Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Талап арыз





 

20__жылғы 20 тамызда сағат 20.00 шамасында В.В. Сидоров пайдакүнемдік ниетпен, бөтен мүлікті құпия иемденіп алу мақсатында, мына мекенжайы бойынша орналасқан: Қостанай қаласы Абай көшесі, 200-үйде бола отырып, маған тиесілі, маркасы «IPhoneS5» ұялы телефонды құпия жасырып әкетіп, маған жалпы сомасы 150 000 теңгеге елеулі материалдық залал келтірді.

Жазылғанның негізінде ҚПК-нің 38-42, 167-баптарын, ҚР ҚПК-нің 150-бабын басшылыққа ала отырып,

 

 

МЫНАЛАРДЫ:

1. Мені азаматтық талапкер деп тануды.

2. В.В. Сидоров тигізген 150 000 (жүз елу мың) теңге сомасында материалдық залалды менің пайдама өндіріп алуды.

3. Осы талап арызды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауды өтінемін.

 

 

Талапкер: А.А.Иванов ________________

(қолы)

20__ жылғы 20 қыркүйек

 

Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту (ішінара бас тарту) туралы ҚАУЛЫ

 

 

20__ жылғы 10 қаңтар Қостанай қ.

 

Қостанай қаласы ІІБ-нің тергеушісі полицияның аға лейтенанты
П.А. Иванов №143911031001396 қылмыстық іс бойынша А.Ю. Петровтың өтінішхатын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

Күдікті А.Ю. Петров 20__ жылғы 10 қаңтарда, құрамында қылмыстық құқық бұзушылықтардың болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтата тұру туралы №15391003100010 қылмыстық іске өтінім ұсынды, өйткені осы қылмыстық құқық бұзушылықты ол жасамаған болатын.

Аталған өтінімхат мынадай негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатпайды: А.Ю. Петровтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі, атап айтқанда И.А. Марков мырзадан маркасы «Нокиа Х7» ұялы телефонын ашық ұрлағаны қылмыстық іс материалдарымен, бейнебақылау камерасының жазбаларымен, куәгерлер Р.А. Сериков пен В.К. Кравченконың айғақтары толық көлемде дәлелденді.

ҚР ҚПК-нің 99-бабының 3-бөліктерін, 198-бапты және 297-баптың
6-бөлігін басшылыққа ала отырып, -

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. № 15391003100010 іс бойынша күдікті А.Ю. Петровтың 20__ жылғы
10 қаңтардағы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылсын.

2. Қаулының көшірмесі А.Ю. Петровқа берілсін және осы шешім
ҚР ҚПК-нің 297-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қаулы көшірмесін алған сәттен бастап үш тәулік ішінде прокурорға немесе төрешіге шағым жасауға болатындығы түсіндірілсін.

 

Қостанай қ. ІІБ-нің

тергеушісі

полицияның аға лейтенанты (қолы) П.А.Иванов

Қаулымен таныстым, қаулы көшірмесін алдым, оған шағым жасау құқығы маған түсіндірілді:

20__ жылғы 10 қаңтар _____________ А.Ю.Петров

 

Қостанай қ. прокуроры

аға әділеткеңесшісі

Date: 2015-12-13; view: 1261; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию