рәкәғат сүннеті де аяқталды.

Таң намазының 2 рәкәғат парызының оқылу тәртібі

Әуелі қамат айтылады, (қаматты әйелдер айтпайды) сосын ниет етіледі:«Таң намазының екі рәкәғат парызын өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына (ұйыдым осы имамға) хаалисан лилләәһи таъаалаа»,Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуу з у билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-лә з иина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Асыр сүресі

Уәл ъаср, иннәл инсәәнә ләфии хуср, илләллә з иинә әәмәнуу уа ъамилус-соолихаати уа тауаасау бил-хаққи уа тауаасау бис-собр.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдер саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихтыайтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдер сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, таң намазының 2 рәкәғат парызының 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Кәусәр сүресі

Иннәә әътойнаа кәл-кәу с әр, фасолли лироббика уәнхар, иннә шәәни-әкә һуәл әбтәр.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып, тік тұрған соң «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет «Субхаана раббиял аъләә» депайтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйелнамазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын: «Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә з алжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин». Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен таң намазының 2 рәкәғат парызы да аяқталды.

Осылайша намазды толық бітірген соң Аятул курси оқылады:

Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим. Аллааһу ләә иләәһә илләә һуәл-хайюл-қаюуум, ләә тә хузуһуу синәтуу уә ләә нәуум, ләһуу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мәң з әллә з ии яшфаъу ъиңдаһуу илләә би-и з ниһ, яъламу мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхиитууна би-шәй-иммин ъилмиһии илләә би мәә шәә, уасиъа курсиюһус-сәмәәуәәти уәл-ард, уә ләә я-уудуһуу хифзуһумәә уә һуәл ъалиюл ъазим.

Аятул курсиді бітірген соң төмендегі сөздер 33 реттен айтылады:

1.Субхааналлааһ – 33 рет

2.Әлхамдулиллааһ – 33 рет

3.Аллааһу әкбар – 33 рет

Сосын мына дұға оқылады:

Ләә иләәһә иллаллааһу уәхдәһуу ләә шәриикә ләһ, ләһул мулку уәлаһул хамду, уә һуә ъалаа кулли шай-ин қодиир.


<== предыдущая | следующая ==>
Примерные нормативные требования по общей физической подготовке для занимающихся в секции мини-футбола | Такой уровень средней заработной платы в Мелитополе не получают половина, работающих

Date: 2016-05-16; view: 4470; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию