Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Соғу қаруы





Бұл қарудың ең көне түрі «шоқпар» деп аталады. Ол ағаштан, ауыр сойыл түрінде жасалады. Кейде шоқпарға металл шынжыр немесе үшкір темір тығылады. Соғу қаруының екінші түрі – «гүрзі» деп аталады. Басы металдан құйылған ауыр шоқпар. Соғу қаруының үшінші түрі – «бұздыған» деп аталған. Бұздыған — басы алты не сегіз қырлы (әр қырының арасы тілімделіп ойылады) болып келетін, темірден жасалатын шоқпардың жеңіл түрі. Соғу қаруының төртінші түрі – «босмойын» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, босмойынның басы иілгіш келеді. Шоқпардың басы сабына қайыс немесе шынжыр арқылы бекітіледі. Мұндай шоқпарлардың басы ағаштан, тастан немесе металдан жасалған.

 

Қазақтар соғыс қаруын пайдалану шеберлігін жан-жақты меңгерді. Батырлар жекпе-жегі ермек үшін емес, олардың қару ұстау шеберлігін, күші мен ерлігін айқындау үшін өткізіліп отырды. Жекпе-жекте міндетті түрде қару қолданылды. Көшпенділер жауынгерлері де қазіргі кездегі сияқты ұстаған қаруына қарай бірнеше топқа бөлінген. Белгілі бір қаруды жетік меңгерген жауынгерлерден найзагерлер, семсершілер, садақшылар, айбалташылар жасақтары құрылған. Бес қаруды әбден меңгерген шебер батырлар ең үздік гвардия бөлімшелеріне алынған. Көшпенділердің соғыстағы әскери тактикалары да осы бес қаруды пайдалану ерекшеліктеріне негізделді. Әдетте, соғыс алыс қашықтықта тұрып садақтан оқ атудан басталған. Атты әскер найзаны жаппай шабуыл кезінде қолданған. Кейін арадағы қашықтық жақындаған кезде қарудың өзге түрлеріне көшкен.
Осындай ерекшеліктері бар соғыс қаруын халық айрықша қастерлеген. Қаруды кім болса сол асынбаған. Қаруды қастерлі деп санаған ертедегі қазақтар оған сыйынған, ант беріп, әр қаруға өзінше ат қойған. Орта ғасырларда семсер немесе алдаспан қылыш биліктің белгісі саналып, таққа отырған билеушіге табысталып отыратын. Қазақтар хан көтерген кезде билік пен хандықтың белгісі ретінде белдігіне алтын қылыш тағыпты. Жоғарыда аты аталған бес түрлі қару әскери биліктің белгісі саналып, әскери шен қарумен белгілеген. Қызметке тағайындалған кезде әскербасыларға қыл-құйрық немесе мойшақ тағылған найза, қылыш немесе күрзі тарту етілді. Қару асыну құқына ие болған адамдарға белгілі бір артықшылықтар да берілген. Мысалы, Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы бойынша хан кеңесіне қару асынған хандар, сұлтандар, батырлар мен ру басылары ғана қатыса алатын. Ал, жиын-тойда, мерекеде асынатын қару-жарақ әскери награда қызметін атқарды. Әскери шен-шекпенді дәстүрлі ас пен мерекелер кезінде өткізілетін жарыстарда бәйгеге тігіп отырған.
Сол жаужүрек бабалардың бүгінгі ұрпағы да қазақтың бес қаруына үлкен құрметпен қарайды. Арамызда әлі күнгей дейін даңқты бабаларынан қалған қаруды қастерлеп, төріне іліп қоятын қазақтар аз емес.

 

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев Халықаралық ғылыми-танымдық тарихи журнал, №12 (11.37 MB, pdf) Қаз Рус Eng Кіру немесе тіркелу Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тұңғыш Президент Қазақстан тарихы Халық тарих толқынында Электронды мұрағат Іс-шаралар мен конференциялар Есімнама Тарихи білім «edu.e-history.kz» электрондық журналы Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары Жарияланымдар ҰБТ сұрақтары Біздің жобалар Интерактивті тарау Мультимедиа «Жетісулық алтарь». 1912 жылы табылған тостаған 16 барыс бейнеленген тостаған XIX ғасырдың әйелдер киімі Торсық (қымыз құйылған тері ыдыс) Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған барыс Мұражай экспонаты. Төсек Қазақ мемлекетінің тарихы бойынша шыққан кітаптар Қожа Ахмета Яссауи мавзолейі Музей экспонаты Музей экспонаты Сібір губернаторы П. Бутурлиннің Әбілқайыр-ханға жазған хаты. 28.03.1741ж. Жәңгір ханның Орынбор хаты. 1838 жылдың 8-ші ақпаны. Түпнұсқа. Басты бет» Жарияланымдар» Қазақтардың әскери ісі Қазақтардың әскери ісі 03 Қараша 2015 Тарихшы Арман Жұмаділ бұл мақаласында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған әскери өнері мен қаруларының түрлері, қолданылу жайынан баяндайды Ш. Уәлиханов зерттеулеріндегі қазақ қарулары Б.з.д. І мыңжылдықта Хуанхэның орта ағысынан Дунайға дейінгі Ұлы Дала төсінде дүние жүзіндегі озық әскери мектептердің бірі қалыптаса бастады. Сол кеңістікте өмір сүрген сақ, ғұн, түрік тайпалары далалық әскери мектептің негізін қаласа, қазақ халқы олардың тікелей ұрпағы ретінде сол әскери мектептің дәстүрін жалғастырушы мұрагері болып табылатыны – тарихи заңдылық. Қазақ ғылымының бастауында тұрған Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда қазақтардың әскери ісін сипаттауға көп көңіл бөлді. Ол қазақтардағы қарудың түрлерін екіге бөліп көрсетеді. Біріншісі – мал күзеткенде және ішкі қақтығыстар кезінде қолданылатын қарулар. Олардың қатарына қамшы, құрық, сойыл жатады [1, 463-б.]. Екінші топқа соғыс кезінде қолданылатын қарулар кіреді. Олар: ертеректе қайқы қылыш, кейін сапылар; селебе мен жекеауыз және «үнемі әр қазақта болатын пышақ»; одан әрі найза; садақ, жақ және жебелері; мылтық [1, 464-466-бб.] деп көрсетеді. Ш. Уәлиханов бұл қарулардың тек атауларын ғана беріп қоймай, сонымен қатар олардың неден жасалғанын немесе оларды қай жерден әкелетінін, түр-сипатын, асыну ерекшеліктерін көрнекті түрде өзінің салған суреттерімен бейнелеп отырған. Мысалы, Шоқан садақ туралы айтқанда оларды қазақтардың өздері жасайтынын, бірақ Бұқара мен башқұрттан қымбат садақ алдыруға әуестігін айтып, олардың кейін Қытайдан да келе бастағанын атап өтті. Ал жебелерді қайыңнан жасайтынын, қауырсыны төрт қатар, ұштары аңға арналғаны екі қырлы, сауыт бұзары төрт қырлы болатынын, адамды аттан атып түсіру үшін қозыжауырын сияқты оқ түрлерін қолданатынын, жебенің қауырсынын әдетте «көшегеннің қойлық жүнінен немесе тазқараның тайлық жүнінен жасайтынын» көрсетті. Ғалым мылтықтарды сипаттауға да көңіл бөлген. Ол қазақтарда мылтықтың өте сирек болатынын, атадан балаға мұра ретінде берілетінін және әр мылтықтың қасиетіне қарай «көз кеш», «күлдір-мамай» сияқты өз аттары болатынын, оқтарды қорғасыннан жасайтынын, сонымен қатар, мылтықты қолдануға байланысты керекті барлық қосалқы жарақтарды да толық сипаттап кетті. Сол сияқты Ш. Уәлиханов «Қазақ оқ-дәрісінің құрамы» атты еңбегінде қазақтарда оқ-дәрінің жасалу жолдары туралы құнды мәліметтер қалдырған [2]. Оның құрамы сор (селитра), көмір, күкірттен тұрады. Қазақтар сорды мал қиынан немесе «қалмақ» қорғандарының ескі топырағынан алған. Көмірді тек талдан, оның оқ-дәріге жарамды ең жұмсағынан күйдіреді екен. Ал күкіртті Ташкеннен әкеледі, әсіресе орыс күкіртінің сапасы жоғары болғандықтан соны пайдалануға тырысқан. Қазақтар оқ-дәрінің әр түрін білгені туралы, оны неден жасалатыны туралы орыс мәліметтері де бар. Бірақ олар ол туралы үстірт айтып кетеді. Ал оның жасалуының біршама толық технологиясын тек Шоқанның еңбегінен көреміз. Аталған еңбекте Шоқан сорды алу үшін топырақты не қиды қалай қайнататынын, оны сүзу және сордың кристалдарын жинау процесі нақты суреттеледі. Екі жарым фунт (1,13 кг) оқ дәрі алу үшін бір фунт сор, жарты фунт көмір, бір фунт күкірт салынады екен. Әрі қарай Шоқан осы оқ-дәрінің құрамын аттың қылымен қалай езгілеп, ұнтақтатып, тазартатынына дейін сипаттайды. «Ер қаруы – бес қару» ұғымы Қазақтардың қару-жарақ кешені халық ауыз әдебиетінде батырлардың толық қаруланғанын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында» деген сөз тіркестері жиі кездеседі. «Ер қаруы – бес қару» [3, 46-б.] деген жыр жолдары мақал сөзге де айналып кетті. «Бес қару» – сөз жоқ, қазақ батырлары қолданатын соғыс қару-жарақтарының негізгі кешенін білдіретін ұғым. Ал, қаруды «бес қарудың» қатарына жатқызу үшін оның төмендегідей ерекшеліктері болуы шарт. Біріншісі – жалпы еркек адам емес, тек жауынгер, әскери адам ғана ұстайтын құрал болуы керек; екіншісі – күнделікті тұрмыста емес, тек соғысқа қолданатын құрал болуы керек; үшіншісі – қарудың жекпе-жекте қолдану мүмкіндігінің болуы; төртіншісі – қарудың әскери тактикаға негіз болуында; бесіншісі – қару түрінің әскер құрамын анықтауы; алтыншысы – қарудың жоғары дәрежелі әскери лауазымдарды белгілейтін және әр түрлі символдық мағынада қолданылуы; жетіншісі – соғыс қаруының өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшеленуі [4, 44-46-бб.]. Осы ерекшелерге байланысты «ер қаруына»: 1) садақ (кейін оның орнын мылтық басады); 2) қылыш (ертеде семсер, сапы); 3) найза («сүңгі» деп аталатын ұзын түрі бар); 4) айбалта; 5) шоқпар (соғыста қолданатын түрі «гүрзі») жатқызуға болады [4, 46-б.]. Шынында да, «ер қаруының» саны бесеу болып қалыптасуы олардың өзіндік, бірін-бірі ауыстыра алмайтын жеке қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Бұл соғыс қаруларының жұмсалу тәсілі бес түрлі болып қалыптасқан. Олар: ату (садақ не мылтық), кесу (қылыш), түйреу (найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар). Басқа қарулар осы бесеуінің вариациалануы, түрленуі ғана. Сондықтан ұрыс кезінде бұл бес қару бірінің орнын бірі баса алмайды [4, 49-б.]. Еуразия даласын мекен еткен көшпелі тайпалар мен халықтардың өмірінде салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар маңызды орын алып, олардың дүние танымын ерекшелейді. Үш мың жылдан бері бұл дәстүрлердің бәрі дерлік көп өзгеріскге ұшырамай бүгінгі күнге дейін жетіп, ұлттық құндылықтарымызға айналып отыр. Олардың өміршеңдігі бүгінгі күні қазақ халқы үшін өзінің ұлттық сипатын сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпеудің бір кепілі болып тұрғандай. Бұл заңды да. Өйткені табиғи-географиялық, шаруашылық және дүние танымдық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір өмір-салтын ұстанған халық өз құндылықтар жүйесін салт-дәстүр, әдеттік-құқықтық нормалар, заңдар арқылы сақтайды. Көшпелі өркениеттерде осындай құқықтық әдет-ғұрыптар мен заңдар көшпелі дала өмірінің шаруашылық, некелік, қылмыстық, т.б. құқықтық қатынастарды реттеумен қатар тікелей әскери іс пен соғыс қажеттілігін өтеуде маңызды болды. Ал, әскери іс халықтың және мемлекеттің өміршеңдігін қамтамассыз етуде барлық тарихи кезеңдерде ең басты рөлдердің бірін атқарды. Қаруға деген құрмет Қазақ халқының өмірінде де әскери іске байланысты құқықтық әдет-ғұрыптар мен заңдар кең таралған. Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» сәйкес көшпелі қазақ қоғамында еркін және құқығы толық қоғам мүшесі ретінде ер адамның бәрі де қару асынып жүруі тиіс еді. Бұл заң туралы А. И. Левшин өз зерттеуінде былай деп көрсетеді: «Бірде-бір қазақ халық жиналысына қару асынбай келмейтін. Қару асынбай келген адам дауыс беру құқығынан айырылған және жастар оған орын бермеуіне болатын. Қару асынуға жараған әрбір адам (сұлтандардан басқа) жыл сайын өзінің дүние-мүлкінің 1/20 бөлігін ханға және ел басшыларына алым ретінде төлейтін» [5]. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрінде қару билік символы ретінде де көрінеді. Қазақтар ақ киізге көтеріп хан сайлаған кезде ру-тайпа көсемдері ханның беліне алтын балдақты қылыш буып беретін. Мұнда қылыш билікті білдірсе, оны ру көсемдердің хан беліне тағуы – хан халқына қызмет етіп, барынша адал билік етсін дегені. Жалпы, белді кісе-белдікпен буып тұру семантикасы адамның қызмет етуге, белгілі бір әрекетке дайын тұруының белгісін білдірген [6, 96 б.]. Қазақ тіліндегі «тәуекелге бел буу», «белін буып кірісті» сияқты тұрақты сөз тіркестері осыны дәлелдейді. Оқшантай, шақпақ, асылатын кісе белдік ерте заманнан бері жауынгерліктің белгісі болған. Оның әшекейі, салпыншақтарының саны жауынгердің коғамдағы дәрежесіне сай болған: атак-данқы артқан сайын әшекей-саллыншақтары көбейе түскен. Ең бастысы көшпелілердің әскери ісіне қатысты дала құқықтық әдет-ғұрыптар мен заңдар елдің ішкі-сыртқы қауіпсіздігі мен бірлігін, өміршеңдігін қамтамассыз етуге бағытталған. Мысалы, Тәуке ханның шығарған заңдар жинағында әскери іске нұқсан келтірген адамға өлім жазасы кесілетін бап бар. «Жеті жарғы» бойынша біреудің меншігіне қол сұғып, ұрлаған мал үшін үлкен айып төлетсе, ендігі бір бапта өрде тұсаулы тұрған сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы кесіледі. Бұл заңда сәйкестік пен гуманизм жоқ боп көрінуі мүмкін. Бірақ, өрде көрініп тұрған, тұсаулы сәйгүлік ат – жай ат емес. Ол – жорық аты. Ал жорық атын ұрлау – қасақана әскери іске нұқсан келтіру деген сөз. Бұл заң қазақ қоғамының қауіпсіздік страдегиасынан туындалғаны анық [7, 27-б.]. Қазақтар каруды өте қатты қастерлеген. Ол жайында халық ауыз әдебиетінде көп мәлімет табуға болады. Жырларда кару-жарақтар тек өзінің жеке атауымен ғана емес, қару элементтерінің атымен немесе қарудын түр-сипатына, түсіне, жасалу мен қолдану әдісіне байланысты да аталады. Мысалы, жырларда найзаға байланысты мынадай атаулар кездеседі: толғамалы ақ найза, емен сапты найза, алты құлаш ақ найза, егеулі найза, жалаулы найза, күмбезді найза, қарағай найза, жебелі найза, қималы иайза, қоңыраулы найза, шашақты найза, сырлы найза, т. б. Немесе семсер мен кылышқа байланысты атаулар: ақ семсер, алты құлашты ақ семсер, көк семсер, алмас қылыш, жалаң қылыш, болат қылыш, алтын балдақ ақ қылыш, алдаспан, наркескен, т. б. Садаққа байланысты: бұлғары садақ, бұқаржай, көн садақ, қарағай садақ, т.б.; мылтыққа байланысты: алты қырлы ақ мылтық, ақ сырық мылтық, берен мылтық, білтелі мылтық, күмісті мылтық, орама мылтық, мысық құлақ мылтық, он екі құрсау жез айыр мылтык, сыр мылтық т. б. [8]. Қазақ үшін қару тек ұрыс құралы ғана емес. Қару – батырдың жанды серігі іспеттес. Жырларда батырлардың өз қаруымен серт жасасатын жерлері бар: Алты атқа алған адырна Ата алмасам маған серт!... Шым жібектен ескен кірісі Үзіліп кетсе саған серт! Қазақ ертегілерінде де батырдың жаны оның қаруында болады деп суреттелуінің өзі қарудың қаншалықты қастерлі болғанын көреміз. Сондықтан да қазақтар қаруды ешқашан да қадірсіз іске жұмсамаған. Бұл батырлық кодекске қайшы болатын [4, 46-б.]. Мысалы түрікмеңдерде дәстүрлі этикет бойынша жақсы қылышты қыннан суырып, оны қолданбай қайта орнына салу жауынгер ердің дәрежесіне қайшы келетін [9]. Қаруға байланысты ырым-тыйымдар Қазақ даласының өмірі туралы біршама мағлұмат беретін Джон Кэстльдің салып кеткен суреттері бойынша қару-жарақ Қағбаға қарайтын киіз үйдің оң – ер жағында керегеде ілулі тұруы керек [10, 63-64-бб.]. Оған иесінің рұқсатын алмай туыстарынан бастап ешкімнің де қол тигізуге қақы жоқ. Қаруды қастерлігі сонша, қазак халқының адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, бақилық болғанға дейінгі барлық әдет-ғүрып, салт-дәстүрлерде қару қолданылатын. Мысалы, егер екіқабат әйел көпке дейін босана алмай, қатты қиналса оны босандырмай жатқан албасты немесе марту деп сенген. Сол мартуды қуу үшін кылышты қынабынан шығарып әйелдің бас жағында ойнатып, үкі әкелдірген... Үйге еркектер кіріп, екі қолымен етектерін қағып, үлкендері төрге шығып білетін аяттарын оқыса, жастары шығып қару-жарақтарын салдырлтып, бар болса мылтық ататын. Ата-бабалардан қалған сауыт-сайман, кісе, айбалта, найза, қылыш, қамшы тәрізді бұйымдарды үйдің ішіне іліп қоятын [11, 89-90 -бб.]. Бұл дәстүр казақтарда қару-жарақтың магиялық қасиетіне сенуіне байланысты ертеректе пайда болған. Қарудың орны үйдің ішінде болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Ал найза мен сүңгіні үйдің белдеуіне қыстырулы болған. Бұл батырдың үйде екендігінің белгісі және найзаларға әр түрлі дәреже белгілері (байрақ, шашақ, ту) тағылатындықтан бұл кімнің, қай батырдың үйі екені, онын дәрежесі, елде ме, әлде жорықта екені сырттан келген адам біліп отыратын [4, 92-б.]. Сондай-ақ найзаны өлім болған үйде «қара» тұрғызғанда қолданады. «Қара» дегені найза ұшына белгі байлауды айтады, мәйіт жас болса – қызыл, ересекке – ақ, орта жасар болса бір жағы қара, бір жағы қызыл матадан кұрап тіккен. Бұл – «қаралы үйдің белгісі». Ары-бері жүрген адамдар сол үйде өлім болғанын, марқұмның жас мөлшерін біліп, үйге кіріп көңіл айткан. «Қара» көтергені – «ас береміз» деген хабар. Сондықтан да әркім қаралы орынға келіп ас-су ішіп дұға етеді, шаршаған тыныс алуға, шөлдеген сусындауға, аштар тойынуға сонда барады. «Қарны ашқан қаралы үйге барсын» деген мәтел осыдан қалған болар [10, 180-б.]. Қайтыс болған батырдың мұрагері жоқ болса, бес каруы өзімен бірге жерленген немесе өзінің өсиеті бойынша біреуге калдырылатын. ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген Саржала батыр сексеннен асып тоқсанға қарай жакындағанда момын, шаруа балаларына көңілі толмай: «Апырмай, тәңірім өзіме теңдес бір ұл бермеді-ау, мына сауыт-сайман іріп-шіріп далада қалар ма екен», – деп калың ойға батып жүреді. Бір күні үзеңгілес жолдастарымен ат үстінде келе жатып, ойнап жүрген көп баланың үстінен шығады. Қару-жарақтарын асынып, суыт жүріп, сатырлап қыр астынан қапелімде шыға келген батырлар балалардың зәресін ұшырып, қатты қорқытады. Шошып қорыққан балалар тым-тырақай қаша жөнеледі. Тек бір бала ғана тұрған орнынан қозғалмай, бұқа болып өкіріп, топ алдындағы Саржала батырдың атының басына топырақ шаша бастайды... Саржала батыр сол баладан ерен бір касиет көргендей болып, соның үйіне барып түседі. Бұл үй Тайман ақсақалдың шаңырағы болып шығады. Жаңағы батырлардың атын үркіткен Тайманның төрт баласының бірі – Исатай екен. Саржала Тайманға осы бала үшін келгенін айтады да, үстіндегі сауыт-сайманын шешіп, керегенің басына іліп тұрып: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген бар. Өз балаларым ренжи коймас. Менің сауыт-сайманыма өскенде осы бала – Исатайжан ие болар», – деп, колын жайып, батасын беріпті. Ел аузындағы Исатай батырдың сауыт-сайманы Саржала батырдікі дейтін аңыз осыдан қалған көрінеді [13, 13-б.]. Қазақтарда зират басында ертоқым мен найзаны, садақ пен жебелерді т. б. әскери қару-жарақтарды қалдыру арқылы өлгем адамның қаншалықты батыр болғанын білдіргісі келген. Марқұмның құрметіне ас берілгенде де бәйгеден озып келгендерге сыйлық ретінде міндетті түрде сауыт-сайман аталатын болған [14, 16-27-бб.]. Сонымен қатар, қазақтардың әдеттік-құқықтық нормалары бойынша өлген адам үшін төленетін құнның ішіне қарудың кейбір түрлері мен сауыт кірген. Мысалы, кейбір мәліметтер бойынша өлген ердің қүнына 100 жылқы және алты жақсы сұраған: 1) күң (құл); 2) қара нар; 3) ақ сауыт; 4) түзу мылтық; 5) қарашолақ ат; 6) қалың кілем [15, 127-б.]. Сол сияқты қарудың кейбір түрлері қалың мал төлегенде де берілетін [14, 29-б.]. Қазақ ең жақын адамын «тамыр» дейді. Көңілдері жарасқан адамдар дос, тамыр болу үшін арнайы ғұрыптар орындаған. Соның бірі – жалаң қылышты кеуделеріне айқастыра құшақтасып, мәңгі дос болып өтетіндігі туралы серт жасап ант-су ішу [15, 132-б.]. Бұл дәстүр Алпамыс батыр жырында да айтылады. Онда Қаражан Алпамысқа «Басында қорыққанымнан дос болып едім..., енді расынан дос болдым», – деп, иман айтып, аспахани қылышты ортасына айқастырып, екеуі құшақтасып дос болды деген [16]. Қарудың қайбір түрін жетік меңгерген батырларға сол қарудың атауы қосымша тіркелген. Мысалы, Исатай бастаған көтерілісте Жұмыр Қылыш деген қол бастаған батырлардың бірі. Жұмырға кылыш атауы қосылуының өзіндік себебі бар. Жұмыр жауға шапқанда қылышты сілтеуі басқалардан мүлде өзгеше болған екен. Осыны білген жаудың Жұмырға қарсы келуге дәті шыдамаған деседі. Тағы бір қасиеті батырдың мойнынан кылыш түспеген, тіпті төсекке жатқанда да қылышын асынып жатады екен. Осындай қасиеттері үшін Жұмырдың атына қосымша Қылыш атауы тіркелген екен [17, 42-б.]. Ал Қазақ хандығы дәуірі кезінде өткен жаугершілік заман қазақ халқының жауынгерлік рухын шыңдап, тарих сахынасына ұлы батырлар мен қолбасшыларды әкелді. Хандық дәуір өтіп, қазақ халқының басынан бақ тайған кезде өздеріне кезенген отқарудың қаһарынан бұқпаған қазақ қолбасшылары заманауи қарумен қаруланған жауға қарсы жаңа соғыс тәсілдерін тауып, айбынын асырып отырды. Батырлардың әскери айласы Ш. Уәлихановтың ерлік пен батырлық заманында өмір сүрген тарихи тұлғаларға арналған еңбектерінде қазақ-жоңғар, қазақ-қырғыз қақтығыстарында қолданылған ұрыс тәсілдері мен әскери айлалар, жорықты ұйымдастыру, олжа бөлісу принциптері мен ерліктің ерен үлгілері жазылған. Мысалы, жорық кезінде әскер алдына бір күндік жерге қарауыл, шолғыншылар жіберу [19, 220-223-бб.] ертеден келе жатқан көшпелілердің тәсілі қазақтарда да қолданылып, әскери дәстүрдің сабақтастығын көрсетеді. Қазақтар ұрыс алдында қарауылға тәжірибелі аңшылардан іріктелген шолғыншылар жасақтап жіберген. Мысалы, жоңғарға қарсы жорық кезінде Абылай алға барлаушы ретінде 1000 адам жіберсе, Жайықтан кеткен торғауыттармен ұрыста қарауылға 500 адам жіберіп отырған. Бұдан біз соғыс өнерінде алдын-ала барлау мәліметтерін жинауға және әскердің қауіпсіздігіне қаншалықты мән берілгенін байқауымызға болады. Қазақтар ұрыс алдында міндетті түрде кеңес құрып, жасалатын іс-қимылдарды алдын-ала келісіп отыратын. Әр ру-тайпа өз туының, белгісінің астына жиналып соғысатын. Шоқан ұрыс кезінде тудың маңызы мен ролін көрсетеді. Қаншама күші басым түсіп тұрса да туы жығылған жау әскерінің сағы сынып, жеңіліске ұшырайды [19, 223-б.]. Соған қарағанда ту – жай бір қатардағы әскери атрибут емес, ол халықтық, жауынгерлік рухтың асыл қасиеттерін бойына жинаған, бабалардан мұра ретінде қалған, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, сақталып келетін қастерлі рәміз! Қазақтар қаша ұрыс салғанда, әдетте, қарудан садақ пен найза қолданылады [19, 221-224-бб.]. Қазақ батырлары ұрыста жеңіске жету үшін сан-алуан айла-тәсілдерді қолданған. Соның бірі – өзеннен өтетін өткелдердің бәрін қоршап алып, жауды өткізбеу [19, 226-б.]. Ұрыс жүргізудің тактикалық тәсілдерінің атауы кейде сол тәсілді ұтымды қолданған батырлардың атымен аталатын болған. Мысалы, Абылай Бұқар жыраудан өз батырларының жағдайын сұрағанда жырау былай депті: «Жанатай Талқы арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжандап өтеді. Ал Хан-Баба қайтып келеді» [19, 224 б.]. «Мұндағы Құлжандап өту» ерлік пен айла көрсетіп, мықты ұрыс жүргізіп, жау қолынан сытылып шығады дегенді білдіреді екен. Бұл ұрыс әдісі ертеректе батыл жауынгер әрі керемет тактик болған Құлжанның атымен аталып кетіпті. Қазақ батырлары тек ұрыс ісін білетін адам ғана емес, сонымен бірге жаудың мінез-құлқын танитын психолог та болатын. Бірде, қалмақтар бекініп алған үңгірдің аузын атақты қорама мылтықпен қаруланған мерген бірнеше қазақ батырын өлтіреді. Қалмаққа қарсы шығуға енді ешкімнің жүрегі дауаламай тұрған кезде Елшібек деген батыр жорға атын ойнақтатып, асықпай майда желіп шығады. Қалмақ мергенінің оғына ұшатын болды-ау деп тұрғанда Елшібек мергенге жақындай түсіп, оған ұмтыла шабады. Қалмақ пілтесін бір басқанда мылтығы атылмай қалады. Екінші рет басқанша Елшібек оның жанына жетіп, шауып өлтіріпті. Артынан серіктері одан неге асықпай шаптың деп сұрағанда ол былай деп жауап беріпті: «Қалмақ менің атымды алам деп мені жақындата түскісі келді. Ал менің ойым оған жеткенше оның пілтесін көбірек күл шалып, мылтығы бірден атылмаса екен» [19, 223-224-бб.]. Көріп отырғанымыздай, қазақ батырлары ату қаруының техникалық сипатын біліп қана қоймай, сонымен бірге алдын-ала өз қарсыласының психологиясын, қандай әрекетке баратынын тану арқылы дегеніне жетіп отыр. Қазақ батырлары көзсіз ерлікке де барған. Мысалы, Жанатай деген батыр ағасының өлімі үшін қалмақтардан кек алам деп 500 адаммен он мың қалмаққа қарсы шабуыл жасап, ұрысқа кіріп кетеді. Шайқас кезінде Жанатайдың бауыры Үйсінбай іші жарылып жатса да, ақтарылып жатқан ішек-қарнын шапанының етегіне жинап алып соғыса берген екен [3, 226-б.]. Сол ұрыста қазақ әскері түгелдей қаза болды. Қазақтардың әскери ісі мен әскери тарихын зерттеу барысында әрқашанда олардың дүниетанымдық құндылықтарының басты ұстанымдарын ескеріп отыру қажет. Бабаларымыз не үшін соғысты? Не үшін жан беруге дайын болды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін көшпелілердің құндылықтарын, стихиясын түсіну керек. Егер далалықтардың өміршеңдігін сақтап отырған дүниетанымы мен ұстанымдары ескерілмей, әскери тарихты тек саяси оқиға ретінде ғана сипаттаумен шектелсек, онда бабалар аттанған ұлы жорықтардың алғы шарттары мен себеп-салдары «олжа үшін соғыстан» ары бармайды. Қазақстанның әскери тарихы – бүгінгі таңда терең әрі нақты зерттеуді қажет етіп отырған өзекті мәселелердің бірі. Бұл – уақыт талабы. Б. Момышұлы «Ерліктің өшуі – халық қасіреті» дегенді қалай тура айтқан!

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев Халықаралық ғылыми-танымдық тарихи журнал, №12 (11.37 MB, pdf) Қаз Рус Eng Кіру немесе тіркелу Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тұңғыш Президент Қазақстан тарихы Халық тарих толқынында Электронды мұрағат Іс-шаралар мен конференциялар Есімнама Тарихи білім «edu.e-history.kz» электрондық журналы Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары Жарияланымдар ҰБТ сұрақтары Біздің жобалар Интерактивті тарау Мультимедиа Сібір губернаторы П. Бутурлиннің Әбілқайыр-ханға жазған хаты. 28.03.1741ж. Жәңгір ханның Орынбор хаты. 1838 жылдың 8-ші ақпаны. Түпнұсқа. «Жетісулық алтарь». 1912 жылы табылған тостаған 16 барыс бейнеленген тостаған XIX ғасырдың әйелдер киімі Торсық (қымыз құйылған тері ыдыс) Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған барыс Мұражай экспонаты. Төсек Қазақ мемлекетінің тарихы бойынша шыққан кітаптар Қожа Ахмета Яссауи мавзолейі Музей экспонаты Музей экспонаты Басты бет» Жарияланымдар» Қазақтардың әскери қару-жарағы Қазақтардың әскери қару-жарағы 16 Шілде 2013 Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сен Адырна - өгіздің жон терісінен жасалып, садақ ағашының екі басын иіп ұстап тұратын керме қайыстың атауы. Осындай иі қанған теріден жасалғандықтан, садақ серіппелі болып, жебесі алысқа ұшады. Этнографтар адырна түркі, моңғол тілдеріндегі «адар», «адыр» сөздерімен төркіндес», - дейді. Айбалта – ежелгі Египет заманынан бері белгілі соғыс қаруы, өткір де айбатты. Айбалта Орта Азия мен Қазақстанға 14-15 ғасырда кеңінен тараған. Оның алғашқы үлгілері Батыс пен Шығыстың көптеген елдерінің қару-жарағында ұшырасады. Қазақ ұсталары айбалта сабының ұңғыдан өтер екі жағын темір құрсаумен шегелеп, оны ұлттық қошқар мүйіз тәрізді ою-өрнекпен безейді. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдірге байлайды. Айбалта сабының ұзындығы 70-90 сантиметрге дейін жетеді. Айбалтаны белге байлайды немесе тебінгінің астына қыстырады. Аймауыт – жауынгерлер-дің (сарбаздардың) ұрысқа шығарда оқ өтпеуі, қылыш жүзі батпауы үшін үстіне киетін сауыты. Ол асыл болаттан шытыр торлы етіп соғылады. Соғылуы қиын. Кез-келген батыр тауып, кие алмаған ұрыс киімі. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпас үшін ішінен киіз кебенек киіледі. 1. Алдаспан – Семсердің бір түрі. Жекпе-жек шайқа- ста қолданылатын қару бол-ғандықтан әрі салмағының ауырлығына байланысты оның қыны болмайды, батырлар шайқасқа қолға ұстап шығады. Сол себепті алдаспанды күшті, қарулы батырлар ғана пайдаланған. Алдаспанды белге байлайды немесе иыққа асып алады. Ол семсер, қылыштың ішіндегі ең асылы. Батырлар жырында бір сілтегенде қара тасты да қаққа бөліп, қиып түсетін алдаспандар көп суреттелген. 2. Өрмек жабдығын да алдаспан деп атайды. Ол ағаштан қылыш етіп жасалады. Бұл құрал кілем өрмегіндегі тартылған күзе- удегі жіпті күзеусіз астыңғы жіптен бөліп, арқауға түсіріп, қағып отыру үшін қажет. Мұны соғыс қару-ымен шатастырмай, білген артық емес. Алмас қылыш – соғыс қаруы. Болаттың ең асылынан соғылады. Қазақ батырлары асынған бес қарудың бірі – осы алмас қылыш. Наркескен алмас қылыштың аңызға айналған түрі. 1861 жылы Злотоуста орыс инженері Аносов қазақтардың ертеде пайдаланған алмас қылы- штарының өте өткір болу- ының бір сыры суару тәсілін-де, болатты салқын күйінде соғуында екенін анықтап, сондай алмас қылыштарды орыс жауынгерлеріне жаса-тқан. Ақберен – 1. Асыл болаттан жапырақ торлы етіп соғылған батырлар сауыты. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді, одан садақ оғы өтпейді деп сипаттайды. 2. Болаттан құйып жаса-лынған ұзын ұңғылы шиті мылтықтың да атауы – ақ-берген. Мұндай мылтықтың оғы алысқа ұшады, дәл тиеді. Әрі мылтықтың салмағы ауыр болады. Оны «сирақты мылтық» деп атауының сыры: ұңғысының ұш жағында ашалы таянышы бар. Атпа найза – ол әрі аңшылық құралы, әрі соғыс қаруы болып саналады. Оның ұзындығы мен салмағы кәдімгі найзадан қысқарақ, жеңіл. Қазақтар мұндай найзаны жаққа салып атқан (лақтырған). Атпа найза жоғары палеолит дәуі- рінде-ақ қолданылған. Оның сол кездегі ұшының тастан, сүйектен жасалғаны белгілі. Атпа найзаны ерте-дегі мексикандықтардың да, бразиялықтардың да, папуастардың да пайдалан- ғандығы жөнінде деректер бар. Ол садақтың шығуына негіз қалаған тәрізді. Тарихта римдіктердің де жаяу әскерлерін атпа найзамен қаруландырғаны жөнінде деректер көп. Атпа найзаны бүлдіргесіз лақтырғанда 30 метрге, бүлдіргімен лақтырғанда 70 метрге жетеді. Орта ғасырларда атпа найзаны Еуропа мен Ресей де қолданған. Атпа найза – қыпшақтардың әскери қару-жарақтарының ең көне түрлерінің бірі. Аша – бұл найзаның ежелгі түрі. Болаттан екі айыр етіп соғылады. Екі айыр тармағының арасы 10-15 сантиметр, ұзындығы 30-40 сантиметр болады. Сабын қайыңнан жасайды. Ашаны қарсы шыққан жауды шаншып, аттан құлату үшін қолданады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде әскери қару-жарақтың бір түрі ретінде сарбаздар қолына ұстап, жазалаушы отрядтармен шайқаста оларға қарсы алып шыққан. Бадана – аймауыт, ақберен тәрізді батырлар киген темір сауыт. Сақина торлы етіп жасаған. Етек-жеңінің ұзын да, қысқа да түрлері бар. Шығыршықты кіреуке сауыттың көзіне асыл темірден дөңгелек жапырақ бастырма соғылған түрін «бадана» немесе «бадана көзді кіреуке» деп атайды. Бесқару – ертеде батырлар бойына асынған қарулардың жалпылама атауы. Қазақтардың бесқаруы: қамшы (дойыр), сойыл, шоқпар, найза, жақ (садақ). «Ер қаруы – бес қару». Сойылдың орнына қылыш немесе айбалта да асынған. Бұйда пышақ – бұл да қару саналады. Сабы сүйектен, мүйізден, ырғай-дан жасалатын жетелі ұзын пышақ. Сабының мойнын жез, мыс, күміспен әшекейлейді. Осылай жасал-ған пышақты қазақтар «Сарымойнақ пышақ» деп те атайды. Білте (пілте) мылтық – қазақтардың өздері жасаған, мақта білтемен от алатын, серіппесіз мылтығы. Оның бір түрі Мәскеудің тарихи мұражайында көрнекі жәдігер ретінде сақтаулы тұр. XVI-XVIII ғасырларда жоңғар басқыншыларына қарсы шайқаста көп қолданылды, көп жасап шығарылды. Білтелі мылтықтың ең ұзыны, әрі ауыры – «шамқал», ең алысқа тиетіні – «күлдір мамай» деп аталады. Гүрзі – темір шоқпар. Ертеде ол әрі аң аулау, әрі соғыс құралы болған. Бұл атау парсы сөзінен шыққан. Палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың негізгі құралы болған сойылдың күрделі түрі. Ол салмағы ауыр, мықты ағаштан жасалып, жуан басы қоламен, кейін темірмен қапталып қолданылды. Гүрзі бертінде билік етудің құралына айналды. Дулыға – батырлардың ұрысқа шығарда басына киетін темірден жасалған бас киімі. Дулығаның екі жағы мен артқы етегіне темір тор ілінеді. Ол адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып, қылыш, оқтан қорғайды. Жақ – сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсас, оғы алысқа ұшатын, көлемі садақтан үлкен және серпер ағашы жуан, садақша иілген тұсы сірі таспамен орап қапталған соғыс қаруы. Оғын уығы деп атайды. Оны «жай» (найзағай) деп атап, ерекше қастерлейді. Жебе – садақ оғының масағы. Алғашқыда оны өте берік кремний тасынан, кейін қоладан, темірден жасап оқтың ұшына қадаған. Темір жебелер XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін қолданылды. Жаудың жолына құрылатын тікенекті темірдің де атауы – жебе. Жеке ауыз – бір ғана оқпен атылатын мылтық. Оны бір ауыз, қанды ауыз, жезді ауыз, берен деп те атай береді. Жеке ауыздың бөлшектерінің атауы: құндақ, оқпан, шүрпі, шаппа, сирақ. Оған оқты аузынан салып атады. Жеке ауызды ертеректе қазақ ұсталары қолдан соғып жасаған, дейді зерттеушілер. Жыға – соғыста басқа киетін сауыт. Төбесі үшкір, маңдай алды адамның қасына дейін түсіп тұратын, желке жағына бір жарым қарыстай шынжырлы баулар мойынды айнала тағылатын бұл бас киімді батырлар, жасақтар киген. Зере – үстіге киетін сауыт. Ол садақ жебесі өтпейтіндей етіп, шынжырлап тұрып жасалады. Зерені жауынгерлер бір қабат киімнің үстінен киеді. Кеуде тұсында жүректі садақ оғынан қорғап тұратын екі бөлек табақша қалтқысының атауы «шарайна». Бұл сауыттың зере аталуының себебі: ол мыс, қола, жез, күміс тәрізді жалтырауық шығырларды үзбелестіру арқылы жасалады. Зұлпықар – Шығыста аңызға айналған, киелі, қасиетті саналған қылыш. Әр халықта ол жөнінде әртүрлі қызық әңгімелер, аңыздар бар. Қазақ халқында кең тараған аңыз-әңгімеде Әзірет Әліге «Дүлдүл» деген сәйгүлікті, «зұлпықар» деген алмас қылышты Аллаһ Тағаланың өзі сыйға тартқан деп баяндалады. Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы қисса-дастандарда зұлпықар жиі айтылады. Зерттеушілер «тарихи шындықта зұлпықарды Әзірет Әліге Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тарту еткен», - дейді. Көбе – кебенек сыртынан киілетін темір сауыттың бір түрі. Оның екі түрі бар, олар былай жасалады: 1. Жүректі, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалады. 2. Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола, мыс, алтынды қобылап, қатпарлап тізіп, немесе темір шынжырларды біріктіріп, көйлек тәрізді етіп жасалады. Көзе сауыт – соғыс киімі. Одан садақ оғы, найза ұшы, қылыш жүзі денеге өтпейді. Ол көбінесе бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шар айна, білекке, тізеге жабатыны қыш қоруыштар түрінде жасалады. Кіреуке – ерте замандағы соғыста батырлар киген оқ өтпес сауыт. Оның басқа сауыттардан өзіндік айырмашылығы бар. Ол кеудесінде, арқасында, бі- лек үстінде темірден немесе көзеден жасалған шараларының (шарайна-сының) болуы. Қалқан – шайқасқанда найза, қылыш соққысынан, садақ оғынан қорғану үшін қолға ұстайтын құрал. Металл қалқанды алғаш рет б.з.б. екі мыңыншы жылдарда ежелгі ассириялықтардың пайдаланғаны жөнінде деректер бар. Бұрындары төрт бұрышты, дөңгелек, жарты цилиндр тәрізді, жүрекше, астауша үлгідегі де қалқандар болған. Шығыста көннен, қоладан, ағаштан, темірден жасалған дөңгелек қалқандар кең тараған. Қазақтардың ертедегі қару-жарағында осын- дай дөңгелек қалқандар қол-данылған. Қанжар – екі жүзді, ұшы өткір, қысқа сапты қару. Оны болаттан соғып жасайтындықтан өткір, мықты болады. VI-XII ғасыр-ларда қанжар жасау Түрік қағандығының Қашқар, Бала-сағұн, Шаш, Отырар тағы да басқа қалаларында кеңінен өрістегені жөнінде деректер бар. Қазақ хандығында жасақтар қанжарды ықшам қару ретінде пайдаланған. Қанжарға күміс, алтын жалатып, сабын әсемдеп те белге таққан. Қозы жауырын – сауыт бұзуға арналып жасалған садақ оғының ұшы (масағы). Ортасы қырланып, екі жүзді етіліп жасалады. Болат жебе масағы әбден кепкен еменнен, самырсыннан, қамыстан жонған оқтың ұшына бекітіліп, атылады. Қозы жауырын жебені ататын құрал-қос жауырын садақ. Мұндай садақпен қозы жауырын оқты әбден жаттыққан, қарулы батырлар, жасақтар атқан. Қорамсақ – садақ оғының сауыты. Оны белге байлап немесе иыққа асып алады. Қалың көннен жасап өрнектейді. Қорамса ішінен екі қатар көлденең таспа тартады, оған жебелерді қатарлай тізеді. Оқтың алуға оңай болуы үшін жебенің кірісі төмен қаратылады. Қылыш – имек келген, өткір жүзді, үшкір, шабуға, шаншуға лайықты қару. Ол негізінен, атты әскер қаруы болып саналады. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта қылышты әр елдің әскері қолданған. Болат қорыту ісі игерілген соң Орта Азияның көшпелі елдерінде, Шығыс Еуропада VIІІ ғасырда болаттан жасалған қылыштар пайда болды. Мылтық – аң аулауда, соғыста қолданылатын қару. Алғашқы мылтық дәрісінің құпиясын арабтар қытайдан біліп, ХІІ ғасырда оны өндіріп, оқ-дәрі жасаған. Мылтықтың алғашқы түрлері қазақтар-дың арасында пайда болған мерзімі – ХV-ХVIІ ғасыр. Мылтықтың шиті, бытыралы, білтелі, шүріппелі, опырмалы, қос ауыз, жеке ауыз, көкберен, бесатар тәрізді түрлері бар. Найза – бүкіл әлем халықтары аң аулағанда, соғыста қолданады. Қадал-ғыш, лақтырмалы қару. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне дейін қолданылды. Найзның әске- ри қару ретінде кең тараған кезі – темір ғасыры. Қазақ батырлары мен жауынгер-лерінің де қаруы шашақты, темірден үшкір ұшы бар, ұзын найза болды. Наркескен - өткір қылыштың айрықша түрі. Оның басқа қылыштардан өзіндік айырмашылығы бар. Ол: наркескеннің асыл болаттан екі жүзді етіп жасалуы, сабының сүйек немесе мүйізден қондырылып, алтын, күміс-тен бедерлендірілуі. Ертеде наркескенді хандар, жоғары биліктегілер, хас батырлар ұстаған. Хандар айрықша сыйлық ретінде наркескенді баһадүр батырлары мен қолбасшыларына сыйға тартып, оларды ұлықтап отырған. Оқшантай – оқ-дәрі сала- тын арнайы қалта. Оқшан-тайды қазақ зергерлері сапиян былғарыдан жасап, айналасын шашақтаған. Ол белбеудегі шығыршыққа ілінеді. Садақ – жебемен ататын қару. Садақты мезолит дәуірінен ХІІ ғасырға дейін, кейбір халықтар ХХ ғасырға дейін пайдаланып келді. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, тағы да басқа қатты ағаш шыбықтарын иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақты сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталып, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағып әзірлейді. Күрделі садақты кең қолданылған аймағы – ежелгі Шығыс елдері. Қазір садақ тартып, мергендік сынасу – спорттың бір түрі. Сауыт – біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықта Ассирияда пайда болып, кейін барлық елге тараған киім дейді зерттеушілер. Біздің ата-бабаларымыз – сақтар да, қыпшақтар да сауыт жасаудың шебері болған. Қазақта: «Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ» деген мәтел бар. Сойыл – қол қаруы. Алып жүруге ыңғайлы, жеңіл. Ұзындығы 2-2,5 метр, диаметрі 6-7 сантиметр қатты ағаштан жасалады. Әбден кеуіп, көп ұсталғанын «қақ сойыл» деп атайды. Шоқпар – қол қаруы. Оны түркі халықтары көне заманнан бері қолданып келеді. Ол сойылдан қысқа, бас жағы жұмыр болады. Шоқпардың бас жағын темірмен де қаптайды. Бас жағына қорғасын құйып жасалатын да шоқпар түрлері бар.

 

Date: 2016-01-20; view: 2230; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию