Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






SNA стегі





 

SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап IBM жасап шығарған,және желінің барлық элементтерінің: компьютерлердің, терминалдардың, концентраторлардың, жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың арасындағы өзара әрекеттесуді стандарттайды. SNA хаттамалары желілік хаттамаларға қойылатын негізгі заманауи талаптарды қанағаттандырады: маршруттау құралдарының болуы, сервистің әртүрлі деңгейі, берілетін деректердің түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.


Бұл үлгі OSI үлгісіне өте ұқсас: ол да атаулары ұқсас жеті деңгейден тұрады:

 

1. физиклық деңгей (Physical Layer) – физикалық қосылысты қамтамасыз етеді.

 

2. Деректер байланысын басқару жүйесі (Data Link Control) деректерді түйіндердің арасында береді. Бұл деңгейде деректерді беру үшін SDLC хаттамасы қолданылады – OSI хаттамалары стегінің HDLC хаттамасының (OSI үлгісінің арналық деңгейіне сәйкес келеді) ішкі жиынтығы болып таблатын, деректерді синхронды беру хаттамалары.

 

3. Маршрутты басқару (Path Control) – деректердің дестелерін бастауы мен жету түйіні арасында маршруттайды (OSI үлгісінің желілік деңгейіне сәйкес келеді). Бұл хаттамада маршруттаудың дейтаграммалық принципі қолданылады - әрбір хабарлама – бұл тәуелсіз дейтаграмма. Жол көрсетудің екі әдісі қолданылады: анық және виртуалдық. Анық жол кезінде әрбір түйінде осы жолдардың сипаттамасы бар маршруттар кестесі жасалады. Анық жолдар динамикалық өзгере алмайды. Виртуалдық жол (логикалық қосылыс) анық жолдың үстіне салынған қосмша болып табылады және жұп түрінде болады – анық жол және беру басымдығы (ол сервистің сапасын анықтайды). Әртүрлі виртуалдық жолдарға бір анық жол сәйкес келе алады.

 

4. Беруді басқару (transmission Control) – деректерді алмасу жылдамдығын келістіреді (OSI үлгісінің көліктік деңгейіне сәйкес келеді)

 

5. Деректер ағынын басқару (Data Flow Control) – деректерді алмасуды синхрондайды (OSI үлгісінің көліктік деңгейіне сәйкес келеді)

 

6. Көрсету қызметі (Presentation Services) – деректерді форматтайды (OSI үлгісінің өкілдік деңгейіне сәйкес келеді)

 

7. Транзакция қызметі (Transaction Services) - құжаттарды алмасуды және таратылған деректер қорына қол жеткізуді басқарады (OSI үлгісінің сессиялық деңгейіне сәйкес келеді)

 

SNA желісінде логиклық құрылғылардың арасында өзара әрекеттесу жүреді (Logical Unit - LU): логикалық құрылғылар соңғы қолданушыларды (бұл жағдайда олар IBM 3270 терминалымен көрсетілген) немесе қолданбалы бағлардамаларды көрсете алады. Соңғы қолданушылар арасындағы байланыс LU-LU сеансы деп аталатын сәйкес логикалық құрылғылар арасындағы логикалық байланыс арқылы іске асады. Желі арқылы өзара әрекеттесуді LU-LU сеансы орнағаннан кейін ғана, және өзара әрекеттесуге қатысатын логикалық құрылғылардың типі анықтайтын хаттамалар бойынша ғана іске аса алады. Мысалы, LU1 құрылғысы арқылы қолданбалы бағдарламадан қарапайым принтерге және жазу машинкасы түріндегі терминал пернетақтасына, LU2 және LU3 құрылғылары арқылы – дисплейлерге және сәйкесінше IBM 3270 деректер ағыны бар дисплейлік кешендердің принтеріне қол жеткізуге болады. LU 6.2. түріндегі логикалық құрылғылар арқылы қолданбалы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттесу жүреді.

 

SNA стегінде Logical Unit Type 6.2 Advanced Program-to-Program Communications (APPC немесе SNA LU 6.2) деп аталатын LU 6.2 түріндегі екі құрылғылардың арасындағы өзара әрекеттесу хатамасы OSI үлгісінің желілік деңгейінің хаттамасының ролін атқарады – ол гетерогендік желілерде деректерді беруді ұйымдастырады.

 

АРРС хаттамасы Subarea SNA деп аталатын IBM компаниясының желілік сәулетінің бірінші буынына жатады. Ол туралы 1974 жылы жарияланған болатын. Subarea SNA сәулетіне сәйкес, желінің негізгі концентраты мейнфрейм болған, онда Virtual Telecommunications Access Method (VTAM) бағдарламалық қамтамасыздауы жұмыс істеген. Мейнфрейм желідегі барлық коммуникациялардың орнатылуы үшін жауап берген. SNA желілік сәулетінің екінші буыны болып APPN – Advanced Peer to Peer Networking сәулеті табылады, ол IBM компаниясының желі аралық өзара әрекеттесуінің стратегиясының негізгі компоненті болып табылады.

 

APPN сәулеті SNA-ны оларда орта кластағы компьютерлер бір рангтік әрекет етуді қажет ететін мейнфреймдері жоқ есептеу орталарына арнап кеңейту үшін жасалған.

 

APPN-нің қосылыстары бір рангтік болып табылады және кез-келген соңғы қолданушыға, осы процеске мейнфреймді қоспай кез-келген екінші соңғы қолданушымен жалғасуды бастауға мүмкіндік береді.

 

APPN желілік әкімшілеуді анықтамалық және маршруттық ақпаратты динамикалық жасаудың есебінен жеңілдетеді. APPN SNA сессиясының трафигіне басымдық беруді қамтамасыз ететін қызмет ету класын (Class of Service, COS) енгізеді, ол сервистің қазіргі кезде бар кластарын олрдың соңғы түйіндердің деңгейін дейін кеңейту жолымен және бөлешектеудің үлкен дәрежесін қамтамасыз ету жолымен жақсартады.

 

APPN желісі арқылы Dependent LU Requester (DLUR) көмегімен SNA –трафикті беруге болады. APPN-ді келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:

 

- соңғы қолданушы басымдық беру ретін жеткіліксіз бөлшектеп анықтаған жағдайда, мысалы ол басымдығы төмен қосымшаларды да, басымдығы жоғары қосымшаларды да орындағанда;

 

- SNA-трафик трафиктің негізгі бөлігін құрағанда, ал желінің инфрақұрылымы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің тәжірибесі негізінен SNA сәулетіне сәйкес келгенде;

 

- AS/400 немесе OS/2 сияқты таратылған платформаларға арналған клиент-сервер сәулетінде LU6.2 қосымшалары көп болғанда;

 

-Мейнфрейм арқылы өтпейтін, SNA-трафиктің бір рангтік маршрутталуы қажет болғанда.

 

SNA трафигі мен NetBIOS–ты TCP/IP (RFC-1434) және frame relay (RFC-1490) дестелеріне инкапсуляциялау әдістерін анықтайтын екі стандарттар бар. SNA-ны TCP/IP-ге инкапсуляциялау әдісі Data


Link Switching (DLSw) деп аталады. Бұл хаттамалардың көмегімен SNA трафигі корпоративтік желінің магистралдарының бойымен ауыса алады.

 

Date: 2016-01-20; view: 680; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию