Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма





 

"01" қазан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Мен, Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны А.А.Аблаев№14777999111 қылмыстық істі тергеудемін.

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257 000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш.,16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Қылмыстық іс бойынша олардың мүддесін қозғайтын қылмыстық процеске тартылған адамдарға хабарламай, дәлелденуге жататын мән-жайларды, фактілер туралы мәліметтерді анықтау үшін ҚР ҚПК-нің 232, 247-баптарын басшылыққа алып, тапсырамын:

1. «Айдар» мен «Жорик» деген есімді ер адамдарға қатысты «02.10.20__ » бастап «06.10.20__ » дейін кезеңде Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге жасырын кіріп, оны тексеру жүргізілін.

2. Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелері туралы дереу маған 87771112233 телефоны бойынша хабарлансын.

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.Аблаев

__________

 

 

«02» қазан 20__ ж. бастап

«06» қазан 20__ ж. дейін5 тәулік мерзімге

БЕКІТЕМІН Әл-Фараби ПБ бастығы Г.Л.Аренов САНКЦИЯ БЕРЕМІН Әл-Фараби ауданының прокуроры Бимен Б.Б.

Орынға жасырын кіруді және(немесе) тексеру туралы

ҚАУЛЫ

"02" қазан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Ж.Е. Байзаков№14777999111 қылмыстық іс бойынша тергеуші А.А.Аблаевтың 20__ж. «02» қазандағы №7 жеке тапсырмасын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдарды қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 233 және 247-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Іске қатысты заттар мен нәрселерді табу мақсатында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру жүргізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын ҚР ІІМ-нің ОҚО бойынша Жетінші Басқармасына тапсырылсын.

3. Барлық алынған материалдар А.А.Аблаевқа қапталған және мөрленген түрде берілсін.

 

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби ПБ жедел уәкілі

полиция капитаны (қолы) Ж.Е.Байзақов

КЕЛІСІЛДІ

ҚР ІІМ-нің ОҚО бойынша

Жетінші Басқармасының бастығы (қолы) Ф.Бекболов

_____________

(құпиялылық белгісі)

Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелерін зерттеу

Date: 2015-12-13; view: 783; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию