Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Липенский Виктор Александрович
04.06.1994 жылы туған орыс, бұрын сотталмаған Шығыс Қазақстан облысының тумасы Өскемен қаласы, Виноградова көш., ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің Липенский Виктор Александрович 07.10.2013 жылы сағат 07:00-ден сағат 08:20-ге дейін кезеңде әйнек шынысын сындырып, Қабанбай Батыр көшесінде №78 үйдің жанында тұрған «Митсубиси Галант» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан М.К. Елубаевқа тиесілі қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоланы ұрлаған, осыдан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген. Осы жасағанына тоқтамай, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., 08.10.2013 жылы сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін кезеңде Орджоникидзе көшесіндегі №45 үйдің жанында тұрған «ВАЗ 2109» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан IMEI код №011623849517601 «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлап, кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген. Сонымен, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., ұрлық жасаған, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған. Күдікті Виктор Александрович Липенскийдің қылмыстық жауаптлығы мен жазасын жеңілдетін және ауырлататын мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмаған. Жазылғандардың негізінде Виктор Александрович Липенскийге ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдік тағылды, 04.06.1994 ж.т.,бұрын сотталмаған, орыс, үйленбеген, білімі орта, ҚР азаматы РК, Өскемен қаласы, Виноградов көш., 12-63 мекенжайы бойынша тұрады, жұмыс істемейді. Бұлтартпау шарасы: «ешқайта кетпеу туралы қолхат». Тұрғылықты жері бойынша қанағаттанарлық мінезделеді. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ІІБ есептерінде түрған жоқ.
Күдікті В.А.Липенскийдің кінәсі қылмыстық істің мынадай материалдарымен дәлелденді:
- кінәсін жартылай мойындаған, сондай-ақ келтірілген зиян сипаты мен мөлшерін жартылай таныған 04.06.1994 ж.т.күдікті Виктор Александрович Липенскийден жауап алу хаттамасы. і.п. №32-34, 79-81
- 07.10.20__ жылы жәбірленуші ретінде М.К. Елубаевтан жауап алухаттамасы, онда ол өзінің мүлкін жасырын ұрлаудың мән-жайлары туралы түсіндірген. і.п. №11-12
- 08.10.20__ жылы жәбірленуші О.В.Слоновтан жауап алу хаттамасы, онда ол өзінің мүлкін жасырын ұрлаудың мән-жайлары туралы түсіндірген.
і.п. №58-59
- 07.10.20__ жылы куә М.С.Конырбаевтан жауап алу хаттамасы, онда ол өзіне жасалған қылмыстың мән-жайлары белгілі болған мән-жайларды түсіндірген. і.п. №43-45
- 07.10.20__ жылы оқиға болған жерді қарап-тексерухаттамасы, ол бойынша полиция қызметкерлері М.К.Елубаевқа тиесілі қызыл түсті «Митсубиси Галант» маркалы автомобильді қарап-тексерген. і.п. №4-7
- 07.10.2013 жылы қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоласын алу хаттамасы. і.п. №14-15
- 07.10.20__ жылы нәрселерді тану үшін көрсету хаттамасы, оның барысында жәбірленуші М.К. Елубаев өзінің қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоласын таныды. і.п. №18-20
- 08.10.20__ жылы оқиға болған жерді қарап-тексерухаттамасы, ол бойынша полиция қызметкерлері О.В. Слоновқа тиесілі ақ түсті «ВАЗ 2109» маркалы автомобильді қарап-тексерген.
і.п. №51-54
- 08.10.20__ жылы IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефонды алу хаттамасы.
і.п. №61-62
- 08.10.20__ жылы нәрселерді тану үшін көрсету хаттамасы, оның барысында көрсетілген нәрселердің ішінде жәбірленуші О.В.Слонов өзінің IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефонын таныды. і.п. №65-67
Мінездеме-анықтамаға сәйкес В.А. Липенский ұрғылықты жері бойынша қанағаттанарлық сипатталады. і.п. №90
Нарколог дәрігер мен психатр дәрігердің анықтамалары бойынша і.п. №88
ҚР БС ҚСжАЕК-тің ШҚО бойынша Басқармасының талаптарына сәйкес В.А. Липенский бұрын сотталмаған. і.п. №91
04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийге ҚР ҚК-нің көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдік тағылды,
Осыүш парақтаға айыптау актісі маған 10.10.20__ жылы 19 сағат 00 минутта жарияланды. Күдікті: ______________________ В.А. Липенский (қолы) Қорғаушы: _________________________ И.И.Иванов (қолы) Сонымен қатар маған ҚПК 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтар,сондай-ақ: 1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге; 2) прокурор бекіткен айыптау актісінің, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың көшірмесін алуға; 3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға; 6) ҚПК көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы екенім түсіндірілді.
Күдікті: ______________________ В.А. Липенский (қолы)
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
№15631003103706сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша АНЫҚТАМА №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы№23559 тіркелген. і.п. №1, 48 - 08.10.2013 жылы күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды. і.п. №82-84 - 07.10.20__ жылы А.В. Липенский күдікті ретінде танылды. і.п. №28-29, 75-76 - 07.10.20__ жылы және 08.10.20__ жылы мына төменде көрсетілген нәрселер заттай дәлелдемелер ретінде танылды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді: қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитола, ол сақтау қолхатына сәйкес жәбірленуші М.К. Елубаевта сақталуда. IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефон, ол сақтау қолхатына сәйкес жәбірленуші О.В. Слоновта сақталуда. і.п. №41-42, 85-86 - 07.11.20__ жылы В.А. Липенскийге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық түріндегі бұлтартпау шарасы таңдап алынды. і.п. №39 - 10.10.20__ жылы жәбірленушілер М.К. Елубаев пен В.О. Слонов сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысты. і.п. №95-96 - 10.10.20__ жылы күдікті Липенский В.А. мн оның қорғаушы сотқа дейінгі тергеп-тексеруматериалдарымен танысты. і.п. №98 - сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша процестік шығындар жоқ. і.п. №89 - айыптау актісі 10.10.20__ жылы Өскемен қаласында жасалды. і.п. №99-103
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова Сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың ТІЗІМІ Қорғау жағы:
- Күдікті: Липенский В.А., Өскемен қаласы, Виноградов көш., 12-63 мекенжайы бойынша тұрады. і.п. №32-34, 79-81, 35-36, 82-84
- Қорғаушы: Иванов И.И., ШығысҚазақстан облыстық заң консультациясы. і.п. №26-27, 73-74 Айыптау жағы:
- Жәбірленуші: Елубаев М.К., Катонқарағай ауылы, Рыков көш., 63. і.п. №11-12
- Жәбірленуші: Слонов О.В., Өскемен қаласы, Орджоникидзе көш., 45-15. і.п. №58-59
- жәбірленушінің өкілі: Слонова С.Н., Өскемен қаласы, Орджоникидзе көш., 45-15. і.п. №63-64
- Куәлар: Қоңырбаев М.С., Өскемен қаласы, Қабанбай Батыр көш., 78-95. і.п. №43-45 ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова шығ. №2-148-75/89-16 13.10.20__ жыл
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ бастығы полиция полковнигі С.К. Тоқжігітовке
Қосымша тергеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін 04.06.1994ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі
Қосымша: - №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы
Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет кеңесшісі (қолы) Е.К.Шыныбаев
Материалды қосымша тергеу жүргізу үшін жіберу туралы ҚАУЛЫ
13.10.20__ ж. Өскемен қаласы
Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет кеңесшісі
АНЫҚТАДЫ:
Липенский Виктор Александрович 07.10.2013 жылы сағат 07:00-ден сағат 08:20-ге дейін кезеңде әйнек шынысын сындырып, Қабанбай Батыр көшесінде №78 үйдің жанында тұрған «Митсубиси Галант» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан М.К. Елубаевқа тиесілі қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоланы ұрлаған, осыдан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген. Осы жасағанына тоқтамай, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., 08.10.2013 жылы сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін кезеңде Орджоникидзе көшесіндегі №45 үйдің жанында тұрған «ВАЗ 2109» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан IMEI код №011623849517601 «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлап, кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген. 08.10.20__ жылы Өскемен қаласы ІІБ Ертіс ПБ ТБ тергеушісі Қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерделеу осы кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын сот жіберу және күдіктіні сотұа беру мүмкін емес екендігін көрсетті. Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарынан 07.10.20__ жылы В.А. Липенскийдің жәбірленуші М.К. Елубаевқа тиесілі мүлікті жасырын ұрлап, оған 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтіргенін көрінеді. Осы жасағанына тоқтамай, В.А. Липенский 08.10. 20__ жылы жәбірленуші О.В.Слоновқа тиесілі мүлікті жасырын ұрлап, оған 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген. В.А. Липенскийдің әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы (ҚР Осыған байланысты, қосымша тергеу жүргізу барысында күдіктінің әрекеттерін саралау туралы жаңа қаулы шығарып, 04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийдің әрекеттерін ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК-нің 193, 302-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің 2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет кеңесшісі (қолы) Е.К.Шыныбаев
Күдіктіні сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы ҚАУЛЫ
20 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі С.С. Сидоров №15000000000001 қылмыстық іс материалдарын қарап, АНЫҚТАДЫ:
Иван Иванович Иванов жасаған әрекет орын алған және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтиды. Қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жоқ. Күдіктінің әрекеті дұрыс сараланды. Иван Иванович Ивановқа тағылып отырған әрекет істегі дәлелдемелермен расталады. Барлық анықталған қылмыстық жазаланатын әрекеттер бойынша адам күдікті болып танылды. Іс бойынша олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылданды. Күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасы дұрыс таңдалды және оны өзгерту немесе күшін жою шін негіз жоқ. Азаматтық талапты және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілмеген. Қылмыстық қудалау органы процестік шығындар сомалары мен басқа сомаларды соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін анықтау бойынша шаралар қабылдады. Процестік келісім жасау үшін негіздер жоқ. Айыптау актісі ҚР ҚПК-нің 298, 299-баптарының талаптарына сәйкес жасалды. Жазылғанның негізінде, ҚР ҚПК-нің 305-бабын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 01.01.1970 жылы туылған күдікті Иван Иванович Иванов ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа берілсін. 2. Қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілсін. 3. Күдікті Иван Иванович Ивановқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. 4. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын. Date: 2015-12-13; view: 672; Нарушение авторских прав |