Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Жауап алу09 сағат 15 минутта басталды





 

03.09.20__ ж. Қарағанды қ.

 

Жауап алу 09 сағат 15 минутта басталды

Жауап алу 10 сағат 15 минутта аяқталды

 

Қарағанды қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.А.Бақтыбаев Қарағанды қаласы Ермеков көшесінің 122-үйінде орналасқан Қарағанды қаласының ІІБ №1 кабинетінің үй-жайында ҚР ҚПК-нің 115, 216-баптарына, 64-баптың 5-бөлігіне сәйкес №14357203100555 қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде төмендегіден жауап алды:

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Қазтаев Нұрлан Қасымжанұлы

2. Туған күні: 11.11.1991 жылы туылған

3. Туған жері: Қарағанды облысының Қарағанды қаласы

4. Тұрғылықты және (немесе) тіркелген орны: Қазақстан Республикасы,

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Республика даңғылы, 74-үй, 1-п.

телефоны: 72-33-44 e-mail: жоқ

5. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

6. Білімі: жоғары экономикалық

7. Отбасылық жағдайы, отбасы құрамы: бойдақ

8. Жұмыс немесе оқу орны: «Бизнес ЛТД» ЖШС,

телефоны: 73-44-55 e-mail: жоқ

9. Іскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті

10. Сотталғандығы:сотталмаған

11.Жеке басын куәландыратынпаспорты немесе өзге құжаты; жеке басының куәлігі №123456789 11.11.2007 жылы ҚР Әділетмині берген

12. Күдіктінің жеке басы туралы өзге деректері: жоқ

 

Өзге қатысушы адамдар: қорғаушы – адвокат В.К. Правозащитов

 

Қатысушы адамдарға техникалық құралдар: Panapfonic диктофоны, Samsungбейнекамерасы қолданылатыны туралы хабарланды.

Жауап алу басталар алдында күдіктіге қорғаушының қатысуымен ҚР ҚПК-нің 64-бабында көзделген құқықтар түсіндірілді, атап айтқанда:

1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан маған тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу;

2) өзіме не үшін күдік келтірілгенін білу;

3) өз бетімше немесе өзімнің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану;

5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушыммен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу;

6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру;

7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу;

8) айғақ беруден бас тарту;

9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу;

10) дәлелдемелерді ұсыну;

11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу;

12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру;

13) аудармашының тегін көмегін пайдалану;

14) өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушымның не заңды өкілімнің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу;

15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу;

16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарымды баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіру және процестік келісімді жасасу;

17) өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру;

18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру;

19) өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерімді заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау;

20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысу және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру;

22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру;

23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзімді қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу;

24) өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 64-бабында көзделген күдіктінің құқықтары маған түсіндірілді және оларды қолданумен байланысты сұрақтарым жоқ.

 

Күдікті: Н.К. Қазтаев _____________ (қолы)

Күдікті Н.К.Қазтаевқа Қарағанды қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.А.Бақтыбаев оған ҚР ҚПК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер жасаған деген күдік тағылатыны туралы хабарлады.

Күдікті: Н.К. Қазтаев _____________ (қолы)

 

Күдіктің мәні бойынша мыналарды айта аламын:

Мен, Қазтаев Нұрлан Қасымжанұлы «Бизнес ЛТД» ЖШС-ның атқырушы директоры болып табыламын, бұрын сотталмағанбын, басымда жарақатым жоқ, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмаймын.

01.09.20__ жылы біздің фирма өте беделді бір фирмамен мәміле жасады, мәміленің құпиялығы туралы келісім жасау себебіне байланысты осы мәмілені егжей-тегжейлі айтып бере алмаймын,

Осы оқиғаны біз фирма ұжымымен атап өтуды ұйғардық. Сол күні біз 15 адам Қарағанды қаласының Магнитогорский көшесінің 8-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Фарт» кафесіне келдік. Әдетте мен алкогольді көтере алмайтындығыма байланысты спиртті қолданған емеспіз, бірақ өз әріптестерімнің қолдауымен мен спиртті ішіп көрдім.

Қандай-да бір қымбат коньяктың үш рөмкесін ішкенім есімде, бірақ атын есіме түсіре алмаймын. Бұдан кейін не болғаны есімде жоқ.

Келесі күні мен емдеу-сауықтыру мекемесінде бірақ ояндым және қылмыс жасағаныма байланысты ұсталғанымды естідім.

Жасалған қылмыс туралы ештеңе есімде жоқ.

Кейіннен мен аталған кафеде мен өзімнің танысым К.Т.Флиртованы биге шақырғаным белгілі болды. Сол сәтте менің қасыма бұрын маған таныс емес бір азамат келген, анкеталық деректерін кейін мен полицияда ғана естідім, есімде сақталғаны А.К.Иванов екен. Ол маған қарсылық танытып ол да қызды биге шақырған көрінеді. Мен өзімнің бұдан кейінгі әрекеттеріме сенбеймін, бірақ Флиртованың сөзі бойынша мен кенеттен үстел үстіндегі бөтелкені ала салып сындырған екенмін және пайда болған өткір ұштарымен оған қолдарына және И.И.Ивановтың денесіне әртүрлі жарақаттар салған екенмін. Әйтсе де мен болған іске ішім ашиды, өкінемін және өзім де ойламаған жерден болған қызбалықтан емдеуге көмек көрсетулеріңізді сұраймын.

_______________ (қолы)

 

Адвокат В.К. Правозащитовтың сұрағы: Сізде бұрын басқа адамдардың ауызынан еститін өзіңіз ұстап тұра алмайтын немесе ашу шақыратын мінез-құлықтарыңыз болып па еді№

Жауап: Жоқ, әйтпесе мен дәрігерлің көмегіне жүгінген болар едім.

_______________ (қолы)

 

Адвокат В.К. Правозащитовтың сұрағы: жарылған шарапты, сынған үстелдіесепке ала отырып, келтірілген зиын мен жәбірленушінің емделуіне кеткен шығындар сомасы 247 000 теңгені құрайды. Сіз оны өтеуге дайынсыз ба?

Жауап: Егер мен шын мәнінде менен күдіктенген қылмысты жасаған болсам, мен кез келген зиянды өтеуге дайынмын.

_______________ (қолы)

 

 

Күдікті: Н.К. Қазтаев _______________ (қолы)

 

Жауап алу басталар алдында, оның барысында не болмаса аяқталған кезде күдікті қандай да бір өтініш жазудан бас тартты.

Өтініш мазмұны: ____________________________________________

(түсті, түспеді)

Күдікті: Н.К. Қазтаев _______________ (қолы)

Қорғаушы Правозащитов В.К. _______________ (қолы)

Хаттама оқылды _______________________________________________

(тергеуші өзі немесе дауыстап)

 

Хаттамаға ескерту жоқ

Күдікті: Н.К. Қазтаев _______________ (қолы)

 

 

Жауап алған, хаттаманы жазған:

Қарағанды қ. ІІБ ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А.Бақтыбаев


Күдіктінің әрекетін саралау туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 3 қыркүйек Қарағанды қ.

 

Қарағанды қаласы ІІБ тергеушісіполиция аға лейтенанты АА. Бақытбаев №14357203100555 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Қарағанды қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана И.И. Ивановқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Күдікті Н.Қ. Қазтаевтың әрекеті ҚК-ның 293-бабының 3-бөлімі 2-тармағының сараланған белгілеріне қатысты болатынын есепке ала отырып, ҚПК-тің 198, 203 және 204-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Осы іс бойынша 11.11.1991 жылы туған Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаевтың әрекеті ҚР ҚК-ның 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер саралансын.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы күдікті мен оның қорғаушысына хабарласын.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А. Бақытбаев

 

Қаулымен танысты:

Күдікті: Н.Қ. Қазтаев _______________

Қорғаушы:В.К. Правозащитов _______________

Әрекетті саралау туралы қаулыны жариялау үшін шақырту туралы

ХАБАРЛАМА-ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ

 

 

ҚПК 205-бабына сәйкес Сіз, Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған, Қарағанды қ. ІІБ-ге 20__ жылғы «03» қыркүйекте сағат 17.00-де, мына мекенжай бойынша орналасқан: Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 122, №1 кабинетке А.А. Бақытбаевқа күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін келуіңіз тиіс.

Өзіңізбен бірге паспорт немесе жеке басты куәландыратын өзге де құжат болуы қажет.

Саралау туралы қаулыны жариялауға қатысу үшін Сіз қорғаушыны дербес шақыруға не ҚР ҚПК-ның 203-бабының 2-бөлігімен көзделген тәртіпте қорғаушының куәмен (анықтаушымен) қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы екендігінізді хабарлаймын.

Шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер болған жағдайда, сондай-ақ қорғаушының прокурормен немесе іс жүргізуді жүзеге асыратын тұлғамен қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беру ниеті болған кезде Сіз немесе белгіленген тәртіпте Сіздің мүддеңізді қорғайтын тұлғалар бұл туралы алдын ала 2-44-55 телефоны бойынша немесе өзге де тәсілмен хабарлауы және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша өтініш ұсынуы қажет.

Дәлелді себептерсіз көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда ҚР ҚПК 205-бабының негізінде Сіз күштеп әкелінуіңіз мүмкін.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А. Бақытбаев

 

Шақыру қағазын Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.А. Бақытбаев 20__ жылғы 3 қыркүйекте сағат 12.00-де қолма-қол берді.

Шақыру қағазының түбіртегі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаға қайтарылуға жатады.

Әрекетті саралау туралы қаулыны жариялау үшін Н.Қ. Қазтаевты шақырту туралы шақыру қағазы 20__ жылғы 3 қыркүйекте сағат 17.00-де жеке _____________________________________ берілді.

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

Шақыру қағазын жеткізуші ___________________________

(қолы)

 

 

Сауалнамалық деректерді нақтылау туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 4 қыркүйек Қарағанды қ.

Қарағанды қаласы ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты АА. Бақытбаев №14357203100555 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Қарағанды қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана И.И. Ивановқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Сонымен қатар, кейбір процестік құжаттарда, атап айтқанда қылмыстық істі ондіріске алутуралы қаулыда күдікті Н.Қ. Қазтаевтың сауалнамалық деректері «Кәртаев» деп жазылса, онда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес: Қазақстан Республикасы азаматының жеке басының куәлігі №123456789,11.11.2007 жылы ҚР Әділетмині берген Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған дегенді ресми жеке деректер деп есептеген жөн.

Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-ның 24, 60 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 20__жылғы «02» қыркүйекте №14357203100555енгізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған деген дұрыс деп есептелсін.

2. Күдікті Н.Қ. Қазтаевқа қатысты жүргізілген тергеу әрекетін және қабылданып отырған бұрмаланған процестік шешімдер қабылданды деп есептелсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы мүдделі тұлғалар хабарласын.

4. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А. Бақытбаев

Жәбірленуші деп тану туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 4 қыркүйек Қарағанды қ.

Қарағанды қаласы ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты АА. Бақытбаев №14357203100555 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 22:00-де Н.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша: Қарағанды қ. Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана И.И. Ивановқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын тигізді, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

И.И. Ивановқа тікелей тәндік зиян келтіріліп, бұл Қарағанды қ. ОЕ дәрігері берген 20__ жылғы 1 қыркүйектегі №1-333/1дб-6 қорытындымен расталған қылмыстық құқық бұзушылық екендігін есепке ала отырып, ҚПК 71, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Ивана Иванович Иванов, 01.09.1979 жылы туған, осы сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша жәбірленуші деп танылсын, ол туралы қол қойып хабарласын.

2. Жәбірленушіге ҚПК-ның 71-бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

Жәбірленушінің: 1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдемелерді ұсынуға; 4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілінің болуына; 7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; 21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

Қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ оның ҚПК-ның 76-бабымен белгiленген қағидалар бойынша өкiлге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-ның 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚПК-ның 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

Жәбірленушінің құқықтары мен міндеттері маған түсіндірілді.

 

Жәбірленуші: (қолы) И. Иванов

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) А.А. Бақытбаев

Жәбірленушіден жауап алу

Date: 2015-12-13; view: 1973; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию