Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бизнесті немесе кәсіпкерлікті дамытудағы мақсаттар мен міндеттер





 

Кәсіпкерлікті дамыту кез - келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады.Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

· мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

· мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

· жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

· кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

· кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

· тексеруші органдар санын қысқарту;

· заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

 

64.Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық
1. Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
2. Коммерциялық – тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4. серіктестік кәсіпкерлік – тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5. сақтандырушылық – кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны (компенсация) кепіл етеді. (гарантирует).
Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады:
1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады. 2. ұжымдық (колективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік – екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады.

65. Кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрі және бизнес – жоспарды жоспарлау әдетте жаңа ой, яғни жаңа идеямен басталады. Жақсы идеямен кәсіпкерлікті жүргізу мүмкін емес. Жалпы алағанда, осындай идеяларды жүзеге асыру арқылы табысты бизнеске жетуге болады. Кәсіпкерлік және басқа идеялар, ол адамның ішкі ойлары, яғни ішкі қоздырғыш күштер – армандар, қажеттіліктер, құндылықтар.

Мотивация, идеялардың жинақталуы кәсіпкердің өз бизнесі және нәтижелерін қанағаттандыру мақсатында пайда болады. Қажеттілік материалдық және рухани жетіспеушілік негізінде адамда идеялар пайда болады. Алдымен қажеттілік құштарлыққа (жетіспейтін затты іздеу), содан кейін ынтаға (қажет заттың образы) және мотивке (ішкі қоздырғыш күштер) айналады.

Бизнес – жоспар кешенді, жалпылай құжат болып табылады. Ол басты қасиеттер тұрғысынан алып жобаны бағалайды. Жоба – бір бірімен өзара байланысты, жаңа тауар мен қызметті құру үшін жасалады. Жаңашылдық уақыт өте келе өз құндылығын жоғалтады, себебі сыртқы орта, тұтынушылардың жаңа өнімге деген сұранысы азаяды. Жаңа жобаны құру үшін шектеулі ресурстар қажет: материалдық, қаржылық, еңбек, техникалық.

Егер жоба бәсекелестік ортада құрылса, онда оның бизнес – жоспарда көрінуі қажет.

Бизнес – жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.

66. әсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Ішкі қаржы көзі ретінде меншіктегі негізгі қорлардың амортизациялық төлемдерінің маңызы зор. Амортизация төлемдерінің объекті меншіктік негізгі қорлар болып табылады.

Өзінің меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:

– пайданың көбеюі арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы артады;

– өз қаржысын қалыптастыру және пайдалану бірқалыпты жүзеге асады;

– сыртқы қаржыландыру болмағандықтан, қарыздар азаяды;

– қосымша шығындардың орнын толтыру өз қаржысы есебінен болғандықтан, кәсіпорынның дамуын басқару шешімін қабылдау мәселесі жеңілдейді;

Өзін-өзі қаржыландыру тек қана ішкі мүмкіндіктер емес сыртқы шығындарға да (салық төлемдері, кедендік төлемдер, мемелекеттің қаржы несие саясаты) байланысты.

Сыртқы қаржыландыру мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы дескать болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

– бағалы қағаздар эмиссиясы;

– банк несиелерін пайдалану;

– ұйымдармен несиелік келісім жасау;

– коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

– факторинг;

– лизинг;

– овердрафт;

– инвестициялық несие;

– форфейтинг және т.б.

Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.

Түрлі қаржыландыру жолын салыстыру арқылы кәсіпорын өзінің шаруашылық істеріне қажет қаржының қандай түрін пайдаланатынын таңдайды.

Бизнесті ашуға өз ақшаңыз жетіспеген жағдайда несиелендірумен немесе жекеменшік несиемен айналысатын компаниялардың қызметін пайдалануға болады.

Несие - қарызға ұсынылған ақшаның сомасы. Несие – Сізге қарызға берілген ақша, сыйақы – Сіз несиені пайдаланғаныңыз үшін төлеп отыратын несиенің жалпы сомасының пайыздары.

Несиелерді екінші деңгейдегі банктер ұсынады.

67. Туримз жүйесін басқару стратегиялық (болашақта жобаланған) көріну мен болжаушылыққа негізделуі керек. Көріну негізінде (туристік фирманы болашағын көрсететін өзіне бөлек «суреттер») менеджменттің жетекші ойы болып тұра туристік фирманың саясатын жасайды. Ол қарым-қатынастың ортақ мақсаттары мен қағидаларын көрсетеді, өмір сүру қабілеттлігі мен осы құрылымның дамуын қамтамасыз етеді. Жоспарлау – бұл басқару үрдісінің бір кезеңі болады, осы жерде әр түрлі туристік құрылымның мақсаттары, сонымен қатар оларға жету әдістері анықталады. Кейбір жағдайларда туристік фирмалар өздерінің алдына қойған мақсаттарына жеткеннен кейін жұмыстарын тоқтатады, ал басқа туристік фирмаларда жаңа мақсаттар қойылады, бұрынғыдан маңызды. Бұл туристік фирмадағы жоспарлаудың өзінің бір рет пайдаланатын іс әрекет екенін көрсетпейді. Бұл үздіксіз үдеріс анықталған мүмкіндіктер, шарттар және факторлар есебі арқылы жаңа жолдарды зерттеу және туристік фирма қызметінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.Туристік кәсіпорын саясатын құру көбінесе басшылықтың жоғарғы деңгейінде іске асырылады. Туристік фирманың саясатының барлық жағдайы, дұрыстығында, жетекші туристік бейне түрінде көрсетіледі. Жетекші бейне өзінде ұзақ мерзімді мақсаттарды, философияны, саясатты, кәсіпорын мәдениетін және оның заң шығаратын құқықтарын қосады. Нақтылы туристік аймаққа сәйкес ең бірінші оның бәсекелестікке қабілеттілігі туралы айтулуы дұрыс.

68. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады.Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар. Өндіріс факторлары қоғамның даму процесіыде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайлы.Постиндустриалық қоғамда өндіріс факторы деп информациялық және экологиялық факторлар аталады. Осы екі фактордың пайда болуы, осы замандағы ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты. Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып отыр, ойткені өндірістің тиімділігіне, жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін дайындауға, адам капиталының потенциалдық мүмкіндігін жоғарылатуға, оның әсері шешуші болып отыр. Бүгінгі өндірісте өндірістің экологиялық факторының маңызы өсіп келеді. Бүл фактор кейбір технологияның қоршаған ортаға зиянды болғандығынан, соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша жағдайда ол экономикалық өсудің дем берушісі рөлін атқарады. өндіріс факторын жақсы пайдалану, осы өндіріс көлемінің одан әрі көбеюінің шарты, ұлғаймалы ұдайы өндірістің шарты болып табылады. Сөйтіп өндіріс факторларының қосылуының нәтижесінде еңбек өнімдері, материалдық игіліктердің жиынтығы жасалады. Алынған өнімнің шамасының (массасының), оны өндіруге жұмсалған еңбекке сандық қатынасы, еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінің түрі мынадай болады:

Еңбек өнімділігі = Q/T,

бұнда Q — жасалған өнімнің саны натуралдық немесе ақша көрсеткіші арқылы есептелген; Т — еңбек шығындары (мысалы, адам/сағат), немесе осы өндірістегі жұмыскерлердің саны.

69. Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін береді. Жоғарыдағы кестеде Қазақстандағы туризмнің дамуының кезеңдерін көрсетеді.

Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.

Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді. Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды. Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай ерекшеленді. Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.

70. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.

71. Туристік фирмада жасалынған қайсысы болмасын жоспарда әрқшанда ұйымдастырушылық кезең кездеседі, басқаша айтқанда жоспарланған мақсаттарға жету үшін нақты шарттардың жасалу кезеңі болып табылады. Басқарудың бірінші үдеріс кезеңінде анықталған – жоспарлау кезеңінен кейін, фирма құрылымын құру туралы сөз болады және оның мақсаттарға жету үшін барлық керекті заттармен қамтамасыз ету.

Туроператорлар жұмысын ұйымдастыру үлгісі негізінде туризмді басқарудағы ұйымдастырушылық функцияны өзімізге тым көрнекі көруімізге болады. Осылай туроператор өндірістік, саудалық, ақпараттық мәселелерді, жаңа өлкелерді игеру мақсаттарын және т.б. шешеді.

Бұл процесс персоналды және фирманың алға қойған мақсаттарына жету үшін амалдарды біріктіру. Айтылып кеткендей, жоспарлаудың негізгі мақсаты — бұл әр түрлі әдіс арқылы екiұштылықтың мәселесінің шешiмiн табу. Өзгерістерге бейімделу қажеттілігі — жоспарлауға маңызды бір мән беретін факторлардың бірі болып табылады. Сонда да, жоспарлау қандай да маңызды болмасын, бұл тек қана басы ғана. Көптеген әр түрлі жоспары бар және оны жүзе асыру тұтас сызбасы (құрылымы) жоқ туристік фирма жетістіктерге жетпейді. Себебі, жоспарлау функциясы және ұйымдастырушылық функция бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір ой-пікірлерде жоспарлау және ұйымдастыру бірігіп кетеді делінеді.

Жоспарлау ұйымның мақсаттарын жүзеге асыру үшін көріністерді дайындайды, ал ұйым басқару функциясы ретінде жұмыс құрылымын дайындайды, оның ең басты құрамдас бөлігі болып адамдар болып табылады.

Ұйымдастыру функциясы турфирманың барлық мамандарын бір жерге біріктіру болып табылады. Оның негізгі міндеті болып, миссияны, ролді, жауапкершілікті, әрқайсысының есеп берушлігін анықтау болып табылады. Ұйымдастыру үдерісі жұмысты құрады және туристік фирманың көлеміне, оның мақсаттарына, технологияларына және персоналға байланысты бөлімшелерге бөледі. Туристік фирма өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін және соның негізінде өзінің мақсаттарына жету үшін бар элементтер қатарын жіктеу қажет. Ұйымдастырушылқ функцияны жүзеге асыру процессінде келесі ұстанымдар қатарын негізге алу керек:

· жоспарлау кезінде табылған туристік фирманың мақсаттарын анықтау және талдау;

· осы мақсаттарға жету үшін керекті қызмет түрлерін анықтау;

· әр түрлі міндеттерді әр кадрларға (еңбекті бөлу) тапсыру және оларды басқарушылық жұмыс топтарына немес бөлімшелерге біріктіру;

· жұмыстық қарым-қатынасты орнату арқылы әрбiр топқа тапсырылған әр түрлi қызметтер түрлерiн үйлестiру;

· мақсаттар бірлігі – әр ұйымдастыру бөлімінің мүшесі ортақ игілікке жұмыс жасайды, басқаша айтқанда ешкім туристік фирманың мақсаттарына қарсы жұмыс істемеу керек.

80.

Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивация түрлері

Ішкі және Сыртқы мотивация

Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.

Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.

Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.

 

Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, сурет сызу арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі (Self-determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін қанағаттандырады, сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына айналады. Ендеше ол сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан ләззат алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу керек.

Маркетинг зерттеулер. Ақпаратты алуға бағытталған арнайы зерттеулер, Сізге нарықта бағыт бағдар береді жəне сатып алушылар мен клиенттерге оларға қажетті нəрселерді ұсынады. Бұл зерттеулердің мақсаттары əр түрлі болуы мүмкін:

• Тұтынушылардың қажеттілігін, оларға ұнайтын нəрселерді анықтау;

• Тұтынушылардың Сіздің өніміңізге қанағаттан деңгейін анықтау;

• Бəсекелестердің артықшылығын анықтау жəне оларды өзіңізбен салыстыру. Маркетингтік зерттеулерді өз күшіңізбен жүргізуге болады, бірақ біз мұны кəсіби мамандарға тапсыруыңызға кеңес береміз, өйткені зерттеу тех- нологиясын жасау, зерттеудің өзі жəне алынған нəтижелерді ұсыныстармен өңдеу - күрделі жəне кей кезде жаңадан жүргізгендерге оңай шаруа емес.

Шағын кəсіпкерлікте маркетингтік зерттеулер ірі бизнестегідей кең көлемдегі сипатқа ие емес, алайда оның мəні мен маңыздылығын төмендетуге болмас. Нарықтағы жағдайды ескере отырып, Сіз өзіңізді ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген бəсекелестікте сатып алушы үшін бəсекелестік күреске дайынмын деп санаңыз.

Маркетинг жоспары Кəсіпорынның маркетинг жоспары – бұл бизнестегі жол көрсеткіш, ол Сізге өз идеяңызды са- уатты жүзеге асыруға, Сіздің күшіңізді дұрыс бағытқа бұрып, қызметіңізді меңгеруге жəне ұтымды болуы- на көмектеседі. Жоспар жазбаша түрде жазылуы тиіс жəне қажет болса түзету енгізіліп, өзгертілуі мүмкін. Маркетинг жоспарының болу артықшылықтары мынадай:

• Сіз өз өніміңізді не үшін шығаратыныңызды білесіз.

• Сізге өз тұтынушыңызды портреті, оның нені қажет ететіні белгілі.

• Сіз өзіңіз жұмыс істейтін нарықтағы бағаның құрылу принциптерін білесіз

• Сіз өз мүмкіндіктеріңіз бен артықшылықтарыңызды білесіз

• Сіз бəсекелестік жағдайдан қалай шығуды білесіз

 

Жобаға жұмсалатын инвестициялар кереует-орындар санынан, қызметтер спектрінен, турбаза аумағынан, сондай-ақ көрсетілуі жоспарланған қосымша қызметтерден (спорттық құрал-сайман) тікелей тәуелді. Қызметтердің бірдейлігі компанияның танымалдығын қамтамассыз етеді және өзіндік маркетингілік құрал болып табылады.

Кəсіпорындағы маркетингтік қызмет: үш саты

1-саты: Маркетингтік зерттеулер

Маркетинг зерттеулер Ақпаратты алуға бағытталған арнайы зерт- теулер, Сізге нарықта бағыт бағдар береді жəне сатып алушылар мен клиенттерге оларға қажетті нəрселерді ұсынады. Бұл зерттеулердің мақсаттары əр түрлі болуы мүмкін:

- Тұтынушылардың қажеттілігін, оларға ұнайтын нəрселерді анықтау;

- Тұтынушылардың Сіздің өніміңізге қанағаттан деңгейін анықтау;

- Бəсекелестердің артықшылығын анықтау жəне оларды өзіңізбен салыстыру. Маркетингтік зерттеулерді өз күшіңізбен жүргізуге болады, бірақ біз мұны кəсіби мамандарға тапсыруыңызға кеңес береміз, өйткені зерттеу тех- нологиясын жасау, зерттеудің өзі жəне алынған нəтижелерді ұсыныстармен өңдеу - күрделі жəне кей кезде жаңадан жүргізгендерге оңай шаруа емес. Шағын кəсіпкерлікте маркетингтік зерттеу- лер ірі бизнестегідей кең көлемдегі сипатқа ие емес, алайда оның мəні мен маңыздылығын төмендетуге болмас. Нарықтағы жағдайды ескере отырып, Сіз өзіңізді ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген бəсекелестікте сатып алушы үшін бəсекелестік күреске дайынмын деп санаңыз.

2- саты: Маркетинг жоспарын жасау

Маркетинг жоспары Кəсіпорынның маркетинг жоспары – бұл бизнестегі жол көрсеткіш, ол Сізге өз идеяңызды са- уатты жүзеге асыруға, Сіздің күшіңізді дұрыс бағытқа бұрып, қызметіңізді меңгеруге жəне ұтымды болуы- на көмектеседі. Жоспар жазбаша түрде жазылуы тиіс жəне қажет болса түзету енгізіліп, өзгертілуі мүмкін. Маркетинг жоспарының болу артықшылықтары мынадай:

Сіз өз өніміңізді не үшін шығаратыныңызды білесіз.

Сізге өз тұтынушыңызды портреті, оның нені қажет ететіні белгілі.

Сіз өзіңіз жұмыс істейтін нарықтағы бағаның құрылу принциптерін білесіз

Сіз өз мүмкіндіктеріңіз бен артықшылықтарыңызды білесіз

Сіз бəсекелестік жағдайдан қалай шығуды білесіз

6 қадамдық маркетингтік жоспар

3 –саты: Жүзеге асыру және нәтиже

Маркетинг ережесі. Сатып алушының үнемі түрлі ұсыныстарды салыстыратынын естен шығармаңыз. Бір сөзбен айтқанда, «Маркетингтік түрде ойлау!» дегеніміз – бұл сіздің потенциалды сатып алушыңыз ойлап жəне сезініп отырғандай түрде ойлау жəне сезінуіңіз

 

81,82

Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.

Туризм дамуына әсерін тигізетін, маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:

-табиғи-географиялық;

-мәдени-тарихи;

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-демографиялық;

-саяси-құқықтық;

-технологиялық;

-экологиялық.

Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте — табиғи-географиялық.

Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.

Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, еске алатын жайт, табиғат құбылыстары туристік белсенділіктің артуына да, әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық кампания, 1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен Чехия территориясында болған су тасқыны (1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік белсенділікті тежеді. Түркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж) 1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын 2 млн адамға және әлемдік туризмнан түсетін табыстың 3 млн АҚШ долл төмендеуіне әкелді.

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді мынадай принциптерді ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

1. Қызметтер бәсекелестігінің тұрақты мониторингі және оларды жетілдіру жұмысы.

2. Сұранысты қалыптастыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін пайдалану.

Маркетингтік стратегия қонақүй қызметтерін өткізуді ұйымдастыруды білдіреді. Мақсаты – халықтың барлық тобының қол жетімдігі. Кәсіпорын екі бағыт бойынша: қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу арқылы есеп айырысуды жоспарлауда.

Маркетинг сегментациясы табыстары әр түрлі (орташа, жоғары) клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған.

Жарнама науқаны әр түрлі бағыттарда қалыптасады:

- интернетте сайт орналастыру;

- қызметтер түрлерін, бағаларын көрсете отырып баспасөзге ақпарат беру;

- қалқандар, көрсеткіштер;

- желілік жарнама;

- кітапшалар, күнтізбелер, буклеттер және т.б..

 

86 Жеке кәсіпкерлерді тіркеу тәртібі Сіздің жеке кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келді, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден бастау керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаныңыз үшін сізге әкімшілік айыппұл салынады.

Міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер:

1) тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын;

2) жеке кәсіпкерліктен түсетін жылдық жиынтық кірістен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық кіріс жиынтығы көлемінен жоғары салық төлемейтін кәсіпкерлер жатады.

Жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік объектісі ретінде тіркелуге болады.

Жеке кәсіпкерлікпен сіз өз меншігіңіздегі мүлік және заңды негізде басқа құқықтар негізінде пайдаланып, немесе иелік ете алатын мүлік арқылы айналыса аласыз.

Бірлескен кәсіпкерлікті сіз оларға жалпы меншік құқығындағы мүлік, сондай-ақ басқа құқықтар негізінде заңды негізде пайдаланып, иелік ете алатын мүлік базасында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобымен бірге жүзеге асыра аласыз.

ЖК тіркеу үшін жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын бойынша салық басқармасына барып, мынадай құжаттарды бересіз:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегендігі туралы түбіртек (2 АЕК).

Бұл маңызды! Егер Сіз шаруа және фермерлік қожалық болсаңыз; І, ІІ және ІІІ топ мүгедегі болсаңыз; Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын оралман болсаңыз, ЖК мемлекеттік тіркеу кезінде салық төлеуден босатыласыз.

1) жеке куәлік көшірмесі, түпнұсқасы көрсетіледі;

2) 3,5 х 4,5 см көлеміндегі фотосурет;

3) жеке кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат);

4) өтініш иесі кәмелеттік жасқа толмаған болса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келісімі, ал ондай келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы сот шешімі қоса беріледі.

Есте сақтаңыз! Тіркеу кезінде сонымен қатар, жеке кәсіпкердің фирмалық атауын көрсетуге болады.

Салық басқармасы барлық құжаттарды тапсырған соң, 3 жұмыс күнінің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілік бойынша сіз мыналарды жасай аласыз:

ü мөр дайындау,

ü банктен шот ашу,

ü кассалық аппаратты тіркеу

Маңызды! Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін қызметіңіз басталғанға дейін салық органына бақылау кассалық машинаны (БКМ) тіркеу есебіне қоюға міндеттісіз. БКМ қолданудан мына жеке кәсіпкерлер босатылады (акцизді тауарлар сататындардан басқа):

ü қызметін бір жолғы талон немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнайы салық режимі шеңберіндегі патент негізінде жүзеге асыратын;

ü қызметін шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнайы салық режимі шегінде жүзеге асыратын;

ü халыққа уәкілетті органның келісімен көлік саласында уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген нысанда билеттер беріп, қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсететін.

Есте сақтаңыз! ЖК тіркеген күннен бастап, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыс істегіңіз келген салық режимін анықтап алыңыз.

Сіз аударымдардың және салық төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің бірін таңдай аласыз:

жалпы белгіленген тәртіп (Сіз ЖК ретінде салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдері төлейтін боласыз, олар бойынша жалпы белгіленген тәртіпте салық есептілігін жалдамалы жұмысшылардың санына және салық кірісіне қарамастан бере аласыз);

бір жолғы талон негізінде арнайы салық режимі (Егер сіз ЖК ретінде тауарлар сату, жұмыстарды орындау, нарықтарда (базар аумағындағы дүңгіршектер мен стационарлық орын-жайларда (оқшауланған блоктарда) қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын болсаңыз).

Бір жолғы талон алу үшін сіз бір жолғы талон беру жөніндегі басқармаға тіркеу нөмірін алғандығыңызды растайтын (СТН) құжатты беруіңіз қажет.

Бір жолғы талон бір күнге және одан ұзақ уақытқа беріледі.

Патент негізінде арнайы салық режимі (егер Сіз ЖК ретінде жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын болсаңыз; жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын болсаңыз; Сіздің кірісіңіз күнтізбелік жылда ҚР тиісті қаржылық жылда белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінің 200 еселік төлемінен асатын болса).

Патент алу үшін оны қолданғанға дейін салық органына Салық өтінішін, Патент алу үшін есеп, сондай-ақ бюджетке патент құнын төлегендігін, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнеткерлік салымдар аударғандығын растайтын құжат керек.

Патент кемінде бір айға және 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Патент ЖК-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетпеген жағдайда жарамсыз болып танылады!

Жеңілдетілеген декларация негізінде арнайы салық режимі ( Егер Сіз ЖК ретінде салық төлеу кезеңінде өзіңізді қосқанда кемінде 25 қызметкерді пайдаланатын болсаңыз және Сіздің бір тоқсандағы шекті кірісіңіз 10 000 000 теңгеден аспайтын болса).

Арнайы салық режимдері патенттің және қысқартылған декларацияның негізінде мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды::

ü акцизді өнімді өндіру;

ü акцизді өнімді сақтау және көтерме сатып алу;

ü мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату;

ü лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;

ü жер қойнауын пайдалану;

ü шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;

ü түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату

ü кеңес беру қызметтері;

ü бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

ü қаржылық, сақтандыру және сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Аталған режимдерді салық төлеушілер әртүрлі елді-мекендердегі басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) салық төлеу объектілеріне қолдана алмайды. Бұл норманың мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысы жоқ.

Назар аударыңыз! Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өтелмейтін мүліктен басқа барлық мүлікке жауапкершілік алады.

Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз):

1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы;

2) «Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 379 бұйрығы;

3) «Жеке кәсіпкерлікті тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 494 бұйрығы.

 

89 Туристік бизнесте персоналдардың мотивация үрдісі Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы реформасының бір бағыты болып табылатын басқару саласындағы қызметтің қалыптасуы мен басқарушы персонал жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған жаңа шаралар жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді.Қызметтің қай саласы болмасын - өндірістік кәсіпорында, ауыл шаруашылығы ұйымдарында, басқа да ұйымдық-құқықтық формаларда еңбек нәтижесі өндірілген өнімнің көлемімен немесе сапасымен өлшенетін қызмет саласында адам ресурсы – басқарушы және ұйымдастырушы персонал ұйымның еңбек мансабы мен мотивациясын арттыруға белсенді ықпалы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, бұл мәселені зерттеп, ұйымның әрбір мүшесінің қызметін мотивациялау арқылы мекеменің еңбек нәтижелілігін арттыруды зерделеп, ұсыныстар, жаңашыл өзгерістер іздестіру қажет.

Еңбек мотивациясы – жұмыс нәтижелілігінің маңызды факторларының бірі, бұл қызметкердің еңбек әлеуетінің негізін құрайды. Мотивация қызметкердің қандай қабілетке ие екенін және қабілетін жетілдіру мен оны өз еңбегінің үдерісінде пайдалануды қалай ма және жүзеге асыра ала ма дегенді айқындайтын қозғалтқыш тетік.

«Мотивация» сөзін Артур Шопенгауэр алғаш рет өзінің «Жеткілікті себептің төрт принципі» деген еңбегінде қолданған. Осыдан бастап адам мен жануарлардың мінез-құлқын түсіндіру үшін психологтардың байламдарында ұшыраса бастады, ал ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап мотивация бойынша адамға ғана емес, адамдық қатынастарға байланысты алғашқы теориялық зерттеулер пайда болды. Оларда еңбек үдерісінде адамдарды ғылыми жолмен басқарудың тұжырымдары бар еді. Сол кезден бері «мотивация» басқару теориясында кеңінен қолданыла бастады: жоғары еңбек өнімділігінің мотивациясы «жоспарлау», «бақылау» деген сияқты басқарудың басты функцияларының біріне айналды.

Адамның мінез-құлқының мотивациясын анықтауды талдағанымызда, мотивация – бұл, ең алдымен, үдеріс, айта берсек – бұл динамикалық үдеріс, ол адамның іс-әрекетінің жалғастылығын дәлелдейді. В.А.Розанова «мотивация түсінігі адамның белсенділігін, басқару мен мақсатты мінез-құлқын түсіндіреді» дейді. Адамның мінез-құлқының мотивациясын түсіну «мынау адам неге бұлай жасады, басқаша емес?» жауап береді [1].

Мотивация үдерісінде қажеттілік, әрекет мотиві, қызмет шарты мен адамның мінез-құлқы арасында ширақ байланыс пайда болады. Адамның мінез-құлық мотивациясы үдерісінің екі құрамдас бөлігі бар: тұлғаның қызмет етуінің психологиялық аспектісінің бірі ретіндегі қызметкердің еңбек мотивациясы және персоналды басқарудың құрамдас бөлігі мен маңызды функциясы ретіндегі персоналдың еңбек мотивациясы. Еңбек мотивациясы үдерісі осы екі құрамдас бөлікті ажырамас бірлікте қамтитындықтан, персоналдың еңбек мотивациясы еңбек етуге талпындыратын тұлға мен ұйымның өзара іс-әрекетін қамтитын екі жақты бірліктегі үдеріс деп танимыз.

Персоналды ынталандыру жүйесі қызметкерлерді кәсіпорынның коммерциялық мақсатына жетуіне ынталандыру керек.Еңбекті ынталандыру қажетті жагдайларды жасауды білдіреді (шаруашылық механизмін), соның арқасында белсенді еңбектік іс-әрекет алдын ала анықталған нәтижелерді береді, қызметкердің мәнді және әлеуметке бағытталган қажеттіліктерін қанағаттандырудың, онан кейін еңбек мотивін құрудың қажетті және жеткілікті шарты болады [2].

Еңбек мотивтері мен ынталандырулардың жүйесі белгілі бір негізге, яғни еңбектік іс-әрекет норматив деңгейіне сүйенуге тиіс. Материалдық игілікті жоғалтуға байланысты жазалаудың кем дегенде екі түрі бар: келісілген жалақыны жарым-жартылай төлеу немесе еңбек қатынастарын тоқтату. Қызметкер қандай талаптар қойылатынын білуге тиісті, қойылған талаптарды мүлтіксіз орындаганда қандай жалақы алатынын, оларды бүзганда қандай жазалар қолданатындығын білуі тиіс. Персоналды ынталадыру тәсілдері:

1.материалдық – жалақы, сыйлықақы, айыппұл, кірістен пайыздар беру және т.б.

2.материалдық емес:

– психологиялық –қоғамдық танымалдылық, өз маңыздылығын түсіну, алғыс айту, жазалау, оқыту;

– басқарушылық – қызметін жоғарылату төмендету, қосымша өкілеттілік.

Персоналды ынталандыру жүйесін жасау кезінде келесі талаптарды есепке алу керек:

– әділдік – сыйақы көлемі жұмысты әділ бағалау негізінде белгіленуі керек;болжаулық – жұмыскер өз қызметінің нәтижесінде қандай сыйақы алатынын білу керек;

– баламалылық – сыйақы әр жұмыскердің ортақ нәтижеге қосқан үлесіне, оның тәжірибесіне және мамандану деңгейіне сай болу керек;уақыттылық – сыйақы нәтижеге жете салысымен берілуі тиіс;маңыздылық – жұмыскер үшін сыйақы маңызды болуы керек.

Ынталандыру үлгілерін қарастырайық:

Материалдық емес бонус. Шығармашылық қызметкерлері үшін материалдық емес ынталандыру өзекті. Ол қызметкер үшін оның еңбегінін көпшілікке танымал болуы, ұжымда арнайы мәртебесі болуы. Ақшалай көріністе материалдық емес бонустар болмашы ғана, демек кәсіпорын үшін аз шығынды.

Бейстандарттық бонустар әр түрлі кейіпте болуы мүмкін:

– белгілі бір уақытқа ауыспалы атақ (мысалы, апта ері);

– мақтау қағазы, озаттық белгісі;

– тақтасына суретті ілу;

– киноға, театрға, концертке билеттермен марапаттау;

– арналған ақылы күзетілетін автотұраққа автокөлігін қоюға ақша төлеу;демалыс үйінде бөлме ақысын төлеу;

– басшылығымен бірге түстік ішу;аталуы кресло, тапсырыспен жасалған жиһаз;

– атаулы кеңсе жарақтары (қағаз, папкалар, файлдар және т.б.);

– компания буклетіне қызметкер суретін орналастыру;

– қоғамдық көлікте жүруді төлеу;

– спорт клубына (орта класс) жылдық абонементті төлеу;

– күні бойы басшының міндеттерін орындау мүмкіндігі;

– ортақ ұжымдық шаралар (спорт және демалыс);

– мейрамханада апта бойы тегін тамақтану;

– ардақтау бағдарламалары.

Ардақтау бағдарламаларына жеке ардақтау, ұжымдық ардақтау, компания жағынан ардақтау, тікелей басшылардың ардақтауы жатады.

Кәсіпорынның еңбек үдерісі кезіндегі жұмыскерлердің құндылықтарын анықтау бойынша сауалнама нәтижелері кестеден көре аламыз.

 

Кесте 1- Кәсіпорын еңбек үдерісі кезіндегі жұмыскерлердің құндылықтарын анықтау бойынша сауалнама нәтижелері

 

 

Кестеден кәсіпорын еңбек үдерісі кезіндегі жұмыскерлердің құндылықтарын анықтау бойынша сауалнама нәтижелері бойынша жалақысы жоғары жұмыс маңызды болып табылатын жұмысшылар үлесі 64,8 % құрайды,одан кейін тұрақты және болашағы бар кәсіпорында еңбек ету қалайтындар 36,8 %,ал қызықты,шығармашылықты жұмыс мүмкіндігі маңызды болып табылатындар 34,9%,ұжымда жақсы қарым-қатынас орнатылған жұмыс пен адамдарға пайда әкелетін жұмыспен айналысу 25,0% көріп отырмыз. Сонымен қатар жұмысшыларға үй-пәтер жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін жұмыс және басшылықтың персоналға жақсы қарым қатынас жасайтын жұмыс орны, еңбек етуге жақсы жағдай жасалған жұмыс,біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс, әлеуметтік жеңілдіктері бар жұмыс және ең соңында үйіне жақын орналасқан кәсіпорындағы жұмыс маңызды болып табылады.

Сонымен, еңбекке тиімді мотивация жасау бірінші кезекте адамдардың қажеттіліктері,нормалары мен құндылықтарына байланысты болады.Сондықтан, зерттеуді ары қарай жалғастырмай тұрып мотивациялық қажеттіліктер құрылымын нақтылап алу қажет.Жоғарыдағы кестеден қарастырған сауалнама нәтижесін мына сурет арқылы көре аламыз.

Суреттен көріп тұрғанымыздай жалақысы жоғары жұмысты қажет ететіндер үлесі 64,8 %, тұрақты және болашағы бар кәсіпорында еңбек ету мүмкіндігі бар және қызықты,шығармашылықты жұмыста жұмыс жасағысы келетіндер үлесі сәйкесінше 36,8 % және 34,9 % құрайды. Сонымен қатар, адамдарға пайда әкелетін жұмыспен айналысу, ұжымда жақсы қарым-қатынас орнатылған жұмысты қажет ететіндер үлесі сәйкесінше 25,3% және 25,0 % құрайды.

Нарықтық экономиканың құндылықтары көрсететін – еңбекақының жұмыстар нәтижесіне байланыстылығының күшеюінің 25-39-жастағы ерлерге тән.Жастар жұмыстың шығармашылығына көп мән береді. 40-49 жастағы әйелдердің мотивациялық сферасының азайғанын көреміз,оларға еңбек іскерлігінің бағалы мотиві болып жұмыстан шығып қалмау қаупінің болмауы жатады,сондықтан бұл топтың мотивациялық қажеттілігіне – қауіпсіздік пен қорғаныс жатады. Сұралған жұмысшылардың 40% жұмыс орнының тұрақтылығы және қысқару қаупінің болмауы жұмысқа деген ынтаны арттыратындығын айтты.Бұл кездейсоқ емес себебі,нарық интенсивті және өнімділігі жоғары мотивацияның икемді жүйесін жасай отырып,еңбек ету мен табыс пен әлеуметтік қорғанысқа кепілдік бере алмайды.

Пайдаланылатын мотивация мен бақылау әдістерінің ара қатынасы барынша икемді болу қажет. Жоғары мотивацияланған жұмыскерлер өздеріне берілген өзіндік тәртіппен жұмыс берушінің қойған талаптарын бұлжытпай орындауға тырысады және тәртіп нормаларын орындайды,сондықтан оларды басқару үшін бірінші кезекте ынталандыру әдістері керек. Ал тәртіпке бағынғысы келмейтін қызметкерлерді басқару үшін қатаң түрдегі әкімшілік әдістерді пайдалану қажет.

Қазіргі

Date: 2016-01-20; view: 1876; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию