Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теориялық бөлім





Индербор қаласындағы жылдық жүк айналымы 230 мың тонна мұнай қоймасының жобасы

 

Индербор қаласы тоғыз жолдың торабында тұрған дамыған қала. Ақтөбе өңірі – Батыс Сібір жазығы мен Каспий маңы ойпатын жалғастыратын өңір. Жеріміздің солтүстік-батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шақырымға созылады. Ұлы Жібек жолында және Батыс Қытай-Батыс Европа дәлізінде тұрған болашағы бар мекен.

Мұнай қоймасы - мұнай мен оның өңделген өнімдерін сақтайтын кешен. Құрамына мұнай қорқоймалары, құбыр желілері, сорап станциялары тағы басқа кіреді. Қор қоймалар орналастырылу тәсіліне қарай жербетілік, жерастылық, суастылық болып ажыратылады. Мұнай қоймасы мұнай кәсіпшіліктерінің, мұнай базаларының, сорап станцияларының, мұнай және мұнай өнімдері арналық құбырларының, мұнай айыру зауыттарының және мұнай-химиялық кешендердің құрамында болуы ықтимал. Істейтін жұмысына қарай олар екі түрге бөлінеді:

1. Мұнай өнімдерін сақтайтын және олар мен тұтынушыларды қамтамассыз ететін дербес шаруашылық;

2. Өз қарамағындағы белгілі бір өнеркәсіпті (автошаруашылық, теміржол цистерналары) жабдықтайтын мұнай қоймалары.

Мұнай қоймалары өзінің меншікті территориясында орналасқан. Сол сияқты, мұнай қоймалары қызмет атқарудағы шапшандығына өнімдерді әкелу шығару жағдайына байланысты, қайта тиеуші мұнай қоймасы,шикізат және тауарлық зауыт мұнай қоймасы,тарату базасы болып бөлінеді. Көптеген аралас базаларда болады.

Мұнай базаларында келесі операцияларды орындайды:

1. Темір жол цистерналарымен, мұнай құятын кемелермен, құбырлармен т.б. келген мұнайды қбылдайды;

2. Мұнай өнімдерін резервуарларда немесе ыдыс қоймаларында сақтайды;

3. Мұнай өнімдерінің үлкен партияларының теміржол цистерналарына, мұнай құятын кемелерге, құбырларға жіберіледі.

4. Мұнайды автоколонка, ыдыс қоймалары арқылы контейнерлермен, бөшкелермен,бидондармен тұтынушыға жібереді;

5. Резервуарлардағы, теміржол цистерналарындағы,мұнай құятын кемелердегі қатып қалған және тұтқыр мұнай өнімдерін қыздырады.

Сонымен қатар, мұнай базаларында жәрдемші операцияларда өткізілуі мүмкін: тазалау ақшылдандыру, майларды регенерациялау және ұсақ ыдыстарды жасап шығару т.б. Керек болғанда, завод жанындағы мұнай базасында шикі мұнайды сусыздандыру, тұзсыздандыру процестері жүреді.

Мұнай базалары қуатына, атқаратын жұмыс көлеміне қарай мұнай базаларының, жалпы кешеніне енетін ғимараттардың өндірістік және көмекші обьектілерінің саны мен сипаттамасы жағынан неше түрлі болып келуі мүмкін.

Мұнай базаларының барлық территориясы алты зонаға бөлінеді:

I. Мұнай өнімдерін қабылдау және жіберу;

II. Сақтау;

III. Оперативтік;

IV. Көмекші техникалық ғиматтар;

V. Әкімшілік-шаруашылық ғимараттар;

VI. Тазалайтын ғимараттар.

Қабылдап алу, жіберу зонасында мұнай өнімдерін қлкен партиямен жіберуге арналған ғимараттар салынады. Бұларға причалдар, құю-қотару эстакадасы бар теміржол тұйықтары, сораптар, талдау жасайтын лабораториялар кіреді.

Сақтау зонасына мұнай өнімдерінің азғантай партияларының көлемін өлшейтін құралдары бар резервуар паркі кіреді.

Бұл екі зона бір-бірімен құбыр арқылы жалғасқан, керек жағдайда олар бір-біріне мұнай өнімдерін бағыттап отырады.

Оперативтік зонада мұнай өнімдері ұсақ партиялармен автоцистерналарға, контейнерлерге, бөшкелерге,бидондарға босатылады. Бұл зонада мұнай өнімдерін автоцистерналарға, құйғыш станцияларға босату үшін автоэстакадалар, бос және толтырылған автомобильдерді өлшейтін таразылар орналасқан.

Көмекші техникалық ғимараттар мұнай базасының негізгі обьектілеріне қызмет көрсету үшін тағайындалған. Оның құрамына мынадай ғимараттар кіреді: жүкті түсіретін алаң, қоймалар,күш қондырғыларына бу жіберетін мұнай өнімдерін қыздыратын, бөлмелерді жылытып отыратын жылу қазандығы;механикалық шеберхана; бондар цехы; электростанциялар мен кіші трансформатор станциялары; резервуарлары немесе су айдағыш мұналары бар су сорап станциялары.

Әкімшілік – шаруашылық ғимараттар зонасына өтетін будкасы бар кеңсе, өрт депосы, қарулы қорғау күштерінің үйі, гараж кіреді.

Тазалау ғимараттар зонасында нөсер суларынан тазартатын обьектілер, территорияда төгіліп –шашылған мұнай өнімдерін жинап алатын обьектілер орналасқан.

Аталып өткен обьектілер әрбір мұнай базасында толығымен кездесе бермейтіні белгілі. Мысалы, аударма базаларында үшінші зонанын ғимараттары болмауы мүмкін;тек ашық түсті мұнай өнімдерімен ғана істейтін мұнай базаларында жылу қазандығы көбінесе кездеспейді, сол сияқты бондар цехы регенерациялау қондырғылары да кейбір мұнай базаларында бола бермейді.

Бірақ, негізгі ғимараттар кешені (құятын және қотаратын қондырғылар, резервуар паркі, сораптар, өрт сөндіруші құралдар, механикалық шеберханалар) міндетті түрде болады.

Date: 2016-01-20; view: 1105; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию