Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Суғару





Қарудың нобайы жасалғаннан кейін енді суғару керек. Бұл - темірді қорытудан еш кем емес қиын технологиялық процесс. Бұл жерде ең басты мәселе – қасат дайындау.

Қазақ шеберлері қасатқа қажетті топырақты қазіргі Шымкент облысының Сайрам ауданындағы бір жерден алдырған. Ертеде сол жерде қыштың кеніші болған деседі. Ал оған қол жетпесе жергілікті жерден соған ұқсас топырақ тауып, қасатты содан жасаған.

Керекті топырақ табылғаннан кейін оны қазанға салып су құйып қайнатады. Артынша суытып қояды. Ауыр бөлшектер шөгіп, суда болашақ қасат қана қалады. Осы суды басқа қазанға құйып, қайнатады. Қазан суалғанда түбінде пышақтың қырындай ғана тозаң қалады. Осы тозаң қасат деп аталады. Қасат не үшін керек?

Қылыш түрлі температуралық режимде 16-17 рет суғарылады. Суғарардың алдында қасатты азғантай ғана суға езіп қоймалжың жасайды да соны қылқаламмен іліп алып отырып қылыштың жүзіне сүрет салады. Сүреттің нобайында да технологиялық сыр, логика бар. Қасат кеткеннен кейін тастай болып қатады. Бұл жердегі шебердің сыры мынадай: қасатпен қапталған жер отқа қызбайды. Қылыш сағаттап жоғары температурада қыздырылғанмен қасатпен қапталған жер суып тұра береді. Қылышты оттан алып суғарындыға салғанда отқа қызған жер ғана шыңдалады, ал қасатпен қапталған жер суғарылмаған күйінде қалады. Осылайша 16 рет суғарылғанда қылыштың жүзіне 16 түрлі сурет салынады. Ол суреттің сыры әр шеберден әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ барлығының көздейтіні – қылыштың кесер жүзі мен сыртқы бірнеше микрон қабаты ғана шыңдалып, қалған жері жұмсақ күйінде қалуы керек.

Қылыштың жүзіне қасаттан сурет салынбай тұтастай суғарылатын болса, ол морт болады, алғашқы шапқанда-ақ сынып кетеді. Яғни 16-17 суреттің техникасы бір ғана нәрсені – қылыштың сыртқы бірнеше микрон қабаты ғана суғарылып, жетесі жұмсақ күйінде қалып, сол жұмсақтық біртіндеп қатайып кесер жүзге жеткенде шар болатқа айналуын көздейді. Қылыштың жүзі суғарардан бұрын шығарылады және бір-ақ рет қайралады. Қылышты суғарғанда отын ретінде қой мен ешкінің құмалағы, сексеуіл мен жыңғыл пайдаланады. Қидан, бетегеге жайылған қоймен ешкінің сары қиы пайдаланылады. Өлең шөпке жайылған сиырдың қара қиы жарамайды. Сары қи мен құмалақты шыжыған күндері ақ тақырға жайып кептіреді.

Суғарынды су әртүрлі аймақтардан алынған топырақ түрлерінен, және шеберлер өздері білетін құпия қоспалардан тұратын.

Арқаның шеберлері «май балшық» деп аталатын суғарындыны пайдаланады. Дарханның, көрікті қозған от үрлейтін көмекшісін «жалынгер» деп атайды.

Осылайша барлық технологиялық талаптары сақтала отырып жеткерілген қылыш атадан балаға мұра, бірнеше ғасыр көнермей, әбден қанға суғарылып барып сынады екен.

Date: 2016-01-20; view: 691; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию