Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Біздің ғасырымызда мұнай мен газдың энергетика, транспорт, елдің қорғанысы





Біздің ғасырымызда мұнай мен газдың энергетика, транспорт, елдің қорғанысы, сондай-ақ, өнеркәсіптің әр түрлі салалары мен тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Мұнай мен кез келген елдің экономикасын дамытуда шешуші рөл атқарады. Табиғи газ-құбыр арқылы тасымалдауға ыңғайлы арзан эргетикалық және тұрмыстық отын. Мұнайдан әр түрлі сұйық отындар: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған реактивті және дизельді отын сорттары, локомативтер үшін газтурбиндік отын және қазандық қондырғылар үшін мазуттар алынады. Мұнайдың өте жоғары темперетураларда қайнайтын фракцияларынан майлағыш және арнайы майлардың, пластикалық майлағыштардың кең ассортименттері алынады. Мұнайдан, сонымен қатар парафин, резеңке өнеркәсібі үшін техникалық көміртек (күйе), мұнай коксы, жол құрылысы үшін битумдардың түрлі маркалары және басқа да көптеген тауарлық өнімдер алынады.

Мұнайдан бөлініп алынатын көмірсутектер газдардың, ароматты көмірсутектердің, сұйық және қатты парафиндердің және басқа да өнімдердің одан әрі қарай химиялық өңдеу үшін шикізат ретіндегі мәні зор.

Мұнай мен көмірсутектік газдар химиялық өнімдер мен тұтыну тауарларын көп мөлшерде өндіру үшін өте жақсы және универсалды химиялық шикізат болып табылады.

Мұнайлы және газды шикізаттарды химиялық өндеу қазіргі кезде мұнай химиялық синтез деп аталады.

Қазіргі уақытта әлемдік химиялық өнімдердің 25%-ы мұнай мен көмірсутектік газдар негізінде шығарылады.

Мұнай химиялық өнеркәсіптің дамуының жақын арадағы келешегі өндіріс көлемі бойынша да, синтездік аралық және соңғы өімдерінің көп түрлілігімен де ерекше қолайлы.

Мұнай химиялық ө өнімдерге пластикалық массалары, а каучуктер мен шайырлар, синтетикалық талшықтар, синтетикалық жуғыш заттар мен беттік активті заттар, кейбір химиялық тыңайтқыштар, отындар мен майларға қосылатын қоспалар, синтетикалық майлағыш майлар, ақуызды-дәруменді концентраттар, көптеген жеке органикалық заттар: спирттер, қышқылдар, альдегидтер, кентондар, хлор туындылар, эфирлер, гликольдер, полигликольдер, глицерин және де басқа өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және тұрмыста қолданылатын заттар жатады.

Жалпы әр түрлі бағалаулар бойынша дәлелденген мұнайдың әлемдік қоры 143,4 млрд.тоннаға (немесе 1035 млрд.баррельге) жетеді; оның ішінде шамамен Таяу шығысқа-91,2 Орталық және Оңтүстік Америкаға-13,0, Солтүстік Америкаға-11,5, Африкаға -10,1, Ресейге – 6,7,Еуропаға -2,7,ал қалған елдерге – 8,2млрд.тоннадан келеді.

Әлемдегі мұнайдың ең ірі қоры (-260млрд.баррель) – Сауд Арабияда.

Табиғи газдың әлемдік қорлары елдер бойынша былайша таралған (%); Ресей – 38,4, Иран -15,8, Қатар – 5,8, Сауд Арабиясы – 4,8, Әбу – Дәби – 3,8, АҚШ -3,2, Алжир – 3,1, Венесуэла -2,8, Нигерия – 2,4, Ирак -2,1, басқа елдерде-18,6. Газдардың барлау жасалған қоры бойынша Ресей әлемдегі бірінші орынды алады (әлемдік қордың 38,4%-ы) және қазіргі уақытта әлемдік өндірудің 30%-ын қамтамасыз етеді.

Қазақстан көмірсутектік шикізаттың мол қоры бар 15мемлекеттің қатарына кіреді. Теңіздегі кен орындарын есептемегеннің өзінде еліміздің территориясында мұнай мен газ конденсатының қоры – 2,9млрд.тонна,газдың қоры – 1,8 трлн.м. Қазақстанның жер қойнауында есептеліп дәлелденген көмірсутектердің әлемдік қорының 2%-ы бар.


Қазақстанның құрлықтағы және Каспий шельфіндегі мұнай мен конденсаттың болжамдық қоры 12- 13 млрд.тонна деңгейінде деп бағаланады.

Республикамыздың мұнай – газды аймақтарында орналасқан көмірсутектердің 210 –ға жуық кен орындары (100 мұнайлы, 67 мұнай – газды, 22 газды және 11 конденсатты) 1,7 млн. км – ге жуық ауданды алып жатыр (Қазақстан аумағының шамамен 62%-ы). Оның ішінде 5 кен орнының үлесіне елімізде өндірілген көмірсутектер қорының 2/3 бөлігі сәйкес келеді (жартысынан астамы- Теңіз қоры, қалған көлемі құрлықтағы басқа 4 ірі мұнай-газды аудандарға сәйес келеді- Өзен жіне Қарашығанақ, Жаңажол және Құмкөл орындары топтары)

Бұл кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Оның ішінде көмірсутектердің шамамен 70%- ы Қазақстанның батысында шоғырланған.

Мұнайдың барланған қорының көпшілігі Атырау обылысында, оның үлесіне Қазақстанда барланған сұйық көмірсутектердің үштен бірінен көбі сәйкес келеді. Обылыстың ең ірі кең орны- Теңіз (Республиканың барланған мұнайының шамамен үштен бірі осында).

Маңғыстау облысының аумағында елімізде өндірілетін мұнай қорының төрттен бірі шоғырланған. Мұнда 70 кен орны ашылған, олардың ең ірілірі – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас. Бұлардың ішіндегі өзен кен орны Республикадағы Теңізден кейінгі екінші орында, оның үлесіне Қазақстанның құрлықтан өндірілетін қорының 10%-ынан астамы сәйкес келеді.

Көмірсутектердің 15-ке жуық кен орындары Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Олардың ең ірісі – Қарашығанақ мұнай – газ конденцаты кен орны, ол Републикамыздағы ең ірі үш орнының бірі болып табылады.

Ақтөбе облысында көмірсутектердің 25 кен орны ашылғен, оның ең ірісі – Жаңажол кен орындарының тобы, одан алынатын мұнай мен конденцаттың қоры шамамен – 170млн.тонна.


<< Ақтөбе Мұнай -газ>> акционерлік қоғамы (АМГ) Ақтөбе атыраьындағы көмірсутекті шикізаттарды барлаумен, өндірумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және сатумен айналысады. 1993 жылы «Ембімұнай» тресінің құрылымдық бөлімдердің базасында Кеңқияқ кентінде құрылды. «Ақтөбе мұнай –газ» баланысында Жаңажол және тұз үстілік,тұз астылық Кеңқияқ кен орындары бар. Бірлестіктең құрамында мұнай өндіруші басқармалар «Октябрск мұнай» және «Кеңқияқ», 11 серіктес өндіріс, Жаңажол газ қайта өңдеу зауоты бар. «Ақтөбе Мұнай – Газ», қатысуымен «Дамұнай», «Эльф нефтегаз», «Қазақ Түрік Мұнай», «Ақтөбе ПРайссаМұнай», «Тұлпар Мұнай», «Мұнай – газ», «Темір» бірлескен кәсіпорындары құрылды.

Газдың өнеркәсіптік қоры ең алдымен мұнай, мұнай газ және мұнай газ конденцаттық кен орындарымен байланысты, ең алдымен олардың төрт ең ірілері – Қарашығанақ мұнай газ конденцат, Теңіз мұ жиынтнай, Имашев мұнай газ конденцат кен орындарымен байланысты. Көпшілігі майда категориялы болып келетін таза газ кен орындарының жиынтық қоры 1,5%-дан аспайды.

Жақын жылдары газдардың қоры Каспий теңізі айдынында жаңа газ кен орыдары қорының есебінен 1,5-2,0 есе өсуі көзделіп отыр. Болжам бойынша Каспийдің солтүстігіндегі Қашаған кен орындағы газдың қоры 3,0 трлн.м3 астам, ал олардан алынатыны 1,0 трлн.м3 астамды құрайды.

Мұнай өндіретін елдердің ішінен Қазақстан қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі жойынша 23 – орынды алады. 2002 жылғы Республикада 45млн. тонна сұйық көмірсутектер және 13млрд.м3-ден астам газ өндірілген. 2005 жылы мұнайды өндіруді 60 млн. тоннаға дейін, газды 20,5 млрд.м3-ге дейін, ал 2010 жылы мұнайды 100млн.тоннаға,газды 35 млрд.м3-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

 


 







Date: 2016-01-20; view: 1274; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию