Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азіргі кездегі Қазақстандағы және Павлодар облысындағы экологиялық мәселелер





Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы негізгі атмосфераны ластаушы көздерге - табиғи қазба байлықтарды өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар мен қаладағы жылу қуатымен қамтамасыз ететін орталықтар және автокөлік жатады. Қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіндер өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстары. Үлкен көлемде жиналып қалған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізіп кана коймай, адамдардың өмір сүруіне үлкен қауіп тудырады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындарда экологиялық нормаларды сақтау үшін коршаған ортаны корғауға арналған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайтын жаңа технологияларды қолданып өндіріс күшін арттыруда. Өндірістік қалдықтарды қайтадан қолдану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді. Мысалы, Қостанай облысындағы тау-кен өндірісі салаларымен жылу қуаты кешендерінде өндірістік экологиялық бақылау жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Қызыл Октябрь кенішіндегі қалдықтарды жою туралы іс-шара өткізіліп, қалдықтың мөлшері біршама азайтылды.

Экология

Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.

 

 

Билет 39

Шөлдену – шөлге шектес жатқан жерлердің құнарсыздануы барысында шөлді аумақтардың ұлғаюы. Шөлденуге табиғи (климаттың циклдік өзгеруі нәтижесінде ағын сулардың өзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңшылықтардың қайталанып отыруы) және антропогендік себептер (ауыл шаруашылық мен өнеркәсіптің дамуы, тағы басқа) басты әсер етеді. Шөлдену процесі кезінде өсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың), топырақ эрозиясы (онымен қоса жел мен су эрозиясы), топырақтың тұздануы, көп жылдық өсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады. Ал адамзаттың шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де Шөлдену аумағы тез өседі. Адамзат өз тарихында кезінде өнім беріп келген шамамен 1 млрд га-дай жерді шөлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін (Еуропа аумағынан 3 есе, немесе Жер бетінің бөлігін, яғни 25%-ға жуығын қамтыған) шөл және Шөлденуге бейім жерлер алып жатыр. Шөлдену процесі Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекет аумағын қамтиды. Шөлдену процесі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап адамзатқа үлкен қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1968 – 73 ж. аралығында Сахараның оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 250 мың адам көз жұмып, малдың 40%-ы қырылған. Ал 80-жылдардың ортасында осы белдемдегі қуаңшылық салдарынан 3 млн-ға жуық адам қырылған. Мұның бәрі табиғатқа антропогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың жаїандық жылуына байланысты Шөлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін және Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және солтүстік белдемдерін қамти бастады. Шөлдену, шөлге айналу - шөл аумағының төңірегіндегі жерлер есебінен кеңеюі. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен болады. Табиғи факторларға құрғақшылыққа апарып соғатын климат пен су ағынының циклдік өзгеруі, ал антропогендік факторларға шөлмен көршілес аймақтағы ағаш өсімдіктерінің азаюы (құрылысқа, отынға және т.б. пайдалану) мен шөптесін өсімдіктердің жойылуы (шамадан тыс мал жаю) жатады, Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады. «Эрозия» термині ла erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен 0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.


Билет 40

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды.


41. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.


Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

Қазақстан республикасының территориясындағы басқада полигондар:

1. Семей ядролық палигоны - №2 мемлекеттік сынақ полигоны (1947 ж құрылған) көлемі 1,8 млн га.

2. Ембі сынақ полигоны (1959 ж іске қосылды) көлемі 2,9 млн га.

3. Байқоныр (1955 ж жұмыс істей бастады) көлемі 0,67 млн га Қызылорда.

4. Капустин яр көп бөлігі Ресей жерінде. Атырау мен Батыс Қазақстан облысында көлемі 1,6 млн га.

5. КСРО қорғаныс министрлігінің Сары-Шаяан сынақ полигоны және ондағы қатты лазерлі қару сынайтын полигон кешені.

Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады. Невада-Семей қозғалысынын төрағасы ақын, мемлекеттік және қоғам қайраткері О.Сүлейменов болды.

Урбанизация

Урбанизация, бұл (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс басқаша айтқанда Урбанизация – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

Урбанизация үрдісі осылардын арқасында жүреді:

- қала халқының табиғи өсімі;

- ауылдың елді мекендердің қала статусын алуы;

- қала маңы ауылдарынын пайда болуы;

- ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

 

Табиғатқа тигізілетін ісер – табиғи ландшафтардың қала құрылысының әсерінен жасанды ландшафттарға айналуы







Date: 2016-06-09; view: 2292; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию