Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балансирсіз тербелмелі станоктар





Сурет 11.3. Балансирсіз тербемелі-станоктың үлгісі

1-рама; 2-ұстын; 3-сальникті шток; 4-арқанды шкив; 5-траверса (шатунды ұстап тұратын белдік) және шатундар; 6-кривошип; 7-редуктор; 8-тормоз; 9-электрқозғалтқыш; 10-сыналы белдікті беріліс.

 

Балансирсіз тербемелі-станоктың редукторының жетектеуші бөлігі (3-сурет) балансирлі тербелмелі-станоктікі сияқты. Балансирсіз тербелмелі-станоктың кривошипінің құрылымы өзгелеу болады. Оның пішіні V-тәрізді, бұрышы 30 градус. Соңғы көрсеткіш станоктың теңгеруін жақсартады және қарсыжүктердің салмағын азайтады. Кривошиптағы жүк балансирлі тербемелі-станоктың кривошипындағыдай құрылымды орналасады. Ұңғы сағасының үстінде еңістелген тіректе ролик орналасқан, ол арқылы траверсаға жалғанған иілгіш ілгек біріктірілген, ал ол өз кезегінде шатундарға жалғанады. Балансирсіз тербемелі-станок - басына 30 және 60кН жүк түсетіндей етіп шығарылады. Жүрістің ұзындығы 0.45-5м дейін. Редуктордың шығар білігіндегі айналау моменті 80 кН*М-ға жетеді.

Тербемелі-станок цифрында (мысалы МБС3-1.8-700) келесі белгілеулер қабыланған: МБС– механикалық әрекетті балансирсіз станок; 3- штангалар ілгегіндегі жүктеме, тс; 1.8 – жүріс ұзындығы, м; 700 – айналу моменті, кгс*м.

Балансирсіз тербемелі-станоктың балансирлі түрлерімен салыстырғанда метал сыйымдылықтары мен өлшемдері шағын болып келеді. Оларда штангалар ілгегіндегі нүктенің қозғалысының сипаттамасы біршама жақсартылған, мұнда гармониялық тербелістен ауытқу аз, сондықтан штангалар ілгегіндегі нүктенің үдеуі және қоңдырғыдағы инерциялық жүктеу аз болады. Алайда иілгіш қатынастың жеткіліксіз беріктігі осы қоңдырғылардың өндіріске кеңінен енгізілуін тежейді.

Балансирсіз тербемелі-станокта (сурет 3) шатун мен балансир иілгіш байланыспен ауыстырылады. Әртүрлі құрылымдардың – тізбек, иілгіш металды таспаның, бірнеше сыналы белдіктердің, болатты арқанның иілгіштік байланыстары сыналды. Алайда олардың барлығының жұмыс істеу мерзімдері ұзақ емес болып шықты, осы себептен осы элементтерді ауыстыруға байланысты жиі-жиі инерционды операциялар жасау керек болды. Осыған байланысты соңғы кезде балансирсіз тербелмелі-станоктар ұңғымаларды аз мерзімді және сынақ мақсатында пайдалану үшін қолданылады. Балансирсіз тербелмелі-станоктардың азайтылған салмағы осы қоңдырғыны бір орыннан екінші жерге ауыстыруға ыңғайлы етеді.

 

Date: 2016-02-19; view: 903; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию