Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






NetBIOS/SMB стегі





 

Microsoft және IBM фирмалары дербес компьютерлерге арналған желілік құралдарды жасауда бірлесіп жұмыс істеді, сондықтан NetBIOS/SMB хаттамаларының стегі олардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. NetBIOS/SMB құралдары 1984 жылы желілік сервистерді іске асыру үшін SMB (Service Message Block) хаттамасын қолданбалы деңгейде қолданған (2.11 сурет) IBM фирмасының PC NetWork желілік бағдарламасына арналған IBM PC базалық енгізу/шығару жүйесінің (BIOS) стандарттық функцияларын желілік кеңейту ретінде пайда болды.

 

NetBIOS хаттамасы ашық жүйелердің: желілік, көліктік және сеанстық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің үш деңгейінде жұмыс істейді. NetBIOS IPX және SPX хаттамаларына қарағанда жоғарырақ деңгейдегі сервисті қамтамасыз ете алады, дегенмен, маршруттау қабілеті жоқ. Осылайша, NetBIOS осы


сөздің қатаң мағынасында желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS-те желілік, көліктік және сессиялық деңгейге жатқызуға болатын көптеген пайдалы желілік функциялар бар, дегенмен оның көмегімен дестелерді маршруттау мүмкін емес, өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамасында желі сияқты түсінік енгізілмеген. Бұл NetBIOS хаттамасын ішкі желілерге бөлінбеген жергілікті желілердің қолдануын шектейді, бұл оның құрамдас желілерде қолданылуын мүмкін емес етеді. NetBIOS дейтаграммалық алмасуды да, қосылыстарды орнататын алмасуды да қолдайды.

 

SMB

 

 

 

NetBIOS 4

 

 

 

2.11. сурет. NetBIOS/SMB стегі.

 

OSI үлгісінің қолданбалы өкілдік деңгейлеріне сәйкес келетін SMB хаттамасы жұмысшы станцияның сервермен өзара әрекетін реттейді. SMB функциясына келесі операциялар кіреді:

 

· Сессияны басқару. Жұмысшы станция мен файлдық сервердің желілік ресурстарының арасындағы логикалық арнаны жасау және үзу.

 

· Файлдық қолжеткізу. Жұмысшы станция файл-серверге каталогтарды жасауға және өшіруге, файлдарды жасауға, ашуға және жабуға, файлдарға оқуға және жазуға, файлдардың атын өзгертуге және өшіруге, файлдарды іздеуге, файл атрибуттарын алуға және орнатуға, жазбаларды бұғаттауға сұраныспен жүгіне алады.

 

· Баспа сервисі. Жұмысшы станция файлдарды басып шығару үшін серверде кезекке қоя алады және баспа кезегі туралы ақпаратты ала алады.

 

· Хабарламалар сервисі. SMB келесі функциялары бар қарапайым хабарламаларды беруді қолдайды: қарапайым хабарлама жіберу, кеңхабарлау хабарламасын жіберу, хабарлама блогының басын жіберу, хабарлама блогының мәтінін жіберу, хабарлама блогының соңын жііберу, қолданушының атауын жіберу, жіберуден бас тарту, машинаның атын жазу.

 

NetBIOS ұсынған API функциялары қолданатын қомысшалардың саны көп болғандықтан, көптеген ОЖ-де бұл функциялар өздерінің көліктік хаттамаларына интерфейс түрінде іске асырылған. NetWare-де IPX хаттамасының негізінде NetBIOS-тың фукнцияларын эмуляциялайтын бағдарлама бар. Windows NT және TCP/IP стегіне арналған NetBIOS бағдарламалық эмуляторлар бар.

 

SNA стегі. DECnet стегі. OSI үлгісінің деңгейлеріне коммуникациялық жабдықтардың түрлерінің функционалдық сәйкестігі.

 

Date: 2016-01-20; view: 708; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию