Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шымкент





 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама № 2015 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.

 

 

Тақырыбы: Бензой қышқылын алу, натрий бензоаты.

Мақсаты: Алифатикалық қатардардағы органикалық заттарға синтез жүргізуді үйрену. Бензой қышқылын алу, натрий бензоаты.

Оқыту міндеті:

· органикалық заттарды талдау, синтездеу әдістері, жалпы принциптерді сипаттауды үйрену;

· дәрілік заттардың фармакологиялық және химиялық, физикалық қасиеттеріне талдау жасауды оқыту;

· берілген топтағы дәрілік заттардың сапасын талдауды оқыту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Органикалық дәрілік заттарға жалпы сипаттама

2. Органикалық дәрілік заттар қосылыстарына талдау әдістері және физика-химиялық және химиялық қасиеттері

3. Бензой қышқылын, натрий бензоатын алу.

4. Органикалық дәрілік препараттарын алу көздері.

5. Алифатикалық қатардағы препараттар.

6. Органикалық дәрілік заттар қосылыстарына талдау әдістері және физика-химиялық қасиеттері

7. Бензой қышқылын алу.

8. Бензой қышқылының өндірісі.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері: білімін бақылау, зертханалық жұмыс, жұмыс нәтижелерін рәсімдеу.

 

Оқыту обьектісі:

Бензой қышқылы, натрий бензоаты

 

Зертханалық жұмысты орындауға 300 минут беріледі, жұмыс ретіне төмендегідей уақыттар мен орындалады:

Лабораториялық сабақты өткізуге 300 минут бөлінген:

п/п Сабақ кезеңдері Уақыты, мин
  Лабораториялық сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін бақылау (ауызша)  
  Жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауға дайындығын тексеру  
  Лабораториялық жұмысты орындау  
  Хаттама жазу  
  Хаттаманы қорғау  
  Лабораториялық сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бақылау (тестілеу)  
  Қорытынды (баға қою)  

Сабақтын мазмұны:

№1зертханалық жұмыс

 

Бензой қышқылын алу

 

№2зертханалық жұмыс

 

Натрий бензоатын алу

1. Бензой қышқылын алу

Реактивтер: 4г (0,87 мл) толуол

12,4г калий перманганаты

25% тұз қышқылы

Құрал-жабдықтар: кең мойынды түбі домалақ колба (сыйымдылығы 300-500 мл)-1 дана

Мұздатқыш,механикалық араластырғыш.

Құрылғының құрылысы: колбаны араластырғышпен екі түтікшелі тығынмен бекітіп, мұздатқышқа орнатылады. Содан колбаны су моншасына салады.

Колбаға 4г толуолды енгізеді (абайла! Толуол улы!). 12,4г ұсақ ұнтақталған калий перманганатын және 200мл су құяды. Колбаны қайнап тұрған су моншасында үнемі араластыра отырып, 3 сағат қыздырамыз.

Егер ерітінді ақшыл қызыл(розовый) түске енсе, оған бірнеше тамшы спирт тамызады.

Суыған соң, қоспаны марганец екі тотығымен сүзеді (фильтрлейді), фильтр қағазындағы тұнбаны екі рет, аз мөлшерде сумен шаяды. Қосылған фильтратты көлемі 50-60г болғанша буландырады, марганец екі тотығымен қайта фильтрленеді, фильтрдегі тұнба ыстық сумен шайылады. Қосырған фильтратты 25% тұз қышқылымен қышқылдандырылады (рН~3). Бюхнер шұңғымасында бензой қышқылы тұнбаға түседі, тұнбаны аз мөлшерде салқын сумен шайылады. Алдымен фильтр қағазында, содан соң, фосфор бес тотығымен эксикаторда кептіріледі.

Бензой қышқылын судан (1г зат 12мл қайнаған суда ерітіледі) немесе спирттен (1г 0,7 мл) немесе айдау арқылы тазалауға болады.

Бензой қышқылы құм моншасында оңай айдалады. Препарат шығымы 75% жуық.

Препараттың сапасын тексергендесыртты түріне,балқу температурасына және фталь қышқылыныңжоқтығына мән беру қажет.

Ескерту! Ерітінді қыздырғаннан кейін келесі сабаққа қалдыруға болады.

 

Date: 2015-12-12; view: 846; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию