Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жеке бизнесті құру кезеңдері





Егер сіз өз кәсібіңізді ашуды ойлансаңыз, сізге нақты қандай бизнес идея қажет екендігін белгілеп алыңыз. Егер сіз өз жұмысыңызды ашар алдында барлық мәселелерді жан-жақты ойластырсаңыз, идеяны қалай және қай жерден табу, әрі қарай қандай қадам жасау керек деген сұрақтар мазаламайтын болады.

Ең алдымен, өз күшіңізді, сосын сіздің жобаңызды іске қосу үшін кететін шығындарды бағалау керек. Оны бизнестің тиімділігін, сондай-ақ шағын бизнеске әсерін тигізе алатын тәуекелдерді ескертетін бизнес-жоспар түрінде жасау ыңғайлырақ.

Бизнес-жоспар – бұл сіздің болашақ жобаңыздың жоспары. Онда болашақ жобаңыздың барлық тармақтарын баяндайсыз. Бұл жобаны қалай ашасыз, қалай дамытасыз, қайдан табыс түседі және шығындары қандай болады деген сұрақтың жауабыз жазасыз. Сондай-ақ, сіздің бизнесіңіздің негізгі мақсаттары мен міндеттерін көрсету қажет. Бизнес-жоспар өз бизнесіңізді неден бастайтыңызды нақты көрсетеді. Сіздің мақсатыңыз – пайда түсіру. Оған қалай және қашан жетуді жоспарлайтындығыңызды бейнелейді.

 

Бизнес-жоспар не үшін қажет?

Ол барлығын ойластыруға көмектеседі. Бизнес-жоспар жасау барысында бұрын назарыңызға ілінбеген бүкіл ұсақ-түйектерді ескеруге, қарастыруға тура келеді. Инвесторларда іздеу кезеңінде бизнес-жоспар қажетті нәрсе, себебі ешбір инвестор күдікті жобаға ақшасын салмайды. Жоба үшін инвесторды табу қиын емес. Олар жақсы идеяларға әрдайым қызығушылық танытып отырады.

Бизнес-жоспарды құру кезеңдері:

- Жоба қорытындысы. Өз бизнесіңіздің бағытын анықтаңыз. Бұл жерде нақты қандай іспен айналысатыңызды, бизнес идеясының бірегейлігі неден құралатынын, өз ісіңізден нені күтіп отырғаныңызды және мұның барлығын қалай жүзеге асыратындығыңызды жан-жақты суреттеңіз;

- Мақсаттар мен міндеттер. Негізгі мақсаттар мен міндеттерді, оларға жету жолдарын (құралдарын) көрсетіңіз. Өз бизнесіңіздің негізгі және қосымша бағыттарын бейнелеңіз. Соның ішінде, ісіңізді дамытудың қысқа және ұзақ мерзімдегі перспективаларын да суреттеңіз.

- Нарықты талдау. Жүргізетін бизнес нарығын кеңінен зерттеңіз. Белгіленген жерде қанша адам тұрады, олардың қаншасы сіздің тауарыңызды немесе қызметіңіздің әлеуетті тұтынушысы бола алатындығын, адамдардың қай дәрежесіне үміт артатындығығыңызды анықтаңыз. Онда тұратын адамдардың санын ғана емес, әл-ауқатын да бағалаңыз.

- Басқаратын қызметкерлер құрамы. Бизнесіңізді жалғыз өзіңіз жүргізуге болатындығын ойланып көріңіз. Болмаған жағдайда қызметкерлердің қажеттілігін негіздеңіз. Шын мәнінде, қажетті қызметкерлердің нақты санын және қандай уақытқа (тұрақты, уақытша, қосымша жұмыс істеушілік) керектігін, айына жалақыға шамамен қандай қаражаттарды жұмсайтыныңызды көрсетіңіз (еңбекті төлеу қорына төленетін төлемақыларды есептегенде).

- Қаржылық жоспар. Әдеттегідей, бизнес-жоспарды 2 жылға құрастырады, себебі бұл өз бизнесін дамытудың ең қиын жылдары. Біріншіден, біршама ұзақ мерзімге өз перспективаларыңызды суреттей аласыз, екіншіден, қажетті сабырлықты жинап аласыз. Бизнес жоспарда әр айға кірістер мен шығыстар жорамалданып қойылуы қажет. Өз шығындарыңызды тұрақты (ай сайынғы), құбылмалы және басқа етіп бөліп тастаңыз. Тұрақты шығынды шығындарға жалдау төлемін, коммуналдық төлемдердің, сатып алынатын тауарлардың, шығынды материалдың құнын (саудаға қатысты болса), шикізатты жоғалтуды, жалақыға төленетін салықтарды ескере отырып қызметкерлердің жалақысын, егер жарнама қажет болса, оған кететін әрбір ай сайын шығындарды жатқызыңыз. Уақыт келе шикізат пен шығын материалдары қымбаттай түсетінін ескеріңіз. Сондықтан да өзіңіздің бизнес-жоспарыңызда әр жарты жыл сайын шығындардың 10 пайызға өсуін күн үлгері көздеуіңіз керек. Табыстар сізге тек қана бір жолмен түсуі мүмкін – тауарларды сатудан (қызмет көрсетуден).

Сонымен, бірінші қадам жасалды. Болашақ кәсіпкер тұратын жері немесе қызметін жүзеге асыру жері бойынша Салық комитетінде заңды тұлға ретінде тіркелу қажет. Тіркелу кезінде бизнесті жүргізу нысанын анықтап алу керек. Өз бизнесіңізді ашуға шешім қабылдау кезеңінде, міндетті түрде ісіңізді қандай ұйымдық-құқықтық нысанда жүргізетініңізді анықтап алу қажет. Қазақстан Республикасында бизнесті ашу танымал нысаны келесілер болып табылады: жеке кәсіпкерлік (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Біз жеке кәсіпкерлікті ашу жөнінде кеңес беріп кеткендіктен бірден ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу туралы мағлұмат бермекшіміз.

 

Date: 2016-01-20; view: 3136; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию