Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АҚЫЛ-ОЙДЫ ДАМЫТУДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ





Тәрбиеледің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. [5]

Ақыл (араб.: عقل‎ ақл) — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. [1]

· Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.

· Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:

· жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;

· ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;

· ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.

Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек. [14]

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.

В.М. Сухомлинский «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музыкасыз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды».[11]

Ақыл ойды дамытуда халқымыздың ұлттық ойындары, салт дәстүрлері, әдеби шығармалары, аңыз әңгімелері және ұлы ойшылдардың ақыл-өсиеттері зор үлесін қосып келеді. Соның ішінде ойын арқылы ақыл-ойды дамыту зор нәтижесін берген. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Шахмат-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Шахматтың ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Шахматтың басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады.
Ұлы Абай айтқандай: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Жан Жак Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да өз пікірлерін білдірген. [15]

Ақыл-ойды дамыту бір бөлек, математикадан бастап басқа да күрделі ғылым саласын игеруде шахмат ойынының пайдасы бір бөлек. Ғалымдар шахматтың қашан, қайда, не үшін пайда болған ойын екенін баяғыда-ақ зерттеп, дәлелдеп, оның адам өміріне қажеттігін анықтап қойған. Дегенмен, санамыз спорттың бір түрі ретінде қабылдайтын бұл интеллектуалдық шахмат ойынының адамның жан-жақты болып қалыптасуына, өмірінде қандай жағдайға тап болса да мәселені ойланып шешуіне, белгілі бір жүйе құруына дағдыландыратын, бала тәрбиесінде өте маңызды екенін тағы бір айта кеткім келеді. Осы негізде қазіргі таңда аудан, облыс, республика бойынша шахмат ойыны кең таралуда. Осы орайда әр баланың жақсы оқуына, олардың ойлау қабілетінің дамуына және сана сезімінің артуы мақсатында мектептің ата-аналары соңғы кездері шахмат ойынымен кәсіби айналысуына көңіл бөліп, оң көзқарастарын қалыптастырып келеді. Осы орайда баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.[13]

Сөзімді қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттің бір түрі болып саналады. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізері хақ.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: «Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.[11]

 

 

 

 

 

Date: 2016-01-20; view: 2272; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию