Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жауырын сынығы





Жарақат механизмі жауырын денесісынығында, көбінесе тура – үлкен соққы әсер еткенде пайда болады және (II – VII) қабырғалардың сынумен, кеуду бөлігіндегі омыртқалардың компрессионды сынуымен бірге жүреді. Жауырынның акромиальды немесе тұмсық тәрізді өсінділері үстінен әсер еткен күш олардың сынуына алып келеді.

Иыққы алдынан және артынан әсер ету жауырын мойынының сынықшаларының ығысуымен сынуына әкеледі. Буын шұңқырының шеттік сынықтары тура (иықтың сыртқы бетіне құлау) және тура емес жарақат (шыңтақта бүгілген қолға құлап, күшті соққыны иық сүйегінің басы арқылы берілуі). Тұмсық тәрізді ұшының жұлынған сынығы оған бекіген бұлшықеттердің өте тез жиырылуында болады.

Жіктелуі. Сынықтар түрлері: жауырын денесі, жауырын бұрышы, акромиальды және тұмсық тәрізді өсінді, жауырын мойыны осі, алмұрт тәрізді шұңқыр (рис. 14).

Сурет. 14. Жаурын сынықтары:

1. Мойын сынығы

2. Жауырынның төменгі бұрышы сынығы

3. Жауырынның жоғарғы ішкі бұрышы сынығы

4. Жауырын денесі сынығы

5. Тұмсық тәрізді өсінді сынығы

6. Акромиальды өсінді сынығы

7. Буын шұңқыры сынығы

8. Жауырын осі сынығы

Диагностикасы. Травманың көрінуі жауырын зақымдануы сипаты және сәйкес зақымданулар: өкпе зақымдануысыз қабырға сынуы немесе өкпе зақымдануымен көрінеді.

Локальды ауырсыну, ісіну, сызаттар және зақымданған жеодегі қанау болады. Сонымен қатар жарақат механизмін ескеру қажет. Төменгі, жоғарғы ішкі бұрыштардың, жауырын денесінің ұзыны бойы және көлдеңен сынықтары сынықшалардың айқын ығысуынсыз өтеді.Жауырын айналасындағы көп мөлшердегі бұлшықеттер сынықпен жаншылу арасында салыстырмалы диагнозды қиындатады.

Жауырын мойыны аймағындағы сынықта жиі жағдайда буын жазықтығының төмен және алдыға ығысуы болады.Бұл кезде жауырынның иық өсіндісі шығып, тұмсық тәрізді өсінді ішке енеді. Иықтың алдыңғы шығуынан айырмашылығы болып иық буынындағы пружиналы қозғалыстың болмауымен ажыратылады. Жауырынның артқы беті мен қолтық асты шұңқырының пальпациясы айқын ауырсынумен жүреді. Буын шұңқырының шеттік сынықтары иық буынындағы қозғалыс кезіндегі айқын ауырсынумен және буында қан жиналуымен көрінеді (гемартроз). А кромиальды өсінді сынығында деформация мен күшті ауырсыну, дельта тәрізді бұлшықет жиырылуындағы ауырсынудың күшеюі байқалады.

Радиологиялық зерттеу. Клиникалық симптомдар өте кедей болады, зақымдану сипаты туралы нақты мәліметті рентгенологиялық зерттеу береді – міндетті түрде екі проекциядағы рентгенографияны жасайды.

Госпитализацияға дейіңгі көмек. Нақтыдиагнозды рентгенографиясыз қою қиын, таңғышпен иммобилизация жасайды повязкой (косынкалы немесе Дезо) немесе сатылы шинамен сау иықтан алақаной-фалангалық буынға дейін, одан кейін науқасты травматологиялық стационарға бағыттайды. Жалпы анальгетиктермен жансыздандыру.

Емі. Жауырын сынықтарын емдеудегі жалпыпринцип болып әкетуші фиксациялаушы таңу салу табылады (стандартты шиналар, торакобрахиальды гипстік таңу).

Жауырынның денесі мен бұрышы сынығында иық буынында әкету бұрышы 90° болатын және шыңтақ буынында 30° дейін бүгілген, әкету шинасы салынады.Ол иық белдеуі бұлшықеттерінің босаңсуынажағдай жасайды. Иық белдеуін фиксациялау алдында сыну аймағын 20 –30 мл 1 % новокаин ерітіндісімен жансыздандыру керек.Әкеткіш шинамен емдеу бірінші күннен бастап білек, шыбық білезік және шыңтақ буыны үшін ЕДШ жасауға мүмкіндік береді. ығысусыз жауырын сынықтарындағы науқастардың еңбекке жарамдалығы 4–6 аптадан соң қалпына келеді.Жауырын денесінің ығысусыз сынығын 3-4 аптаға салынатын косынкалы таңумен емдеуге болады.

Жауырын мойыны аймағындағы ығысымен сынықтардшыңтақ өсіндісінен қаңқалық тартумен емдейді. Қолды әкеткіш ЦИТО шинасына орналастырады. Оның жағдайын бақылап отыру қажет: иық 90° әкетілген, фронтальды жазықтықтан 10° артқа, шыңтақ буынында бүгілу – 90° дейін. Тарту күші 1,5-нан 3,5 – 4кг дейін.

Сонымен қоса қанқадан тартуда қолмен репозиция да жасалады.Әкеткіш шинадағы фиксация уақыты – 4 аптаға дейін, ЕДШ шыбық білезік және шыңтақ буынына бірінші күннен жасалады. Иық буынындағы қозғалыс 4 аптадан соң жасалады.Еңбекке қабілеттілік 1,5 – 2 айдан соң қалпына келеді.

Жауырынның акромиальды өсіндісінің ығысусыз сынығында әкеткіш шин 4-5 аптаға иммобилизациялық ем жүргізеді.Ығысулық сынықта оперативті ем көрсетіледі.

Date: 2015-12-12; view: 2989; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию