Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов ҚР ҚПК-нің 199





 

5 қаңтар 20__ж.Ақтау қаласы

 

Тінту басталды: 10 сағ. 30 мин.

Тінту аяқталды: 11 сағ. 00 мин.

 

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов ҚР ҚПК-нің 199, 252, 254, 256-баптарының талаптарын сақтай отырып, куәгерлер ретінде шақырылған мына адамдардың қатысуымен:

1) Смайылов Ринат Маратұлы 15.08.1992 ж.т., Ақтау қаласы, 15-10-3 мекенжайы бойынша тұрады;

2) ҚұсайыновАрна Серікұлы 02.02.1993 ж.т., Ақтау қаласы, 15-11-20 мекенжайы бойынша тұрады;

Ақтау қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция лейтенанты
Р. Хамидуллинның қатысуымен және күдікті Е.С. Таировтың қатысуымен Ақтау қаласы, 27-25-12 мекенжайы бойынша тінту жүргізді.

Жоғарыда аталған барлық адамдарға ҚР ҚПК-нің 80 және 82-баптарына сәйкес тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқықтары түсіндірілді. Оларға сондай-ақ тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеу қолданылатыны туралы хабарланды.

Бұдан басқа, куәгерлер Р.М. Смайылов пен А.С. Құсайыновқа ҚР ҚПК-нің 82-бабына сәйкес олардың қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау мiндетi түсіндірілді және оларға дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.

 

Куәгерлер: 1. _____________

2. _____________

 

Криминалист маман Р. Хамидуллинге ҚР ҚПК-нің 80-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және оған дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.

________________ Р. Хамидуллин

Тінтуді бастаудың алдында тергеуші 05.01.20__ж. тінту жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін Е.С. Таировке тыйым салынған немесе іс үшін маңызы бар нәрселерді өз еркімен беру ұсынылды, бұған Е.С. Таиров былай мәлімдеді: пәтерде мен танысым А.А. Каирбековпен бірге 02.01.20__ж. Ақтау қаласы, 11-36-2 мекенжайы бойынша ұрлаған «Асер» маркалы ноутбук, сондай-ақ аталған мекенжай бойынша болған еуропалық келбеттегі ер адамды ұрған бейсбол битасы бар, бұл нәрселерді Е.С. Таиров өз еркімен беруді қалады, осыдан кейін ол қойма бөлмесінен оларды алып шығып, тергеушіге берді.

Осыған байланысты ҚР ҚПК-нің 254-бабының 8-бөлігіне сәйкес одан әрі іздеу жүргізілмеді, осымен тінту аяқталды.

Тінту барысында мыналар алынды:

1) «Асер»маркалы ноутбук;

2) бейсбол битасы.

Барлық алынған нәрселер бумаланды, №1 мөрмен, куәгерлердің және күдікті Е.С.Таировтың қолтаңбаларымен бекітілді.

Тінту барысында «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға бейнежазба жүргізілді.

Тінту барысында түскен ескертулер: тергеу әрекеттеріна қатысқандардан қандай да бір ескертулер түскен жоқ.

 

Куәгерлер: _____________ Р.М. Смайылов

_____________ А.С.Құсайынов

 

Қатысып отырған:

Тінту жүргізілген адам ____________ Е.С.Тайыров

 

Криминалист маман _____________Р. Хамидуллин

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

Тінтухаттамасының көшірмесін алдым ________________________


Алуды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

2 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Жәбірленуші ретінде жауап алынған М.И. Смирнов оған қатысты қылмыс жасалғаннан кейін, ол белгісіз адамдар оны ұрған жатын бөлмеде еденнің үстінде ол 1986 ж.т. Аслан Асхатович Каирбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін тапқан, ол куәлік қазіргі уақытта оның Ақтау қаласы,
11-36-2 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерде, зал бөлмесінде теледидардың астындағы тумбада жатқанын, оны жасалған қылмыстан кейін осы жерге өзі қойғанын айтты.

М.И. Смирновтың пәтерінде жатқан А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігінің іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254-баптарын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. 1986 ж.т. Аслан Асхатқлы Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін алу жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

Қаулы маған жарияланды «___»_______ 20__ ж.

Мәжбүрлеп алуды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

5 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы

 

 

Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.

Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті адам 06.05.1987 ж.т.
Е.С. Таиров анықталды, одан күдікті ретінде жауап алынған кезде ол мойындау жауаптарын беріп, өзімен бірге осы қылмысты оның танысы Ақтау қаласы, 27-26-17 мекенжайы бойынша тұратын 1986 ж.т. танысы
А.А. Қайырбековтің жасағанын, олар қылмыс жасағаннан кейін
А.А. Каирбековтің үйіне барып, балконда бір бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканы жасырғанан, олар қазіргі уақытта да сол жерде жатқанын айтты.

Алайда күдікті А.А. Қайырбеков жоғарыда аталған нәрселерді өз еркімен беруден тартты.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде, бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканың іс бойынша дәлелдеме маңызы болуын ескере келе, ҚР ҚПК-нің 198, 253 және 254-баптарын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. 13.06.1986 ж.т. Аслан Асхатұлы Қайырбековтен Ақтау қаласы,
27-26-17 мекенжайы бойынша бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканы мәжбүрлеп алу жүргізілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

 

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

 

Қаулы маған «___»_______ 20__ ж. жарияланды және бір мезгілде қаулы көшірмесі табыс етіліп, шығарылған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді.

________________________________

 

Қаулы жариялаған

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Қасымов

 

Алу

Date: 2015-12-13; view: 1231; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию