Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі.Қазіргі Қазақстан мектептерінде білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт





Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі Қазақстан мектептерінде білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күг талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі тәрбие беру мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда. [1]

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ , Ақылды сатып ала алмайсың , Ақыл-тозбас киім, білім-сарқылмас бұлақ деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылған халықтық педагогикалық ескерткіштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде. Халықтық білімдердің көпқырлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы орны мәселеллерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар, тәрбиешілер мен ата-аналарды теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз. [3]

Мәдени мұра бағарламасы осыған айғақ. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: Мәдени мұра іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет екенін айтқан болатын. [3]

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат". Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз. [6]

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не?, Ойлаудың түрлері?, Ақыл-ой тәрбиесінің мектеп бағдарламасындағы алатын орны қандай? – деген сұрақтар туындайды. "Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың" күрделілігі сонда, ол – тек қана педагогиканы ғана қамтып қоймай, психологияны, басқа жаратылыстану, логика ғылымдарының қатыстылығымпн сипатталады.

Әрине “Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру” туралы жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімізді қазақ халқының ірі тұлғалары Әл-Фараби, М.Қашғари, А.Құнанбаевтан бастадық. Себебі, дәл осы ірі ғалым-ойшылдардың мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алды. [10]

Сонымен, зерттеу мәселесi бойынша ғылыми – теориялық әдебиеттердi жан-жақты талдау, мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері ақыл-ой тәрбиесі мен осы бағыттағы әртүрлі зерттеулердiң болғанына қарамастан, ақыл-ой тәрбиесіне байланысты шешімдерін таппаған жекелеген мәселелер көрініс беретіндігін анықтайды. Ақыл-ой тәрбиесіне қатысты заңдылықтарды орындау мен жүзеге асыру бұл үдерістердің теориялық және ғылыми - әдістемесінің әлі де жетік еместігі, мектеп оқушыларының тұлғалық дамуындағы және жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі келеңсіздіктер, адамгершілік білім мен тәрбиенің төмендігі арасындағы; мектепте рухани білім мен тәрбие беру жүйесінің педагогикалық шарттарының толық меңгерілмеуі мен мектеп оқушыларына ақыл-ой тәрбиесін беру бағдарламасының жүйеленбеуі арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы негіз болып отыр. Осы қарама – қайшылықтарды шешуге байланысты қоғам талаптарына сай жалпы білім беретін мектептегі тұлғаға ақыл-ой тәрбиесін берудің тиімді жолдары мен шарттарын белгілеу біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Ақыл-ой тәрбиесін беру ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл- ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

 

 

Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектептегі Ақыл-ой тәрбиесін беру үдерісі.

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне Ақыл-ой тәрбиесін беру үдерісін зерттеу.

Зерттеудің мақсаты: жалпы бiлiм беретін мектептегi тұлғаға ақыл-ой тәрбиесін беруді теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, тұлғаға ақыл-ой тәрбиесін берудің психологиялық-педагогикалық мәселесі зерделеніп, оның теориялық – әдістемелік негізі жасалса, онда жалпы білім беретін мектептегі тұлғаның ақыл-ой тәрбиесі туралы теориялық білімдері кеңейіп, сана-сезімі мол, еркін, белсенді тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

- ақыл-ой тәрбиесі мен мәдениеттің психологиялық, педагогикалық теорияларын анықтау;

- ақыл-ой тәрбиесін беру негізіндегі озат педагогикалық тәжірибелерді анықтау;

- тәжірибе негізінде ақыл-ой тәрбиесіне қатысты білімдерді меңгертіп, тұлға мәдениетін көтеру жолдарын зерттеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектептегі оқу тәрбие үдерісінде тұлғалық – бағдарлық тұрғыдан тұлғаға ақыл-ой тәрбиесін беру қазіргі қоғам талаптарына сай тұлғаның әлеуметтік – ақыл-ой мәдениетін қалыптастырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным, тұлға, іс-әрекет, тұлғалық - бағдарлық, тұтас педагогикалық процесс, ынтымақтастық теориялары, ақыл-ой туралы философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісін бақылау, қорытындылау.

Зерттеу көздері ретінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), «Мәдени мұра» бағдарламасы (2003), «Мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасы (2000), Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді бағдарламасы (2000), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» (2004), Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары: «Қазақстан 2030» стратегиясы (1998ж.), «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» (1 наурыз, 2006ж.), «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (28 ақпан, 2007ж.), зерттеу мәселесіне бойынша отандық және шетел ғалымдарының (философтар, психологтар, педагогтар) еңбектері, жалпы білім беретін мектептердегі озық тәжірибелер және автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибесі алынды.

 

Date: 2016-01-20; view: 1962; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию