Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ISDN тұтынушылық интерфейсі





 

ISDN базалық қағидаларының бірі тұтынушыға стандартты интерфейсті жеткізу болып табылады, оның көмегімен тұтынушы желіге сұраныс жасай алады. Әралуан қызметтер аталмыш интерфейс тұтынушы ғимаратта қондырылатын құрал-жабдықтардың екі түрі арасында түзеледі. (Customer Premises Equipment, CPE): ТЕ тұтынушыларының терминалды құрал-жабдығымен (сәйкесінше адптері бар компьютер, маршрутизатор, телефон аппраты) және NT желілік тәмамадағышы.

 

Тұтынушы интерфейсі үш түрлі каналға негізделген:

 

1. В- мәліметтерді тарату жылдамдығы 64 Кбит/с;

2. D- мәліметтерді тарату жылдамдығы 16 немесе 64 Кбит/с;

 

3. Н-мәліметтерді тарату жылдамдығы 384 Кбит/с (Н0), 1536 Кбит/с (H11);

 

В типті арналар тұтынушы мәліметтері (сандық дыбыс, компьютерлік мәліметтер немесе дыбыс пен мәліметтердің қосындысын) мен жылдамдығы 64 Кбит/с шамасынан аспайтын мәліметтерді тарату ісін қамтамасыз етеді. Мәліметтер бөлінісі ТДМ техникасының көмегімен орындалады. В арнасын қосалқы арналарға бөлу ісімен бұл жағдайда тұтынушы құрал жабдығы айналысуы қажет. В типті арна тұтынушыны сондай-ақ Х.25 желісінің коммутаторына да қоса алады.

 

D типті арна екі негізгі қызметті атқарады. Алғашқысы және негізгісі мекен-жай ақпараттарын тарату болып табылады, аталғандар негізінде желі коммутаторындағы В типті арналардың коммутациясы жүзеге асырылады. Екінші қызметі тұтынушылар мәліметтері үшін пакеттер коммутациясымен төмен жылдамдықты желілер қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Н типті арналар тұтынушыларға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен тарату мүмкіндігін береді. Оларға факстарды, бейне ақпараттарды жоғары жылдамдықпен жөнелту, дыбысты сапалы түрде ойнату қызметтері жұмыс атқара алады.

 

ISDN желісі тұтынушы интерфейсінің екі түрін қолдау көрсетеді–бастапқы (Basic Rate Interfase, BRI)

 

және негізгі (Primay Rate Interfase, PRI).

 

BRI бастапқы интерфейсі мәліметтерді тарату үшін тұтынушыға 64 Кбит/с көрсеткіштегі екі арнаны және басқарушы ақпараттарды тарату үшін өткізгіштік қабілеті 16 Кбит/с болатын бір арнаны ұсынады (D түріндегі арна). Бүкіл арна толық дуплексті тәртіппен жұмыс жасайды. Нәтижесінде BRI интерфейсінің жылдамдықтар қосындысы тұтынушы мәліметтері үшін әрбір бағыт бойынша 144 Кбит/с шамасын құрайды, ал қызметтік ақпараттарды ескерсек -192 Кбит/с.

 

BRI интерфейсі 2B+D сұлбасына ғана емес, сонымен қатар B+D және қарапайым D сұлбаларына да қолдау көрсете алады. Бастапқы интерфейс 1.430 нұсқамасымен стандартталған. PRI негізгі интерфейсі желінің өткізгіштік қабілетіне жоғары талаптар қоятын тұтынушылар үшін арналған. PRI интерфейсі 30B+D сұлбасын ба, әлде 23B-D сұлбасын қолдайды ма екен. Қос сұлбада да D арналы 64 Кбит/с жылдамдықты қамтамасыз етеді. Алғашқы нұсқасы Еуропаға тән, екіншісі Солтүстік Америка мен Жапония үшін. Еуропада сандық арналардың әйгілі жылдамдығы 2.048 Мбит/с, ал қалған аймақтарда 1.544 Мбит/с жылдамдық шамасында екенін назарда ұстап, PRI интерфейсінің стандартқа келтірудің ортақ нұсқасын ойлап табу қиынға соғады.

 

Негізгі интерфейс Н түріндегі арналарға негізделуі мүмкін. Бұл жағдайда интерфейстің жалпы өткізгіштік қабілеті 2.048 немесе 1.544 Мбит/с шамаларынан аспауға тиіс. Н0 арналары үшін американдық нұсқада 3H0-D интерфейсіне, ал Еуропалық нұсқада 5H0-D интерфейсіне тиесілі болуы мүмкін. H1 арналары үшін американдық нұсқада тек бір Н11 арнасынан (1.536 Мбит/с) немесе еуропалық нұсқада бір Н12 арнасынан (1.920 Мбит/с) және бір D арнасынан тұратын интерфейс мүмкін болады.

 

Date: 2016-01-20; view: 561; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию