Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценарийі. Клиникалық жағдай:«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған, декомпенсация





Клиникалық жағдай: «Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған, декомпенсация. Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі. Артериальды гипертония 2 дәрежесі, ҚТ 4. ҚЖ 0.

Жағдайлық тапсырма: Сіз – Жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Қабылдауға 45 жастағы ер кісі келді.

 

Ø Шағымдары, анамнез жинап, науқасты қарап-тексеріңіз

Ø Зертханалық-аспаптық мәліметтердің нәтижелерін талдаңыз

Ø Диагноз құрастырыңыз

Ø Науқасты жүогізу мен емдеу тастикасын анықтаңыз

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлін талқылау:

Шағымдары: аузының құрғауына, шөлдеуге, әліздікке, бас ауыруға, құлағындағы шуылға, жұмысқа қабылетінің төмендеуіне, артық салмаққа;

Сұрақтың мәні Әртіске қойылатын сұрақтар Жауаптары
Ауызының құрғауының ұзақтығын анықтау Қай уақыттан бері ауызыңыздың құрғауы мазалайды? 2 жыл бойы
Әлсіздік пен жұмысқа қабылетінің төмендеуінің ұзақтығын анықтау Әлсіздік пен жұмысқа қабылетілігіңіздің төмендеуі қай уақыттан бері мазалайды? 2 жыл бойы
Салмақ қосудың ұзақтығын және сипатын анықтау Қай уақыт аралығында және қанша салмақ қостыңыз? 10 жыл аралығында 27 кг салмақ қостым
Бас ауыруы мен құлақтағы шуылдың ұзақтығы мен сипатын анықтау Бас ауыруы мен құлағыңыздағы шуыл қанша уақыттан бері және қаншалықты жиі мазалайды? 1,5 жылдан бері мазалайды. Жиі артериалды қан қысымым көтерілгенде мазалайды
Артериалды қан қысымының дәрежесін анықтау Артериалды қан қысымыңыз максимальды қаншаға дейін көтеріледі? Артериалды қан қысымым максимальды - 165/90мм.с.б.б. дейін көтеріледі
Ықпал етуші факторлар Аурудың басталуын немен байланыстырасыз? Жұмыстағы үнемі күйзелістер,
АГ мен аурудың ағымының нашарлауына алып келетін зиянды әдеттерін анықтау Алкоголь қабылдайсыз ба, шылым шегесіз бе? Алкоголь аз мөлшерде сирек қабылдаймын. 25 жасымнан шылым шегемін, күніне 10-12 дана.
Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылықты анықтау Қант диабетімен ауыратын туыстарыңыз бар ма? Анам қант диабетінің 2 типімен ауырады

 

Анамнезінде: Өзін соңғы 2 жыл көлемінде аурумын деп санайды. Жоғарыда аталған шағымдарының үдеуімен жағдайының нашарлауы соңғы 2 айда.

Қарап-тексеру: Жағдайы қанағаттанарлық.. Бойы 172 см, салмағы 109 кг. Бел аумағы- 135 см. ДСИ 37. Тері жабындысы құрғақтау, табиғи қатпар аймағында гиперпигментация. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ - 160/80 мм с.б.б. ЖСЖ 80 минутына. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Науқастың айтуынша, зәр шығаруы жиі, еркін. Шеткері ісінулер жоқ.

Status localis: Аяқтары ұстағанда жылы. Аяқ терісінің түсі өзгермеген. Табан гиперкератозы. Аяқтың сезімталдылығы мен пульсациясы сақталған.

Жалпы зәр талдауы:

көлемі 150,0 мл
түсі сары
Салыс тығыздығы  
белок жоқ
лейкоциттер 2- 3 көру аймағында
глюкозурия 3%
кетонурия жоқ

 

Қанның биохимиялық талдауы:

Жалпы белок 72 мкмоль/л Қалыптыда 45-60 мкмоль\л
креатинин 92 мкмоль/л Қалыптыда 50-115 мкмоль\л
мочевина 6,3 ммоль/л Қалыптыда 4,2-8,3 ммоль\л
глюкоза 16,2 ммоль/л Қалыптыда 4,2-6,0 ммоль\л
натрий 138 ммоль/л қалыптыда 135-152 ммоль\л
калий 4,2 ммоль/л қалыптыда 3,8-5,4 ммоль\л
билирубин 11, 5 ммоль/л қалыптыда 8,5-20,5 ммоль\л
амилаза 76 ед/л қалыптыда <120 ед\л
холестерин 6,9 ммоль/л қалыптыда 3,2-5,6 ммоль/л
ТГ 2,7 ммоль/л қалыптыда 0,41-1,8 ммоль/л
ТТЛП 3,1 ммоль/л қалыптыда 1,71-3,5ммоль/л
ЖТЛП 0,9 қалыптыда <0.9 ммоль/л

Гликемиялық профиль: сағат08.00 -8,7ммоль/л, сағат 11.00 - 13,2 ммоль/л

Гликозилирленген гемоглобин – 7,9 % (4,5-6,5%)

Құрсақ куысының УДЗ:

Бауыр: оң бөлігі – 10,9см, сол бөлігі – 7,8 см, эхотығыздығы майда ошақтар түрінде аздап жоғарылаған. Өт қабы – 1,1 х 4,0 см, қабырғасы қалңдамаған 4 мм дейін, контуры анық.

Ұйқы безі: басы - 28 мм, денесі – 18 мм, құйрығы – 20 мм. Эхогенділігі аздап жоғарылаған, біртекті емес, контуры дұрыс. Ұйқы безінің диффузды өзгерістері.

Бүйрек оң: 55 х 42 мм, тостағанша диаметрі – 2 мм, сол: 53 х 40 мм, тостағанша диаметрі – 1,5 мм.

Қорытынды: Майлы гепатоз белгілері. Созылмалы панкреатит.

 

 

 

ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 85 минутына. ЖЭО горизонталды. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

 

 

Соңғы нәтиже:

Ø Науқасты сұрастыру және қарап-тексеру

Ø Қант диабетінің 2 типінің диагностикасы

Ø Қант диабетінің 2 типінің ажырату диагностикасы

Ø Қант диабетінің емдеу ұстанымдары

«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған, декомпенсация. Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі. Артериальды гипертония 2 дәрежесі, ҚТ 4. ҚЖ 0» клиникалық жағдай бойынша

Бағалау парағы (check-list)

 

Емтихан тапсырушының коды: __________________________Күні_______________

Емтихан қабылдаушы: ___________________________________________________

 

Қадам бағаларының критерийлері Ұпайы
Толық меңгенрген Толық емес меңгенрген маңгермеген
1. Шағымдары мен анамнез жинау 1,0 0,5  
2. Қосымша сұрақтар арқылы ауру симптомдарын нақтылау 1,0 0,5  
3. Қарап-тексеру 1,0 0,5  
4. Бел аумағын өлшеу 1,0 0,5  
5. Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5  
6. Артериалдық қысымын өлшеу, пульс жиілігін анықтау 1,0 0,5  
7. Аяқты қарап-тексеру 1,0 0,5  
8. Болжама диагнозды құрастыру және негіздеу 1,0 0,5  
9. Зертханалық зерттеулерді тағайындау жоспары 1,0 0,5  
10. Аспаптық зерттеулерді тағайындау жоспары 1,0 0,5  
11. биохимиялық анализді интерпретациялау 1,0 0,5  
12. Жалпы зәр анализдерін интерпретациялау 1,0 0,5  
13. Гликемияны интерпретациялау 1,0 0,5  
14. HbA1C (гликолизирленген гемоглобинді) интерпретациялау 1,0 0,5  
15. Құрсақ қуысының УДЗ, ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5  
16. Ажырату диагностикасын жүргізу. 1,0 0,5  
17. Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру. 1,0 0,5  
18. Емдеутәсілін анықтау   1,0 0,5  
1,0 0,5  
19. Науқаспен оптималды қарым-қатынас орнату 1,0 0,5  
  Қорытынды ұпай 20,0 10,0  

«Қант диабеті 2 тип, алғаш анықталған, декомпенсация. Семіздік 2 дәрежесі, экзогенді-конституциональды түрі. Артериальды гипертония 2 дәрежесі, ҚТ 4. ҚЖ 0» клиникалық жағдай бойынша

Date: 2015-12-12; view: 468; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию