Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






II-БЕЛОК АЛМАСУЫ





 

1. Келесі аминдердің: аланин,лизин,тирозин,гистидин, триптофан декарбоксилденуі нәтижесінде қандай аминдер түзіледі? Олардың ағзадағы рөлі неде? Реакция теңдеуін және осы өзгерісті жүзеге асыратын ферментті көрсет.

2. Глутамин,аспарагин және аланиннің тотыға дезаминденуі нәтижесінде қандай метаболиттер түзіледі? Метаболиттердің ағзадағы одан әрі өзгерісінің реакция теңдеуін және өзгерісті жүзеге асыратын ферменттерді көрсет.

3. Гистидин және глиоксил қышқылдарының қайта аминденуі реакциясын көрсет.Осы мысалда пиридоксаль ферментінің әсер ету механизміне түсінік бер.

4. Аланин, аспарагин қышқылы және орнитиннің ағзадағы мүмкін болатын биосинтезін көрсет.Сәйкес реакция теңдеулерін жаз.

5. ДНҚ оң жақ тізбегі төмендегі нуклеотид тізбегінен құралған: ГТААЦАЦТАГТТААААТАЦГ.... Осы тізбекке сәйкес транскрипцияланған и-РНҚ қатысуымен синтезделген белоктағы аминоқышқылдар тізбегі қандай? Генетикалық код кестесін қолданып түсінік бер.

6. ДНҚ сол жақ тізбегі төмендегі нуклеотид тізбегінен құралған: ТГТТТАТЦААЦГТААГЦААЦ.... Осы тізбекке сәйкес транскрипцияланған и-РНҚ қатысуымен синтезделген белоктағы аминоқышқылдар тізбегі қандай? Транскрипция және трансляция кезеңдерін көрсет

7. Белок биосинтезінің матрицалық механизмінің принциптерін және генетикалық кодты қолдана отырып, вазопрессин пептидінің геніне сәйкес нуклеотид тізбегін анықта.

8. Егер белоктың біріншілік құрылымы: ала-тре-лиз-асп-сер-гли-глу-асп... болса,Онда ДНҚ молекуласының фрагментіндегі қос тізбектегі нуклеотид тізбегінің жұптарын көрсет.

9. Окситоцин пептидінің синтезіне қатысатын т-РНҚ антикодондары қандай? Элонгация механизмін түсіндір.

10. ДНҚ сол жақ тізбегі төмендегі нуклеотид тізбегінен құралған: ТАТТЦТТТТГТГГЦАЦГ.... ДНҚ қарсы тізбегіндегі мәліметтерге сәйкес синтезделетін белок молекуласы фрагментінің біріншілік құрылымы қандай?

11. Гемоглобиннің бір макромолекуласының тізбегінің құрлысы:гис-вал-лей-лей-тре-про-глу-глу.Осыған сәйке ген құрлысы қандай? Транскрипция және трансляция кезеңдерін көрсет

12. Белок молекуласының құрылымы:сер-ала-тир-лей-асп... Осы белоктың биосинтезіне қатысатын т-РНҚ антикодоны қандай?Трансляция механизмін түсіндір.







Date: 2015-12-13; view: 1367; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию