Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны





 

62. 9-сынып (1914 ж- бүгінгі күнге дейін). Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1 сағаттан).

63. Кіріспе. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Индус­триалдық қоғам. Постиндус­триалдық қоғамға өту. Ақпараттық қоғам.

64. I бөлім. Еуропа және Америка елдері 1918-1945 жж. – (9 сағат).

65. Бірінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):

ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.

66. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі– (1 сағат):

Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Германия және оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын талқылау. Вашингтон кон­фе­ренциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері туралы келісімі. Бес держава келісімі. Қытай мәселесі. Тоғыз держава келісімі. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары.

67. Ұлыбритания – (1 сағат):

Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. Ұлыбритания дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер.



68. Франция – (1 сағат):

Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты.

69. Германия – (1 сағат):

Соғыстың зардап­тары, экономикалық және саяси дағдарыс. 1918-1919 жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия және нацистердің өкімет басына келуі. Германияның өнеркәсіптік қуатының қалпына келтірілуі. Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономи­калық саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.

70. Италия – (1 сағат):

Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Корпоративтік мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

71. КСРО – (1 сағат):

Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына келуі. Жер және бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. КСРО құрылуы. 1924 ж. конституция. И.В. Сталин және тоталитаризм. Индустриаландыру. Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938жж. жаппай жазалаулар. ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты.

72. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):

АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дамуы. «Просперити» кезеңі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ-на әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығын­дағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;



Қайталау – (1 сағат).

73. II-Бөлім. Азия және Африка елдері 1918-1945 жж. – (6 сағат).

74. Жапония – (1 сағат):

Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік - экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Танака меморандумы және сыртқы саясаттағы бетбұрыс. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті.

75. Түркия – (1 сағат):

Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының ХХ ғасырдың 30 – 40-жылдардағы дамуы.

76. Қытай және Монғолия – (1 сағат):

Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун мәселесі. Гоминьданның қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;

Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құры­луы. Әлеуметтік өзгерістер және олардың салдары. Х. Чой­балсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.

77. Ауғанстан және Иран – (1 сағат):

Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Аманолла-хан. Реформалар. Нәдір-хан билігі тұсындағы Ауғанстанның дамуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921ж. мемлекеттік төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығын­дағы Иранның саяси және экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты.

78. Үндістан – (1 сағат):

Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея.

79. Азия және Африкадағы араб елдері – (1 сағат):

Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы араб елдері халықтарының азаттық күресі;

Африкадағы араб елдері және олардың дамуы. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Судан және Ливия.

80. Екінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік «Оғаш соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Антигит­лерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші майданның ашылуы. Ялта, Қырым конференциялары. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы;

81. Қайталау – (1 сағат).

82. ІІІ-бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

83. Ұлыбритания – (1 сағат):

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметі­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының ыдырауы. Англияның Еуропалық Эконо­микалық Одаққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мәселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары.

84. Франция – (1 сағат):

Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық және саяси жағ­дайы. Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV респуб­ликаның дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дәуірі». Сыртқы саясат. Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012жылғы сайлау және социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары.

85. Германия Федеративтік Республикасы – (1 сағат):

Германиядағы оккупациялық режим. Экономи­каны қалпына келтіру мәселесі. Елді жіктеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіме­ті­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 80-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияны біріктіру. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Социал-демократтар үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы дамуы. А. Меркель үкіметі.

86. Италия – (1 сағат):

Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда. Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. Лаңкестік және неофашизм. Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық. Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI ғғ. тоғысында.

87. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – (2 сағат):

Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар. ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушес­ку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.

88. КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа толқыны. «Хрущев жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің билік құру заманы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1960-1980жж. кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция. Корруп­цияның күшеюі. М.С. Горбачев және қайта құру саясаты. Қоғамдық өмірді демократиялан­дыруға бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО ыдырауы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Орталық Азия мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.

89. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):

Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. Неоконсер­ватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың және Б. Обама. билігі кезеңіндегі АҚШ-ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары.

90. ІV-Бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері – (6 сағат).

91. Жапония – (1 сағат):

Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты. Жапон-Қазақстан қатынастары.

92. Түркия – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси және экономикалық дамуы. Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның билікке келуі, оның ішкі және сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. 1970-1980жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Түркия және Қазақстан қатынастары.

93. Ауғанстан. Иран – (1 сағат):

Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Ауғанстан;

Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан қатынастары.

94. Қытай. Моңғолия – (1 сағат):

ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. «Ұлы секіріс». «Мәдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин және экономикалық реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;

50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары. 90-жылдардағы экономикалық және әлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары.

95. Үндістан. Пакистан – (1 сағат):

Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру бағыты». И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. Сыртқы саясаты. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;

Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы. ХХІ ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы.

96. Араб елдері – (1 сағат):

Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Египеттегі 1952ж. революция және оның араб әлемі үшін тарихи маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің бағыты. Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімдері. ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль қатынастары.

97. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар – (1 сағат):

Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді реттеу жолдары. «Қырғи қабақ соғысы» және әскери қақтығыстар. Еуропа мен Азияда әскери-саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ құрылуы. АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Әлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.

98. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Ғылым мен мәдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі маңызды ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мәдени орталықтардың құрылуы. ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мәдени-техникалық эволюцияның ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.

Қорытынды қайталау – (1 сағат).

 






Date: 2015-12-13; view: 1248; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию