Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ХАТТАМАСЫ. Қызылорда қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция майоры М
«10» қыркүйек 20__ ж. Қызылорда қаласы Басталды: 17 сағ. 00 мин Аяқталды: 18 сағ. 00 мин.
Қызылорда қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция майоры М. Мұхтаров 1) Жылқыбаев Ерлан Қозыбергенұлы 12.02.1990 ж.т. 2) Ермекбаев Ислам Орынбасарович 01.07.1991 ж.т. Қызылорда қаласында Облыстық медициналық орталық моргында № 2 кабинетте күндізгі табиғи жарық болған кезде № 14431003104571 қылмыстық іс бойынша куә Гафур Омарғалиұлы Жүсіповқа Қызылорда қаласының орталық саябағында бұта түбінде табылған ер адамның мәйітін тану үшін көрсетті. Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді. Куәгерлер Е. Жылқыбаев пен И. Ермекбаевқа тану үшін көрсетуге дейін ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу. Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді: 1. _________________ 2. _________________
Куә Г. Жусуповке ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес тану кезінде көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
_________________ Көрсетілген белгісіз ер адамның мәйітін қарап, куә Г.Жүсіпов былай мәлімдеді: «Талғат Асарбайұлы Баймахановтың» мәйітін таныдым. Оны бойы бойынша – менен ұзын, дене пішіні бойынша – орташа денелі, бет-әлпетінің белгілері бойынша – қара қоңыр көздері, кең қастары, кең мұрыны, сондай-ақ желкесіндегі тақыры бойынша танып отырмын. Бұрын Т.А. Баймаханов саты алаңы бойынша менің көршім болған. Бұл сол адамның мәйіті болып табылады».
Тану үшін көрсету алдында, оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы Г.О. Жүсіповтан, куәгерлер Е. Жылқыбаев пен И. Ермекбаевтан мәлімдемелер түскен жоқ.
Хаттама дауыстап оқылды, дұрыс жазылды.
Танушы адам _______________ Куәгерлер: 1. _______________ 2. _______________ Қызылорда қаласы ІІБ ТБ тергеушісы полиция майоры (қолы) М.Мұхтаров
Нәрселерді тану үшін көрсету Date: 2015-12-13; view: 1067; Нарушение авторских прав |