Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны





 

29. 8-сынып (1640-1914жж). Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан)

30. Кіріспе – (1 сағат):

Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы. Еуропалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығы.

31. I – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

ХVІІ-ХVIII ғғ. Англия – (1 сағат):

Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы. Азаматтық соғыс. Левеллерлер және республиканың құрылуы. О.Кромвельдің протектораты. Екінші республика және Стюарттарды қалпына келтіру. ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Наполеондық Франциямен соғыс. Конституциялық парламенттік монархия. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық басқыншылық.

32. ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция – (1 сағат):

Француз абсолютизмінің дағдарысы. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (5 мамыр 1789 ж.–10 тамыз 1792 ж.). Француз революциясына дайындық алдындағы ағартушылық және оның рөлі. «Азамат және адам құқығы туралы Декларация». Республиканың жариялануы. ХVI Людовикті жазалау. Якобиншілер блогының ыдырауы және якобиншілер диктатурасының құлауы. Директорияның ішкі және сыртқы саясаты;

Наполеонның ішкі және сыртқы саясаты. Францияның басқыншылық соғыстарының басталуы. Наполеонның Ресейге басып кіру жорығы. Француздарға қарсы коалициялар. Вена конгресі және Бурбондарды қалпына келтіру. Қасиетті одақ.

33. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия – (1 сағат):

Германдық мемлекеттердің экономикалық жағдайы. Шаруалар қозғалысы. Бранденбург-Пруссия. Халықаралық қатынастардағы германдық мемлекеттер. Наполеон соғыстары жылдарындағы германдық мемлекеттер. Германдық одақ. Либералды және демократиялық қозғалыстар. Германиядағы революция. Бисмарктың конституциялық шиеленісі. Солтүстік герман одағының құрылуы.

34. ХVІІ-ХVIII ғғ. Италия – (1 сағат):

Елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. ХVІІ ғасырдағы Италия. Италиядағы революция. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ымырашыл либералдардың қызметі. Италияның бірігуі үшін күрес. Рисорджиментоның шешуші шайқасы. Итальян королдығының құрылуы.

35. ХVІІ-ХVIII ғғ. Австрия – (1 сағат):

Вестфаль бейбіт бітімінен кейінгі Австрия. Габсбургтер империясы құрамындағы Венгрия. Түркиямен соғыс. Австрия мұрасы үшін күрес. Жетіжылдық соғыс. «Ағартушылық абсолютизм» саясаты. ІІ Иосифтің «ағартушылық абсолютизмнің» аяқталуы. Феодалдық-абсолюттық реакция кезеңі. Наполеон соғыстары жылдарындағы Австрия империясы. Империяның әлеуметтік-экономикалық дамуы. «Ұлттық қайта гүлдеу» дәуірі.

36. ХVІІ-ХVIII ғғ.Солтүстік Америка – (1 сағат):

Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік Декларациясы». Американдық революцияның сипаты мен ерекшелігі. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. Азамат соғысының маңызы және Оңтүстікті қалпына келтіру.

37. ХVІІ-ХVIII ғғ. Ресей – (1 сағат):

І Петр дәуіріндегі Ресей. Алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттерден Ресейдің артта қалуының себептері. Ішкі қайта құрулардың алғышарттары. І Петрдің реформалары. Солтүстікке соғыс және оның қорытындылары. XVIII ғасырдың ортасы мен соңындағы Ресей. Феодалдық-кіріптарлық шаруашылықтың басталуы. Шаруалар көтерілісі. Халықты жаппай қанаудың күшеюі;

Қайталау – (1 сағат).

38. II – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (8 сағат).

ХVІІ-ХVIII ғғ. Жапония – (1 сағат):

Токугава әулеті сёгундарының билігі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: жоғары көтерілу және төмен түсу циклдары. Сегунаттың ішкі және сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданың дамуындағы рөлі. Жапонияның сыртқы байланыстары. ХVIII ғасырда орыстар мен еуропалықтардың Жапонияға келуі. Саяси дағдарыс. Азамат соғысы. Мэйдзи исиннің революциялық төңкерісі. Бірінші буржуазиялық реформалар.

39. ХVІІ-ХVIII ғғ. Қытай – (1 сағат):

Маньчжурлардың Қытайды басып алуы. Цин династиясы билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси және экономикалық құрылымы. Цин династиясының аграрлық саясаты. Цин династиясының басқыншылық соғыстары және сыртқы байланыстары. Халықаралық жағдай. Ресей және басқа көрші мемлекеттермен қарым қатынасы. Тайпиндердің шаруалар соғысы. Қазақ-қытай қарым-қатынасы.

40. ХVІІ-ХVIII ғғ. Үндістан – (1 сағат):

Моғолдар державасының пайда болуы. Моғолдар империясының құрамына кіретін халықтар мен княздықтардың әлеуметтік-саяси жағдайы. ХVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхтардың діни қозғалыстары. Сикхтар мемлекетінің құрылуы. Маратхтар мемлекетінің құрылуы. ХVIIІ ғасырдың ортасындағы сепаратизмнің күшеюі және Моғолдар империясының құлауы. Үндістанда қала, қолөнер және сауданың дамуы. Ағылшындардың отарлық басқыншылығы. Еуропалық державалардың Ост-Инд компаниясы. Үндістандағы Англияның отарлық саясаты.

41. ХVІІ-ХVIII ғғ. Иран – (1 сағат):

ХVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Саяси құрылымның ерекшелігі. Сефевидтер династиясының билігі. Ирандағы діни топтардың әсері. ХVIII ғасырдың басындағы Сефевидтер династиясы билігінің әлсіреуі. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Иранда Каджар әулеті билігінің орнауы. Бабид көтерілісі. Ирандағы ықпал аймағы үшін Англия және Ресей бақталастығының күшеюі.

42. ХVІІ-ХVIII ғғ. Осман империясы – (1 сағат):

Осман империясының құрамына кірген мемлекеттер мен халықтар. Империяның саяси, әлеуметтік-экономикалык даму ерекшеліктері. Осман империясындағы дағдарыс. «Шығыс мәселесі» және провинциялардың жағдайы. ІІІ Селим және ІІ Махмудтың жүргізген реформалары. Танзимат реформасы: мақсаты және нәтижесі. Осман империясының құрамына кірген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары.

43. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (1 сағат):

Голландияның отарлық саясаты. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. Ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. Капиталистік державалардың Азия және Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Африканы отарлық бөлшектеудің аяқталуы. Отар және тәуелді елдерге капитал енгізу. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.

44. ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Капитализмнің жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениеттің дамуына ықпалы. Қоғам дамуындағы жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және олардың ашқан жаңалықтары.

XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы. Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы. Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері;

Қайталау – (1 сағат).

45. III – Бөлім. XIX – XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).

46.Ұлыбритания – (1 сағат):

Ұлыбританияның конституциялық құрылымы. Ағылшын иеліктерінің статусы. Вильям Гладстон және Бенджамин Дизраэли. Ирландиядағы бүлік. Социализм және жұмысшылар қозғалысы. Лейбористтік партияның алғашқы қадамы. Дэвид Ллойд Джордждың ішкі саясаты. Екіпартиялық жүйе және оның қоғамның саяси дамуындағы рөлі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшылар қозғалысы. Соғыс қарсаңындағы дағдарыс.

47.Франция – (1 сағат):

Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы. Екінші империя. Француз-прусс соғысы. 1870 жылғы 4 қыркүйектегі революция және Үшінші Республиканың орнауы. Саяси жағдайдың шиеленісуі. Париж Коммунасы. Монополиялық капитализмнің ерекшелігі. Францияның сыртқы саясаты. ХХ ғасырдың басындағы Франция.

48. Германия – (1 сағат):

Германияның бірігуі. 1871 жылы империя және конституцияны жариялау. Саяси партиялар. Культуркамп. Социалистерге қарсы заң. ІІІ Фридрих және ІІ Вильгельм. Бисмарктың отставкаға кетуі. Капривидің «жаңа бағыты» және Гогенлоэнің канцлерлігі. «Әлемдік саясатқа» көшу. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы. Германияның милитаризациялануы. Милитаризмді насихаттау. Таяу Шығысқа басқыншылық жасау.

49. Италия – (1 сағат):

Италияның бірігуі. Итальяндық патшалықтың мемлекеттік құрылымы. «Оңшылдар» билігі жылдарындағы Италияның саяси дамуы. «Солшылдар» билігі тұсындағы Италия. Криспидің авторитарлық билігі. Ғасыр шебіндегі Италия. Экономикалық даму. Джолиттидің «либералды дәуірі». 1911-1912 жылдардағы италия-түрік соғысы. «Либералды дәуірдің» ақыры. Джолитти. Католиктер қозғалысы.

50. Австрия-Венгрия – (1 сағат):

1867 жылғы келісім және екібірлік монархияның құрылуы. Әлеуметтік-саяси және экономикалық даму. Қоғамдық-саяси қозғалыстар аясында ұлттық мәселелерді шешудің жолдары. Габсбургтер монархиясы және чех ұлттық қозғалыстары. Екібірлік дәуіріндегі Венгрия. Екібірліктің дағдарысы.

51. Ресей – (1 сағат):

Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа және оның маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Индустриаланудың ерекшеліктері. Халық еріктілерінің қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жұмысшы қозғалысы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

52. АҚШ – (1 сағат):

АҚШ территориясының кеңеюі. Англиямен соғыстан кейінгі АҚШ экономикасы. «Джексондық демократия» және екіпартиялық жүйе. Республикалық партияның құрылуы. Республикандықтардың билік басына келуі және құл иеленушілердің бүлігі. Өнеркәсіптің өрлеуі және әлеуметтік-экономикалық даму. «Монро доктринасы». Теңіз күшінің дамуы. Испания-америка соғысы. «Доллар дипломатиясы». Қиыр Шығыстық саясаты. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері.

Қайталау – (1 сағат).

53. IV – Бөлім. XIX – XX Ғ. басындағы Азия және Африка елдері – (9 сағат).

54. Жапония – (1 сағат):

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Елдің модернизациялануының жалғасуы. Мейдзи революциясы және оның маңызы. Жапониядағы капиталистік қатынастардың дамуы. ХІХ ғасырдың соңындағы әскери-феодалдық қатынастың дамуы. 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысы. Алғашқы саяси партиялар. XIX-XX ғасырдың басындағы жапон империализмінің дамуы. Орыс-жапон соғысы. ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның әлеуметтік-саяси жағдайы.

55. Қытай – (1 сағат):

Жапон-қытай соғысы және ихэтуандар қозғалысы. Опиум соғыстары: себебі және нәтижелері. Француз-қытай соғысы. «Ықпал аймағы» үшін Қытайды бөлшектеу. «Реформаның жүз күні». Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық эволюциясы. Қытай бұржуазиясы. Ихэтуандардың дағдарысы және үкіметке қарсы күштің өсуі. «Жаңа саясат» және династияның әлсіреуі. Шенді оппозицияның пайда болуы. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Цин династиясын жою. Монархияның құлауы және республиканың жариялануы.

56. Үндістан – (1 сағат):

ХІХ ғасырдың басындағы Үндістандағы тәуелсіз мемлекеттер. Отаршылдарға қарсы Сикх, Маратх, Майсур мемлекеттерінің күресі. Үнді ағартушылары – ұлт-азаттық қозғалыстардың дем берушілері. 1857-1859 жылдардағы Ұлы халық көтерілісі, (сипайлар көтерілісі). Реформациялық қозғалыстар, Үндістан Ұлттық конгресінің құрылуы. «Сварадж» және «свадеш» қозғалыстары.1905-1908 жылдардағы отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар. Балгангадхар Тилак және оның қызметі.

57. Иран – (1 сағат):

Иранның әлеуметтік-саяси жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. Иранның жартылай отар елге айналуы. Елдің саяси дамуы: реформалар және олардың салдары. Иранда ұлттық буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.

58. Осман империясы – (1 сағат):

Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс. «Шығыс мәселесінің» жаңадан шиеленісуі. 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы, оның нәтижесі. Түркияның жартылай отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық-патриоттық сананың оянуы. «Жас түріктер» қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы «Жас түріктер» революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.

59. Араб елдері – (1 сағат):

XIX ғасырдағы Мысырда Мұхаммед Әли паша билігінің орнауы. Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX ғасырдағы даму сипаты;

Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы. Ирак, Сирия, Магриб елдері. Араб ағартушылары, олардың көзқарастары.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-азаттық қозғалыстар. XX ғасырдың басындағы Мысыр, Судан, Арабия түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері.

60. Мәдениеттің дамуы – (1 сағат):

Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р.Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, С.Айни, Т.Сатылганов, М.Ахундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.

61. Халықаралық қатынастар – (1 сағат):

Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.

Ұлы державалардың дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және олардың арасындағы қайшылықтардың тереңдеуі. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалистік соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы дипломатиялық саясат.

Қорытынды қайталау – (1 сағат).

 

Date: 2015-12-13; view: 1714; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию